Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 06:55, курсовая работа
Салықтар мемлекет үшін маңызды функцияларды орындауға қажетті мемлекеттің ақшалай табысын қалыптастырумен байланысты қаржы қатынастарының бір бөлігі. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде салық экономикалық негізге жатады. Салық объективті қажеттілік немесе қоғам дамуының негізіне реттеледі. Мемлекет осы объективті қажеттілікке сәйкес салық жүйесін қалыптастырады. Елдің қаржы жүйесіне қызмет ету механизмін оның құрылымын жасақтайды. Әлеуметтік және экономикалық салық факторлары салыққа байланысты өндірістік қатынастардың жаңаруына ықпал етеді.
Кіріспе ------------------------------------------------------------------------------------------------3-4
I бөлім. Салықтар және салық салу механизм
1.1.Салықтардың экономикалық мәні және маңызы--------------------------5-7 1.2.Салықтың атқаратын қызметі------------------------------------------------------------- 8
1.3.Лаффер қисығы------------------------------------------------------------------------------9-10
1.4.Салық салу механизмі--------------------------------------------------------------------11-12
ІІ бөлім. Салықтың түрлері
2.1. Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы--------------------------------13-14
2.2.Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы-----------------------------------15-16
2.3.Қосылған құнға салынатын салық-------------------------------------------------17-18
2.4.Акцизді салық------------------------------------------------------------------------------19-20
IІI бөлім.Қазақстан Республикасының салық жүйесі
3.1.Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы ұғым---------20-23
3.2.Салық төлеушінің міндеттері мен құқықтары------------------------------24-25
Қорытынды-------------------------------------------------------------------------------------26-27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі----------------------------------------------------------28
II бөлім. Салық түрлері.
2.1. Заңды
тұлғалардан алынатын табыс
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы салық жүйесінің құрамының бір бөлігі болып табылады. Бұл салық заңды тұлғалардың табысына салынатын тікелей салық.
Салық төлеушілер салық жылында салық салынатын табысы бар заңды тұлғалар.
Жылдық жиынтық табыс- заңды тұлғалардың күнтізбелік жыл ішінде түрлі көздерден алған табысы. Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысына кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстардың барлық түрі жатады. Оларға:
1.Өнімді өткізуден
түскен табыс жанама
2. Сату операцияларынан тыс табыстар, соның ішінде:
Резидент емес заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасында ғана жүзеге асырып қоймай, оның үстіне олар тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметтен түсетін табысты анықтауға мүмкіндік беретін
жеке есеп жүргізбеген ретте табыс сомасы салық төлеуші өзінің бюджетке төлейтін төлеміне бақылау жасайтын салық органымен келісілген есеп айырмасы негізінде анықтауы мүмкін. Осы мақсаттар үшін әрбір нақты жағдайда мына көрсеткіштердің біреуі пайдаланылады:
Заңды тұлғалардан алынатын
жағдайларда табыс етуге;
Заңды тұлғалардың табыс салығы туралы заңдарды дұрыс қалдануға бақылау жасау Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Жарлығына және басқа да заңдарға сәйкес асырылады.
2.2. Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы.
Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы жалпы мемлекеттік салықтар қатарына жатады.
Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы азаматтардың табысынан алынатын тікелей салық. Салық жылы салық салынатын табысы бар жеке тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады.
Табыс салығын салу мақсатымен салық төлеуші жеке тұлғалар резиденттерге және бейрезиденттерге бөлінеді.
Резидент- Қазақстанда салық жылы басталатын немесе аяқталатын кез-келген тізбекті 12 айлық кезеңде 183 күн немесе одан да көп күндер бойына Қазақстанда жүрген не шетелде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде жүрген жеке тұлға. Жеке тұлға өзінің келген жылының алдындағы жылы Қазақстанның резиденті болса ғана өзінің келген кезеңінің алдындағы кезең үшін резидент қаралады. Жеке тұлға өзінің Қазақстанда болған жылы аяқталатын жылдан кейін резидент болса ғана ол Қазақстанда болған кезеңнен кейінгі жылы резидент ретінде қаралады.
Салық төлеушінің бір жылғы жиынтық табысы мен табысты алуға шыққан шығындардың арасындағы айырма
ретінде есептелген табысы табыс салығын салу объектісі болып табылады.
Салық төлеуші резиденттің жылдық жиынтық табысына оның Қазақстан Республикасында немесе одан сырт жерде алғанына қарамастан Қазақстандағы көздерден алынған табыстары кіреді.
Жылдық жиынтық табысқа салық жылы ақшалай немесе заттай нысанда алынған табыстарының барлық түрлері, соның ішінде:
а) еңбекақы түрінде алынатын табыстары;
ә) кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыстары;
б) жеке тұлғалардың мүліктік табысы жатады;
Еңбекақы түрінде алынатын табыстарға жалақының, сыйақының, қосымша ақының, сыйлықақының, үлесақының, шәкіртақының және жалдану шартына сәйкес жеке тұлғаның жұмысты орындауына байланысты басқа да төлемдердің кез-келген түрлері жатады.
Сонымен қатар еңбекақы түрінде алынатын табыстарға тағы мынадай табыстар жатады:
а) қызметкерлерге көрсетілген қызметтің немесе сатылатын тауарлардың құны мен олардың сатып алу бағасы немесе өзіндік құны арасындағы теріс айырма да жатады;
ә) жұмыс берушінің жеке тұлғадан ұсталуға тиіс табыс салығының есебіне төлеген сомасы;
б) қызметкерлердің тікелей немесе жанама табыстары болып табылатын жұмыс беруші жұмсаған шығындардың барлық түрлерінің сомасы;
Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметтен алған табыстарына мыналар жатады:
а) өнімді өткізуден алынған табыс;
ә) дивидендтер түріндегі табыстар;
б) мүлікті жалға беруден алынатын табыс;
в) өтелетін шегерістер;
Жеке тұлғаның жылдық жиынтық табысына қосылатын мүліктік табысына тек активтердің мынадай түрлерін өткізуден алынған құнның өсімі ғана жатады.
Жылдық жиынтық табыстан мыналар шығарылуға тиіс:
а) жеке тұлға алған, Қазақстан Республикасында бұрын төлем көзінен салық салынған дивидендтер;
ә) жеке тұлға алған, Қазақстан Республикасында бұрын төлем көзінен салық салынған проценттер;
б) жеке тұлғалар алған және олардың кәсіпкерлік қызметімен байланысты бағамның оң айырмасы;
2.3. Қосылған құнға салынатын салық.
Қосылған құнға салынатын салық дегеніміз- тауар өндіру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету мен олардың айналысы процессінде қосылған құн өсімінің бір бөлігінің бюджетке аударылымы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында импорттау кезінде жасалады. Бюджетке төлеуге жататын қосылған құнға салынатын салық сатылған тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін есептеліп қосылған құнға салынатын салық сомасы мен сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін төленуге тиіс төленген қосылған құнға салынатын салық сомасының арасындағы айырма ретінде анықталды.
Салық салынатан айналым мен салық салынатын импорт салық салу объектісі болып табылады.
Салықтан босатылған және өз өндірісінің мұқтажы үшін жүзеге асырылатынынан басқа, Қазақстан Республикасының шегінде жүзеге асырылатын тауарларды, атқаратын жұмысты немесе көрсетілген
қызметті өткізу жөніндегі
айналым, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
қатысушы болып табылатын халықаралық
шарттарда көзделген ережелерге
сәйкес анықталатын айналым салық
салынатын айналым болып
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттерде шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағындағы еркін айналысқа қосылған құнға салынатын салықты төлемей-ақ түсе алады.
Шарушылық жүргізуші
субъекті- қосылған құнға салынатын
салықты төлеуші есептен шығары
Қосылған құнға салынатын салық бойынша есепте тұрған немесе тұруға міндетті кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес:
Қазақстан Республикасының кеден аумағы импортты жүзеге асыратын, бұл адамдар кәсіпкерлік қызметпен айналыса ма, жоқ па, олар қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке тұрды ма, жоқ па- бұған қарамастан заңды және жеке тұлғалар импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салық бойынша салық төлеушілер болып табылады.
Қосылған құнға салынатын салықтың дұрыс есептеліп, уақтылы төлеуін бұзғаны үшін төлеушілерге
Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген әкімшілік айыппұл қолданылады.
2.4. Акцизді салық.
Акциз өнімнен алынатын жанама салық болып табылады, әрі тауардың бағасына қосылады.
Қазақстан Республикасының
аумағында өндірілген және Қазақстан
Республикасының аумағында
Акциз төлеушілер:
Республикасына қайтарылғанда, Қазақстан
Республикасының аумағына осы әкелімді жүзеге асыратын тұлғалар;
Акциз төлеушіге акциздердің дұрыс есептеліп, бюджетке уақтылы аударылуы үшін жауапкершілік жүктеледі. Акциз туралы заңдарды бұзғаны үшін төлеушіге "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы " Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына сәйкес белгіленген санкциялар қолданылады.
III бөлім. Қазақстан Республикасының салық салу жүйесі.
3.1. ҚР-ның салық жүйесі туралы ұғым.
Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылданған "Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы" Заңы, тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылады. Осы мезгілден бастап ел экономикасында бұрын болмаған жаңа құбылыстар іске аса бастады. Оларды атап айтсақ: шаруашылықты жүргізудің еркіндігі, т.б.
Қабылданған заңға сәйкес 1992 жылы 1-қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында 13 жалпы мемлекеттік салықтар, 11 міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Қазақстан Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді концепциясын қабылдады. Бұл құжатта негізінен салық жүйесін салық заңдылығын бірте-бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкес қызмет етуге жеткізу көзделген. Осы концепцияны іс жүзіне асырудағы бірінші кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 24- сәуірде қабылданған Заң күші бар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Жарлығы болып табылады. Қазақстан Республикасында 1995 жылдың 1-шілдесінен бастап жаңа салық жүйесі іске қосылды. Бұл жаңа салық жүйесі біршама болса да нарықтық қатынастар талабына бейімделіп, халықаралық тәжірибеге мейлінше жақындатылған.