«Индергаз» ЖШС – ғы бухгалтерлік баланс жағдайы, аудиті және жүргізілу тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Августа 2015 в 22:42, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық есептің негізгі атқаратын қызметінің функцияларының бірі пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру.Осындай ақпараттық мәліметтердің негізгі қайнар көзі- бухгалтерлік баланс. «Баланс» сөзі латын тілінен аударғанда теңдікті, теңдестікті және қандай да бір қызметінің тараптары арасындағы қатынастардың сандық көрсеткіштерін білдіреді. Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы- шаруашылық қызметті талдауда басқару ұйымдарының нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................4
І бөлім. Бухгалтерлік баланстың экономикалық маңызы
1.1. Бухгалтерлік баланс түсінігі, экономикалық мазмұны.................................7
1.2. Бухгалтерлік балансты жетілдіру мақсатында ғалымдар мен
тәжірибешілердің еңбектеріне шолу............................................................11
1.3. Бухгалтерлік баланстың алдындағы міндеттері..........................................13

ІІ бөлім. «Индергаз» ЖШС - ң экономикалық – ұйымдастырушылық және
қаржы жағдайына сипаттама
2.1 Кәсіпорынның қаржы – экономикалық жағдайын талдау........................17
2.2. Кәсіпорынның есеп - ұйымдастырушылық жағдайы..............................23

ІІІ бөлім. «Индергаз» ЖШС – ғы бухгалтерлік баланс жағдайы, аудиті
және жүргізілу тәртібі
3.1. ХҚЕС – ға көшудегі бухгалтерлік балансты қайта құрастырудың ерекшеліктері.........................................................................................................27
3.2. Баланс құрастыру тәртібі және бухгалтерлік баланс түрлері, құрылуы...32
3.3. Бухгалтерлік баланс компьютеризациясы .................................................51
3.4. Бухгалтерлік баланс аудиті...........................................................................52

Қорытынды мен ұсыныстар.................................................................................58
Қолданылған әдебиеттер..................................................................

Файлы: 1 файл

Баланс эк мазмұны.doc

— 518.00 Кб (Скачать файл)

        Қаржылық есеп  берудің аудиттік тексерісі белгілі  бір тәртіппен құрылады. Көбінесе  « жалпыдан жеке» тәртібі қолданылады. Әр аудитор өз жұмысының тәртібін  жеке таңдайды, ол тексеріліп жатқан субъектінің ерекшеліктеріне және клиенттің келісім шартына байланысты.

        Аудит есептік форманың жалпы жиынтығынан тұрады, яғни, нәтижесінде реквизиттің дұрыс және толық толтырылуын анықтайтын, сондай – ақ, бекітілген есептеме формаларында жеке өзгерістердің болмауын және айтылмаған түзетулердің, тазалаулардың, түртпелердің, тексттер мен сандардың түзетулерінің жоғына көз жеткізіп, нақты тексеріс жүргізуі тиіс. Бәрінен бұрын форманың адресті бөлімінің толтырылуына мән берілуі қажет.Мұнда басты құжаттармен сәйкес шаруашылық субъектінің толық аталуы көрсетілуі қажет, ал берілген қызмет түрін лицензиялау кезінде шаруашылық субъектінің лицензиясының барын және қызмет ету мерзімін тексеру қажет. Сонымен қатар, басты құжаттарда субъект: «... заңды түрде рұқсат етілген басқа да қызметтермен айналысуына болады» деген жазу, мысалы, телевизор өндірісімен айналысатын акционерлік қоғамға бағалы қағаздар операциясымен айналысуға мүмкіндік бермейді. Шаруашылық субъектінің қызмет түрін анықтау оның негізгі және қосалқы қызметтерден табысы мен шығысы дұрыс шектелуі қажет.

        Содан соң, форма бойынша есептің дұрыс  толтырылуын тексеріп, шотық тексеріс  жүргізу, яғни, қорытынды көрсеткіштердің  арифметикалық есептелуінің дұрыстығын, олардың салыстырылуы мен байланысын, қаржы есептемесінің түрлі формасында бейнеленгенін тексеру қажет.

        Ерекше мәнді  келесі негізгі кезеңдерге негізделген  бухгалтерлік баланстың дұрыс  құрылуына береді:

  • есептік кезең басындағы бухгалтерлік баланстың берілген мәліметтері болашақ кезең баланстардың берілгендеріне сәйкес болуы. Есепті кезеңдердің бастапқы балансын болашақ жыл есебімен салыстырғандағы өзгерістерге сәйкесінше түсініктеме жасалуы қажет;
  • есептік кезең аяғындағы бухгалтерлік баланстың берілген баптары инвентаризация нәтижесіне негізделуі тиіс;
  • қаржылық, салықтық органдардың, банктік бөлімдердің есептемесі бойынша бухгалтерлік баланс баптарының сомасы олармен теңдестірілуі тиіс;
  • қорытынды бухгалтерлік баланстың берілген мәліметтері айналым және Бас кітап шоттары бойынша қалдықтарға немесе есептік кезең аяғына бухгалтерлік есептің басқа да регистріне сәйкес болуы;
  • есепті кезең басына және аяғына баланстың берілген мәліметтері салыстырылуы қажет. Бастапқы және қорытынды баланс баптарының қалыптасу методологиясындағы кез – келген өзгерісте түсіндірілуі қажет.

    Бухгалтерлік баланс өте күрделі бухгалтерлік есеп әдісі. Ол кәсіпорын мүлкін арнайы экономикалық топтау арқылы, оның қаржыландыру көзімен жүйелеуге келтіріп, оларды экономикалық топтаумен немесе, кәсіпорын нақты қаржыландыру көзімен байланыстырып көрсетеді. Қазіргі кездегі бухгалтерлік баланстың ерекшелігі, инвестиция жолымен келген мүлікті және қаржыны да осы баланста көрсетеді.

Бухгалтерлік баланс көрсеткішіне сәйкес, кәсіпорынның  құрылымын, өндірістік деңгейін, қаржылық көлемін, негізгі құнмен қуаттылығын, қоғам тиімділігін, табыстылық денгейін тағы басқа жан-жақты мәліметтерді анықтауға болады. Қазіргі кезде бухгалтерлік баланс “Бухгалтерлік есеп стандарты” талабына сәйкес жасалынады. Онда бухгалтерлік баланс қаржы есебі тұрғысынан қаралынып, оның мақсаты, міндетті, жалпы қоғамның алатын орны анықталған.

Стандартта бухгалтерлік баланстың мақсаты, ол – біріншіден, қаржы есебі оның мазмұны қаржылық мәліметті толық көрсету және онда болған өзгерістерді анықтау. Екіншіден, пайдаланушыларды қажет мәліметпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, қаржы есебінің негізгі принціптері көрсетілген.

Аудит тұрғысынан бухгалтерлік балансты  тексеру өте күрделі. Аудиттің негізгі мақсаты кәсіпорындарға аудитор бір жылдық  жұмыс қорытынылығын анықтап, өзінің аудиторлық қорытындысын беру үшін қаржылық есептерді түгелдей тексеруе міндетті. Бухгалтерлік балансты тексеру үшін аудитор оның әр бабын  жеке-жеке анықтауы қажет. Ол үшін “Бас кітап” көрсеткішін аналитикалық есеп кестелеріндегі жазуды салыстырып, оның жеке-жеке жүргізілетін аналитикалық есеп тізбегімен салыстырып, одан кейін ең соңында түгелдеу құжаттарымен беттестіру, қарама-қарсы анықтау жасау арқылы түгелдеу барысының  құжаттарына талдау жасағаннан кейін ғана тексеру толық жүргізілді деуге болады.

Кәсіпорынның бухгалтерлік баланс аудитін талдау үшін  оның жеке баптарына тоқталып бастауды  жөн көрдім.Кәсіпорынның баланс мәліметтеріне сүйеніп қарасақ, аудит бағдарламасына сай Бас кітаптың мәліметтеріне баланс көрсеткіштерінің сәйкестігі зияткерлік меншік объектілерінің бар екендігі және оның жағдайы, алу фактісін растайтын материалдық емес активтердің қабылдау – тапсыру актілері, бұл объектілер сипатталған немесе кесімді белгіленген жердегі ақпарат көздері мен өзге құжаттар тексерілді .Аудитор бұл объектілерді тексергенде 38 ҚЕХС , 28 БЕС, ҚР – ң «Меншік туралы», «Тауарлық белгілер туралы», «Авторлық құқық туралы» және басқа құқықтық – нормативтік актілерді басшылыққа алған. Жалпы, материалдық емес активтердің аудиті ретінде қалыптасуды, іс- жүзіндегі нақты қолда бар, құжаттарда көрсетілудің анық сенімділігін, пайдалы қызмет ету құны мен мерзімін бағалаудың шынайылығын, амортизациялық есептеуді, істен шығарудың негізділігін, есепте ұйымдастыруды, оларды кәсіпорында қолданудың тиімділігін ішкі бақылауды тексеру түсіндіріледі.

      «Индергаз» ЖШС –гі  негізгі  құралдар  аудитінде  колданылатын  ақпарат көздері  кәсіпорын  қабылдаған  есеп  саясатына  тәуелді  қарастырылады.Бұл әсіресе кәсіпорын қандай есеп  формасын  таңдаған, содан    көрінеді.Мысалы: журнал-ордерлі, мемориалды – ордерлі, қарапайымды, сонымен  қатар  қолданыстағы  регистрлер  тізімінде, олардың  құрылуында, кезектілігінде  және  оларда  жазу  жүргізу  тәсілдері.  Есептің  кез- келген  формасында кәсіпорынның    негізгі  құралдары  бойынша  операциялар  алғашқы  есептік  құжаттаудың  бірыңғайлы  ведомісті аралық  формалары  мен  толтырылуы  тиіс  екендігін  есте  сақтау  керек:

   «Индергаз» ЖШС –гі  негізгі  құралдарының  қозғалысы мен  олардың  тозуының  синтетикалық  есебі №13,10 және 10/1 журнал – ордерлерде  жүргізіледі,бірақ қазіргі таңда    компьютерлік  ақпараттық  технологияларды  қолданғасын олар   01, 02  шоттары  бойынша  дебеттік  және  кредиттік  айналымдар  машинаграммосында  жүргізіледі.

   Кәсіпорынның  негізгі  құралдар  есебінің  аудитінің  негізгі  бағыттары  келесілерді  қамтамасыз  ету  керек:

  • негізгі құралдардың бар болуын сипаттайтын бухгалтерлік баланс баптарының Бас кітаптың мәліметтерімен сәйкестігі;
  • негізгі құралдардың қолда бары мен сақталуы;
  • мүлікті негізгі құралдарға жатқызудың, оларды жіктеу бойынша топтастырудың, өндірістік процеске қатыстылығы;
  • негізгі құралдардың түсуі мен істен шығуы жөніндегі операциялардың есебінде бағалаудың, рәсімдеудің және көрсетудің дәлдігі;
  • негізгі құралдардың тозуы мен жөндеуін есептеу мен көрсетудің мақсатқа сәйкестігі;
  • бухгалтерлік есеп пен есептілік регистрлерінде негізгі құралдардың бар болуы мен қозғалысы туралы мәліметтерді дұрыс көрсетудің жүйелілігі;
  • негізгі құралдарды пайдаланудың оңтайлы ісі мен тиімділігі т.б.

Негізгі құралдарды пайдаланудың тиімділігін анықтау тексерудің маңызды процедураларының бірі болып табылады. Бұл үшін аудиторға әртүрлі тәуелді байланыстарды, көрсеткіштерді және коэффиценттерді есептеулерге сүйене отырып, негізгі құралдарды қалыптастыру мен пайдалану мәліметтеріне мәнді талдау жүргізу керек.

Бухгалтерлік балансты тексеру, оның бухгалтерлік есеп көрсеткіштерімен анықталады. “Бас кітап” көрсеткіші баланс көрсеткішіне дәлел болуы қажет. Ал одан әрі нақты тексеру қажет болған жағдайда бухгалтерлік есептің аналитикалық көрсеткіштерімен дәлелденуі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

        Жоғарыда келтірілген барлық материалдар негізінде келесідей қорытындыға келуге болады, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін және дұрыс қаржылық шешімдер қабылдау үшін ең маңызды мәліметтерді бухгалтерлік баланстан алады. Яғни, бухгалтерлік баланс – жинақталған күйде кәсіпорын құралдарының айналымын және кәсіпорын осы айналым барысында түсетін қаржылық байланыстарды бейнелейтін жүйелік модель болып табылады.Қаржылық есеп беруде бухгалтерлік баланс ең маңызды ақпаратты форма ретінде бағаланады.Бухгалтерлік баланстың маңыздылығы сол кейбір жағдайларда қаржылық талдауларды «баланстық талдау» деп атайды. Мысалы, баланс мәліметтері арқылы құралдармен қамтамасыз етілуі, олардың дұрыс пайдаланылуы, қаржылық тәртіптің сақталуы, рентабельділік т.б анықталады.Сондай – ақ, баланс бойынша қаржылық жағдайдағы және жұмыстағы жетіспеушіліктер, олардың себептері  анықталады. Өзінің жинақталған формасы арқылы баланс өте ыңғайлы  құжат болып келеді.Ол  тек қана кәсіпорынның мүлкі туралы ғана емес, сонымен қатар, ол сол кезеңде болған өзгерістер туралы да толық ақпарат береді.

        Жұмысымның бірінші бөлімде кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін атқаратын - бухгалтерлік баланс түсінігі мен экономикалық мазмұнына байланысты сұрақтар қарастырылып, батыс тәжірибесі мен ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалды.Бұл бөлімдегі басты мәселе: Актив=Меншікті капитал + Міндеттеме теңдігінің орындалуына негізделеді, бұл теңдік әрдайым тең болуы тиіс.

        Екінші бөлім  дипломдық жұмысымның объектісі  етіп алынған «Индергаз» ЖШС- ң қаржы – шаруашылық қызметіне сипаттама беріп, оны талдауға арналады және қосымшаларда берілген мәліметтер бойынша  бес кесте толтырылады. Кесте қорытындылары бойынша  2006 жылы жағымды көрсеткіштердің бірі болып таза табыстың 32%- ке өсуі саналады және де жалпы табыс 17%- ке өскені.Бұған әсер етуші факторлардың бірі болып 2006 жылы кредиторлық бережақтың 3802120 мың теңгеге немесе 7,5%- ға  төмендеуі де саналады.Баланс көрсеткіштері бойынша 2006 жылы жалпы дайын өнім көлемі  87%- ке немесе 1072418 мың теңгеге ((2306745/ 1234327)* 100% ) көтерілген. Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның қаржылық жағдайы бірқалыпты даму жағдайында екенін көрсетеді, яғни кәсіпорынның өзіндік құралдары шығындарын жабу мүмкіндігі үстінде.

        Үшінші бөлімде  бухгалтерлік баланс түрлері, оның  құрылу тәртібі ашылып көрсетіледі, сондай-ақ, кәсіпорынның балансына салыстырмалы аналитикалық талдау жасалады. ХҚЕС- на сай бухгалтерлік балансты қайта құру ерекшеліктеріне тоқталып, соған сәйкес қазіргі таңда бухгалтерлік балансты құрудағы компьютеризация мәселелері қарастырылады және де бухгалтерлік баланс аудитіне талдау жасалады.Аудит тұрғысынан бухгалтерлік балансты тексеру өте күрделі. “Бас кітап” көрсеткіші баланс көрсеткішіне дәлел болуы қажет және  бухгалтерлік есептің аналитикалық көрсеткіштерімен дәлелденуі қажет. Ал, ХҚЕС - на сәйкес бухгалтерлік баланс толтыруда келесідей  ерекшеліктер  бар:

  • ХҚЕС –на сәйкес барлық активтер мен міндеттемелер мойындалады;
  • ХҚЕС –  да рұқсат етілмейтін активтер мен міндеттемелерді      мойындамау
  • ХҚЕС – на сәйкес активтер мен міндеттемелер классификациясы
  • ХҚЕС – на сәйкес активтер мен міндеттемелерді бағалау

Сондай – ақ, ХҚЕС бойынша бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар сияқты баптар, ал пассив бөліміне жарғылық капитал бабының орнына жіберілген капитал жазылады, және де эмиссиялық табыс бабы қосылды.Талдау жасалып отырған кәсіпорын жадайына келетін болсақ, ол әлі ХҚЕС- на көшуге әзірге дайын емес.Ол үшін бірінші ХҚЕС- на сай нақты сертификатталған бухгалтер- тәжірибешілерді тарту қажет.

        Ал бухгалтерлік  балансты компютеризациялау жетістіктеріне  жаңа бағдарлама «1: Бухгалтерия 8» айтуға болады. Бұл бағдарлама арқылы бухгалтерлік балансты ХҚЕС шот жоспарлары бойынша толтыруға болады, бұл бухгалтердің тиімді жұмыс атқаруына ықпалын тигізеді және біршама тиімділіктерге қол жеткізе алады.Бухгалтерлік баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай - ақ олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алынады. Бұл мәліметтер белгілі бір күнге ақшалай көрсеткіштермен берілген.Жалпы кәсіпорынның бухгалтерлік балансын қорытындылай келе мынаны көре аламыз: 2006 жылы 2004 жылмен  салыстырғанда баланс валютасы 1%-ке көбейді,сонымен қатар кәсіпорынның кредиторлық бережақтары (7,5%), салықтар бойынша бережақтарының (4,9%) азаюы және резервтік капиталының (50,3%) көбеюі кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты екенін аңғартады.

        Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе мынадай ұсыныстар жасалады:

  • кәсіпорынның жағдайын жақсарту үшін активтің мобильді құрылымын қалыптастыру қажет, ол құралдардың айналымдылығын тездетуде үлесі зор;
  • есептік жылы көбейген таза табыс үлесінен кәсіпорынның азайып кеткен материалдар  құрамын көбейту қажет;
  • кәсіпорын өз міндеттемелерін, бережақтарын өтеу үшін құралдар мен      

          резервтер қолданып ,өз қаржы ресурстарын шығындауда қатаң 

          экономияны сақтап,есептік жылы жоғары көрсеткішті көрсетіп отырған 

          кәсіпорынның  негізгі құралдарын кепілдікке  бере отырып, банктен 

          несие  алып,ағымдағы активтер құрамын  көбейтуге болады.

Информация о работе «Индергаз» ЖШС – ғы бухгалтерлік баланс жағдайы, аудиті және жүргізілу тәртібі