Директ костинг жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 23:32, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың құрылу шарттары және басқаруды жетілдіру, кәсіпорынның дамуында жаңа стратегияларды жасауда бухгалтерлік есеп пен басқарушылық есептің мағынасы мен рөлі күшейе түсуде. Соның ішінде, басқарушылық есептің ауқымды аймақтарының бірі - өндірілетін өнімнің, орындалатын жұмыс немесе көрсетілетін қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау және өндірістегі шығындар есебін ұйымдастыру, нарықтық экономикасы бар елдердегі кәсіпорындар мен фирмалар практикасында бұл аймақтардың басқарушылық есеп жүйесіндегі өндірістік есепте алатын маңызы зор.

Содержание работы

Кіріспе........................................................................................................................3

І. «Директ-костинг» жүйесініңтеориялықнегізі.
1.1. «Директ-костинг» жүйесініңпайдаболуы, мәні, ерекшелігіжәнедамуы.........6
1.2. «Директ-костинг» жүйесі туралы Қазақстандық және шетелдік авторлардың көзқарастары мен оның ерекшеліктері туралы ой-пікірлері.........10
1.3. «Директ-костинг» жүйесі бойынша шығындарды классификациялау.........12

II. «Директ-костинг» жүйесі бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және шығын есебін ұйымдастыру.
2.1.«Директ-костинг»бойынша өндірістік есепті ұйымдастыру..........................15
2.2.«Директ-костинг» жүйесі бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау..........................................................................................................19
2.3.Елдегі сыра өндіретін кәсіпорындардың өнімінің өзіндік құнын калькуляциялау және шығын есебін жетілдіру......................................................21

III.«Директ-костинг» жүйесінің аналитикалық мүмкіндіктерін басқару шешімінің негізіне пайдалану.
3.1.Кәсіпорынның зиянсыздығын талдау................................................................26
3.2.«Директ-костинг» жүйесі негізінде басқару шешімін қабылдау....................31
3.3.Калькуляциялаудың «Абзорпшн-костинг» және «Директ-костинг» әдістерін салыстыру...................................................................................................................32

Қорытынды...........................................................................................................36
Қолданылған әдебиеттер............................................................................38

Файлы: 1 файл

Директ-костинг жүйесі.doc

— 113.16 Кб (Скачать файл)

Өндіріске жұмсалған шығындарды олардың құжаттары бойынша қандай калькуляциялау объектісіне жататындығын белгілеу үшін есеп объектілерін, шығын  баптарын кодтайды және үстеме шығындарын ажыратады. Ал, бұл үстеме шығыстарды баптары бойынша және шығындарды калькуляциялау объектілері бойынша  дұрыс топтастыруға мүмкіндік береді.

Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы құрамында  біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылық және басқару бухгалтериясы  болуы мүмкін.

Қаржылық бухгалтерия  жұмысшы шоттар жоспарының 1010-8410 шоттарының есебін жүргізіп, есептің Бас кітабін, кәсіпорынның балансын және қаржылық есеп беруін жасайды.

Басқару бухгалтериясы  жұмысшы шоттар жоспарының 8100-8400 шоттарын пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының нормалары мен нормативтерін талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндірістегі шалафабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл көлемінің нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады. Басқару бухгалтериясы жабық (құпия) болып келеді. Бұл өз бәсекелестері өздерінен бұрын пайдаланып кетпеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан басқару бухгалтериясы ақпаратының сыртқы тұтынушылар үшін ғана емес, сонымен бірге осы кәсіпорынның қызметкерлері үшін де жабық болуы мүмкін[13].

 

2.2 «Директ костинг» жүйесі бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

 

Өнімнің өзіндік құны – бұл кәсіпорынның өнім өндіруге жұмсалған ағымдағы шығыны. Өнімнің өзіндік құнына өнім өндіруге кеткен еңбек материалдары, еңбек күші және заттарының құны кірістіріледі.

Калькуляциялау – өнімнің өзіндік құнын есептеу немесе өзінің бір өлшемінің өзіндік құныны есептеу болып табылады. Калькуляцияның объектісі – кәсіпорында калькуляцияланатын өнімнің, қызметтің және жұмыстардың түрлері. Калькуляциялық бірліктер – тиісті өнімнің техникалық, стандарттық құжаттарда белгіленген бірліктері. Олар: натуралды, ірілендірілген, шартты натуралды, еңбек бірлігі орындалған жұмыс бірлігі, пайдалы нәтиже бірлігі.

Айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау әдісінде (директ-костинг) өнімнің өзіндік  құнына тек айнымалы шығындар ғана жатқызылады, ал тұрақты өндірістік үстеме шығындар кезең шығындары  ретінде қарастырылып, пайда мен  зия шотында есепке алынады. Бұл  әдіс көп жағдайда басқару шешімін  қабылдаған кезде қолданылады [14].

«Директ костинг» жүйесі бойынша өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялау үшін  Қазақстанда орналасқан сыра өндіретін  кәсіпорындар және олардың өндіретін  өнімдері мысал ретінде келтірілген. Қазақстандағы сыра өндірісінің  көрсеткіштері туралы мәліметтер 4-кестеде көрсетілген.

 

4-кесте

2000-2010 жылдар  аралығындағы Қазақстандағы  сыра өндірісі

 

Жылдар 

Мың дал

Жылдар 

Мың дал

2000

31330

2006

6933

2001

23011

2007

8503

2002

16922

2008

8244

2003

12907

2009

13568

2004

8121

2010

16924

2005

6360

   

 

Еліміздің ең ірі сыра өндіретін  кәсіпорындардың бірі Шымкент сыра заводы, оның өндірістік күші 1 жылда 7,2 млн. дал сыра. Бірақ бұл күшті  қолдануы әлсіз, оны жылдық  өнім көлемінен көруге болады.  Келесі ірі кәсіпорын Алматы №1 сыра заводы. Ал Қарағанды сыра заводы 1958 жылы құрылған, оның күші жылына 1,5 млн. сыра.

Осы ұйымдардағы өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және шығындар есебін ұйымдастыруды қарастырамыз. Шығын есебін және өзіндік құнды калькуляциялауды ұйымдастыруға бірнеше факторлар қатар әсер етеді: ұйымның қызмет түрі, оның көлемі, басқару құрылымы, құқықтық формалар. Бұл факторларға тәуелділігіне қарай өндіріс шығындарының есебінің объектілері, кәсіпорынның ресурстарын қолдануды бақылау әдісі және есептер нұсқалары жасалады.

Ұйымдарда сыра өндіріс процесін 4-суретте көрсетілген өндірістік цехтарда ұйымдастыруға болады.

 


 

Сурет 5. Сыра өндірісіндегі өндірістік цехтар

 

2.3. Елдегі сыра өндіретін кәсіпорындардың  өнімінің өзіндік құнын калькуляциялау  және шығын есебін жетілдіру

 

 

Еліміздегі сыра өндіретін ұйымдар бухгалтерлік есепті ХҚЕС және бухгалтерлік есептің бас шоттар жоспарына сәйкес жүргізіледі. Зерттеліп отырған кәсіпорындарда бухгалтерияны қаржылық және басқару деп нақты бөлу жоқ. АҚ «Алматы №1 сыра заводында» өндірістік есеп жеке бөлім болып келмейді, оның қаржылық бухгалтерия және  өндірістік  жоспар бөлімі арасында бөлінген. ЖАҚ «Шымкент сырада» да осындай жағдай. Ал «ЭФЕС Қарағанды сыра өндіретін заводында»  өндірістік бухгалтерияны өзіндік құн бухгалтері, ал  қаржылық – бухгалтерия басшысы және қаржылық бөлімінің басшысы жүргізеді. 

Басқару өндірістік бухгалтерия Бас  шоттар жоспарының 8бөліміндегі барлық шоттарды жүргізеді. Ол өндіріске шығындар, өзіндік құнды калькуляциялау туралы ақпаратты қамтып ,өндіріске  шығарылған шығынның нормасын жасайды және олардың  орындалуын қадағалайды, өндірістегі  жартылай фабрикаттың қозғалыс есебін ұйымдастырады. Басқару бухгалтериясы  жабық түрде болады.

Өндірісте шығын есебі 8100 «Негізгі өндіріс», 8300 «Көмекші өндіріс», 8400 «Үстеме шығын» бөлімдеріне кіретін комплекстік шоттар жүйесін қолданады.  Сыраның өзіндік құнына келесідей шығын баптары кіреді: - шикізат пен  негізгі материалдар; - ақтарымды қалдық; - технологиялық мақсатқа қосалқы материалдар; - технологиялық мақсатқа суық; - өндірістік жұмыскерлердің еңбекақысы; - әлеуметтік салықтар; - үстеме салықтар.

Калькуляциялау процесіне  өнімнің  бірлігіне кететін тікелей және үстеме шығынның саласын есептеу  кіреді. Тікелей шығындар шығындар есебінің  объектісі  өнім түрлері  брйынша ұйымдастырылады. Ал үстеме шығындар тұрақты шығындар ұйымдастыратын шығындар есебінің объектісі немесе өнімнің түрі бойынша таратылады [15].Үстеме шығындарды тарату әдісі өндірістің спецификасына тәуелді және оны кәсіпорын өз қалауына қарай таңдап алады.  Мысалы, Шымкенттік сыра заводында  үстеме шығындар өндірістік жұмыскердің негізгі жалақысына пропорционалды таратылады. Үстеме шығындарды есепке алудағы типтік операциялардың шоттар кореспонденциясы 5-кестеде берілген.

 

5-кесте

Үстеме шығындарды есепке алудағы  типтік операциялардың шоттар кореспонденциясы

 

 

Шаруашылық операциялардың мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Дт

Кт 

1

Үстеме шығындарды негізгі, көмекші  және өз өндірісіндегі шалафабрикаттар  өндірістері арасында бөліп тарату

8100

8200

8300

8400

2

Негізгі және көмекші өндірістер цехтарының жалпыцехтық мұқтаждықтарына босатылған материалдар 

8400

1310

3

Цех қызметкерлерінің еңбекақысы есептелінді 

8400

3350

4

Сыртқы ұйымдардың көмегімен негізгі  құралдарды жөндеумен байланысты шығындар есептен шығарылды.

8400

3310

3340

3390

5

Өндірістік айналымдағы негізгі  құралдар бойынша тозу сомасы есептелінді

8400

2420

6

Негізгі құралдардың ағымдағы жалға  берілген жал ақының сомасы көрсетілді

8400

3360

7

Өндірістегі МЕА бойынша амортизация  есептелінді 

8400

2740


 

Ұйым нарықтың қазіргі шарттарына үйрену үшін  тұрақты өзіндік құн және айнымалы өзіндік құн туралы жан-жақты ақпарат керек. “Директ-костинг” жүйесіне түрлері бойынша шығын есебі, пайда болу орны және тасмалдаушылар бойынша , өндірістік қызмет нәтежелер есебі, сонымен қатар  шығындар мен нәтижені талдау және басқару шешімін қабылдау кіреді. Енді сыра өндірісіндегі “директ-костинг” элементтерін келтірілген пунктер бойынша қолдану мүмкіндігін қарастырамыз. Батыс мамандарының айтуынша, орны бойынша шығындар  соңғы шарттар бойынша, біріншіден,  жалпы шығындарды тұрақты және айнымалыға бөлу арқылы, екіншіден, нормативтік есеп және олардың фактілерден ауытқумен ұйымдастырылуы керек. Шығындардың пайда болу орны бойынша есептің проблемаларының бірі -  белгілі бір уақыт аралығында көлемнің өзгеруіне байланысты, ал өндіріс көлемінің  көрсеткіштерінің мағынасында өсуіне байланысты “ секіріс тәрізді” шығынның болуы.

Бұл  проблеманы   шығындарды 3 топқа бөлу арқылы шешуге болады:

  • Өндіріс көлемі өзгеруімен бірге пропорционалды өзгеретін  абсолютті айнымалы шығындар;
  • Салыстырмалы айнымалы (немесе салыстырмалы тұрақты)  -  секіріс тәрізді шығындар;
  • өндіріс көлемінің өзгеруінен тәуелсіз  абсолютті тұрақты шығындар;

Сыра өндіретін заводтың өндірістік есебіне «директ-костинг» элементтерін тиімді енгізу үшін қаржылық бөлім  үстеме шығынның өндіріс көлеміне тәуелділігін зерттейді. Бұл мысалы үшін осы тәуелділіктің  гипотизалық мәліметтерін аламыз. Үстеме шығындар үшін тәуелділіктің келесі көрсеткіштерін аламыз: өндірістік құралдар амортизациясы 25%-ке айнымалы, құралдарды жөндеу шығындары 30%, құрам бойынша  және құралдардың эксплуатациясы 30%, еңбекақы қосқандағы цех персоналының құрамы 35%,  салық бойынша шығындар және МЕА амортизациясы толығымен  тұрақты, лаборатория құрамы бойынша  шығындар 40%-ке айнымалы. Жалпы шаруашылық шығындар тұрақты түрде болады, есеп берудің ұзақтығына тәуелді және ХҚЕС-қа сәйкес калькуляциялау объектілері  арасындағы жанама әдіспен таратылмауы  мүмкін, тікелей 5610 «Жиынтық табыс» шотына жіберіледі. Бұндай тәсіл «директ-костинг»  жүйесінің басты ерекшелігі болып  табылады [16].

Бірінші жағдай тек шектелген өзіндік  құнды калькуляциялаумен байланысты, бөлімшелер бойынша есеп  және пайда  болу орны бойынша  шығын арасында тек айнымалы үстеме шығындар таратылады. Тұрақты шығындар таратылмайды, ол жалпы сома нәтежесінің дебет  шотына жазылады. Бұндай жағдай өндірістік үстеме шығындар есебі үшін 2 шоттың жүргізілу қажеттілігін туғызады: «Тұрақты өндірістік үстеме шығындар» және «Айнымалы  өндірістік үстеме шығындар».

Екінші жағдай сыра өндіретін заводқа  тиімдірек болып табылады, себебі толық өзіндік құн есебінде өндірістік үстеме шығынды тұрақты (айнымалы) шығынға  бөлу принципін қолданудан тұрады. Бұл жағдайда тұрақты да, айнымалы да шығындар өндірістік үстеме шығынның өндірістік шотына жабылады. Тұрақты шығындар көлемі  бөлімнің қызметінің көлеміне сәйкес ұйымның өндірістік күштерінің нормалды жүктеуіне бағытталған смета бойынша қалыптасады. «Директ-костинг» жүйесі бойынша шығындар мен нәтижелер есебінің келесі элементі – бұл тасымалдаушылар бойынша шығындар есебі (бұйымның бірлігінің өзіндік құнын калькуляциялау).  Тасымалдаушылар бойынша есеп  6-кестеде көрсетілген.

 

6-кесте

Тасымалдаушылар бойынша есеп

 

Шығын түрлері

Сыра сорттары және көрсеткіштері

«Шымкент  сырасы»

«Қазақстан сырасы»

«Алатау сырасы»

Қалдықты есептеуге шикізат

69,2

80,3

118,74

Қосалқы материалдар

21,78

45,48

4,34

Суық

6,19

6,19

6,19

Жылуэнергиясы

9,29

9,30

9,31

Электроэнергия

2

2

2

Еңбекақы

36,16

36,16

36,16

Әлеуметтік салық

6,6

6,6

6,6

Айнымалы үстеме шығындар

12,45

12,45

12,45

-қайнату цехында

0,66

0,66

0,66

-ашыту цехында

0,86

1,55

0,99

-лагерлеуде

0,86

1,55

0,99

-МРЦ

1,03

1,86

1,09

-өткізу және басқару бойынша

9,04

6,83

8,72

Айнымалы өзіндік құн

163,64

198,48

195,79

Тұрақты үстеме шығындар

36,74

36,74

36,74

Толық өзіндік құн

200,38

235,22

232,53

Информация о работе Директ костинг жүйесі