Кәсіпорынының активтерінің құрамы мен құрылымын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 15:13, курсовая работа

Описание работы

Есеп тіркемелерінде шарушалық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ тілектеріне толығынан жауап бере алмайтынығын тәжірбие көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алаып, соны басшылыққа ұсыну керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейді.

Содержание работы

Кіріспе

1. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жұмысының
ұйымдастырылуы

1.1 Кәсіпорынның есеп саясаты
1.2 Кәсіпорынның бухгалтерлік есеп жұмысының
ұйымдастырылуы

2. Кәсіпорынның ағымдағы активтерін талдаудың маңызы және әдістері

2.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны талдаудың мақсаты
2.2 Кәсіпорынның ағымдағы активтерін талдаудың ақпараттық негіздері
2.3 Ағымдағы активтерді талдаудың әдістері

3. Кәсіпорынының активтерінің құрамы мен құрылымын талдау

3.1 Активтердің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
3.2 Кәсіпорынның табыстылығын талдау
3.3 Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін және іскерлік
белсенділігін талдау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Дип.-Бухгалтерлік-есеп-ұйымның-қаржылық-ақпаратын-белгілі-бір-әдістері.doc

— 678.50 Кб (Скачать файл)

Бір рет қолданылатын құжат арқылы бір ғана операция құжатталады немесе ондай құжат орындалған операцияның соңында ғана толтырылады. Мысалы: тауарды босату үшін толтырылатын накладнойлар.

Жинақталған құжаттарда белгілі бір мерзім аралығында орындалған біртектес операциялар жазылады. Мысал: Акционерлік қоғамнан бір күнде бостылған өнімге толтырылатын зоборлық карта.

Жұмыс кезінде бухгалтерлер түрлі құжаттармен жұмыс жасайды: нормативті-құқықтық, ұйымдастырушылық-өкімгерлік, ақпараты-анықтамалық, есеп айырысу ақша құжаттары және басқа да алғашқы есептік құжаттар. Олар ұйымның шарушалық қызметін айқындайды. Бухгалтерлік қызметтің сапасы құжат айналымының ұйымдастыруын байланысты. Кәсіпорындар мен ұйымдарда құжаттар бірнеше кезеңнен өтеді. Олар: жасалу немесе толтырылу, есепке алыну, тексерілу немесе өңделу, бухгалтерлік есепте операцияларды айқындау, мұрағатқа өткізу және тағы да басқа кезеңдер. Сонымен құжат айналымы дегенміз – кәсіпорындардағы құжаттардың қозғалысы, немесе басқаша түрде олардың жасалуынан, яғни толтырылуынан бастап олардың қызметінің аяқталуы және мұрағатқа өткізілу кезеңін айтады.

Құжат айналымының ережесі  және есептік ақпараттың өңделу технолгиясы кәсіпорынның қабылдаған есептік саясатында көрсетілп бекітіледі.

Құжат айналымының басқару механизмін дайындау, кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің үрдісінде негізгі буын болып табылады. Құжат айналымын ұйымдастыру арқылы бухгалтерлік қызметтің тұрақтылығы, құжаттың қозғалысы мен өңделуінің жолдары және оперативтілігі, ұйымдық шешімдерді қабылдаудық уақыттылығы қамтамасыз етіледі.

Құжат айналымын басқарудың жүйесі кәсіпорында келесі кезеңдерді қамтиды:

  • бухгалтерлік қызмет туралы ережені дайындау;
  • бухгалтерияның және кәсіпорындағы есепке қатысы бар басқа қызметкерлердің лауазымдық қызмет нұсқалығын дайындау;
  • кәсіпорындағы құжат айналымының кестесін құрау;
  • есепті ақпаратты өңдеу технологиясын құру;
  • істің номенклатурасын құру және құжатты ағымдағы сақтау тәртібі;
  • құжаттың бағалы сараптамасы және істі ұзақ сақтауға дайындау.

 

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кез келген кәсіпорынның басшысы есептік жұмыстың көлеміне байланысты мынадай жұмысты жүргізе алады:

    1. бухгалтерлік қызметті құрылымдық бөлімше ретінде құру;
    2. қызметкерлер құрамына бухгалтер лауазымын енгізу;
    3. шарттық негізде бухгалтерлік есептің жүргізілуін мамандандырылған ұйымға немесе бухгалтер-маманына беру;
    4. кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жұмысын өзі жүргізу.

 

Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп құжаттары мен құжат айналымы кестесін құруды кәсіпорынның бас бухгалтері ұйымдастырады. Құжат айналмының кестесі кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітіледі. Кесте немесе тәсім құру, тексеру және талдау жөніндегі жұмыстар тізбесі түрінде рәсімделуі мүмкін. Оларда барлық құрылымдық бөлімшелермен орындаушылардың өзара байланысы және жұмыстың орындалу мерзімі көрсетілуі керек. Кәсіпорынның есепке қатысы бар қызметкерлері өздерінің саласына қатысты құжаттарды құжат айналымы кестесіне сәйкес жасайды және ұсынады. Ол үшін әрбір орындаушыға кестеден көшірмесі беріледі. Көшірмеде орындаушының саласына қатысты құжаттар аталып, олардың орындалу мерзімі жазылады. Осы кестенің сақталуын ұйымның бас бухгалтері қадағалап отыруға тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның бас бухгалтері кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жұмысының дұрыс және уақытылы жүргізуіне жауапты болып табылады. Құжаттар кестеде көрсетілген уақытта бухгалтерияға өткізілуі тиіс. Құжаттарды қабылдау кезінде бухгалтер құжаттардың белгілі талаптарға сай, дұрыс рәсімделуін тексеру керек. Ережеге сай рәсімделмеген құжаттар жауапты адамға, яғни оны жасаған адамға қайта өңдеу үшін қайтарылуы қажет.

Бухгалтер құжатты қабылдау барысында ең біріншіден мазмұны бойынша тексереді, яғни жүргізілген жұмыстардың заңдылығын анықтайды. Олардың нормативтік актілер мен қолданылып жүрген нұсақауларға қайшы келмейтіндігін қадағалайды. Содан кейін оның деректемелерінің толық толтырылуын, тиісті лауазымды адамдардың қолтаңбаларының болуын, сомалардың нақты көрсетілуі мен операциялардың құрылымын тексереді. Бұдан кейін бухгалтер арифметиклақ тексеру жүргізеді, яғни құжаттарды таксалаудың дұрыстығын тексереді. Ол тауралық-материалдық қорлардың көлемін оның бағасына көбейту арқылы орындалады.

Тексеріп болғаннан  кейін бухгалтер құжаттарды өңдейді. Өңдеу құжат бойынша әр операцияны есептейтін шоттарды анықтауға негізделген. Керек болған жағдайда біртекті құжаттарды топтастырады, содан кейін бухгалтерлік есепшоттарында жазу жүргізеді. Кәсіпорын бухгалетриясында құжаттар белгілі бір ұқсастықтарына, операциялардың түріне қарай топталып бөлек папкаларға тіркеледі. Папкаларда құжаттың нөмірі, орындалған уақыты, жинақтамалы шоттың шифры және олардың саны көрсетіледі. Папкаларға тігілген құжаттар архивке өткізіледі. Бухгалетрлік алғашқы құжаттардың папкаларға тігіліп нөмірлену сақтаудың тәртібі және қажет болған құжатты іздестіру кезінде жылдам орындауды қамтамсыз етуге арналған

Сақтау мерзімдері әртүрлі  құжаттар бірге орналастырылмайды. Номенклатурадағы істердің бас тақырыптары құжаттардың маңыздылығы және олардың өзара байланысына қарай белгілі бір жүйелілікпен орналастырулары қажет.

Жыл сайын кәсіпорынның сараптама комиссиясы белгілеген сақтау мерзімінің өтуіне байланысты жабылуға жататын құжататрмен іс-қағаздарын белгілеп, оларға тиісті актілер толтырады.

Жалпы құжаттарды сақтау мерзімі құжаттарын Мемлекеттік  мұрағатқа тапсырмайтын ұйымдар  үшін белгіленген. Мұндай Мемлекеттік  мұрағаттарға құжаттарын тапсырмайтын ұйымдар, өз іс-құжаттарын (тәжірбиелік қажеттілігі жоқ және тізімге сәйкес сақтау мерзімі өткен) мұрағат органдарымен келіспей жоя алады. Кәсіпорындағы жоюға іріктелініп алынған құжаттарға акт жасалып, жойылатын құжаттар мен шикізаттарды қата өңдеумен айналысатын кәсіпорынға өңдеуге беріледі. Құжаттарды жоюға берген уақытта қабылдау-өткізу жүкқұжаттары толтырылады. Кәсіпорындардағы негізгі бухгалтерлік құжаттарды сақтау мерзімі олардың түрлеріне қарай әртүрлі болып белгіленген.

Бухгалтерлік есеп пен есеп берудің дұрыстығын қамтамсыз ету мақсатында ұйымдарда мүліктерге және қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізіліп отырады. Түгендеу жүргізудің негізгі мақсаттары мыналар:

  • нақты қолда бар мүліктерді анықтау;
  • нақты қолда бар мүлікті бухгалтерлі есеп мәліметтерімен салыстыру;
  • есепте міндеттемелердің толық көрсетілуін анықтау.

 

Жалпы кәсіпорындардағы мүліктік және қаржылық міндеттемелерді түгендеу бойынша әдістемелік құралдарға сәйкес кәсіпорындағы түгендеуге жататын мүліктер дегеніміз – бұл негізгі құралдар, материалдық емес активтер, қаржы салымдары, өндірістік қорлар, дайын өнімдер, тауарлар, ақшалар мен басқа да қаржы активтері болып табылады. Ал қаржылық міндеттемелерге – банк несиелері, заемдар және тағы басқа кредиторлық борыштар жатады.

Түгендеуге кәсіпорынның қай жерде тұрғандығына қарамастан барлық мүлкі мен қаржылық міндеттемелері жатады. Сонымен қатар түгендеуге ұйымның меншігіне жатпайтын, бірақ оның бухгалтерлік есебінде есепте тұрған басқа да мүліктердің түрлері мен өндірістік қорлар (жауапты сақтауда тұрған, жалға алынған, қайта өңдеуге алынған және де тағы басқадай мүліктер), сондай-ақ қандай да бір себептермен есепке алынбай қалған мүліктер жатады.

Түгендеу барысында  құжатталмаған фактілер анықталуы  мүмкін. Мысалы: тауарлардың табиғи кемуі, тауарлардың шығынға ұшырау және ұрлану нәтижесінде кемуі, өлшеу мен операцияларды рәсімдеу кезіндегі жіберілген қателіктер және тағы басқалар.

Мүліктер мен міндеттемелерге  дұрыс және уақтылы түгендеу жүргізуге  кәсіпорынның басшысы жауапты болады. Ол қысқа мерзім ішінде нақты қолда бар құндылықтардың толық және дәлеме-дәл тексерілуін қамтамасыз ететіндей етіп жағдайлар жасауға міндетті (жүктерді өлшеу мен тасу үшін жұмыс күшімен қамтамасыз ету, техникалық жағынан жұмыс істейтін таразы жабдықатырмен қамтамасыз ету).

Түгендеу жүргізу тәртібі (бір есеп беру жылында жүргізілетін түгендеу санын, оларды жүргізу уақыты, олардың әрқайсысында тексерілетін мүлік пен қаржылық міндеттемелер тізімі), түгендеулерді міндетті түрде жүргізу қажет болған жағдайды басқа ретте ұйым басшысымен анықталады).

Бухгалетрлік есептің  басқа ғылымдардан ерекшелігі, онда ақшалай өлшем кеңінен қолданылады. Бұл өз кезегінде кәсіпорындардың активтері мен қорлану кездері туралы ақпараттарының жинақ түрде, яғни белгілі бір экономикалық талдау жасауға ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді. Жалпы бухгалтерлік есеп жүйесінде барлық объектілер тек қана ақшалай өлшемде көрсетіледі.

Бағалау – объектілер есебінің ақшалай көрінісі (мүліктер, міндеттемелер және шаруашылық операциялар). Ол бухгалтерлік есеп беруде шығындарды есептеу арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы бағалау мынадай  жолдармен жүргізеледі:

  • ұйымның сатып алған мүліктері оны сатып алуға жұмсалған шығындардың қосындысы бойынша бағаланады;
  • басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ақысыз, тегін берген мүліктері сол кіріске алынған уақыттағы нарықтық құны (бағасы) бойынша бағаланады.
  • Ұйымның өз өндірісінде өндіріліп кіріске алынған мүліктері сол өнімді өндіруге кеткен шығындардың құнын сәйкес бағаланады.

 

Нақты өндірістік шығындардың құрамына мынадай шығындар жатады:

  • мүлікті кіріске алу барысында жұмсалған шығын;
  • коммерциялық несиені алғаны үшін төленетін пайыз сомасы;
  • үстеме баға, үстеме (наценки, надбавки);
  • делдалға төленетін ақы (қызмет көрсетудің құны);
  • кедендік баж салықтары;
  • тасымалдауға (жеткізіп беруге) және сақтау үшін кететін шығындар.

 

Басқалардан ақысыз, тегін, қайтарымсыз алынған мүліктің нарықтық бағасы сол мүлікті кіріске алған  күні баға негізінде құрылады. Ол баға туралы мәліметтер экспертті жолмен расталып және оған сәйкес құжаттар болуы  қажет.

Өндіріліп шығарылатын (дайындалатын)  өнімнің құны сол өнімді өндіруге кеткен нақты шығындардан тұрады. Ал бұл шығындардың құрамы өндіріс  үрдісінде пайдаланылатын негізгі  құралдардың амортизациясы, материалдар, жанармай, энергия, еңбек ресурстары және басқа да өнімді өндіруге кететін шығындардан құралады. Ұйымдағы дайын өнімдер бухгалтерлік есепшоттарында және баланаста нақты өзіндік немесе нормативтік (жоспарлы) құнымен есептелінеді.

Кәсіпорындар өздері сатып алған тауарларды бухгалетрлік есепшоттарында олардың сатылып алынған құны бойынша, ал баланста нақты өзіндік құнымен көрсетеді.

Материалдық ресурстар (шикізат, негізгі және көмекші материалдар, жанармай, сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер және тағы басқалары) бухгалтерлік баланста нақты құнмен есептеледі. Ал материалдық ресурстардың нақты құны оларды кіріске алуға кететін нақты шығындармен анықталады.

Ұйымдар негізгі құралдарын бугалтерлік есепшоттарында бастапқы немесе қалпына келтіретін құны бойынша  есептейді, ал баланста – қалдық құны бойынша, яғни бастапқы құнынан тозу сомасын алып тастап көрсетеді. Бюджеттік кәсіпорындарда бастапқы құнымен көрсетіледі.

Материалдық емес активтер кәсіпорынның бухгалтерлік есепшоттарында бастапқы құны бойынша, ал баланстарда – қалдық құны бойынша көрсетіледі.

Белгілі бір орындалған жұмыстар бойынша жұмсалған шығындарды топтастыру тәсілін және қандайда бір объектінің өзіндік құнын анықтау тәсілін калькуляциялау деп атаймыз.

Кәсіпорынның белгілі  бір  материалдық объектіні жасап шығаруға жұмсаған ақша қаражаттарының көлемі - өзіндік құн деп аталады. Ал оның көлемін есептеу мүмкіндігі өзіндік құнның калькуляциясы болып табылады.

Калкуляциялау көмегімен  ұйымдардағы әртүрлі есеп объектілерінің, яғни негізгі құралдардың, материалдық  емес активтердің, өндірілген дайын өнімнің, сатып алынған материалдық ресурстардың, көрсетілген қызметтің, орындалған жұмыстың және тағы басқалардың өзіндік құны анықталады.

Калькуляциялау, яғни өнімнің  нақты өзіндік құнын анықтау  мәліметтері кәсіпорынды басқаруға, жоспарланған жұмыстың орындалуына бақылау жасауға, шарушалық әрекеттерінің рентабельдігін арттыруға, резервтерді құру және еңбек шығындарын төмендету жолдарын қарастыруда кеңінен қолданылады.

Калькуляция – бухгалтерлік есеп әдісінің бір элементі бола отырып, басқа элементтермен тығыз байланысты болады. бірінші кезекте бухгалтерлік есептің шоттарымен, себебі объект есебінің өзіндік құнының (әртүрлі шығындардың сомасы) анықтау үшін алдын ала шоттарда көрсетеді.

Калькуляция – бухгалтерлік есептің бағалау әдісінің негізі болып табылады. Өйткені калькуляция көмегімен алынған мәліметтер кәсіпорындағы объектілерді бухгалтерлік есепте ақшалай өлшеммен есептеуде, яғни бағасын анықтауды негізгі дәлел болатын элемент ретінде қолданылады.

Кәсіпорындағы өндірістік немесе коммерциялық қызметтің нәтижесінде болып отыратын әртүрлі өзгерістерді түсініп, бақылап отыру үшін сандық және сапалық деп аталатын есеп көрсеткіштері пайдаланылады.

Информация о работе Кәсіпорынының активтерінің құрамы мен құрылымын талдау