Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2014 в 15:02, курсовая работа
Халқымызды жоғары сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін шешудің басты жолы алатын шикізаттарды дер кезінде ысырапсыз,шығынсыз,ұтымды,тиімді пайдалану,ал жақсы өмір қозғалысын қамтамасыз ету үшін ортамызды үнемі қажетті энергиямен,яғни белокпен, амин қышқылдарымен, май қышқылдарымен, минералды заттармен, витаминдермен қамтамасыз етіп отыру. Бұл энергия көздері нанда көп кездеседі,және организмге күнделікті түсіп отырады.
Кіріспе
ІІ Тақырып бойынша ақпараттық шолу
ІІІ Негізгі бөлім
3.2 ЖШС «Алтын диірмен» корпорациясының сипаттамасы
3.3 Жұмыс нәтижесі
3.4 Шикізат сипаттамасы (ұн)
3.5 Шикізатқа қойылатын техникалық талаптар
3.5.1 Органолептикалық көрсеткіштері.
3.5.2 Физикалық-химиялық көрсеткіштер.
3.5.3 Қауіпсіздік көрсеткіштері.
3.6 Ұн сапасын сынау әдістері
3.7 Нан сипаттамасы
3.8 Нан өндіру технологиясы.
3.9 Нан сапасына қойылатын жалпы талаптар
3.10 Нан сапасын сараптау
3.10.1 Органолептикалық көрсеткіштерін анықтау әдістері.
3.10.2 Физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау әдістері.
3.11 Нан және нан өнімдерінің саласы
3.12 Нан және нан өнімдерінің тағамдық құндылығы
3.13 Нан өнімдерінің классификациясы және ассортименттері
3.14 Нан өнімдерін сертификаттау тәртібі.
ІV Экономикалық тиімділігі
VІ Қорытынды
VІІ Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ұсыныстар мен қосымшалар
Кіріспе
ІІ Тақырып бойынша
ақпараттық шолу
ІІІ Негізгі бөлім
3.2 ЖШС «Алтын диірмен»
корпорациясының сипаттамасы
3.3 Жұмыс нәтижесі
3.4 Шикізат сипаттамасы (ұн)
3.5 Шикізатқа қойылатын техникалық талаптар
3.5.1 Органолептикалық
3.5.2 Физикалық-химиялық
3.5.3 Қауіпсіздік көрсеткіштері.
3.6 Ұн сапасын сынау әдістері
3.7 Нан сипаттамасы
3.8 Нан өндіру технологиясы.
3.9 Нан сапасына қойылатын жалпы талаптар
3.10 Нан сапасын сараптау
3.10.1 Органолептикалық
3.10.2 Физика-химиялық
3.11 Нан және нан өнімдерінің саласы
3.12 Нан және нан өнімдерінің тағамдық құндылығы
3.13 Нан өнімдерінің классификацияс
3.14 Нан өнімдерін сертификаттау тәртібі.
ІV Экономикалық тиімділігі
VІ Қорытынды
VІІ Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ұсыныстар мен қосымшалар
Кіріспе
Нан – біздің Отанымыздың байлығы ,халықтың негізгі тамақтану өнімі болып табылады.
Нан сапасы егіс шаруашылығымен өте тығыз байланысты.Ал егістіктен біз астық аламыз.Алған астығымыздың сапасы неғұрлым жоғары болса,одан алған өнім сапасы да соғұрлым жоғары болады.Астық өндірілсе – ауыл шарушылығының ірі саласы.Астықтан ұн,нан,макарон,жарма,тәтті тағамдар сияқты адам баласына ең керекті өнімдер алынады.Астықты жер жүзінің түкпір-түкпіріне тасымалдауға қолайлы,ыстықтан да ,суықтан да қорықпайды.Міне,осыдан барып барлық жер жүзіне кең тарап кеткен.Астық тамақ өнеркәсібінің шикізаты болғандықтан,ол ауыл шаруашылығынан тамақ өнеркәсібіне жақын.Астықтан алынатын ең маңызды өнімдердің бірі - нан және нан өнімдері.Нан және нан өнімдері тұрғындардың тамақтануында негізгі орын алады.Бұл өнімдері күнделікті қолданылып отырады,сондықтан да тағамдық құндылығы жоғары болып саналады.Нан адамға қажетті минералдық заттардың жетткізушісі.
Нанның құндылығын тек оның химиялық құрамына қарап қоймай,сонымен қатар оның дәмі,иісі, нанның жұмсақтығы,сыртқы пішініне де қарап бағалайды .
Халқымызды жоғары сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету
мәселесін шешудің басты жолы алатын шикізаттарды
дер кезінде ысырапсыз,шығынсыз,ұтымды,
Халықты жоғарғы сапалы тағамдармен қамтамасыз ету ең негізгі кезек күттірмейтін міндет. Сондықтан барлық тағамдар, оның ішінде астық және оны өңдегенде алынатын өнімдер барлық жағынан алға қойылған шартқа сәйкес болу керек. Ол шарт мемлекеттік стандарттарда (ГОСТ-тарда) көрсетілген.Стандарт халық шаруашылығында маңызды орын алады. Сол арқылы халық шаруашылығының барлық салалары бірімен-бірі байланысады .Міне сондықтан мемлекет көлемінде наның сапасы қатаң тексеріледі. Ол тексеру барлық мекемелерге бірдей құжат-стандарт арқылы жүргізіледі.
ІІ Әдебиетке шолу
Тағам адам организмінің энергия көзі болып табылады, олардан пластикалық материалдар мен биохимиялық заттар құрылады. Сонымен қатар организмге қажетті маңызды заттардан басқа тағамда адам денсаулығына зиян келтіретін бір қатар зиянды заттар кездеседі. Адам организміне көп мөлшерде тағамдармен түскен әртүрлі химиялық қосылымдар метоксикация ауруына шалдықтыруы мүмкін.
Тағам метоксикациясының токсикоинфекциялық аурулардың пайда болуына бактериялық үлесі өте жоғары.
Л.Н. Қаламқарованың айтуына қарағанда тағам метоксикациясымен ауырған адамдар көп тіркелген, оның себебі тағамдардың бұзылуына (кондитерлі, салаттар, қапталған тағамдар) байланысты болған.
Басқа да табиғи токсиканттарға саңырауқұлақтар жатады, олардың да адамдардың денсаулығына келтіретін зияндылығы өте көп, әсіресе олар өсімдік тағамдарында кездеседі. Кейбір метоксиндер мал азығында көп мөлшерде кездеседі. Олар азық арқылы, мал өніміне жасалған тағамдарында жиналуы мүмкін.
Л.П.Мамакова, Л.С.Цой айтуына қарағанда тағам өнімдерінің медицина тұрғысынан қауіпсіздігін қамтамасыздандыруда олардың адам денсаулығына келтіретін зияндығын деңгейіне қарай бөлу арқылы сынақтан өткізу болып табылады. Сынақтан өткізу немесе бағалау 4 кезеңнен тұрады. І кезең қауіпсіздікті сақтау, ІІ кезең – қауіпсіздіктің сипаттамасы, ІІІ кезең – нақты өнімді бағалау, VІ кезең – қауіпсіздік сипаттамасы және тәулікте жіберілетін деңгейін анықтау.
Қазақстан республикасында тағам өнімдерін және тағам шикізатының сапасын бақылауға байланысты проблемалар жеткілікті. Қолданылып жүрген бақылау жүйелері оларға толық баға бере алмайды. Ол еліміздің материалды – техникалық базасының деңгейі төмен болғандықтан және нормативті құжаттардың аздығына байланысты.
Тағам шикізатының сапа көрсеткіштері мен қауіпсіздігін нормалау маңызды проблема болып табылады. Оларды сертификаттау процестері бір қатар қиыншылықтармен байланысты. Еліміздің көптеген сынақ зертханалары тағам шикізатының сапасын анықтауға арналған жабдықтардың аздығынан тағам шикізатының сапасын анықтауға мүмкіншілік етпейді.
Еліміздегі жасалып жатқан нормалық құжаттар халықаралық стандарттар талабына сәйкес болған жағдайда тағам шикізатындағы микробиологиялық тазалығын анықтауға мүмкіншілік етеді.
Тағам шикізатының сапасына мониторинг ұйымдастыру арқылы тағамдардың азықтық және биологиялық құндылығын арттыруға болады.
Көптеген ғалымдардың ойынша қазіргі уақытта тағам өнімдерін сертификаттау немесе өндірісті тіркеу қажеттілік етеді. Осы жағдайда сертификаттау жұмысын жүргізген орган сертификатталған өнімнің сапасы жоғары болуына кепілдік беруі керек.
К.К.Кусманов және А.Н. Кусманованың айтуынша химиялық құрамын бағытты түрде өзгерту арқылы шығарылған өнімдер, адам организмінің сұранысын қанағаттандырса, өзіндік ізденіс жұмыстары одан әрі жүргізіліп, дайын тағамдардың немесе тағам шикізатының өндіріс жүйесін жақсарттуға бағытталады.
Айта кететін жағдай Қазақстан республикасы дұрыс тамақтану жүйесіндегі мәліметтік саясат жоқ, сонымен қатар халықаралық мемлекеттік стандарттар туралы ақпараттық мәліметтер өте аз. Қазіргі жағдайда тағамдық қауіпсіздігін сапасын бақылаудың және аналитикалық базасы нашар дамыған. Осы және де басқа сұрақтар үкімет тарабынан шешілуі тиіс.
Қазіргі жағдайдағы өнімдерді сертификаттаудың монологиясы кейбір аймақтарда өнім сапасы қауіпсіздігін қамтамасыздандыруға кепілдік бере алмайды.
Бекітілген міндетті талаптарды және өнім сапасын бағалауда, өндірістерді және сапа жүйесін, қызмет етуді, өнімдерді сертификаттау қазіргі экономика жағдайының бір бөлігі болып табылады.
Мемлекетіміздегі өнімдерді, процестерді, қызмет етуді сертификаттау қызметі Қазақстан республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңы негізінде өткізіледі. Осы қызметті жүргізу процесі кезінде мемлекетаралық кеңестің халықаралық стандарттың ұсынымдары міндетті түрде ескерілуі тиіс. «Техникалық реттеу туралы» заңды орындау үшін еліміздегі мемлекеттік сертификаттау жүйесі құрылған (жүйеде 18 негіз қалаушы мемлекеттік стандарттар мен құжаттар, 28 бір түрлі өнімдерге арналған сертификаттау туралы ережелер және сертификаттаудың принциптері мен жүйенің құрылымы, органдарға қойылатын талаптары, өндірісті, қызмет етуді, өнімдерді сертификаттау реті, инспекциялық бақылау әдістері бекітілген).
Өнімдерді сертификаттаудың екі түрі белгіленеді. Олар: міндетті түрде және ерікті өнімдерді міндетті түрде сертификаттау өнімнің нормалық құжаттар талабына сәйкестігін тексеру үшін жүргізіледі. Міндетті түрде сертификатталатын өнімдер тізімін Қазақстан республикасының Үкіметі бекітеді. егер де сертификатталған өнім стандарт талабына сай болмаған жағдайда, олар ішкі және сыртқы рыноктарда сатылуы мүмкін емес.
А.В. Иекрасовтың мәліметі бойынша ХАССП жүйесін өндіріске енгізген кезде зауытта өндірілетін өнімдердің қауіпсіздігін бақылауды жан-жақты ұйымдастырып, қамтамасыз етті және өнімнің бәсекелестік сапасын жоғарлайды.
ІІІ Негізгі бөлім
ЖШС «Алтын
диірмен» корпорациясының
Алтын диірмен Алматы қаласындағы акционерлік өнеркәсіптік корпорациясы. Ұн, нан, макарон, құрама жем, құс еті және шұжық өнімдерін өндіреді. 1932 жылы астық қабылдау орны ретінде ашылған. Кейін ұн комбинаты болып аталды. 1992 жылы акционерлік корпорация болып қайта құрылды. Корпорация бұрынғы ұн және құрама жем өнімдерімен бірге өзге де азық – түлік түрлерін шығара бастады. Кәсіпорынның 2 құс фабрикасы бар, қосалқы шаруашылығында қой, жылқы, ірі қара және шошқа өсіріледі; егістік жерінде жүгері, бұршақ, арпа егіледі. «Алтын диірмен» өнімдері шетелдерге де (Ауғаныстан, Тәжікстан, Польша, т.б.) сатылады.
Нан комбинатының жобасы әртүрлі формадағы нандарды шығаруға негізделген болатын. Комбинаттың жобалық қуаттылығы 163 тонна/тәулік құрайды, оның ішінде:
Ал негізгі комбинаттың өнімділігі 133,4 тонна/тәулік. 2001 жылдың орташа тәулік өнімділігі 70,6 тонна құраған болатын, онда өнімділіктің қуатын қолдану деңгейін 52,9% құрады.
Өндірілетін өнімнің ассортименті:
- «Жай нан» наны 43,0 тәулік (60,85%)
- Шаруашылық нан 14,0 тәулік (19,88%)
- Батон 6,5 тәулік (9,25%)
- Баранкалық өнімдер 3,64 тәулік (5,16%)
- Нанның басқа түрлері 1,74 тәулік (2,47%)
- Торт, пирожное, кекстер, рулеттер,
сдобалық өнімдер 0,5 тәулік (0,7%)
- Пряник 0,39 тәулік (0,56%)
- Булкалық өнімдер 0,36 тәулік (0,51%)
- Сухариктер 0,31 тәулік (0,44%)
- Печенье 96,6 тәулік (0,14%)
- Соломка 22,7 тәулік (0,03%)
Өндіргіш корпустың біріншісінде нан өнімдерін өндірудің 4 желісі бар. Ал екінші өндіргін корпустың ішінде келесі желілер бар:
Баранкалық цех
Бұл цехта 4 желіде Г-4-ХПС-25М пештері орнатылған, ал 2 желі соломкалар өндіруге негізделген. Соңғы жылдары өндіретін өнімнің сапасын көтеруге бағытталған жұмыстар жүргізген болатын.
Бөлкелік цех баранкалық цехтың бос орындарында жасалған. Онда «Экмасан» турция фермасының құрал жабдықтары орналасқан. Олар келесі болады:
Цехта өнімнің 68 түрі шығарылады, соның ішінде:
торт – 37 түрі;
пирожныйдың – 24 түрі;
кекс, рулеттің – 3 түрі;
печеньенің – 7 түрі.
Сухарлық цех
Бұл цех 2001 жылы бөлкелік цех негізінде құрылған. Соңынан бөлініп шыққан болатын. Цехта келесідей жабдықтан орнатылған:
Ал 1999 жылы оған қосымша неміс фирмасы «Вернер және Пфляйдерер» құралдары қойылған болатын, ол құралдар келесілер:
Кондитерлік цех 1991 жылы құрылғанм болатын. Ең басында «Эклер» пирожныйларын өндіретін желі қойылған болатын, одан көп уақыт ұзамай 2 желі қойылған болатын. Цехта санитарлық ережелерді және басқа да нормаларды сақтау үшін келесі құрал жабдықтар қойылған болатын:
Ұн – бидайды ұнтақтау нәтижесінде кебекпен немесе кебексіз шығатын ұнтақ тәрізді өнім. Ұнды түрге, типке және тауарлық сортқа бөледі. Ұнның түрі қандай дақылдан алынғанына байланысты анықталады. Ұнның негізгі тұрлеріне бидай және қара бидай ұндары жатады.