Директ костинг жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 23:32, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың құрылу шарттары және басқаруды жетілдіру, кәсіпорынның дамуында жаңа стратегияларды жасауда бухгалтерлік есеп пен басқарушылық есептің мағынасы мен рөлі күшейе түсуде. Соның ішінде, басқарушылық есептің ауқымды аймақтарының бірі - өндірілетін өнімнің, орындалатын жұмыс немесе көрсетілетін қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау және өндірістегі шығындар есебін ұйымдастыру, нарықтық экономикасы бар елдердегі кәсіпорындар мен фирмалар практикасында бұл аймақтардың басқарушылық есеп жүйесіндегі өндірістік есепте алатын маңызы зор.

Содержание работы

Кіріспе........................................................................................................................3

І. «Директ-костинг» жүйесініңтеориялықнегізі.
1.1. «Директ-костинг» жүйесініңпайдаболуы, мәні, ерекшелігіжәнедамуы.........6
1.2. «Директ-костинг» жүйесі туралы Қазақстандық және шетелдік авторлардың көзқарастары мен оның ерекшеліктері туралы ой-пікірлері.........10
1.3. «Директ-костинг» жүйесі бойынша шығындарды классификациялау.........12

II. «Директ-костинг» жүйесі бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және шығын есебін ұйымдастыру.
2.1.«Директ-костинг»бойынша өндірістік есепті ұйымдастыру..........................15
2.2.«Директ-костинг» жүйесі бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау..........................................................................................................19
2.3.Елдегі сыра өндіретін кәсіпорындардың өнімінің өзіндік құнын калькуляциялау және шығын есебін жетілдіру......................................................21

III.«Директ-костинг» жүйесінің аналитикалық мүмкіндіктерін басқару шешімінің негізіне пайдалану.
3.1.Кәсіпорынның зиянсыздығын талдау................................................................26
3.2.«Директ-костинг» жүйесі негізінде басқару шешімін қабылдау....................31
3.3.Калькуляциялаудың «Абзорпшн-костинг» және «Директ-костинг» әдістерін салыстыру...................................................................................................................32

Қорытынды...........................................................................................................36
Қолданылған әдебиеттер............................................................................38

Файлы: 1 файл

Директ-костинг жүйесі.doc

— 113.16 Кб (Скачать файл)

Қарапайым «директ-костинг» әдісінің  үлгісі келесідей болып келеді:

Өткізу көлемі – айнымалы өзіндік  құн= маржа(айырма) – Тұрақты шығын = негізгі қызметтен табыс(зиян)

Қарапайым «директ-костинг» негізделетін бірнеше принциптер 1-суретте көрсетілген.

 



 


 


 



 


 



 

 

 

Сурет 1. Қарапайым «директ-костинг» жүйесіне негізделетін принциптер

 

Осының нәтижесінде айнымалы шығын әдісі бойынша (қарапайым «директ-костинг») айнымалы бар  маржа анықталады, ол айнымалы шығынмен салыстырғандағы өткізуден түскен түсімнің артықшылығын көрсетеді.

Айнымалы өзіндік құнымен маржа=өткізуден  түскен түсім – айнымалы шығын. Айнымалы шығындар бар маржа тұрақты шығын  сомасын қайтаруға мүмкіндік  бергенде, кәсіпорында «зиянсыздық  нүктесі» орнайды, яғни қаржылық нәтиже нөлге тең [3].

Егер  кәсіпорын көп бұйым  өндіретін болса онда бұл  айнымалы шығын әдісі тұрақты шығынды  қайтарып алудағы әрбір бұйымның «салымын»  есептеуге және ортақ  рентабельділік деңгейін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Осы әдістің негізі келесілерде  көрсетілген:

1. Соңғы нәтижеге есептің нақты бағытталуы, ол дегеніміз бұйым бойынша, кәсіпорын бойынша және өндірістік нәтиже бойынша маржаны анықтау;

2. Бұйымдар бойынша тек айнымалы шығын есебі және бұйым бойынша айнымалы өзіндік құнды анықтау;

3. Кәсіпорын бойынша тұрақты шығын есебі және өндірістік нәтижені анықтау мақсатында маржаның азаюына жатқызу;

4. Баға құру және бағаны жедел бақылау процесінің негізі ретінде бұйымдар бойынша маржаны анықтау [4].

Дамыған «директ-костинг» принциптері:

1. Шығын өткізу және соңғы нәтиже қызметтің сегменттері бойынша саналады. Бұл ақпарат ішкі және сыртқы барлық сегменттерге жеткізіледі;

2. Сегментке тікелей жатқызылатын шығындар жанама тарату әдістерінің қатысуынсыз тікелей таратылады;

3. Айнымалы және тікелей тұрақты шығын есебі бойынша бірнеше маржа анықталады.

Айнымалы және тікелей өзіндік  құн әдісі немесе дамыған                          «директ-костинг»  үлгісі келесі:

Өткізуден түскен түсім -  айнымалы өзіндік құн=маржа 1 – тұрақты  тікелей шығын= маржа2

Жалпы маржа – тұрақты жанама шығындар=өндірістік нәтиже.

Дамыған «директ-костинг»  қарапайым  «директ-костинг»  артықшылығын сақтайды, бұйымдар бойынша  маржа анықтауға  негізделген бірақ оның кемшіліктерін  сақтамаған,  егер бұйымдар мен  байланысты тұрақты шығындардың спецификалық сипатын  ескеретін болсақ. Дамыған  «директ-костинг» және маржиналдық  есеп нұсқаларын шетел кәсіпорындарының практикасында қолданылатын талдау  шығын басқару тиімділігінің  жоғарлағанын және оларды соңғы нәтижемен өлшеуге болатынын көрсетеді. Бұндай салыстыру мыналар  бойынша:

- ұйымдар;

- пайда (түсім) орталығы;

- рентабельділік орталығы;

- өзіндік құн орталықтары;

- өнімді өткізудің географиялық зоналары(аудандар);

- тұтынушылар  категориялары;

- «ноу-хау»;

- қызметтің басқа да ішкі және сыртқы сегменттері.

«Директ-костинг» идеясы бүгінде шығындар мен  қаржылық нәтиже бойынша бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарында көрсетілген. Бұл шығын стандартына сәйкес есеп беру периодының  ұзақтығына тәуелді және кәсіпорынды басқарумен  байланыстыруды бұйымның өзіндік құнына қоспауға, ал кәсіпорынның жиынтық табысын жабуға  болады [5].

Қазақстан  Республикасында  мемлекеттік  баға  құруды орталықтандыру  шарттарында  ақталған бұйымдар арасындар үстеме шығындарды таратумен байланысты толық  өзіндік құн есебі қолданылады. Кәсіпорындағы мүліктің әртүрлілігі  бойынша, мемлекет кәсіпорынды приватизациялау  процесіне  байланысты баға құрудың  еркін механизмі мен  өндіретін  өнімнің  ассортиментін өзіндік  жоспарлау орын алған.

Осындай «директ-костингті» пайдаланудың басты шарты нарықтық экономиканың қалыптасуы. Бұл бухгалтерлік есептің өзгеруін қажет етеді, ең алдымен бухгалтерлік есептің  жедел, аналитикалық ақпараттың таратылуына бағытталған.

Бухгалтерлік есептің алдындағы  мәселелердің өзгеруі өндірістік есептің  мазмұны мен мәселелерінің өзгеруіне  әкеліп соқтырады, осының нәтежесінде  өндірістік есепті «директ-костинг» жүйесі бойынша  ұйымдастыру объективті мүмкіндік болып табылады.«Директ-костинг»  жүйесінің  ерекшеліктері 2-суретте келтірілген.

 


 

 


 

 


 

 

 

 


 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2. «Директ-костинг»  жүйесінің  ерекшеліктері

Сондай-ақ «директ-костинг» ерекшелігіне өзіндік құнды калькуляциялаудың  объектілігі және қарапайымдылығы жатады, себебі  осы әдісті қолданғанда тұрақты шығындар тарату шартты емес, сонымен қатар  әрбір кездердегі өзіндік құнды, айнымалы шығынды  абсолютті және салыстырмалы маржа бойынша салыстыруға, жоғарыда айтылғандар бойынша бұйымның рентабельділігін анықтауға болады [6]. 

«Директ-костингті» қолдану, біріншіден, көптеген қиындықтар туғызады: үстеме шығыстарды тұрақты және айнымалыға нақты тарату қиындығы. Шығындардың  тұрақты және айнымалы деп бөлінуі  тұрақты және мәңгілік емес, ол қызметтің  шарттарының өзгеруіне  байланысты қарастырылады. Сонымен қатар бір  шығын әртүрлі шарттарда, өндіріс  көлемінің өзгеруіне байланысты басқаша да болуы мүмкін. Мысалы, жұмыскердің еңбекақысы бір жерде  айнымалы, екінші жерде жартылай айнымалы, ал үшінші жағдайда өнім көлеміне байланысты мүлде өзгермейді.

Екіншіден, «директ-костинг»  өндірілетін  өнім қанша тұрады және толық өзіндік  құны қанша деген сұраққа жауап  бермейді. Үшіншіден,  қысқартылған баптар номенклатурасы бойынша есеп жүргізу отандық есептің қажеттіліктеріне жауап  бермейді. Сонғы  кездердегі  басты мәселенің бірі нақты калькуляциялауды құру. Бұл кемшілікті жоққа шығаруға болады, себебі өнім бірлігінің өзіндік  құнын 100% нақты есептеген  шығындарды  калькуляциялаудың  жүйесі  жоқ.   Төртіншіден, “директ-костинг” қолданған  кезде салық органдарымен арадағы  қатынас қиындай түседі,  себебі салық салынатын өндіріске  шығын  мен  пайда  есеп айрысу жолымен  анықталады.    Халықаралық  есеп стандарттарына сәйкес “директ-костинг” есеп беру және салықпен есеп айрысу үшін қолданылмайды. Ол ішкі техника-экономикалық талдау және жедел  басқару шешімін  қабылдау үшін қолданылады. Бесіншіден, бұл жүйені қолдану барысында  өнімге қойылған баға кәсіпорынның барлық шығындарын жабуды қамтамасыз етеді. Ал кейбір бұйымдардың  бағасын төмендеткен  жағдайда бөлінбейтін тұрақты шығын  маржамен жабылмай қалу қауіпі туады, сол кезде  кәсіпорын  зияндар  зонасына түседі.Көптеген батыстық кәсіпорындарда толық шығындар есебі де, “директ-костинг” жүйесі де таза түрінде қолданылмайды. Күрделі нарық шарттарында кәсіпорын жан-жақты ақпараттармен  қамтамасыз етілуі қажет, соның ішінде  өзіндік құн да кіреді [7].

 

1.2. «Директ-костинг» жүйесі туралы  Қазақстандық және шетелдік авторлардың  көзқарастары мен оның ерекшеліктері  туралы ой-пікірлері 

 

 

Бұл жүйенің мәні туралы арнайы әдебиетте  біржақты көзқарас жоқ екенін атап өту керек. Біраз авторлар "директ-костинг" - бұл өндіріс шығындарының есебінің жүйесі деп есептейді. С.С. Стуков оны "өндірістік шығындардың қысқартылған номенклатурасы бойынша тек айнымалы шығындар бөлігінде есепті жүргізу деп атайды . Басқа авторлар "директ-костинг" жүйесін калькуляциялау әдісіне жатқызады. Қазақстандық автор С.С. Сатыбалдин былай деп жазады: "Біздің көзқарасымыз бойынша, осы жүйенің мазмұнын әлдеқайда дұрысырақ сипаттайтын термин айнымалы шығындардың өзіндік құнын калькуляциялау болып табылады", дегенмен осы сілтеме алынған оның монографиясының тарауы "Директ-костинг" жүйесі бойынша өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік қүнын калькуляциялау" деп аталады. Осы жүйені калькуляциялаудың бір әдісі деп тани отырып, В.И. Ткач және М.В. Ткач "директ-костинг" терминінің орыс тіліндегі дұрыс аудармасы "қиылған өзіндік қүн" емес, "пропорционалды өзіндік құн" деп есептейді. В.Ф. Палий өз еңбегінде "директ-костинг" жүйесін "тікелей шығындар бойьшша калькуляциялау" деп, ал С.А. Стуков "шектелген өзіндік құнды есепке алу әдісі " деп атайды.

Соңғы сілтеменің тұжырымы мынадай, яғни автор "директ-костинг" жүйесі өндіріс  шығындарын есептеудің және өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялаудың  біртекті әдісі деп санайды, ал Н.Г. Чумаченко бұл жүйе кезінде өндіріс  шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жеке қолданылады деп есептейді .

"Директ-костинг" жүйесі, өндіріс шығындарының есебін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды бірге байланыстырады деген де көзқарас бар.

"Директ-костинг" жүйесін қолдану  белгілі бір қиындықтармен байланысты. Шығындарды тұрақты және айнымалы деп жіктеу, тіпті нақты кәсіпорын бойынша да мүлдем анықталуы мүмкін емес, ол қызметтің өзгермелі жағдайларына байланысты қарастырылуы тиіс. "Директ-костинг" жүйесін қолдану барысында калькуляциялау және баға белгілеу үшін өнімнің толық өзіндік құнын жүйеден тыс жолмен анықтауға тура келеді. Сонымен қатар, салық органдарымен де өзара қатынастар қиындайды, себебі өндіріс шығындары мен салық салуға жататын табыс есептік жолмен анықталады. "Сонымен қатар, - деп жазады проф. В.К. Радостовец -шығындарды тұрақты және өзгермелі деп бөлу есептің бақылау және талдау мүмкіндіктерін күшейтеді, ұтымды шешім қабылдауға ықпал етеді" . Басқаша айтқанда, шығындарды бөлу шарттылығының кемшіліктері "директ-костинг" жүйесінің аналитикалық артықшылықтарымен жабылады, олардың негізгілері:

- шығарылған өнімдердің сүрыпталымы мен табысын үйлестіру;

- жаңа өнім бағасын анықтау, кәсіпорынның өндірістік қуатының өзгеру нұсқаларын есептеу;

- өндіріс тиімділігін бағалау (жартылай фабрикаттарды алу);

- қосымша тапсырыс қабылдау, жабдықтарды ауыстыру тиімділігін бағалау және тағы басқалар болып табылады.

"Директ-костинг" жүйесі - бүл шығындарды олардың түрлері, пайда болу орындары мен таратушылары бойынша шығындардың есебінен, өндірістік қызмет нәтижелерінің есебінен, сонымен бірге шығындар мен нәтижелерін талдау және басқару шешімдерін қабылдаудан тұратын басқарушылық (өндірістік) есеп жүйесі. С. С. Сатыбалдиннің ойынша бұл жүйе кезінде "өнді-рістік және қаржылық есеп интеграциясы" орын алады, бүл "директ-костинг" жүйесінің екінші ерекшелігі болып табылады. Бұл көзқараспен С.А. Николаева келіспейді, ол "бұл жүйе бойынша өндірістік есеп қаржылық есептен бөлек және онымен бірлесе ұйымдастырылады" -деп санайды . С.С. Сатыбалдин бұл жүйе қаржы жүйесінен жеке ұйымдастырылуы мүмкін екенін мойындаған және олардың интеграциясына негізделген "директ-костингтің" харрисовтық жүйесін дұрыс көрсетеді. Американдық оқулықта оны "есеп жүргізудің монистикалық жүйесі" деп те атайды. "Оның мәні -деп жазады С.С. Сатыбалдин өндірістік және қаржылық есептің жазулары жалпы жүйеге келесі жолмен біріктіріледі, өндірістік есептің ішкі операциялары бас кітапта көрсетіледі. Өндірістік шығындар және пайда мен шығындар туралы есеп басшылыққа "құн-көлем-пайда" мәліметтерінің тәуелділігі түрінде беріледі... Бірақ бұл жүйенің американ ғалымының кезқарасы бойынша белгілі бір кемшіліктері бар. Олар мыналар: біріншіден, өндірістік және қаржылық есептің сипаты мен мақсаты әр түрлі, сондықтан оларды біріктіру дұрыс емес. Есепті өндірістік және қаржылық деп бөлу негізінде коммерциялық құпияны сақтауда жатыр" .

Профессор С.С. Сатыбалдин, АҚШ-та тәжірибе алмасуда болып, осы мәселені терең және жан-жақты зерттеді. Ол  "директ-костинг" жүйесінің ерекшеліктерін дұрыс көрсеткен. Ол оның үшінші белгісі деп өнеркәсіптік фирманың табыстары туралы көп сатылы есеп процесін атайды, оның негізгі моделін  кәсіпорын зиянсыздығын талдау бөлімінде қарастырамыз.

"Директ-костинг" жүйесі бойынша  жасалған табыс туралы есепте  айнымалы шығындардың, өткізу бағасының және өткізілетін өнім санының өзгеруі салдарынан негізгі қызметтен түскен табыстың өзгеріске ұшырағаны көрінеді. Жүйеде алынатын ақпараттар баға мен көлемнің ең тиімді әдістерін табуға, негізгі қызметтен түсетін табыс көлемін болжауға мүмкіндік береді. Бұл "директ-костинг" жүйесінің төртінші ерекшелігі болып табылады. Табыс туралы есепті де курстық жұмыс барысында келесі бөлімдерде қарастырамыз.

 

1.3«Директ-костинг» жүйесі бойынша шығындарды классификациялау

 

 

Басқару есебінің басты  объектісінің бірі өнім өндіруге және оны өткізуге кеткен еңбек шығыны болып табылады.  Экономикалық әдебиеттерде оларды өндірістік шығындар деп атайды. Олар қандайда бір мақсатқа пайдаланылатын ресурстардың құнының ақшалай өлшемі болып келеді.

Шығын есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызы өте зор. Зерттелетін объектілер  тану әдістерінің бірі – классификациялау болып табылады.  Классификация  – бұл  объектілерді ортақ белгелері  негізінде кластарға бөлу. Неғұрлым классификация белгілері көп  болса, соғұрлым объектіні тану деңгейі  жоғары болады.

Шығындар классификациясы  – басқару шешімін қабылдау, өнімнің  өзіндік құнын қалыптастыру, ақпарат  алу және оларды жедел басқару  үшін анықталған белгілері бойынша  оларды топтастыру. Ол өнімнің өзіндік  құнын калькуляциялау, өндірістік шығынды  талдау және есепті ұйымдастыру негізінде жатыр . Классификация бір шығынды екінші шығыннан ажырататын барлық белгілерді көрсетеді.

Отандық тәжірибеде шығынды  әртүрлі белгілер бойынша классификациялау 1-кестеде көрсетілген.

 

1-кесте

Өндірістік шығындарды классификациялау

 

Классификация белгілері

Шығындардың бөлінуі

Экономикалық элементтері бойынша

Шығындардың экономикалық элементтері

Өзіндік құнныңбаптары бойынша

Өзіндік құнды калькуляциялау баптары

Экономикалық рөлі бойынша

Негізгі , үстеме

Құрамы бойынша

Бірэлементтік, комплекстік

Өндірістік процестегі рөлі бойынша

Өндірістік, өндірістен тыс

Тиімділігі бойынша

Өндірістік, өндірістік емес

Жоспарда қамтылуы бойынша

Жоспарлық, жоспарлық емес

Өндіріс көлеміне байланысты

Тұрақты, айнымалы

Пайда болу уақыты бойынша

Ағымдық, біруақыттық

Дайын өнімге байланысы бойынша

Аяқталмаған өндіріс, дайын өнім

Информация о работе Директ костинг жүйесі