Сейшел аралдары: оффшорлық аймақтағы салық салу ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 22:02, реферат

Описание работы

«Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы Үкімет алдында қазақстандықтардың өмір су сапасының өсуіне және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталған бірқатар маңызды стратегиялық міндеттерді қойды.
Қазіргі уақытта халықтың өмір сүру деңгейін одан әрі даму үшін экономиканың тұрақты өсуін қолдау қажет. Ол қазіргі әлемде үздік ғылым мен ақпараттық технологияларға негізделген экономиканың қазіргі заманғы үлгісіне көшкен жағдайда ғана мүмкін.

Файлы: 1 файл

салық және кеден әкімшілендіру.docx

— 50.17 Кб (Скачать файл)

Бүгінгі таңда Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінің  «Халықаралық сауда-саттық» индикаторы бойынша әлемнің 185 елінің арасында Қазақстан, өкінішке орай, 182-орынға табан  тіреді. Мұндай жағдай әрине, теңізден шалғай жатудың нәтижесі болып табылады, бұл тауарларды тасымалдаудың қымбатқа түсуіне себепші болатыны өзінен-өзі  түсінікті. Бірақ біздің сауда рейтингімізді  төмен түсіретін жалғыз бұл ғана емес: бекеттердің өткізу қабілеті әлсіз, рәсімдердің күрделілігі  және шамадан тыс көп бақылау  – бұл шешілуі қажет түйткілдердің  үштігі. Осыған орай Қаржы министрлігі  кедендік рәсімдерді түбегейлі жақсартуға және еліміз арқылы тасымалдың жылдам өтуін және импортталатын тауарлардың  ішкі тұтынушыларға дейін айқын  қозғалуын қамтамасыз етуге арналған әкімшілендіру түрлерін өзгертуге  бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірледі. Жоспар үш міндетті іске асыруды  көздейді. Олар: кедендік баж мөлшерлемелерінің  әртүрлілігін ретке келтіру және құжаттарды қысқарту, кедендік инфрақұрылымды жаңғырту, әкімшілендірудің жаңа қағидаттарын енгізу.

Бүгінгі таңда сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар кедендік ресімдеу кезінде 52 құжатқа дейін ұсынады, бұл артық ауыртпалық болып табылады. Қазіргі күнде мұндай құжаттарды айтарлықтай қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.  Шекарада тек 2 ғана құжат  – шот-фактура (инвойс) және көлік жүкқұжаты ұсынылатын болады, ал қалған құжаттардан өзгесінің барлығы кеден  органдарына уәкілетті органдардан электронды түрде келіп түсетін болады деп жоспарлануда. Сертификаттардың болуы мен стандарттар талап­тарының сақталуын бақылауды шекарада емес, өнімді сату кезеңінде – елдің ішінде жүзеге асыру ұсынылады. Постбақылаудың бұл тетігі Ресеймен және Беларусьпен өзара сауда-саттықта ойдағыдай іске асырылған.

Мемлекеттік органдардың  рұқсат беруін автоматтандыру қағаз  жүзінде  декларациялаудан бас тартуға  және толығымен электронды декларациялауға  көшуге мүмкіндік береді. Бұл импортқа қатысты келесі жылдың басынан, ал экспортқа  қатысты  ағымдағы жылдың екінші жартысынан бастап-ақ  мүмкін болады. Ұсынылатын 52 құжаттан 2014 жылдың 1 қаңтарына 41 құжатты, 2015 жылдың 1 қаңтарына  қалғандарының  барлығын автоматтандыру жоспарланып  отыр. Келесі жылдың басында тауарға  ілеспе құжаттардың берілуін жеңілдетілген  электронды түрде қамтамасыз ету  көзделуде. Бұл жаңалықтар, «жасыл дәлізге» түскен тауарларды тез шығаруға ғана емес, сонымен қатар кеден органына декларанттың өзі бармастан жүзеге асыруға да мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда, шекарадағы о  баста тәулік сайын 120-ға дейін ғана көлік құралына арналған өткізу бекеттері  өз қуатынан екі есе көп өткізіп  жатыр. Қажетті инфрақұрылымның  болмауы өткізу бекеттері арқылы тауарлар өтетін уақытқа да, сол  сияқты кедендік әкімшілендіру сапасына да  кері әсерін тигізеді. Қазақстанның Кеден одағына кіруін, сондай-ақ импортталатын және транзиттік жүк  ағынын одан әрі көбейтетін Батыс  Еуропа-Батыс Қытай халықаралық  көлік дәлізінің қазақстандық бөлігінің  салынуын ескере отырып, қолданыстағы өткізу бекеттерін реконструкциялау және әлемдік стандарттарға сәйкес келетін  жаңаларын салу қажеттігі туындап  отыр. Қазір сыртқы шекарада 37 өткізу бекеті бар.

Жүк ағынына жүргізілген  талдау неғұрлым көп көлік тығыздығы  қазақ-қытай шекарасында орналасқан өткізу бекеттерінде, қазақ-қырғыз шекарасында, сондай-ақ Ақтау-теңіз портында байқалатынын көрсетті. Осы жерлер мемлекет-жеке меншік әріптестігі негізінде заманауи көліктік-логистикалық орталықтар салу үшін жеке меншік капиталына ұсынылуы мүмкін. Мұндай орталықтар декларация толтыруды, жүктерді сақтауды, «тазартылған»  тауарды терминалдық өңдеу мен  шекарада және облыс орталықтарында тікелей алушыға дейін жеткізуді  қоса алғанда, қызметтің барлық түрлерін көрсететін болады. Ұсынылып отырған  іс-шаралар СЭҚ қатысушылары үшін артық рәсімдерді (транзитті ашу/жабу, төлемді қамтамасыз етуді енгізу және т.б.) алып тастау және Қазақстанның транзиттік-көліктік үрдісін арттыру  бөлігінде неғұрлым қолайлы жағдай жасауға ықпал ететін болады.

Бірақ, әкімшілендірудің жаңа қағидаттары енгізілмейінше, рұқсат беру  және инфрақұрылымдық шектеулерді  алудың әсері ойдағыдай болмайды. Қазіргі таңда кедендік декларациялауды  салықтық әкімшілендіруден бөлу сүреңсіз рынокқа алғышарт жасайды, ал ол барлық тауарлардың құнын «кіре бергенде» жаппай бақылау қажеттігін туындатады.  Ал осы екі үдеріс біріктірілген және импорттан ішкі сатылымға дейінгі тізбек айқын болып тұрған жағдайда кедендік құнды төмендетудің, не жоғарылатудың экономикалық мәні жоқ және мәлімделетін құжаттарға да сенуге болады, бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Кедендік және салықтық әкімшілендіру  бизнес-үдерістеріндегі алшақтықтың  алдын тауарларды кедендік декларациялау  сәтінен бастап олар сатылғанға дейін  камералдық бақылауға енгізу жолымен  алуға болады. Бүгінгі күні қол  жеткізілген салық және кеден  органдарын автоматтандыру деңгейі, іс-тәжірибе көрсетіп отырғандай, әкімшілендірудің екі түрін біріктіру және бақылауды  «шығарылғаннан кейінге» бұру бойынша  іс-шараны жүзеге асыруға мүмкіндік  береді. Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан  бастап Кедендік бақылау комитеті күн  сайын автоматтандырылған режімде  Салық комитетіне тауарларға толтырылған  декларациялардан тауарлар импорты  бойынша мәліметтерді беруді жүзеге асырады. Ағымдағы жылғы екінші жартыжылдықтан бастап кеден органдары олардың  бюджетке толық түсуін одан әрі қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ камералды бақылауды  жүргізу кезінде алынған деректерді пайдалану үшін СЭҚ қатысушыларының  жеке шоттарынан кеден төлемдері  бойынша деректерді салық органдарына  беруді жүзеге асыратын болады.

Кедендік әкімшілендіру  күрделі ұйымдастыру-құқықтық құбылыс  және рәсімдерді оңайлату бүгінде дамыған  елдерге тән ортақ бағыт болып  табылады. Сондықтан жоғарыда көрсетілген  іс-шаралар халықаралық тәжірибені ескере отырып және қазақстандық бизнес-қауымдастықтармен  тығыз өзара қарым-қатынаста әзірленді. Бұл тауарлардың кедергісіз қозғалысына  жағдайлар жасау жолында таңдалған  тәсілдердің дұрыстығына сенім  ұялатады.

І Салық қызметінің стратегиялық дамуының миссиясы мен көрінісi

Миссиясы Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтiк  сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ салық төлеушімен салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру.

Көрінісi    Салық комитеті – салықтардың барынша түсуін және оның қызметіне  қоғамның барынша қанағаттануын қамтамасыз   ететін басқарудың тиімділігі жоғары жүйесі бар                                                    мемлекеттік орган.

Мемлекеттік орган ретінде  салық қызметінің миссиясы стратегиялық бағытымен салықтардың толық түсуін қамтамасыз етуді анықтайды. Салық қызметінің Көрінісіне жету үшін тағы да екі стратегиялық бағыт белгіленеді: салық қызметі органдарының қызметіне қоғамның қанағаттануын қамтамасыз ету және тиімділігі жоғары салық қызметін құру.

  1. Салықтардың толық түсуін қамтамасыз ету.

 

Салық қызметі органдарының қызметінің осы стратегиялық бағыты басым болып табылады және оны жүзеге асыру үшін мынадай бағыттарға баса көңіл бөлу кажет:

  • салық мәдениетін көтеру: мемлекет алдында әлемнің 50 бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіру міндеті тұрғанын ескере отырып, дамыған елдердің салық мәдениетінің деңгейі қазақстандық қоғамның әрі қарай дамуы үшін үлгі болуы қажет.
  • салық бақылауының тиімділігін арттыру: көлеңкелі экономика көлемін азайту және салық төлеушілердің салық заңнамасын сақтау аясында қабылданатын шаралардан қажет нәтижелерге қол жеткізуде салық қызметі органдары жұмысында тиімді салық бақылауы маңызды мәнге ие.
  • салық заңнамасын оңайлату: салықтардың толық жиналуын қамтамасыз ету үшін салық салудың қолданылып жүрген жүйесін оңтайландыру және оңайлату қажет.
  1. Салық қызметі органдарының қызметіне қоғамның қанағаттануын қамтамасыз ету.

1. Осы құжатта «Салықтар» түсінігімен барлық салықтар, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, мiндеттi зейнетақы жарналарыжәне Мемлекеттік әлеуметтiк  сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар түсініледі.

 Қазір салықтық әкімшілендіру аясында салық төлеушілермен салықтық қызмет көрсету сапасымен қанағаттанбауында және қоғамның салықтық заңнама мен салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша ақпаратпен нашар қамтылғанынан көрінетін проблемалар бар.

Осыған байланысты, мынадай бағыттарда жұмыстарды күшейту қажеттігі туындайды:

  • қоғамның салық сұрақтарында ақпараттануын арттыру: қабылданатын шаралардан қажет нәтижелерге қол жеткізу және салық қызметінің оң көзқарасты беделін қалыптастыру үшін БАҚ, семинарлар, дөңгелек үстелдер, брошюралар мен буклеттер шығару арқылы қоғаммен ұдайы өзара іс-әрекет жасасу қажет.
  • көрсетілетін салық қызметінің сапасын арттыру: көрсетілетін салық қызметінің сапасы халықаралық стандарттарға сай келуі тиіс.
  1. Салық қызметінің стратегиялық мақсаттары.

Салық қызметінің стратегиялық дамуының миссиясы мен көрінісiнен жуық 5 жылда мынадай мақсаттар мен міндеттер тұр:

    1. Салықтардың толық түсуін қамтамасыз ету.

1-мақсат- Салық мәдениетін көтеру.

Осы мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешу жолымен жүзеге асырылады.

Орта білім беру жүйесінде салық салу негіздерін оқытуды енгізу.

БАҚ-да мемлекеттің жүргізетін салық саясаты, оның маңызы мен қоғамның дамуы үшін басым бағыттары туралы жариялау.

Қолданыстағы салық салу жүйесі туралы буклеттер, анықтама жүйелері және кәсіби салық кеңесшілері арқылы ақпарат тарату.

2-мақсат- Салық бақылауының тиімділігін арттыру.

Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажет.

Салық бақылауы рәсімін жетілдіру және оңайлату.

Салық бақылауы рәсімін реттеу.

Мемлекеттік, өзге уәкілетті органдардың шет мемлекеттердің құзырлы салық органдарымен өзара әрекет ету тиімділігін арттыру.

Салық бақылауы рәсімін автоматтандыру.

Жүйелі түрде салық салудан жалтаруда қолданылатын жаңа тәсілдер мен схемалар анықтау және олардың тууына ықпал ететін себептерді жою аясында әрі қарай шаралар енгізу.

3-мақсат - Салық заңнамасын оңайлату.

Осы мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешумен қамтамасыз етіледі.

Салықтарды есептеуді оңайлату.

Салық есептілігі нысандарын оңайлату.

    1. Салық қызметі органдарының қызметіне қоғамның қанағаттануын қамтамасыз ету.

1-мақсат - қоғамның салық сұрақтарында ақпараттануын арттыру.

Ақпараттық-үгіттеу кеңістігін құру: пресс-конференциялар, брифингтер, кездесулер, теле-радиохабарлар, бейнероликтер; салық міндеттемелерінің тууы және орындау туралы түсіндіру ақпаратын құрайтын газет, журнал, брошюралар, буклеттер, жаднамалар, күнтізбелер шығару.

Салық органының әкімшілік процесстерінің ашықтылығын қамтамасыз ету және салық төлеушілерді оның қызметтері, толтырылатын құжат нысандары үлгілері, құжаттарды электронды түрде толтыру және тапсыру, құжаттар айналымы реттілігі, шешімдерді даулау және шағымдану тәртібі туралы ақпараттандыру.

Арнай салықтық пресс-қызметтер құру.

Салық салу аясындағы нормативтік-құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізуді дайындау кезінде бизнес-құрылымдар мен кәсіби салық кеңесшілерін «кері байланыс» қағидасы бойынша тарту.

2-мақсат- Көрсетілетін салық қызметінің сапасын арттыру.

Осы мақсат мынадай міндеттерді шешу арқылы жеткізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын енгізу.

Электрондық салық қызметтері санын арттыру.

Қазіргі кезгі салық төлеушілерге қызмет көрсету бойынша Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарын құру және дамыту.

    1. Тиімділігі жоғары салық қызметін құру.

Мақсаты - Салық қызметі органдарында басқару жүйесін жетілдіру.

Даму стратегиясын жүзеге асырудағы жетістік көп жағдайда басқару жүйесінің тиімділігі мен оның салық органы алдында тұрған міндеттерді шешудегі мақсаттылығымен анықталады.

Бизнесс-процесстерді реттеу, оңтайландыру және реинжинирингтеу.

Салық органдарында Теңгерілген көрсеткіштер жүйесін (ТКЖ) енгізу.

Тәуекелдерді басқару процесін енгізу.

Нәтижеге көзделген мақсаттарға жетуге бағытталған ынталандыру қағидаларын енгізу.

Кадрлық тағайындаулар және ауыстырулар, сонымен қатар салық органдарына жұмысқа қабылдау кезінде карьералық өсу, ашықтық, объективтік қағидаларын енгізу.

Жоспарлау нәтижелеріне негізделген икемді, мақсатты қаржы  және материалды-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету.

Қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру, ТМД және алыс шет ел мемлекеттерінің салық қызметтерімен, сондай-ақ аумақтық салық органдары қызметкерлері арасында тәжірибе алмасу.

Салық қызметі органдарының болашақ кадрларын дайындау бөлігінде  ҚР ЖОО-мен өзара әрекет ету.

Салықтық әкімшілендіруді  жетiлдiру

  • Салық  төлеушілерге шот-фактураларды электрондық түрде жазып беру мүмкіндігін ұсыну.
  • Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың жекелеген санаттарын жоюдың ықшамдалған тәртібін белгілеу .
  • Адал салық төлеушiлер үшін салық  (төлеу көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға ҚҚС-тан басқа) төлеу мерзімін 36 айға дейiн ұзарту мүмкіндігі.
  • Жеке кәсіпкерлердің жекелеген санаттарын бухгалтерлік есеп жүргізуден босату.
  • Шағын бизнес субъектілерiне арналған арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсiпкерлер үшiн мүлiк салығы мен жер салығын төлеу және есептілік ұсыну тәртібін өзгерту.
  • Жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер  үшін салық кезеңін тоқсандық кезеңнен жартыжылдық кезеңге өзгерту .
    • Арнаулы салық режимдерін қолданудың рұқсат беру сипатынан хабарламалық сипатына ауысу және электрондық патенттерді енгізу.

Информация о работе Сейшел аралдары: оффшорлық аймақтағы салық салу ерекшеліктері