Бюджетная система РК

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 08:15, дипломная работа

Описание работы

Бiздiң ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгiне оны әлемдiк экономикаға интеграциялаған жағдайда ғана қол жеткiзе аламыз. Экономиканы дамыту саласындағы, халықты әлеуметтік қорғау және азаматтар өмірінің сапасын арттыру жөнiндегi алға қойған міндеттерді жемісті шешу үшін бюджетаралық қатынастарды одан әрі жетілдіріп және барлық деңгейдегі бюджет қаражатын барынша тиімді, шашпай-төкпей пайдалануымыз қажет. Осы міндеттер тұрғысында «Көкшетау қаласы мысалында бюджет дефицитін басқару мәселелері және оны жетілдіру жолдары» диплом жұмысының тақырыбы аса актуальды болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3

I-тарау. Қазіргі жағдайда жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және бюджет дефицитін (тапшылығын) толтырудың теориялық негіздемелері.........................7
1.1.ҚР жергілікті бюджетін жоспарлау мен жобалау мәселері..............................7
1.2. Жергілікті бюджеттерді ұйымдастыру.............................................................18
1.3. Бюджетаралық қатынас және бюджет дефициті.............................................23

II-тарау. Көкшетау қаласы бойынша 2003-2005 ж.ж. үшін бюджеттің орындалуын талдау...................................................................................................34
2.1. Жергілікті бюджеттің жалпы орындалуы мен дефициттік
жағдайды талдау........................................................................................................34
2.2. Көкшетау қаласы бойынша бюджет кірістері мен шығындарын талдау......43

III-ТАРАУ. Жергілікті бюджетті жоспарлауды және мен бюджеттің түсім бөлімін ұлғайтуды жетілдіру жолдары..................................................................64
3.1.Бюджетаралық қатынас - бюджет процесін дамытудың бірден-бір
қайнар көзі..................................................................................................................64
3.2. Бюджеттің түсім бөлімін үлкейтетін басты әдістер: салық салуды жобалауды жетілдіру.................................................................................................69

Қорытынды.................................................................................................................76

Әдебиеттер тізімі.......................................................................................................82

Файлы: 8 файлов

ГЛАВА II.doc

— 357.00 Кб (Скачать файл)

ГЛАВА 1.doc

— 126.00 Кб (Скачать файл)

ГЛАВА III.doc

— 80.00 Кб (Скачать файл)

ЗАКЛЮЧЕНИЕ.doc

— 44.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

ВВЕДЕНИЕ.doc

— 36.00 Кб (Скачать файл)


Кіріспе

 

Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының таңдап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға қарай экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметі оның мына функцияларында білінеді:

1) экономикалық дамудың қалыпты  дамуына қүқықтық ба-заны анықтау;

2) монополиялық қызметгі шектеу  және бәсекелестікті қорғау;

3) табыстар мен байлықты қайта  бөлу;

4) экономиканы түрақтаңцыру;

5) ресурстарды қайта бөлу.

Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде "қаржы" категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлықтай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің үшінші, төртінші және бесінші функцияларында көрінеді.

Нарықтық жүйе табыстар мен байлықты алғашқы бөлуде айтарлықтай теңсіздікті тудыратындықтан мемлекет оларды қайта бөледі. Мемлекет азаматтардың (үй шаруашылықтарының) табыстарын теңестіру үшін салық салудың, трансферттердің, жалақыны реттеудің, бағалардың жүйелерін пайдаланады.

Мемлекеттің экономиканы түрақтаңдыру жөніндегі іс-қимылы экономикалық жағдаяттың ауытқулары туғызатын жүмыспен қамтылуы және инфляция деңгейін бақылауды, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды қамтиды.

Қазіргі күнгі  жергілікті бюджеттер мен республикалық бюджет арасындағы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді бөлу тетігі жергілікті бюджеттердің кіріс базасының күшеюіне жәрдемдеспейді. Сондықтан үкімет қазір салықтарды жергілікті бюджеттерге бөлудің тұрақты нормативтерін белгілеуді ұсынып отыр. Бұл орайда оның түрлі жолдары талқыланып жатыр.

Сонымен, бюджеттік қатынастардың  нысандарын кешенді қарау кіріс  түсімдерінің түсуін қалыптастыру мен  шығыс функцияларын қалыптастыру бойынша  екі жүйенің бюджетін қалыптастыру жөніндегі тетігінде бөле қарауды алға қояды. Бұл екі жүйе де біртұтас ретінде қызмет етуі керек. Өз кезегінде, бюджет қаражатын тиімді бағыттау салықтар мен алымдардың бюджетке уақтылы түсуін қамтамасыз етеді.

Бюджет жүйесін реформалау кіріс пен шығыс бойынша бірге  жүзеге асыру қажет. Осыған байланысты республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстарын қалыптастыруға, оның ішінде, бағдарламалық қалыптастыру мен шығыстарды қаржыландыруға, сондай-ақ бюджеттік ұйымдардың арнайы шоттарын жою секілді қағидатты жолдар бюджетті кірістік қамтамасыз етумен байланысты болуы тиіс.

Қазақстанда бюджет жүйесін  реформалау, оның түрлі деңгейлерімен  арасындағы қарым-қатынастарын жақсарту жолында жасалып отырған қадамдар бірінші жыл емес. Бұл жерде  бюджетаралық қатынастарды қалыптастырудың бірегей әдістемесі мен аймақтарға ең аз қажетті шығыстардың кепілдігі емес, ал табыстардың айқын деңгейін қамтамасыз ететін, республикалық және аймақтық өкімет деңгейлері арасындағы бюджеттік қарым-қатынастарын бюджеттік өзара байланыстарды ұйымдастыруды тиімді тетігін әзірлеу негізінде түбегейлі өзгертуге шешуші мән-мағана беріледі.

Біздің мемлекетте бұл  процесті орталықтандыру байқалады, ол субъективті және объективті қиыншылықтармен және бізде қалыптасқан нарықтық экономикадағы қайшылықтармен байланысты.

Бұл саладағы көптеген мәселелердің жиынтығы зерттеліп отырған бағыттың көкейкестiлiгiн растайды, оның мақсаты  осы саладағы кейбір нәтижелі іс-әрекеттердің жалпы қағидаттары мен нақты  тетіктерін әзірлеу болып табылады.

Аумақтық бірліктің  фискалдық автономиясы (немесе жергілікті әкімшілік) мәселесі кімнің нақты әкімші және салықтар мен алымдарды жинаушы  болып 

табылатын мәселе шеңберінде толық тәуелсіз деген  секлді қарастырылуы мүмкін. Мұндай міндеттерді  бөлу қайда барынша тиімді орындалатындығы негізінде айқындалуы тиіс. Алайда жергілікті деңгейде жауапкершілік туралы мәселе салықтың бағаланған жағдайда қабылдануы мүмкін, және оны жергілікті жерде тиімді жинау мүмкін. Бұл жағдайда мемлекет экономикада оң экстерналдардың болуы мен төменгі деңгейде тұрған бюджеттерге қаражатты аудару бойынша шығындарды қарастырады, және де мұндай экстерналилердің болуы жекелеген (қоғамдық) игіліктерді уақтылы беру кезінде өкіметтің жергілікті органдарына сенім артуы секілді.

Бұдан әрі ол осы межелерге қол жеткізу үшін 2010 жылға дейінгі ел дамуының келешегi бар басты мақсаттарды белгіледі.

«Экономика  бiздiң дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнің барынша жоғары қарқынына қол жеткiзу - негiзгi мiндетiмiз  болып қала бередi.

Бiз бұған өз экономикамыздың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру арқылы елiмiздi дамытудың 2010 жылға дейiнгi жоспарына сәйкес қол жеткiземiз.

Бәсекеге қабiлеттiлiкке  мемлекеттiк қолдаудың қолайлы  жағдайында емес, бәсекелестермен қатаң  күресте қол жеткiзiлетiнi баршаға мәлiм.

Мен бұл ретте  мемлекеттiк қолдаудың оңтайлы  рөлi, бiр жағынан, экономиканы барынша  ырықтандырып, оның ашықтығына қол  жеткiзуде, екiншi жағынан - инфрақұрылымды жасау және белдi салаларды дамытуға жеке меншiк секторды тарту жөнiнде  белсене жұмыс жүргiзуде деп бiлемiн.

Сондықтан, 2006 жылы экономиканы дамытудың негiзгi бағыттары  мыналар болуға тиiс:

- экономиканы  одан әрi ырықтандыру және жүйелi  реформаларды жалғастыру арқылы  бәсекелестiктi дамыту мен бюрократиясыздандыру;

- Қазақстан  экономикасының ашықтығын күшейту;

- индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру;

- ауылды дамыту  бағдарламасын жүзеге асыру; 

- инфрақұрылымдарды  дамыту;

Бiздiң ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгiне оны әлемдiк экономикаға интеграциялаған жағдайда ғана қол жеткiзе аламыз. Экономиканы дамыту саласындағы, халықты әлеуметтік қорғау және азаматтар өмірінің сапасын арттыру жөнiндегi алға қойған міндеттерді жемісті шешу үшін бюджетаралық қатынастарды одан әрі жетілдіріп және барлық деңгейдегі бюджет қаражатын барынша тиімді, шашпай-төкпей пайдалануымыз қажет.

Осы міндеттер  тұрғысында «Көкшетау қаласы мысалында бюджет дефицитін басқару мәселелері және оны жетілдіру жолдары» диплом жұмысының тақырыбы аса актуальды болып табылады.  

Жұмыс барысында келесідей нысанды сұрақтар қарастырылды:

  • ҚР жергілікті бюджетін жобалау мен жоспарлау сұрақтары;
  • ҚР бюджеттік процестерін ұйымдастыру ерекшеліктері;
  • Жерглікті бюджетті ұйымдастыру мәселелері;
  • Бюджетаралық қатынастар және бюджет дефицитін толтыру жолдары;
  • Көкшетау қаласының бюджетті пайдалануын және оның тапшылығын (дефицитін) талдау;
  • Жергілікті бюджетті жоспарлау мен оның түсімін жетілдіру жолдары;

Жұмыс кіріспеден, 3 тараудан және қортындыдан тұрады. Жұмыс барысында отандық және шет ел ғалымдарының еңбектері, Қазақстан Республикасының заңдылық- нормативтік актілері мен статистика агеттігінің ақпараты, Көкшетау қаласының қаржылық бөлімінің есептілік мәліметтері пайдаланылды. 


СОДЕРЖАНИЕ.doc

— 25.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

ЛИТЕРАТУРА▌.doc

— 33.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

Бюджетная система РК.doc

— 327.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

Информация о работе Бюджетная система РК