Тақырып бойынша ақпараттық шолу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2014 в 15:02, курсовая работа

Описание работы

Халқымызды жоғары сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін шешудің басты жолы алатын шикізаттарды дер кезінде ысырапсыз,шығынсыз,ұтымды,тиімді пайдалану,ал жақсы өмір қозғалысын қамтамасыз ету үшін ортамызды үнемі қажетті энергиямен,яғни белокпен, амин қышқылдарымен, май қышқылдарымен, минералды заттармен, витаминдермен қамтамасыз етіп отыру. Бұл энергия көздері нанда көп кездеседі,және организмге күнделікті түсіп отырады.

Содержание работы

Кіріспе
ІІ Тақырып бойынша ақпараттық шолу
ІІІ Негізгі бөлім
3.2 ЖШС «Алтын диірмен» корпорациясының сипаттамасы
3.3 Жұмыс нәтижесі
3.4 Шикізат сипаттамасы (ұн)
3.5 Шикізатқа қойылатын техникалық талаптар
3.5.1 Органолептикалық көрсеткіштері.
3.5.2 Физикалық-химиялық көрсеткіштер.
3.5.3 Қауіпсіздік көрсеткіштері.
3.6 Ұн сапасын сынау әдістері
3.7 Нан сипаттамасы
3.8 Нан өндіру технологиясы.
3.9 Нан сапасына қойылатын жалпы талаптар
3.10 Нан сапасын сараптау
3.10.1 Органолептикалық көрсеткіштерін анықтау әдістері.
3.10.2 Физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау әдістері.
3.11 Нан және нан өнімдерінің саласы
3.12 Нан және нан өнімдерінің тағамдық құндылығы
3.13 Нан өнімдерінің классификациясы және ассортименттері
3.14 Нан өнімдерін сертификаттау тәртібі.
ІV Экономикалық тиімділігі
VІ Қорытынды
VІІ Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ұсыныстар мен қосымшалар

Файлы: 1 файл

1139_____--.doc

— 302.00 Кб (Скачать файл)

Біріккен үлгі құру үшін барлық нүктелік үлгіні таза, берік ыдысқа төгеді. Біріккен үлгісі бар ыдысқа өнім сорты мен түрінің аты, мекеме атауы, шыққан күні, смена номері,вагон, қойма номері, партия массасы, үлгі алу күні, үлгі массасы, үлгіні алған адамның қолы көрсетілген этикетканы салады.

Талдау жүргізетін орташа үлгі бөлігін 3 рет араластырып, квадрат түрінде тегістейді де қалақшамен әр жерінен сынама алады.

Ұнның органолептикалық бағалауын МЕМСТ 27558-87 бойынша өткізеді.

Ұнның түсін стандартта көрсетілген эталон немесе түстің сипаттамасымен салыстырып, көзбен қарау арқылы анықтайды.

Иісін анықтаған кезде 20г ұн сынамасын таза қағазға төгіп, деммен жылытады. Иісті күшейту мақсатында сынаманы стаканға салып, ыстық су (600) үстіне құяды. Суды төгіп тастап, өнімнің иісін анықтайды.

Ұнның ылғалдылығы МЕМСТ 9404-88 бойынша анықталады. Ылғалдылықты 2 параллельді сынаманы ауа – жылу әдісі арқылы анықтайды. Әдістің негізі ұндағы ылғалдылықты кептіру шкафта 130-1400С 40 минутта жою болып табылады.

Өнімнің ылғалдылығын (Х) мына формуламен анықтайды, %:

                                      Х=m1-m2/m

Мұндағы: т1 – кептіргенге дейінгі сынама массасы;

                 т2 – кептіргеннен кейінгі сынама массасы.

Ұнның күлділігі МЕМСТ 27494 бойынша анықталады. Ұнның күлділігін ұнды өртеп, жанбайтын қалдықтың массасы арқылы анықталады. Оның нөтижесі мына формуламен есептеледі:

Мұндағы : m3 – күлдің массасы, г;

                          m4 – қн сынамасының массасы, г;

                         W – ұн ылғалдылығы %.

Ұндағы клейковинаны МЕМСТ 27839-88 стандарты бойынша анықтайды.

Анықтау әдісі келесі:

13см суға 25 г ұн қосып илейді. Қалыңдығы 1,0-1,5 мм етіп жайып 1 дм суға 10 минутқа салып қояды. Осыдан кейін үлгіні жақсылап илеп 6 бөлікке бөліп МОК-1 қондырғысында жуады. Жуылған клейковинаны сорғытып өлшейді, 20 минут жабық ыдыста жұмсартады. Осы клейковинадан 4 г үлгі алынады, оны қалыңдығы 3мм қылып жаяды, соңынан дөңгелек шарға айналдырады. Шарды 18-20С суға 10-15 минут қояды.

Есептеу.

Х –    Мк х 100

                Мм

Мұндағы:  Мк  - шикі клейковинаның салмағы, г;

   Мм – алынған ұнның салмағы.

Есеп 0,01 дәлдікке дейін есептеледі. Өткізілген анықтаулардың айырмашылығы клейковинадан 2%, клейковина сапасынан 5 көрсеткіштен артық болмауы керек.

Ұн және ұн өнімнің сапасы желімшенің сапасы мен мөлшеріне байланысты болады. Ол МЕМСТ 27839 бойынша анықталады.

20 минут 180С тұрған 25 г ұн мен 13 мл судан иленген қамырды жуу жолымен ішкі желімшенің мөлшерін анықтайды.

Стандартқа сәйкес ұнның әр сорты үшін желімшенің мөлшері орташа ұн массасының 20-30%-тін құрайды.

Желімшенің сапасын анықтау үшін сығылған және өлшенген желімшеден массасы 4 г сынама алады. Талдауды қолмен немесе ИДК–1 қондырғыда өткізеді. 

3.7  Нан сипаттамасы 

Нан құндылығы – адам организіміне қажетті тағамдық заттардың құндылығымен анықталады. Оларға: ақуыз амин қышқылдары, витаминдер, минералдық заттар, калориясымен адам организімін өзіне үйрете алуы.Сонымен қатар нанның тағамдық қуаттылығына  мынандай көрсеткіштер әсерін тигізе алады: сапасы, дәмі иісі, сыртқы түрі.

Көптеген елдерде  тұрғындардың нанды тұтыну нормасы әр адамға шаққанда 150-500г. Кейбір халықтар арасында  нан ең негізгі тамақтанатын тағам болып табылады. Осыдан да біз нанның тағамдық құндылығымен  оның тамақтануда алатынын қарастырайық.

Көміртек. Нанның құрамында 45% көміртек болады. Нанның құрамындағы көміртек негізінен крахмалдан тұрады. Крахмал бұл – күрделі қант (полисахарид), құрамында көптеген жай қантар бар. Амилонетикалық ферменттердің әсерімен жай қантарға ыдырайды. Крахмал қамырды дайындауда суды сақтау,ал нанды пісіргенде суды байланыстыру қасиетімен ерекшеленеді.

Ақуыздар. Нанның бағалылығы оның энергетикалық құндылығымен бітпейді. Адам организіміне қажетті белоктың 9\1 бөлігін нан өнімдері жеткізеді. Белоктың негізгі құндылығы  басқа тағамдық заттармен ауыстырылмайды. Организмге келіп түсетін экзогендік аминқышқылдары, адам организіміне қажетті белок синтездейді. Және бірнеше қажетті функцияларды орындайды. Мысалы: энергетикалық тасымалдайтын, энергетикалық реттейтін қызметтерді атқарады. Адам организімінде белоктар қорға қалмайды,сондықтан олар адам организіміне күнде түсіп тұруы қажет. Егер протеин қажетті мөлшерден аз болса, онда зат алмасу процесіне қажет витаминдер мен минералдық заттар болмай қалады.

  Нандағы белоктың жалпы құрамы  оның ұн сортына байланысты  болады. Қара нан құрамында белок  аз,ал бірақ бидай ұнынан алынған нанда белок көп болады.

  Тамақтағы белоктың физиологиялық  және тағамдық құндылығы, ондағы  аминқышқылдарының құрамына байланысты. Аминқышқылдары: триптофан, лейцин, фениламин  адам организімінде синтезделмейді. Сонымен қатар адам организіміне  келіп түсетін аминқышқылдары белок сапасына байланысты.

4- кесте- Белокты құрайтын аминқышқылдары

Қажетті аминқышқылдары

          Аминқышқылдарының құрамы(100г)

бидай

қара бидай

Триптофан

Лейцин

Изолейцин

Валин

Треонин

Лизин

Метаоин

Фенеланин

1,24

6,90

4,40

4,33

2,72

2,70

1,27

4,50

1,06

6,08

3,89

4,81

3,19

3,74

1,30

4,50


 

Витаминдер. Олар тағамда аз мөлшерде болады,организімге аз мөлшерде әсерін тигізеді,зат алмасу процесін реттеп отырады.

Табиғи өнімдегі витаминдер өзіндік қасиетіне қарай 2-ге бөлінеді.Суда еритін (В витаминдерінің көп тобы, С және Р витаминдері) майда еритін (А, Д, Е, К).

Нан организмге  В1, В2, және РР витаминдерін жеткізуші қор болып табылады. В1 витаминдері организімде көміртектің алмасуынан қалыптасады. Организмде  неғұрлым  көміртек  көп  болса, соғұрлым В1 витаминін қажет етеді.

В2 витамині ағзалардың тыныс алу процесіне қатысады,организмде энергияның бөлінуіне үлесін қосады. Ал РР витаминінемесе неолетин қышқылы организмде биологиялық қышқылдану процесіне өте қажет. Витаминнің пайда болуы, оның ұндағы мөлшерімен анықталады. РР витамині бидай дәнінде 3-4,5 есе көп болады, бір-бірімен салыстырғанда  В2 витамині қара бидай дәнінде бірнеше есе көп болады. Тағы бір айта кететін жағдай,төменгі сортты ұннан жасалған нанда витаминдер қөп болады

Минералдық заттар. Тағамда қажетті мөлшерде кальций, фосфор, темір, калий, магний, мыс, йод және тағы басқа қосындылар болуы тиіс. Олар организмдегі көптеген физиологиялық процестерді реттеуші болып табылады. Нан фосфорға, темірге, калийге, магнийге бай. Нанда минералды заттардың болуы ұнның сортына байланысты. Неғұрлым нан сорты төмен болған сайын , нанда минералды заттар көпболады.

Нан және нандық өнімдердегі минералды заттардың мөлшері ұн сортына ғана байланысты емес, сонымен қатар дайын өнімнің ылғалдығына да байланысты болады.

Иісі және түсі. Наның иісі мен түсі қолданылған шикізаттың кұрамы мен қасиетіне,қамырдың ашуына,пісуіне байланысты. Нанның иісі мен түсіне нанды сақтау жағдайлары да әсерін тигізеді. Ашу процесінде қамырдың құрамында этил спирті, органикалық қышқыл, эфирлер жиналады, әрине оларда  нанның иісі мен түсіне өз әсерін тигізеді.

Нанның тағамдылық құндылығын арттыру үшін мал өнімдерін, өсімдік өнімдерін қолдануымызға болады. Мысалы: сүт. Тағы да нанның биологиялық кұндылығын жоғарлатудың бір түрі табиғи және синтезделген қоспалар қосу.

Ферменттік препараттар бидай және қара бидайдан жасалған нанның сапасын жоғарлатады. Ферменттік препараттар биохимиялық және микробиологиялық процестерді активтендіреді, қышқыл жиналуды тездетеді, жартылай фабрикат дайындауда уақытты қысқартады.

Химиялық жақсартулар. Оларға: оттек, кальций перекисі жатады.

Нанның тағамдылық құндылығын арттыру үшін  қазіргі кезде тағы басқа  көптеген заттар қосылады. Нан өндірісінде нанның тағамдық құндылығын арттыру үшін минералдық жасанды химиялық қосылыстар дайындайды.

Бидай мен қара бидайдың беретін ең басты өнімі – ұн . Сондықтан оның тартуға жарамдылығы деп оның шикізат пен (астықпен) энергияны аз жұмсап, көбірек және сапалы ұн беру қабілетін айтады.

Халықты жоғарғы сапалы тағамдармен қамтамасыз ету ең негізгі кезек күттірмейтін міндет. Сондықтан барлық тағамдар, оның ішінде астық және оны өңдегенде алынатын өнімдер барлық жағынан алға қойылған шартқа сәйкес болуы керек. Ол шарт мемлекеттік стандарттарда (ГОСТ-тарда) көрсетілген. Жоғары сапалы астықтан  жоғары сапалы өнімдер алынады және одан түскен түсім де көп болады. Сондықтан стандарт халық шаруашылығында маңызды орын алады. Сол арқылы халық шаруашылығының барлық салалары бірімен-бірі байланысады. Міне сондықтан мемлекет көлемінде астықтың сапасы қатал тексеріледі. Ол тексеру барлық мекемелерге бірдей құжат – стандарт арқылы жүргізіледі.

Стандарт деген сөз ағылшынның «standart» - норма,өлшем деген сөзінен шыққан. Стандарт халық шаруашылығының барлық салаларына бірдей міндетті талап,шарт. Ол барлық астықты өзінің сапасына қарай тиімді пайдаланып,одан барынша көп және жақсы өнімдер алуға арналған. Бұл өте қатал заң. Оны бұзған адам немесе мекеме заң алдында жауап береді. Барлық жерде оны баспаханада басылып шыққан формасында пайдалану керек,яғни көшірмесін пайдалануға болмайды.

Стандарт тауардың сапасын, оны сақтау, өңдеу жөніндегі барлық шарттарды, түсініктерді қарастырады.

Стандартты халық шаруашылығы мен ғылымның ең соңғы  жетістіктерін пайдалана отырып жасайды. Оны жоғарғы үкімет органдары бекітеді.

Стандарттар өзара категория және түрлерге бөлінеді. Категорияға мемлекеттік стандарттар, салалық, республикалық, мекемелік және техникалық шарт жатады. Мемлекеттік стандарттар ТМД елдерінің барлық аймақтарында бірдей пайдаланылады, салалық стандарттар тек сол салада, республикалық стандарттар тек республика көлемінде, мекемелік стандарттар сол мекемеде ғана қолданылады,ал техникалық шарттар болса, ол мемлекеттік стандарттардың бір тарамы ретінде, оның кейбір тармағын, әрбір жеке аймақтың жағдайына қарай бөле-бөлек шарттарды қолдануды қарастырады.

Мемлекетте нанның сапасы халық шаруашылығында маңызды орын алады. Халықты жоғары сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету – тамақ өнеркәсібі саласының ең басты міндеті. Осы міндетті орындауда мемлекеттің де үлесі  өте зор.

Нан сапасы  ең бірінші астық түріне, сапасына байланысты. Астық өндірісінде оның сапасы бірінші орынға қойылады. Астықтың сапасы өте күрделі фактор. Ол ауыл шаруашылығында себілген тұқымнан бастап, оны мемлекетке тапсыру, тазалау, өңдеу. Ең ақыры тамақ өнеркәсібінде нан т.б. пісіру процесімен  аяқталады. Осы процестерге көптеген адам күші, техника мен аппараттар қатысады.

Нан пісіру тамақ өнеркәсібі қызметінің ең ақырғы сатысы. Барлық дайындалған астықтың  90%-дан астамы нан және басқа да ұннан алынатын тағамдар жасауға пайдаланылады.

Астықтың нан пісіруге жарамдылық қабілеті деп, одан алынған ұнның сортына қарай қамыр илеп, ашытып,нан пісіргенде стандпрттың талаптарына сай келетін, сыртқыпішіні,көлемі жөнінде өте жақсы немесе жақсы деген бағаларға ие бола алатын нан беру қасиетін айтады. Сонымен бірге астықтың нан пісіруге жарамдылық қабілетіне  нанның  шектен төмен емес қөлемі, формасының дұрыстығы, пішіні, оның қоңыр қызғылт болып көз тартатын түсі, жылтырлығы, борпылдақ, сүйкімді жұмсақ ортасы, оның дәмі мен хош иісі де жатады.

Осы көрсетілген сапалық көрсеткіштер ұнның химиялық құрамына, оның ішінде қамыр ашығанда шығаратын газдардың көлеміне, байланысты болады.Ал бұл қаситтердің өзі ұнның қиыршықтығына, сумен қосылып жақсы көтерілетін қамыр иленуіне байланысты. Ұнның газ шығаратын қасиеті деп, қамырдың ашыған кезіндегі ашытқыда болатын ферментердің көмегімен бөліп шығаратын спирттің бууы мен көмір қышқыл газдың көлемін айтады.

Ұнның күші немесе бөлініп шыққан газдарды ұстап тұру қабілеті деп қамыр ашығанда жайылып кетпей, барлық бөлініп шыққан газдарды ұстап тұрып, қамырдың көлемін барынша үлкейту қасиетін айтады. Ол күш желімшесінің саны мен сапасына,белокты ыдырататын ферментердің активтілігіне байланысты. Егер пайда болатын газдардың көлемі мен қамырдың күші тепе-тең болса, сонда ғана нанның көлемі үлкен болып, ішкі құрлысы ұсақ, жұқа қабырғалы клеткалардан тұратын жібектей үлбіреген жұмсақ массадан тұрады.

Нан маңызының көп болуы, осыған байланысты аз ұннан көбірек қамыр алу мүмкіншілігі, ұнның, оның ішінде маңызының су сіңіргіштігіне байланысты. Бұл жерде ұнға көп су құйып оның көлемін үлкейту деген ұғым қалыптаспау керек. Егер негізін құрайтын белоктар табиғи белок болса, онда олардың су сіңіргіштігі өте үлкен (70%-дейін) болуы мүмкін. Ал өніп кеткен, көгерген,бұзылған астық (50%-дан жоғары) су қосылса,қамыр езіліп кетеді. Одан пісірілген нанның көлемі кішкентай болады. Қысқаша айтқанда қамыр илеуге керекті судың мөлшері оның сапасына байланысты.

Сапалы ұнға судың аз немесе көп қосылуыда кері нәтиже береді. Ол белгілі мөлшерде ғана болуы тиіс. Қазақстанның қуаңшылық аудандарында өсірілген бидайдан алынған ұн көбінесе суды көп қажет етеді. Ғылымда оны ұнның суды сіңіру қабілеті  деп атайды. Өндірісте оның орташа су сіңіру қабілеті 53%-ға тең болса, өте күшті ұнның бұл қасиеті 70%-ға дейін жетеді.

3.8 Нан өндіру технологиясы.

Нан – негізгі қоректік өнім. Азық-түліктік өнім ретіндегі нанның ерекшелігі – қалдықсыз желінетіні. Өндіру технологиясын дұрыс қолданғанда нанның бүкіл массасы (100%) жеуге жарамды.

Информация о работе Тақырып бойынша ақпараттық шолу