Кәсіпорынның есеп саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 16:41, курсовая работа

Описание работы

Есеп саясатының тиімді бағытын қалыптастыру үшін бухгалтерлік есеп принциптері мен мұның қолайлы нақтылы әдістерін, салық салу процесін, қаржылық менеджментті және басқа да көптеген экономикалық қатынас мәселелерін кімде-кім болмасын жақсы білуі керек. Өкінішке орай, кейбір ұйым басшылары мен атқарушы бухгалтерлер айтылған мәселелер өрісін терең түсініп біле бермейді.

Содержание работы

Кіріспе.................................................................................................. 3
І-бөлім. Ұйымдардың есеп саясаты............................................................... 4
1.1. Есеп саясатын қалыптастыру...................................................................... 4
1.2. Есеп саясатының техникалық аспектілері................................................. 9
1.3. Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары.......................................... 11
ІІ-бөлім. Шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясатының аудиті..................................................................................................................... 14
2.1. Кәсіпорынның есептік саясатының аудиті.............................................. 14
2.2. Қаржылық есептеме аудитінің процесі.................................................... 16
2.3. Кәсіпорын есеп саясатының тиімділігін бағалаудағы аудиттің рөлі.... 17
ІІІ-бөлім. Қорытынды..................................................................................... 22
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................ 25
Қосымша............................................................................................................ 28

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс 2.docx

— 61.21 Кб (Скачать файл)
  • бухгалтерлік есепті ұйымдастыру;
  • есеп жүргізудің техникалық тәсілдері;
  • негізгі есеп объектілеріне тән қолданылатын әдістер.

Есеп саясатының ұйымдық  және техникалық мәселелерін сипаттаушы материалдар ақпараттык көздер, анықтамалық  тұжырымдар және ішкі ережелер түрінде қолданылады.

 

 

 

 

9

Есеп саясатын жасауға  қатысты жауапты мамандар, әсіресе  ұйымның бас бухгалтері ресми  қолданудағы құжаттар мазмұнын қайта  қарап, нұсқаулар мен ережелердің  т.б. қолданбалы ресми құжаттардың  тиімді және тиімсіз жақтарын зерделеуі  керек. Әрқашанда ұйымның бас бухгалтері кәсіби тұрғыда табандылық көрсетіп, өзінің білімі мен тәжірибесін есеп саясатын сапалы жасауға жұмсауы қажет. Икемді, зерделі жасалған есеп саясаты осы ұйымның ішкі нормативтік құжаты болып табылады. Бәсекелестік жағдайда сапалы жасалынған осы ұйымның есеп саясатының кейбір маңызды тұстары басқа да ұйымдар тәжірибесінде қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар нарықтық қатынастар, халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары талабына және үйымдар өрісіндегі технологиялық, шаруашылық ерекшеліктерге сай жасалынған есеп саясаты есеп жүргізудің әдіснамалық концепциясы болып та қаралады.

Айтылғандарға орай есеп саясаты  бухгалтерлік есеп жүйесіндегі принциптерден, әдістер мен тәсілдерден, негізге  алынған концепциялар мазмүнынан, қазақстандық және халықаралық стандарттар талабынан, сондай-ақ қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру талаптарынан туындайтындығын білген жөн. Есеп саясаты  сапалы жасалып, тәжірибеде оңтайлы  қолданылған жағдайда үйымдардағы  инвестициялық саясат, қаржылық қатынастар, келісім-шарт, т.б. өзара келісімге  түсетін әрекеттер, сондай-ақ басқарушылық шешім қабылдаудың икемді негізі қаланып, бухгалтерлік есептің тұнықтылығы  қалыптасады.

Сонымен есеп саясатының ұйымдык  және техникалық аспектілерінің мазмүны  мына төмендегі құжаттардан: бұйрықтар, ішкі ережелер, құжатайналысының графигі, нұсқаулар, акционерлер жиналысының  қаттамасы, ұйымның жарғысы, құрылтайшылық  келісім, заңды тұлғаны тіркеуден  өткізудің анықтамасы т.б. бухгалтерлік есепке тән құжаттардан тұрады.

Есеп саясатының мазмұнды сапалық дәрежесі қаржылық қорытынды  есеп даярлап тапсыруға, бухгалтерлік баланс құрылымына, есеп жүргізудің үлгісіне, сондай-ақ ішкі және сыртқы аудит қызметінің маңызына карай сипатталады.

 

 

10

1.3. Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары

Есеп саясатының мазмұны  мына төмендегі жағдайларда: ұйымның  стратегиялық бағыты, мұның қайта  құрылуы, қызмет бағытының өзгеріске  түсуіне байланысты қайта қаралуы  мүмкін. Сонымен қатар қаржы салымшы  инвесторлардың тұжырымды талабына сәйкес есеп саясаты жүйесіне қосымшалар мен өзгерістер енгізілуі де мүмкін.

Ресми түрде ұйымдардың есеп саясаты мына жағдайларға байланысты өзгертіледі:

  • Қазақстан Республикасы заң актілерінің бухгалтерлік есеп жүйесіне тән өзгеріске түсуіне;
  • Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жүйесіндегі нормативтік актілердің, әдістемелік нұсқау-ережелердің өзгеріске түсуіне;
  • заңды тұлғалардың қайта құрылуына (біріктірілу, бөлу, қосылу факторларына байланысты);
  • меншік иесі мен жаңа бағыт үсынған басшылардың өзгеруіне;
  • активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, шаруашылық нәтижесі және каржы нэтижесі шеңберіндегі шаруашылық факторларының өзгеруі мен қайта бағалануына.

Сонымен қатар ұйымдар  қызметіне жаңа технологиялар енгізіліп, өндірістік процесс қайта модернизацияланған және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары мен принциптерін қабылдаған жағдайда есеп саясаты өзгеріске  түседі. Қандай жағдайларда болмасын есеп саясатының өзгеріске түсуі  арнайы тәртіппен қаралып, жан-жақты  негізделуі керек.

Есеп саясатын өзгерту  процесі жөніндегі шешім есепті жыл ішінде іске асырылуы қажет. Егер есеп саясатының өзгеріске түсуінің әсерінен ұйымның қаржылық көрсеткіштері де өзгеріске түсетін болса, онда өзгеріс факторлары арнайы есептеу жолдарымен дәлелденіп, әрбір өзгеріс мазмұны бағалануы керек. Қаржылық және бухгалтерлік корытынды есеп жасау процесінде теріс факторлар мен қателер жіберіліп, сенімсіздік жағдайлар пайда болса, мұндай факторлардың барлығы да талданып, неден туындап, нелермен байланысты екендігі есеп саясатында жазылып, тиісті орындарға хабарланады. Осындай бағытпен есеп саясатын зерделеу нәтижесінде тапсырылатын қорытынды есеп барынша тұнык сапада сипатталады. Сонымен қатар есеп мәліметтерін пайдаланушы менеджерлер, инвесторлар, несиелендірушілер, қоюшылар т.б. үшін сенімділік жағдай туындайды.

 

11

Есеп саясаты үзақ мерзімге арналып жасалынуы керек. Мұндай талапты орындау барысында есеп саясаты өзгеріске түсіп қана қоймай, мүның маңызы қосымша ережелер, нүсқау және басқа да материалдармен толықтырылып отырады.

Қазақстан Республикасы Қаржы  министрлігінің бекіткен «Қаржылық  қорытынды есеп дайындау мен тапсыру  жөніндегі Концептуалды негізінде» «Қаржылық қорытынды есеп саясатын ашып көрсететін, қосымша материалдар  мен басқа да ақпараттардан тұратын  қосымша түсініктеме беріледі»  делінген. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде  қорытынды есеп пен бухгалтерлік баланс тапсыру мазмұнын қосымша  түсіндіруге арналған ақпаратты - түсіндірме хат (пояснительная записка) деп  атайды.

Түсіндірме хат тәуекелшілік пен кейбір маңызы толық ашылмаған  белгісіз факторларды қосымша түсіндіруге  және үйымдардың қаржылық нәтижесіне тікелей әсер етуші анықталмай қалған ресурстар (пайдалы қазба байлық) мен міндеттемелер т.б. мазмүнын ашып көрсетуге арналады. Бухгалтерлік қорытынды есеп күрамына қосымша  түрінде берілетін түсіндірме хат  ұйым қызметі өрісіндегі есепті жылдың мәліметтерін өткен жылдармен салыстыру  және бухгалтерлік баланстың маңызды  баптарын қосымша бағалауға да арналған.

Егер қаржылык және бухгалтерлік қорытынды есеп жүйелерін дайындап тапсырған кездегі мәліметтер жеткіліксіз  жасалып, мұндай кемшіліктер ұйымның  қаржылық және шешім қабылдаушылық  қызметіне кері әсерін тигізетін  болса, онда мұндай фактілер түсіндірме хатта қосымша есептеулер жүргізу  және талдап жазу арқылы түсіндіріледі.

Кезеңдік (айлық, тоқсандық) қорытынды есеп жасау барысында  есеп саясатының мазмұнын түсіндірме хат арқылы ашып көрсетудің қажеті жоқ. Кезеңдік есеп беру негізінен ішкі падаланушыларға арналады. Ал ресми  мазмұндағы есеп саясаты негізінен  сыртқы пайдаланушылар талабын қанағаттандырады. Осыған орай үйымның қаржылық көрсеткіштерін сыртқы пайдаланушы тұлғалар осы  ұйымның қаржы жағдайының болашағына, өндірістік процесті ары қарай жетілдірудің жолдарына, басқару мен шаруашылық қызметінің тиімділігіне байланысты шаралар  белгілеуі керек.

 

 

12

Ұйымдардың экономикалық қызметіне байланысты сыртқы тұлғалардың  қабылдайтын шешімдерінің қысқаша  мазмұны түсіндірме хатта жазылуы  керек. Түсіндірме хаттың мазмұны жекелеген тараулар мен атауларға бөлініп, бірнеше жылдар бойы өзгеріске түспейтіндей ұштастырылып отыратын жағдайда жазылғаны жөн. Яғни түсіндірме хатта жазылып көрсетілген тараулар мен атаулар бухгалтерлік есеп әдіснамаларындағы немесе бухгалтерлік есеп счеттарының типтік жоспарындағы тараулармен сәйкес мағынада болғаны жөн. Қандай сипат пен дәрежеде болмасын түсіндірме хатты сапалы рәсімдеу қаржылық қорытынды есептің тұнықтылығы мен сапасын жақсартуға аса зор үлес қосуы керек.

Есеп саясаты мен бухгалтерлік қорытынды есеп мазмұнын ашуға арналған түсіндірме хат әр түрлі тәсілдермен  орындалуы мүмкін. Бухгалтерлік қорытынды  есеп мәліметтерін пайдаланушылар сипатына қарай түсіндірме хат есеп саясатының мазмұнын толық және кысқартылған түрде  баяндайды. Қазақстандық есеп әдіснамалары мен нұсқау-ережелерімен таныс емес тұлғалар, сондай-ақ шетелдік әріптестермен  бірлескен ұйымдар талабын қанағаттандыру мақсатында жасалатын есеп саясатына  қосымша берілетін түсіндірме хат  толық түрде жазылуы керек. Қалған жағдайлардың барлығында түсіндірме хаттың қысқартылған вариантын орындап, есеп жүйесінде қолданылған әдістер  мен тәсілдердің қысқаша мазмұны  мен тізімі қаралады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13

2-бөлім. Шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясаты

2.1. Кәсіпорынның есептік саясатының аудиті

      Аудиторлық  тексеруге кіріскенде ең алдымен  шаруашылық жүргізуші субектілердің  басшылары өз принциптері мен  негіздеріне сәйкес қаржылық  есептемелерді ашу және бухгалтерлік  есепті жүргізу үшін қабылданған тәсіл- дер жиынтығын білдіретін есептік саясат бойынша кәсіпорын басшысының бұйрығы шыққанын немесе шықпағанын анықтап алу керек.

     Есептік саясатты  қалыптастырудың неізіне шаруашылық  операцияларды, активтерді, меншік  капиталды, міндеттемелерді, қызмет  нәтижелерін және т.б. бейнелеуде  баламалы тәсілдерге мүмкіндік  беретін бухгалтерлі есеп стандарттары  жатады. Есептік саясатты қалыптастыру  әрбір стандартта берілетін тәсілдердің  біреуін таңдауды, оны (таңдалғанын)  шаруашылық жүргізуші субъект  қызметінің жағдайына қарай негіздеуді, бухгалтерлік есепті жүргізудің  және қаржылық есептемелерді  ұсынудың негіздері ретінде қабылдауды  білдіреді (немесе ұйғарады). Ол  қаржылық есептеменің әзірленіп,  ұсынылуына әсер ететін маңызды  да жауапты процедура болып  табылады. Есептік саясатты қалыптастыру  ісіне субъект басшысы жауапты.  Кәсіпорынның есептік саясатымен  танысу барысында аудитор қаржылық  есептеселерді пайдаланушыладың  шешім қабылдауы мен бағалауына  елеулі әсері бар бухгалтерлік  есептің жүргізу тәсілінің есептік  саясатын қалыптас- тыруда толық ашылды ма, міне осыны анықтап алу керек. Қаржылық есептемелердің құрамында ашылуы тиіс және кәсіпорынның есетік саясатын қалыптастыру барысында қабылданған елеулі жүргізу тәсілдері бар бухгал- терлік есеп стандарттарына сәйкес мыналар көрсетіледі:

  1. материалдық емес активтер мен негізгі құралдар құндарының орнын толтыру тәсілі;
  2. өндірістік қорларды аяқталмаған өндірісті, тауарларды және дайын өнімдерді бағалау;
  3. өнімдерді (тауарлар, жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табысты мойын- дау және т.б.

    Есеп әдістерін  білмейінше қаржылық есептемелерді  пайдаланушылар мүліктік және  қаржылық жағдайға, ақша айналымына  немесе кәсіпорын қызметінің  нәтижелеріне шыңайы баға бере  алмайды.

  

14

         Жоғарыда айтылғандарға орай кәсіпорынның есептік саясаты бойынша бұйрықта мыналар көрініс табу керек:

  • негізгі құралдар бойынша тозулардың және материалдық емес актив-     тер бойынша амортизацияның есептеу тәртібі;
  • өндірістік қорларды бағалау әдісі (орташа безбенделген өлшенімді    құн, ФИФО, ЛИФО, айырықшалықты сәйкестендіру);
  • тауарлы-материалдық қорлардың есеп әдісі (нормативті, қайта бөліс-тік, тапсырыстық әдістері);
  • жанама шығындарды бөлу тәсілі;
  • аяқталмаған өндіріс пен дайын өнімді бағалау әдісі;
  • өнімді өткізуге байланысты үстеме шығындарды бөлу әдісі;
  • негізгі құралдарды жөндеуді есептеу және қаржыландыру тәртібі;
  • дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс- ты анықтау әдісі;
  • бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары мен формаларын таңдау;
  • мүліктер мен міндеттемелерді түгендеу тәртібі және т.б.

 

      Осы келтірілген  кәсіпорынның есептік саясатының  ықтимал элемент-терінің тізбесі  мұнымен ғана шектеліп қалмайды. Кәсіпорын өз шаруашылы- лығының  сәйкес келетін элементтерді  есептік саясат бойынша бұйрығына    (өкіміне) кіргізеді.

     Шаруашылық  жүргізуші субъектінің таңдап  алған есептік саясаты бір  есептік кезеңнен екіншісіне  тізбектілікпен қолданылады. Кәсіпорынның  есептік саясатындағы өзгерістер  мынадай жағдайларда орын алуы  ықтимал:

  1. меншік иелері ауысқанда;
  2. кәсіпорынның қайта құрылуы;
  3. бухгалтерлік есептің нормативтік реттеу жүйесінде немесе заңдарда өзгерістер болғанда;
  4. бухгалтерлік есептің жаңа тәсілдері әзірленгенде.

    Есептік саясат  қаржылық есептерге түсіндірме  хатта бірінші болып ашып көрсетілетінін  аудиторлар есіне ұстауы керек. 

 

 

15

2.2 Қаржылық есептеме  аудитінің процесі

     Ірі халықаралық  және отандық аудиторлық фирмалардың  іс-тәжірибесін талдау көрсеткендей, қаржылық есеп беру аудитінің  процесі он шақты кезең-ге бөлінуі  мүмкін. Нақты компанияларды тексеру  ісін ұйымдастырудың тәртібі  мен стратегиясы әр түрлі болғанымен, көптеген жағдайларда олар бірдей  жүйемен жүргізіледі.

Информация о работе Кәсіпорынның есеп саясаты