Өндіріс шығындары және өзіндік құн

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2015 в 14:31, курсовая работа

Описание работы

Кез келген кәсіпорын өзінің атқарған жұмысынан неғұрлым көп пайда алуға тырысады. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын тек жоғарғы тиімді бағамен сатып қана қоймай, сонымен қатар оны өндіруге және өткізуге кететін шығындарды қысқартуға тырысады. Кәсіпорын табысының ұлғаюының қайнар көзі, ең біріншіден, оның сыртқы жағдайына байланысты болса, екіншіден, кәсіпорынның ұйымдастырылған өндіріс үрдісінің тиімділігіне және өндірілетін тауардың кезекті өткізілуіне байланысты болады.

Файлы: 1 файл

kursach (1).docx

— 97.99 Кб (Скачать файл)

Өнімнің өзіндік құны – оның шығару мен өткізуге арналған, ақшалай түрде бейнеленген шығындар кәсіпорын өнімнің өзіндік құны өндіріс процесінде табиғи ресурстарын, материалдарды, отынды, энергияны, негізгі құрал-жабдықтарды, еңбек ресурстарын, қолданумен байланысты шығындардан сондай-ақ оны өндіру мен өткізуге шыққан шығындардан жиналады.

Калькуляциялағанда шығындар есебінің объектілері мен өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын дұрыс белгілеу маңызды. Кәсіпорын өндіріске кеткен шығындарға аналитикалық есеп ұйымдастыратын объектілер шығын есебінің объектілері болып табылады. Кәсіпорын калькуляциялайтын өнімнің, орындалған жұмыстың, кқрсетілген қызметтің түрлері калькуляция объектілері болып табылады.

Кез келген кәсіпорындағы калькуляциялау, қызмет түріне, меншік мөлшері мен пішініне қарамастан, беліглі бір принциптерге сәйкес ұйымдастырылады.

Шығын есебінің объектісі – өзіндік құнды басқару мақсаты үшін өндірістік шығыстарды топтастыратын белгі.

Көпмақсатты есеп жүйесінде есеп объектісінің екі тобын бөледі: жауапкершілік орталықтары мен өнім бірліктері. Бұл жағдайда шығын есебі объектілеріне: шығын пайда болған орындар, жауапкершілік орталықтары, шығын баптары, өндірістік қызмет факторлары, біртекті өнім түрлері немесе топтары жатады.

Шығын есебі объектілері бойынша топтасқан ақпарат басқарма талаптарына сай келуді және бітпеген өндіріс пен дайын өнім арасындағы шығындарды бөлуге және барлық шығарылғандардың да, кейбір өнімдерді де калькуляциялау үшін де негіздеме болып қызмет етуге тиіс.

Калькуляциялау объектісі – белгілі бір құнды жұмыс пен көрсетілген қызмет, өнім, жартылай өнім, әр түрлі дайындық деңгейіндегі кейбір азық-түлік өнімдерінің түрлері.

Калькуляциялау объектісінің негізгі номенклатурасын әрбір кәсіпорын өндіріс типін, өнім ассортименті мен күрделілігін, бөлшектер мен тетіктердің бұйымда бірегейлену деңгейі және шығынның қай топқа жататындығын сипаттайтын, басқа да белгілерді есепке ала отырып, жасайды. Көбіне калькуляциялау объектісін шығынды көтерушілер деп атайды.

Өнеркәсіптің кеткен өндіруші, газ-энергетико салалрында бітпеген өндіріс болмаса, шығын есебінің объектісі калькуляциялау объектісімен тура келеді. Бұл жекелеген даналармен, шағын сериялармен, жаппай өндірстегі бұйымның кейбір түрлерін дайындауға, бір жолғы тапсырыстарды, тәжірибелік-экспериментальды және біртекті жұмыстарды орындауға қатысты.

Барлық сомалар үшін өндірістегі тікелей материалдық және еңбек шығындарына ресурстарды қолдану дәрежесін өндірстік процестерді ұйымдастыру мен оларға қызмет етуге шыққан шығыстары, басқару шығындарын шығын есебі объектілері ретінде көрсету ортақ болып табылады.

Шығын есебі объектілерін таңдау өндіріс технологиясының ерешеліктеріне, өндірісті ұйымдастыру түріне, кәсіпорынды басқару құрылымына, шығарылатын өнімнің техникалық параметрлерін, ішкі өзара қарым-қатынастарды және т.б. байланысты. Сипаттау әр түрлі және сондықтан шығын есебі объектілерінің номенклатурасын әрбір кәсіпорын жеке жасайды.

Машина жасау жеңіл өнеркәсіп, қара және түсті металлургия салалары және басқалар өнімнің үлкен номенклатурасымен, бұйымның кейбір бөліктерін бірегейлендірудің едәуір деғгейімен сипатталады. Бұл салалар калькуляциялық объектілерді шығарылатын бқйымдарды біртектілік белгілерімен ірілендіріледі. Технологиясы, конструкциясы бірдейлігімен, біртекті шикізат пен материалдардан, бірдей жуық деңгейдегі материал сыйымдылығымен және еңбек сыйымдылығымен жасалатын жалпы бөлшектер, тетіктер, жартылай өнімдердің бар болуымен сипатталатын өнім түрлері біртектілер деп саналады. Бұйымдарды бір калькуляциялау объектісіне топтастыру принциптерін сақтау өзіндік құнды қалыптастыру талаптарына жауап беретін негізгі шарт болып табылады.

Шығын есебі объектілері мен калькуляциялау объектілерін қалыптастырудың жалпы принциптері өндіріске арналған шығын есебі процесі мен калькуляциялау процестерінің бірлігімен негізделген. Жалпы алғанда өндірістік шығындардың басқару есебі жүйесі объектілерінің екі басты топтары: бөлімшелер мен өнімдер, бойынша шығындарды бөлуі тиіс.

Калькуляциялау объектілерінің калькуляциялық есеппен және калькуляциялық бірлікпен мақсатқа бағытталған байланыстары бар. Алайда ол жай өлшем бірлігі емес, ол калькуляциялық объектісінің сапасы мен тұтыну құнын сипаттайды.

Кез келген кәсіпорында калькуляциялау мынадай принциптерді ескере отырып ұйымдастырылады: шығын есебі объектілерін, калькуляциялау объектілері мен калькуляция бірліктерін белгілеу. Көп жағдайларда шығын объектілері мен калькуляциялау объектілері сәйкес келмейді.

Қосымша шығыстарды бөлу тәсілін таңдау өнім бірліктерінің өзіндік құнын дұрыс есептеу үшін өте маңызды. Оны кәсіпорын дербес жасайды, есеп саясатында жазылады және барлық есепті кезең бойы өзгеріссіз қалады.

Шығындарды кезең бойынша шектеудің мәні операциялардың бухгалтелік есепте жасалған сәтінде көрсетілуінде және олар ақшалай түсіммен үйлеспейді.

Шығын есебі мен калькуляциялау тәсілдерін таңдау – өндіріске шыққан шығындардың аналитикалық есебі әдістері калькуляциялық объектілері мен калькуляциялық бірліктерді есептеу амалдары бойынша жинақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 бөлім. «Адал» АҚ экономикалық әлеуетін  және өнімнің өзіндік құнын  басқару есебі.

 

 

2.1 «Адал»  АҚ қаржылық-экономикалық белсенділігі

 

Отандық сүт және сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындар үшін өндірісте жоғарғы технологиялық құрал-жабдықтарды өздерінің қызметтерінде қолдану қажет болып жүр, себебі осы арқылы нарықтағы қызметі дұрыс жүре алады. Дүкендерде сүт өнімдерінің кең ассортименті пайда болады және олар импортталған тауарларға төтеп тұрарлықтай бәсекелестік білдіреді. Оны Батыс өндірушілері өздеріне өзі дайындаған. Мысалы, «Альфа - Ловаль» фирмасы (Есік қ.) «ФудМастер» компаниясына инвестиция ретінде қымбат құрал–жабдықтар сатып алған болатын. Бұл компания қазіргі  кезде Қазақстан нарығында беделді орын ала отырып, Шымкентте, Астанада, Қордайда өздерінің филиалдарымен жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, Қазақстанның қайта өңдеу кәсіпорындарының жандануына қажетті материалдарды өндіретін кәсіпорындар қол ұшын береді. Мысалы, «ТетраПак» компаниясы қораптау материалдарын жеңілдік негізінде өз бұйымдарымен қамтамасыз етеді. Техникамен қарулануы сүт өнімдерінің ассортиментін қазіргі заман талаптарына сай жасауға тураланған. Мысалы, ол сүт өнімдерін ұзақ сақтаудан бастап, оны әр түрлі майлылық деңгейіне бөлу. Ол - жоғарғы температура технологиясымен өңделген «Космис» фирмасының (Қостанай қ.) өнімдері және кең таңдаудағы йогурттар.

Бұл деңгейде қазақстандық өндірушілер үшін актуалды болып өндірістік қағидалар және тауар концепциялары саналады, себебі шетел өндірушілерімен бәсекелестікке түсе алады, егер олар өз өндірісіне қазіргі кездегі технико-экономикалық әдістерді қолданса. Алайда, белгілі бір позицияларға байланысты отандық өндірушілер шетелдіктермен бекер салыстырылған жоқ. Олардың ішінде асып түскендері де бар, өйткені отандық тауарларға ассортимент енгізу шетелмен салыстырғанда кең болып отыр. Оған себеп - күнделікті тауарлар қорына қазақтың ұлттық сүт өнімдері енгізілген. Өз өнімдерін сол сияқты басқа компаниялардың өнімдерінен айыру үшін, тұтынушылардың жағымды әсерлерін тарту үшін және оларды тұрақты тұтынушыларға айналдыру үшін белгілі бір өзіндік белгілер енгізу қажет болды. Сондықтан, «Адал», «Қайсар» және тағы басқа кәсіпорындар өз өнімдері үшін тауарлық белгілер қолдана бастады, әдеттегідей, ол сүттен бастап, ақырындап, өз белгісін барлық ассортиментке таратқан («Пеппи» йогурты, «Деревенская» қаймағы және т.б.). Қазіргі күнде сүт нарығында әр тұтынушыға өз қызметін көрсетеді.

Қазіргі кезде әлемде экологиялық таза өнімді шығару үшін көп жұмыстар атқарылып отыр. Біздің республикамызда берілген мақсаттар жүзеге асып жатыр: «Адал» АҚ, «Фудмастер» компаниясы қышқыл сүт өнімдерін және диетикалық құрамы бар жаңа өнім түрлерін шығарды, мысалы, «БФБ» (Биоридум бактериясы), «Био-С», «Источник здоровья» айраны, ақуызға толы йодталған сүт және т.б.

Сүт өнімдері ассортиментінің бәсеке қабілетті мәселесін шешу арқылы, бөлу саясатын белсенді қолдану арқылы кәсіпорын нарықтың көп бөлігін жаулап алған. Көп қолданатын сауда нүктелеріне - орташа және орташадан жоғары табысы бар сатып алушыларға арналған супермаркеттер, гастрономдар, шағын өндірістік дүкендер, киоскілер, дала саудасының элементі ретінде және бөлшек сауда нарығында орналасқан сауда нүктелері жатады.

Тұтынушылардың қалауын анықтау үшін олардың арасында маркетингтік зерттеу жүргізілген. Ол келесі бағыттарды ұстанған: тұтынушылардың қалауы, өніммен қанағаттану деңгейі, реквизитті бөлімі бойынша тұтынушылардың сүт өнімдерін өндірушілерге деген қатынасы. Сонымен қатар, маркетинг кешенінің элементі бойынша сол өнім өндіруші кәсіпорынға бәсекелестік талдау жасалған. Алынған нәтижелер рекрезитке тексерілген болатын, жауаптар коэффициенті 73 % болды, бұл жауаптар коэффициентіне сәйкес келеді (K > 50 %).

Тұтынушы сүт өнімдерін сатып алғанда келесі қағидаларға сүйенеді: сүттің майлылығы, шығарылған мерзімі, қораптың дизайны, мөлшері, табиғилылығы және бағасы. Анкеталардың нәтижесіне сәйкес, тұтынушылардың 30 %-ы өнімнің табиғилылығына, 26 %-ы оның майлылығына, 27 %-ы өнімнің шығарылған мерзіміне, 20 %-ы бағасына, 5 %-ы қораптың дизайнына және 8 %-ы мөлшеріне қарайды. Сүт өнімдерінің қағидасының деңгейі неғұрлым тұтынушының қалауына сәйкес келсе, соғұрлым ол оны қанағаттандыратындығын білдіреді.

Қазіргі кезде «Адал» АҚ мыңдаған сату нүктелерімен сауда жүргізеді, екі делдалмен және бірнеше корпоративті сатып алушылармен жұмыс жасайды, мысалы, «Рахат» кондитерлік фабрикасының асханасы. «Адал» АҚ нарықтағы үлесі 15 % құрайды, негізгі бәсекелесі «ФудМастер» компаниясымен салыстырғандағы нарықтағы үлесі 35 %, екінші жақын бәсекелесі «Винн Биль Дамм» компаниясымен салыстырғанда нарықтағы үлесі 10 % және басқа да «Смак», «Қайсар», «Агропродукт», «Камони» сияқты нарықтағы қатысушылармен салыстырғандағы оның үлесі 8 %.

Берілген жағдайды толығымен ашу үшін Алматы қаласы бойынша маркетингтік зерттеу жұмысы жүргізілді. Маркетингтік қызметтің қорытындысы бойынша «Адал» АҚ айтарлықтай бәсеке қабілетті болып табылады.

Кәсіпорында өнімді өткізуді ынталандыру механизмі жақсы ұйымдастырылған. Өйткені, автокөлік жүргізуші–экспедиторлардікі секілді, өткізу бөлімінің менеджерлерінің жалақысы өткізген өнімдерінің көлеміне байланысты болып келеді. Мысалы, бір айда жалпы соммасы 300 000 теңгелік дайын өнімді өткізді десек, менеджер оның 10 %-ын алады, яғни айына 30 000 теңге.

«Адал» АҚ 2000 жылдың 8 қаңтарында Октябрск совхозы негізінде құрылған. Бұл кәсіпорын Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдесіндегі «Акционерлік қоғам туралы» заңына сәйкес, құқықтық ұйым негізінде Ашық Акцонерлік Қоғам  деп құрылды. Кәсіпорынның толық аты «Адал » Ашық Акцонерлік Қоғам, қазіргі қысқартылған атауы «Адал» АҚ. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Космос ауылы, Ленин көшесі, 32.

Кәсіпорынның белгіленген жарғылық капиталы 300 000 000 (үш жүз миллион) теңге және олар 30 000 жай акцияға бөлінген, оның біреуінің номиналды құны 10 000 теңге.

Қоғамның өз балансы және басқа да банктік есептері бар, өз атауымен қазақ және орыс тілінде берілген мөрі бар. Өзінің тауарлық және символикалық белгілері, олардың үлгілері жарғылық тәртіпте тіркеліп бекітілген. Қоғам Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтін әрекеттерді істей алады. Оның негізгі қызметі болып ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және өндіру табылады.

Кәсіпорынның жалпы жер көлемі – 5616 га, оның ішінде шаруашылыққа жарамдысы – 3968 га (егістігі – 3253 га, жайылымы – 715 га).

Техникалық қамсыздануы:

1) Комбайндар:

«Енисей» комбайндары - 7 дана, іске жарамды мерзімдері 9 жыл;

К–700 А - 3 дана, іске жарамды мерзімдері 7-10 жыл;

К–701 - 3 дана, іске жарамды мерзімдері 10 жыл;

Т–150 - 3 дана, іске жарамды мерзімдері 7-10 жыл.

2) Тракторлар:

Дөңгелекті тракторлар (МТЗ, ЮМЗ, Т-16) – 41 дана, іске жарамды мерзімдері 2-7 жыл, соның ішінде:

МТЗ барлық модефикациясында – 36 дана, іске жарамды мерзімдері 2-7 жыл;

ЮМЗ – 4 дана, іске жарамды мерзімдері 2-7 жыл;

Т–16 – 1 дана, іске жарамды мерзімі 2-7 жыл.

КРАЗ негізіндегі дөңгелекті трактор – 1 дана.

Силос, жүгері жинайтыны - 6 дана, соның ішінде:

КСКУ–6 - 3 дана;

Өзі жүретін «Ягуар» - 2 дана;

«Марал» - 1 дана.

Цептегі тракторлар – 7 дана, іске жарамды мерзімдері 7 ж-дан астам, соның ішінде:

ДТ 75 А – 5 дана, іске жарамды мерзімдері 7 ж-дан астам;

Т–170 - 2 дана, іске жарамды мерзімдері 7ж-дан астам.

3) Автокөліктер:

Автокөлік барлығы - 50 дана, іске жарамды мерзімдері 1-8 жыл, соның ішінде:

Арнайылары - 39 дана, іске жарамды мерзімдері 1-8 жыл;

Ауыр жүкке арналғаны - 2 дана, іске жарамды мерзімдері 1-8 жыл;

Жеңіл автокөліктер - 9 дана, іске жарамды мерзімдері 1-8 жыл.

Кәсіпорында өнімді өткізу бөлімі бар, оның ең негізгі қызметі болып дайын өнімді Алматы қаласындағы базарлар мен дүкендерге тиімді өткізу табылады. Сонымен қатар, компанияның өзінің дистрибьютерлік жүйесі бар, ол дайын өнімді тек Алматы қаласында ғана емес, сонымен қатар оның шетіне де өткізеді.

Өнімді өткізу үшін өнімнің бағасы оның өзіндік құнына, биржа нарығында қалыптасқан бағаға және бөлшек саудаға байланысты қойылады. Баға орнатудың ең негізгі қағидасы – бұл беріктілік, өнім сапасының деңгейі, оның бәсеке қабілеттілігі.

Информация о работе Өндіріс шығындары және өзіндік құн