Кәсіпорынының активтерінің құрамы мен құрылымын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 15:13, курсовая работа

Описание работы

Есеп тіркемелерінде шарушалық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ тілектеріне толығынан жауап бере алмайтынығын тәжірбие көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алаып, соны басшылыққа ұсыну керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейді.

Содержание работы

Кіріспе

1. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жұмысының
ұйымдастырылуы

1.1 Кәсіпорынның есеп саясаты
1.2 Кәсіпорынның бухгалтерлік есеп жұмысының
ұйымдастырылуы

2. Кәсіпорынның ағымдағы активтерін талдаудың маңызы және әдістері

2.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны талдаудың мақсаты
2.2 Кәсіпорынның ағымдағы активтерін талдаудың ақпараттық негіздері
2.3 Ағымдағы активтерді талдаудың әдістері

3. Кәсіпорынының активтерінің құрамы мен құрылымын талдау

3.1 Активтердің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
3.2 Кәсіпорынның табыстылығын талдау
3.3 Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін және іскерлік
белсенділігін талдау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Дип.-Бухгалтерлік-есеп-ұйымның-қаржылық-ақпаратын-белгілі-бір-әдістері.doc

— 678.50 Кб (Скачать файл)

Айта кету керек, біздің кафедра мамандары қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда соңғы айтылған авторлардың көзқарастарын бөлек  қарастырды, әйткенмен олардың кейінгі  шешімдерімен келісе алмайды. «Қаржылық тұрақтылықтың мәні – қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады» - деп жазады В.Т.Артеменко мен М.В.Беллендир.

Олардың ойынша бұл ұғымды А.Д.Шеремет пен В.С.Сайфуллин  дәлірек және анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні – бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі – деп түсіндереді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар  әсер етеді, оларды В.М.Радионова және М.А.Федотова келесідей түрлерге жіктейді:

  1. пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;
  2. нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
  3. құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі;
  4. әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.

 

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.

Негізгі ішкі факторларды  қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы  ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілеген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды факторлардың бірі – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.

Қаржылық тұрақтылықтың  ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы ресурстарының  құрамы мен құрылымы, оларды басқару  стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.

Сонымен бірге тек  таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен  қатар оны тарату құрылымы, әсіресе  өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы  қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тарататын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі – яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? – деген қауіп туады.

Нарықтық экономика  жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың  қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:

  • қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
  • активтер мен оларды таратудағы рационалды және падаланудағы тиімділікті зерттеу;
  • айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен ара-қатынасын анықтау;
  • қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
  • кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
  • ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
  • баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолююттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
  • кәсіпорын табыстылығын бағалау;
  • кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
  • кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

 

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесіне меншікті және тартылған капиталдың  көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады.

Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе  өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға  қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды  туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамаыз етеді.

Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан  бастаған жөн және оған мыналар жатады:

  • кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
  • кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау;
  • кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
  • баланс өтімділігін талдау;
  • кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Кәсіпорынның ағымдағы активтерін талдаудың ақпараттық негіздері

 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.

ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 «Бухгалтерлік  есеп туралы» заң күші бар Жарлығына  сәйкес,  1998 жылдан бастап қаржылық есеп беуге мыналар жатады:

  1. бухгалтерлік баланс;
  2. қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
  3. ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.

Онда сонымен қатар  түсіндерме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар  солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта берілген кәсіпорынның есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған кәсіпорынға әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржлық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктерді жазуға болады.

Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп негіззі шамалары бойынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі ҚР-да соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге беймдей отырып, реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты.

ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарына жаңа көзқарастар  пайда болды және оның бағыт өзгерді.

«Қаржылық есептің мақсаты  – бухгалтерлік есепті» №2 «Бухгалтерлік  баланс және қаржылық есептегі негізгі  ашылулар» деген стандартында көрсетілгендей, - бұл қолданушы заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпарттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Қаржылық есеп негізінен өтелген  жағдайлардың қаржылық нәтижелерін  және де кәсіпорын үшін инвестициялық  шешімдер мен несие беру бойынша  шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ кәсіпорынның болашақтағы ақша ағымдарын және осы кәсіпорынға сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды қамтымайды. Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер кәсіпорынның ақша қаржаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, кәсіпорынның өз жұымысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана кәсіпорынның қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпарттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкінідігін одан  да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпараттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көшілігі қаржылық есепке қарыжылқ ақпараттың басты көзі ретінде сенуі тиіс.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

Баланс – есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды  қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шарушалық кәсіпорынының мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл кәсіпорын нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару боайынша әртүрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылраы сияқты сыртқы қолданушыларға дапайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеру жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.

Баланс ақпарттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс –қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылмын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Баланс көрсеткіштері  кәсіпорынның капиталын орналастыру  тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кездегі шарушалық<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style


Информация о работе Кәсіпорынының активтерінің құрамы мен құрылымын талдау