«Индергаз» ЖШС – ғы бухгалтерлік баланс жағдайы, аудиті және жүргізілу тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Августа 2015 в 22:42, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық есептің негізгі атқаратын қызметінің функцияларының бірі пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру.Осындай ақпараттық мәліметтердің негізгі қайнар көзі- бухгалтерлік баланс. «Баланс» сөзі латын тілінен аударғанда теңдікті, теңдестікті және қандай да бір қызметінің тараптары арасындағы қатынастардың сандық көрсеткіштерін білдіреді. Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы- шаруашылық қызметті талдауда басқару ұйымдарының нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................4
І бөлім. Бухгалтерлік баланстың экономикалық маңызы
1.1. Бухгалтерлік баланс түсінігі, экономикалық мазмұны.................................7
1.2. Бухгалтерлік балансты жетілдіру мақсатында ғалымдар мен
тәжірибешілердің еңбектеріне шолу............................................................11
1.3. Бухгалтерлік баланстың алдындағы міндеттері..........................................13

ІІ бөлім. «Индергаз» ЖШС - ң экономикалық – ұйымдастырушылық және
қаржы жағдайына сипаттама
2.1 Кәсіпорынның қаржы – экономикалық жағдайын талдау........................17
2.2. Кәсіпорынның есеп - ұйымдастырушылық жағдайы..............................23

ІІІ бөлім. «Индергаз» ЖШС – ғы бухгалтерлік баланс жағдайы, аудиті
және жүргізілу тәртібі
3.1. ХҚЕС – ға көшудегі бухгалтерлік балансты қайта құрастырудың ерекшеліктері.........................................................................................................27
3.2. Баланс құрастыру тәртібі және бухгалтерлік баланс түрлері, құрылуы...32
3.3. Бухгалтерлік баланс компьютеризациясы .................................................51
3.4. Бухгалтерлік баланс аудиті...........................................................................52

Қорытынды мен ұсыныстар.................................................................................58
Қолданылған әдебиеттер..................................................................

Файлы: 1 файл

Баланс эк мазмұны.doc

— 518.00 Кб (Скачать файл)

6 бөлім. Ағымдағы міндеттемелер.

Ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде кредиторлардың талабы бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі бір жылдың ішінде өтелуге тиісті ұзақ мерзімді міндеттемелердің  бөлігін қоса алғанда мынадай баптар ашылуға тиіс:

- қысқа мерзімді несиелер  немесе овердрафт;

- салықтар бойынша бережақ;

- төлеуге арналған дивидендтер;

- еншілес серіктестіктерге бережақ;

- акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларына бережақ;

- өзге кредиторлоқ бережақ;

Төлеуге есептелген шығындар- болжанбаған жағдайлар бойынша есептелген төлемдер.

Алдағы кезеңдердің табыстары- бұл бапта есепті жылы алынған (жалдық төлем) қаражаттар көрсетіледі.

Егер заңды тұлға міндеттемені ұзақ мерзімді негізде қайта қаржыландыруға шешім қабылдаса, ұзақ мерзімді міндеттемелердің ағымдық бөлігі ағымдағылардан алынып тасталады. Мұндай жағдайларда міндеттемелердің сомалары мен қайта қаржыландыру сомалары ашылып көрсетіледі.

         Осылайша  бухгалтерлік есепте баланс құрылып, соған сәйкес толтырылып отырады. Бухгалтерлік баланс кесте түрінде  келесідей болады:

Кесте 8

Актив

∑,тг

Пассив

∑,тг

I.Ұзақ мерзімді активтер

Материалдық емес активтер 

Негізгі құралдар:

  • Жер
  • Құрылғы және ғмараттар
  • Көлік және құралдар
  • Басқа да негізгі құралдар
  • Жинақталған тозу
  • Қалдық сома
  • Аяқталмаған өндіріс

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

II.Ағымдағы активтер

ТМҚ

  • Материалдар
  • Аяқталамаған құрылыс
  • Дайын өнім, тауарлар

Дебиторлық бережақ

Болашақ кезең шығындары

Ақшалай қаражаттар

Басқалай ағымдық активтер

Барлығы:

 

I.Меншікті капитал

Жағылық капитал

Өзге меншікті капитал

Резервтік капитал

Бөлінбеген кіріс(жабылмаған зиян)

II.Ағымдық міндеттемелер 

Қысқа мерзімді несиелер

Салық бойынша несиелер

Есептелген шығындар

Алдағы кезең шығындары

 

 

 

 

 

 

Барлығы:

 

  

        Бухгалтерлік баланс мәліметтер негізінде кәсіпорынның қаржы жағдайының талдау жұмыстары атқарылады. Баланс құрастыру алдында синтетикалық шоттар бойынша есеп регистрларында аналитикалық есеп мәліметтерімен өзара салыстыру жұмыстарын атқарған жөн. Одан кейін Бас кітапта бейнеленген шоттардың қалдықтары бухгалтерлік баланс формасында көрініс табады.Осылайша, кәсіпорынның қаржылық жағдайы бухгалтерлік баланста талданып отырады. Есептің журнал – ордерлік формасы кезінде әрбір шоттың кредиті бойынша айналымды Бас кітапқа журнал – ордерден алып жазады; бөлек шоттардың дебеті бойынша айналымды Бас кітапқа бірнеше журнал – ордерден алып жазады.

        Кез- келген  кәсіпорында күнделікті жұмыс  істеліп, қызмет атқарылып отыратындығы белгілі. Осы операцияларлдың орындалуына ұйымның бухгалтерлік балансының баптарына тікелей әсер етеді. Нақтырақ айтатын болсақ, ұйымдағы әрбір орындалатын операцияға сәйкес баланс баптарындағы сома өзгеріске ұшырап отырады. Бірақ бухгалтерлік баланстың актив пен пассив баптарының теңдігі әрдайым сақталады. Сонымен қатар кәсіпорында әрбір орындалған операциядан кейін жаңадан баланс жасалмайтындығы белгілі және ол мүмкін емес. Себебі ұйымда бір күннің өзінде бірнеше операция орындалуы мүмкін. Тіпті әрбір операция түгіл, күн сайын кәсіпорынның бухгалтерлік балансын жасап тұру үлкен күшті, көп уақытты қажет етеді. Сонымен қатар балансты күнделікті немесе әрбір орындалған операциядан кейін жасап отыру тиімсіз және қажет те емес. Міне осы себептен кәсіпорынның бухгалтерлік балансы белгілі бір уақытқа, яғни, есеп беретін кезеңге қарай ( ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) жасалып отырады. Жалпы бухгалтерлік есепте баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашылық операцияларын төрт түрге бөліп қарастырады.

        Бірінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана актив бөліміне әсер етеді. Бұл жағдайда актив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайса, екінші бап тура сол сомаға артып отырады. Ал активтің жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгермейді. Мысалы, кәсіпорынның банкідегі есеп айырысу шотынан кассаға 100 мың тг алынды. Бұл жағдайда есеп айырысу шоты бабындағы сома 100 мың теңгеге азайса (-), касса деп аталатын баптың сомасы 100 мың теңгеге артады (+). Баланстың активті мен пассиві арасындағы теңдік өзгермейді немесе оны келесідей теңдеумен көрсетуге болады :(Дт 451+ Кт 441-)

А + Х – Х = П

Мұнда,А – актив;  П – пассив; Х – шаруашылық операциялардың әсерінен баланс баптарының өзгерісі.

        Екінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана пассив бөліміне әсер етеді. Актив бөлімінде өзгеріс болмайды. Бұл жағдайда пассив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайып, екінші бап тура сондай сомаға артады. Ал пассивтің жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгермейді. Мысалы, ұйым жабдықтаушы-мердігерлердің алдындағы 500 мың теңге қарызын банк мекемесінен алынған несие арқылы қайтарды делік. Бұл уақытта кәсіпорыннның бухгалтерлік балансындағы жабдықтаушы – мердігерлермен есеп айырысу деп аталатын бабындағы сома 500 мың теңгеге азайып (-), ал банк несиесі бабындағы сома 500 мың теңгеге артады (+). Ал баланстың активі мен пассиві арасындағы теңдік өзгермейді немесе келесідей теңдеумен анықталады: ( Дт 601+ Кт 671-)

А = П + Х – Х

        Үшінші түріне жатқызылатын операциялардың жоғарыда аталған екі түрден айырмашылығы, бұл операциялар барысында баланстың активі мен пассиві бірдей сомаға артады. Яғни, бұл жағдайда операция әсерінен баланстың актив бөліміндегі бір баптың сомасы қандай да сомаға көбейсе, пассив бөліміндегі баптың да сомасы осындай сомаға артады. Мысалы, жабдықтаушы- мердігерлерден кәсіпорынға 200 мың теңгенің материалдары келіп түсті. Бұл уақытта ұйымның бухгалтерлік балансындағы жабдықтаушы- мердігерлермен есеп айырысу деп аталатын бабындағы сома және материалдар деп аталатын бабындағы сома бір уақытта 200 мың теңгеге көбейеді (+). Яғни, кәсіпорынның материалдарының артуына сәйкес жабдықтаушыға қарызы да көбейеді. Сонымен қатар, 200 мың теңгеге баланстың сомасы да өсті (+). Мұны келесі теңдікпен анықтаймыз: (Дт 201+ Кт 671+)

А + Х = П + Х

        Баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашылық операцияларының төртінші түріне үшінші түріне жатқызылатын операцияларға ұқсас болып келеді. Бұл уақытта да баланстың актив пен пассив жағындағы баптары бір уақытта бірдей сомаға өзгереді. Айырмашылығы- үшінші түрге жататын операциялар барысында баланс сомасы (актив және пассив бөлімдері) белгілі бір сомаға көбейсе, төртінші түрге жататын операциялар әсерінен актив пен пассив, сондай- ақ баланстың сомасы қандай да бір сомаға кемиді. Мысалы, кәсіпорынның есеп айырысу шотынан бюджетке қосылған құнға салынатын салық үшін 50 мың теңге борышы төленді. Осыған байланысты есеп айырысу шотындағы ақшалары және бюджетпен есеп айырысу (ҚҚС үшін қарыз) деп аталатын баптарының сомалары бір уақытта 50 мың теңгеге азаяды (-). Сонымен қатар баланстың сомасы  да 50 мың теңгеге кемиді (-).Бұл операцияларды келесі теңдеумен анықтай аламыз: ( Дт 633-  Кт 441-)

А – Х = П – Х

 Осы айтылғандарды төмендегі суреттен анығырақ көруге болады:

 

 

Сызба 2

Бухгалтерлік баланс баптарының өзгерісі

Актив

Пассив

Өсуі ( + )

Төмендеуі ( - )

Төмендеуі  ( - )

Өсуі ( + )


ІІІ тип 


  ІVтип


                           І тип  IІ тип


 

Бухгалтерлік баланс: түрлері, құрылуы

Өзінің жасалу уақытына, қолданылу барысына қарай бухгалтерлік баланс әр түрлі болып келеді. Баланс келесі белгілері  бойынша жіктеледі:

  • құрылу мезгілі;
  • құрылу көздері;
  • ақпарат көлемі;
  • қызмет түрі;
  • бейнелеу объектісі;
  • тазалау әдісі;

Құрылу мезгілі бойынша классификация.

         Бастапқы баланс – кәсіпорынның жаңадан құрылу барысында (тіркеу, жарғы) құралады және содан соң бухгалтерлік есебі басталады. Бастапқы балансты жаңа құрылған кәсіпорын және бұрын пайда болған шаруашылық бірлік балансы деп бөледі. I жағдайда бастапқы баланста кәсіпорынның жарғысына тіркелген жарғылық капитал және мүліктік ( көбінесе ақшалай ) міндеттемелердің тізімі бейнеленеді. II жағдайда (құрылып жатырған кәсіпорын бұрын қызмет еткен базада ұйымдастырылған) бастапқы баланс кәсіпорынның қорытынды ликвидациялық балансына сәйкес келуі мүмкін , бірақ ликвидациялық баланстың әр баптарының бағалануының нақтылануымен, сонымен қатар, егер бастапқы баланс аукционда төмен бағамен сатып алынған кәсіпорын үшін құрылса , онда міндетті түрде бастапқы балансқа жағымды және жағымсыз гудвилді енгізу керек.(фирма бағасы немесе оның деңгейінің құны ) Көбіне бастапқы баланста кәсіпорынның меншікті капиталы мен активтері тең болуы  ықтимал:

Актив =Меншікті капитал

Бұл теңдік егер кәсіпорын құрылуы барысында ешқандай жеке немесе заңды тұлғалардың алдында міндетті, яғни, қарыз болмаған жағдайда тура болып есептеледі.

        Ұйымның бухгалтерлік  балансы ілгеріде айтылғандай белгіді бір уақытқа, яғни, айдың, тоқсанның немесе жылдың басына жасалынады. Осыған сәйкес кәсіпорынның өз қызметі барысында әрбір белгіленген есеп беретін уақыттағы құрастырылған балансы ағымдағы бухгалтерлік баланс болып есептелінеді. Ағымдық баланс – тек бір ғана рет құрылады. Бастапқы баланстан ерекшелігі, ол кәсіпорынның құрылу барысында периодты сәйкестелініп отырады және алғашқы, аралық және қорытынды деп бөлінеді. Алғашқы және қорытынды баланстар қаржылық басында және аяғында жасалып отырады. Сонымен қатар,есептік және қорытындылары келесі  есептік жылдың басында берілетін ақпарат болып табылады.Аралық баланс есептік кезеңнің басы мен соңы арасындағы периодқа құрылады.Қазақстанда аралық баланстар I кварталға (3 ай),I жарты жылға (6 ай), және III кварталдың аяқталысына берілген қорытынды көрсеткіштермен толтырылады. Аралық баланстың қорытынды баланстан ерекшелігі сол, бір  жағынан бөлек баланстық баптарды ашатын берілген есептік формалардың жиынтығымен; екінші жағынан  балансты құру көздерімен дәлелденеді. Қорытынды баланстың көрсеткіштері көбіне бухгалтерлік бақылау объектілерін бейнелейді.

Саннируемый баланс.Баланстың бұл түрі тек қана белгілі бір жағдайда, яғни, кәсіпорын банкротқа ұшырау жағдайында ғана қолданылады (қарызды төлеу мүмкіндігі жоқ) және бұл кезде банкрот туралы жариялап, кредиторларға қарыз төлейтініні уәделеп, ликвидация (қызметін қысқарту) туралы шешім қабылдау тиіс. Бұл балансты құру үшін тәуелсіз аудиторлар тартылады, олар қорытынды балансты құруға дейінгі ұйымның қызметі, шеккен зияны, болашақта ол шығындарды жабу жолдары туралы қорытынды беру керек.Бұл баланс ережеге сәйкес, ұйымның бухгалтерлік ақпаратымен құралған есептік баланстан ерекшеленеді.

       Ликвидациялық  баланс – ұйымның ликвидация  кезінде құрылады және бірқалыпсыз жасалып, өңделіп отырады:

  • ликвидация кезең басына (бастапқы ликвидациялық баланс);
  • ұйымның ликвидация периоды барысында (аралық ликвидациялық баланс, олардың саны, ликвидациялық процесс қызметіне иеленушілердің және кредиторлардың ақпараттық қажеттіліктеріне байланысты);
  • ликвидация периодының соңына (қорытынды ликвидациялық баланс);

Қызмет атқарушы ұйымның принцептеріне сәйкес, оның ликвидация кезінде ұйымның мүмкін бағалаудың ерекше ережелері қолға алынады;

Ликвидациялық баланста олар баланстық құн бойынша емес, ликвидация кезінде бөлек әрбір активтің мүмкін реализация бағасымен бейнеленеді.

 Бөліс балансы -заңды тұлғаны  қайта ұйымдастыру немесе бірнеше  шағын бөлімшелерге  бөліну кезінде  құрылады және шешім қабылдаған  орган бекітеді. Бөліс балансына сәйкес қайта ұйымдастырылған объектілердің құқықтары мен міндеттері жаңадан құрылған заңды тұлғалар көшеді. Баланс құрылтайшы құжаттармен бірге құрылып жатқан заңды тұлғаларды тіркеу үшін әділет органына тапсырылады.

 Қосылу балансы – бірнеше шағын ұйымдардың біртұтас ұйым ретінде қосылғанда немесе бірнеше құрылымдық бірліктердің ұйымға қосылғанында құрылады.

Құрылу көздері бойынша классификация

Құрылу көздері бойынша баланс - инвентарлық, кітаптық және генералдық болып бөлінеді .

Инвентарлық баланс –тек қана инвентар мен мүлік негізінде, есептелген құралдар негізінде, міндеттемелер негізінде құрылады. Инвентарлар жеке кәсіпорын немесе мемлекеттік ұйымдардың бастапқы баланс көрсеткіштерін есептеу кезінде жасалады, сонымен қатар, жаңа ұйым құрылғанда да.

Кітаптық баланс - алдын ала тексерілмейтін кітаптық жазулардың инвентаризация жолымен ағымдық бухгалтерлік есептің берілгендерімен құрылады.

Генералдық баланс – ең нақты баланс болып табылады, себебі, оның негізіне ағымдық есептік жазулар және инвентаризация нәтижелері жатады.

Ақпарат көлемі бойынша классификация

         Бұл классификация  бойынша баланс екі түрге:  Бірлік және жинақталған болып  бөлінеді. Бірлік баланс –тек  бір ғана кәсіпорынның қызметін  көрсетеді. Жинақталған баланс.Ол  өз алдына объектілеріне және әдістерінің құрылуына байланысты екі түрге бөлінеді.Біріншіден, жинақталған балансты министрлік жасақтайды:екіншіден, жинақталған балансты басты жіне қослұы компаниялардың атынан топтар (холдингілер) құрайды.Жинақталған баланс бір ұйым ретінде топ туралы ақпаратты қалыптастырады жәнебасты компанияның барлық қосалұы компанияларды жауап тастағандағы оның жеке балансын, өз алдына басқару қызметін көрсетеді.Берілген баланс клесі корректировкалар арқылы құрылады:

Информация о работе «Индергаз» ЖШС – ғы бухгалтерлік баланс жағдайы, аудиті және жүргізілу тәртібі