Бірлесе бақыланатын активтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 19:39, реферат

Описание работы

Осылайша, екіден астам бірігуші кәсіпорындарды қамтитын бизнесті біріктірген кезде осы бірігуге дейін жұмыс істеген бірігуші кәсіпорындардың біреуі бар белгілерінің жиынтығы бойынша сатып алушы ретінде бірегейлендірілуі тиіс. Мұндай жағдайларда сатып алушыны айқындаған кезде басқалардың арасында бірігуші кәсіпорындардың қайсысы осы бірігуге бастамашы болғанын және олардың біреуінің басқа бірігуші кәсіпорындардың көрсеткіштерінен активтерінің құны немесе түсімдерінің айтарлықтай артық екенін қараған жөн.

Содержание работы

Кіріспе:
1. Бірлескен қызметке қатысу
2. Бірлескен бақылау
3. Бірлесе бақыланатын операциялар
Қорытыды
Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Бірлесе бақыланатын активтер.docx

— 27.88 Кб (Скачать файл)

бақылау орнату туралы келісімшарттық мәмілесі жоқ қызмет осы Стандарт

мақсаттарында бірлескен  қызмет болып мойындалмайды.Келісім шарттық

мәміленің дәлелі, мысалы, кәсіпкерлер  арасындағы шарт немесе олардың арасындағы келіссөздер хаттамасы болуы мүмкін. Кейбіржағдайларда келісім жарғыға немесе бірлескен қызметтің басқа да құрылтайқұжаттарына  қосылады. Нысаны қандай екеніне қарамастан, келісімшарттық мәміле, әдетте, жазбаша нысанда рәсімделеді және мына мәселелерге:

(а) бірлескен қызмет есептілігі бойынша қызметке, ұзақтыққа және міндеттемелерге;

(b) директорлар кеңесін немесе бірлескен қызметті басқарудың баламалы органын тағайындауға және кәсіпкерлердің дауыс беру құқықтарына;

(с) кәсіпкерлердің капиталға төлеген жарналарына;  және

(d) кәсіпкерлер арасында өндіріс көлемін, кірісті, шығысты немесе бірлескен қызмет нәтижелерін бөлуге қатысты болады. 

Келісімшарттық мәміле бірлескен  қызметке бірлескен бақылау орнатады.

Мұндай талап бірлескен  кәсіпкерлердің бір де бірінің бұл  қызметке жеке-

дара бақылау орнатуға мүмкіндігі болмайтынына кепілдік береді. 

Келісімшарттық мәміле бір  кәсіпкерді бірлескен қызметтің  жетекшісі немесе басқарушысы етіп белгілей алады. Жетекші бірлескен  қызметке бақылау жасай алмайды, ал келісімшарттық мәмілеге сәйкес кәсіпкерлер  келіскен және басқарушы ретінде  оған табысталған қаржы және операция саясатының шеңберінде іс-қимыл жасайды. Егер жетекші экономикалық қызметтің  қаржы және операция саясатын басқару  жөніндегі өкілдіктерге ие болса, ол ондай қызметті бақылайды және ол бірлескен қызмет емес, ал оның еншілес  ұйымы болып табылады.

 

Бірлескен қызметтің кейбір түрлерінің операциялары корпорация, серіктестік 

немесе өзге ұйым, немесе бірлескен кәсіпкерлерден бөлек  қаржы құрылымын құруды емес, ал кәсіпкерлердің активтері мен өзге де ресурстарын пайдалануды көздейді. Әрбір кәсіпкер  өзінің жылжымайтын  мүлік, ғимараттар мен жабдықтарын  пайдаланады және өз қорларын жасайды. Оның сондай-ақ өз шығыстары мен  міндеттемелері болады, ол өз міндеттемелері болып саналатын өзінің қаржыландыру көзін алады. Бірлескен қызметті кәсіпкердің жалдамалы қызметкерлері  оның өзінің сондай қызметімен қатарластыра жүзеге асыра алады. Бірлескен қызметті тағайындау туралы келісімде әдетте бірлесе өндірілген өнімді сатудан  түскен түсім және кез келген бірлесе  жұмсалған шығыстар кәсіпкерлер  арасында өз көмегімен бөлінетін  құрал көзделеді.

Екі немесе одан көп кәсіпкер нақты өнімді, мысалы, ұшақты жасау, оны сату

және тарату үшін өз операцияларын, ресурстары мен тәжірибесін біріктіретін жағдай бірлесе бақыланатын қызметінің мысалы бола алады. Әрбір кәсіпкер өндірістік процестегі өз бөлігін жүзеге асырады. Әрбір кәсіпкер өз шығынын жұмсайды және ұшақты сатудан түсетін түсімнен өз үлесін алады, ал бұл үлес келісімшарттық мәмілеге сәйкес анықталады.

Бірлесе бақыланатын  активтерге өзінің қатысу үлесі жөнінде  әрбір 

кәсіпкер өзінің қаржы есептілігінің жекелеген  нысандарында мыналарды:

(а) өзі бақылайтын активтер мен бар міндеттемелерді;  және

(b) жұмсалған шығыстарды және бірлескен қызметпен өндірілген тауарларды сату немесе қызметтер көрсету нәтижесінде кірістерден алатын өз үлесін тануға міндетті.

Активтер, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар кәсіпкердің қаржы  есептілігінде 

мойындалғандықтан, ол шоғырландырылған есептілікті ұсынған кезде бұл  баптарға түзетулер немесе  шоғырландырудың  басқа рәсімдері қажет етілмейді.

Бірлескен қызметтің өзі  үшін жекелеген есеп жазбаларының қажет  етілмеуі, сол сияқты қаржы есептілігінің  жасалмауы мүмкін. Алайда кәсіпкерлер  бірлескен қызмет нәтижелерін бағалау  үшін басқару шоттарын әзірлей алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестицияны жүзеге асыруы – бірлесіп жасайтын қызметтің бір  нысаны, онда бірлескен бақылау қызметін бекіткен кезде әрбір қатысушы шаруашылық серіктестікте өзінің қатысу үлесі  бойынша топшылаған келісім- шартын жасайды. Бірлесіп бақыланатын заңды  тұлғалар активтерді бірігіп алады, жасалған шығындарды таниды және алынған  табысты анықтайды. Олардың әрқайсысы  өз атынан мәміле  жасай алады, өз қызметін қаржыландыру үшін капиталдарды тарта алады. Бұл кезде бірлескен қызметке қатысушылардың әрқайсысы қызмет нәтижесінде алынған олжадан өз үлесін алуға құқылы.

     Бизнесті біріктіру  құрылым бойынша заңдық, салықтық  және басқа себептермен барынша  түрліше тәсілдермен жүзеге асырылуы  мүмкін. Бұл — кәсіпорынның, бірлесіп  коммерциялық қызметтің бір немесе  бірнеше түрлерін құрайтын басқа  кәсіпорынның меншікті капиталын  сатып алуы, басқа кәсіпорынның  барлық таза активтерін сатып  алуы, басқа кәсіпорынның міндеттемелерін  өзіне қабылдауы немесе басқа  кәсіпорынның таза активтерінің  бір бөлігін сатып алуы болуы  мүмкін. Бизнесті біріктіру үлестік  құралдарды шығару, ақша қаражатын,  ақша қаражаты баламасын аудару  немесе басқа активтерді немесе  олардың құрамдары арқылы жүзеге  асырылуы мүмкін. Операция бірлесетін  кәсіпорындардың акционерлері арасында  немесе бір кәсіпорын және  басқа кәсіпорынның акционерлері  арасында жүзеге асырылуы мүмкін.

    Осылайша, екіден астам  бірігуші кәсіпорындарды қамтитын  бизнесті біріктірген кезде осы  бірігуге дейін жұмыс істеген  бірігуші кәсіпорындардың біреуі  бар белгілерінің жиынтығы бойынша  сатып алушы ретінде бірегейлендірілуі  тиіс. Мұндай жағдайларда сатып алушыны айқындаған кезде басқалардың арасында бірігуші кәсіпорындардың қайсысы осы бірігуге бастамашы болғанын және олардың біреуінің басқа бірігуші кәсіпорындардың көрсеткіштерінен активтерінің құны немесе түсімдерінің айтарлықтай артық екенін қараған жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Аппақова Г.Н. «Қаржылық  есеп 2» Алматы «Әрекет-Принт», 2010 ж.

2. Баймуханова С.Б. «Қаржылық  есеп» Алматы 2007ж.

3. Қ.К.Кеулімжаев, Н.А.Құдайбергенов  «Бухгалтерлік есеп: теориясы және  негіздері» Алматы, Экономика, 2006ж.

4.Қ.К.Кеулімжаев, Н.А.Құдайбергенов  «Бухгалтерлік есеп: теориясы және  негіздері» Алматы, Экономика, 2006ж.


Информация о работе Бірлесе бақыланатын активтер