Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2015 в 21:35, реферат
Газ өнеркәсібі – табиғи газ кен орындарына барлау жүргізуді, мұнай, көмір мен тақтатастан жасанды газ өндіруді, өңдеуді, газды тасымалдау және оны өнеркәсіп пен коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта пайдалануды қамтитын отын өнеркәсібінің бір саласы. Газ өнеркәсібі әсіресе, АҚШ-та, Канадада, Мексикада ерте кезден дамыған. Англия, Франция, Бельгия, т.б. елдер 18 ғасырдың соңында тас көмірден жасанды газ өндіру ісін жолға қойды
Қазақстан Республикасынын газ кендерінің сипаттамасы.................3
Газды алысқа тасымалдау құбырының сұлбасы..................................5
Газ қоймалары.........................................................................................9
Қолданылған әдебиеттер.......................................................................1
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
«Ғимараттар мен имараттарды жобалау» кафедрасы
ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ ПӘНІНЕН
СӨЖ
Орындаған: ТГВ-31 тобының студенті Агибаев С.К.
Қабылдаған: Унаспеков Б.Ә.
Астана 2014
Мазмұны
Қазақстан Республикасынын газ кендерінің сипаттамасы
Газ өнеркәсібі – табиғи газ
кен орындарына барлау жүргізуді, мұнай,
көмір мен тақтатастан жасанды газ өндіруді,
өңдеуді, газды тасымалдау және оны өнеркәсіп
пен коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта
пайдалануды қамтитын отын өнеркәсібінің
бір саласы. Газ өнеркәсібі әсіресе, АҚШ-та, Канадада, Мек
Газ - калориясы жоғары, тасымалдануы
жеңіл, бағалы химиялық шикізат. Өндірісте пластмасса, химия талшықтарын, синтетикалық каучук, азот тыңа
Қазір Қазақстанда 4 газ өңдеу зауыты істейді Олар:
Қазақстан газ өнеркәсібіне
республикалқы аумағы арқылы өтетін Бұхара Орал – Орта Азия – Мәскеу, Бұхара –Шымкент
Газ саласын 2015 жылға дейiн дамыту тұжырымдамасында ескерілген барланған газдың көлемдері 1.8 трлн. шаршы м. құраған болатын. Бiрақ жаңартылған деректердiң және Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының кен орындары бойынша газдың бағаланған қорын ескерумен 2002 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйi бойынша пайдалы қазбалардың мемлекеттік теңгерiмiнiң негіздерiнде жиынтық қорлар 3,3 трлн. текше м. құрайды. Мысалы, тек "Қашаған" кен орны бойынша ғана Қорлар жөнiндегi мемлекеттiк Комиссияның 2002 жылғы 20 қазандағы қорлар жөнiндегi отырысының хаттамасына сәйкес газ қорлары 969.0 млрд. текше м. құрады. Бұл ретте газдың перспективалы және болжамдық ресурстары 6.0-8.0 трлн. текше м. дейінгі деңгейде бағаланады, бұл негiзiнен, Каспий теңiзi ресурстарын игерумен байланысты.
Газдың
саланы дамыту үшiн негiздiк мәнi бар болжамдалатын
ресурстарының басты ерекшелiгi iс жүзiнде
газдың барлық осы қорлары аса тереңдiгінен
(5 мың метрден астам), көп құрамдылығынан
және ең бастысы күкiртсутек қосылыстарының
жоғарылығынан алудың қиындығымен сипатталатын
Каспий маңы ойпатының қабаттарындағы
тұзасты түзiлiмдерде орналасқандығы болып
табылады. Сонымен бiр уақытта тереңдiгi
аса үлкен емес және құрамында күкiрттi
қосылыстар жоқ кен орындарында жергiлiктi
аймақтарды газдандыру үшін, мысалы Қызылорда,
Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан жергілiктi
маңызы үлкен бар газдың қоры онша көп
емес.
Халықаралық сарапшылардың
соңғы бағалары бойынша табиғи газдың
дәлелденген әлемдік қорының 37,6% (147,5 трлн.
текше м.) бұрынғы Советтер Одағының аумағында
шоғырланған. Бұл ретте Қазақстан табиғи
газдың барланған қоры мен болжамдық ресурстары
бойынша Тәуелсiз Елдер Достастығының
жетекшi төрт елiнiң қатарында тұр.
Қазiргі уақытта кен орындарының барлық санаттары бойынша шамамен газдың әзiрленiп жатқан және алдын ала бағаланған қорымен 130-дай кен орны тiркелген, оның: 21-газдық, 9-газконденсатты, 23-мұнай-газконденсатты, 31-мұнай-газды және құрамында аз-мұз газы бар тағы басқалары. Бұл ретте құрамында алынатын 80% астам көмiрсутек газ қорлары бар 44 кен орны әзiрлену үстiнде.
Газды алысқа тасымалдау құбырының сұлбасы
Газды тұтынушыларға құбырлармен тасымалдайды. 3.1-суретте газдың қалаларға дейінгі тасымалдау шарттары көрсетілген. Газ скважиналардан (СК) іріктеу орындарына (I0) келеді. Сол жерде қатты, сұйық қоспалардан тазартылған газ құбырлармен өндірістік газ тарату станцияларына (ӨГТС) жеткізіледі. Мұнда газды қайта тазартып, иістендіреді және қажетінше қысымын төмендетеді.
СК-скважиналар; І0-іріктеу орындары; ӚҚ-ӛндірістік құбырлар; ӚГТС-ӛндірістік газ тарату станциялары; МҚ-магистральды құбырлар; ҚКС-қосалқы компрессорлы станциялар; АТ-ажыратқыш тетіктер; ГТС-газ тарату станциялары; ЖҚ – жер асты қоймалары;
ҚТ-қосалқы тұтынушылар.
3.1-сурет. Газды қалаларға дейінгі тасымалдау
Газдың өз қысымы алғашқыда жеткілікті болғанымен өндіру барысында төмендей бастайды. Сол себептен басты компрессорлы стансалар қолданылады. Қосалқы компрессорлы стансалар әрбір 150 км сайын орнатылады. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге қолайлы болу үшін кем дегенде әрбір 25 км сайын ажыратқыш тетіктері орналастырылады. Газды тасымалдау және газбен жабдықтау сенімді болу үшін желілер санын екі немесе онан да көп етіп қабылдайды. Магистральды газ құбыры қалалық немесе ірі өндіріс тораптарынының ГТС-мен шектеледі.
Қаладағы газ құбырлары қысымы мен қолдануына байланысты түрленеді. Қолданылуына қарай газ құбырларын мынадай үш топқа бөлуге болады:
1. Қаладағы барлық тұтынушыларға газ жеткізетін тарату желілері. Төменгі, орташа, жоғары қысымды газ тарату желілері айнала жабық және тұйық болып орындалады;
2. Тарату желілерінен жеке немесе топталған тұтынушыларға газ тасымалдайтын тармақтар;
3. Үй ішіндегі аспаптарға газ жеткізетін үйдегі құбырлар.
Қысымдарына қарай қаладағы газ құбырлары төмендегідей түрленеді:
1. Қысымы 5 кПа-ға дейінгі қысымдағы тӛменгі газ желілері;
2. 5 кПа-дан
0,3 МПа-ға дейінгі орташа
3. 0,3-0,6 МПа аралықтарындағы II-дәрежелі жоғарғы қысымдағы желілер;
4. 0,6 МПа-дан 1,2 МПа-дейінгі I-дәрежелі жоғары қысымдағы табиғи газды тасымалдаушы желілер. Ал сұйытылған газдағы желілерде қысым 1,6 МПа-ға дейін болуы мүмкін.
Төменгі қысымдағы желілермен газ тұрғын қоғамдық үйлер және тұрмыстық қызмет көрсету мекемелеріне тартылады. Тұрғын үйлердегі құбырлардағы қысым 3 кПа-дан аспауы қажет.
Орташа және II-дәрежелі жоғары қысымдағы желілер газ реттеу орындары (ГРО) арқылы қалалық орташа және төменгі газ тарату желілерін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар газ реттеу орындары (ГРО) арқылы өнеркәсіп және үй-жай мекемелеріне таратылады.
I-дәрежелі
жоғары қысымдағы газ желілер
ірі қалаларды газбен
Желілердегі қысымдар сатыларына байланысты газбен жабдықтау жҥйелері мынадай болып бөлінеді:
1. Екі сатылы төменгі және орташа немесе төменгі және II-дәрежелі жоғары қысымдағы желілер.
2. Үш сатылы төменгі, орташа және II-дәрежелі жоғары қысымдағы желілер.
3. Көп сатылы барлық қысым сатыларындағы желілерден құралады.
Үш және көп сатылы газ жүйелері ірі қалаларда ғана қолданылады. Қалалардағы газ көзі газ тарату станциялары ГТС-лары болып табылады.
3.2-суретінде
қаланы газбен жабдықтау
1- магистральды газ құбырлары; 2- газ тарату стансалары; 3-газ реттеу орындары; 4,5,7-жоғарғы, орташа және тӛменгі қысымдау газ желілері; 6-жер асты қоймалары
3.2-сурет. Қаланы газбен жабдықтау көп сатылы жүйе
Газ құбырлары көбінесе жер астымен, ал сәулет талаптарына сәйкес жағдайларда жер бетімен жҥргізіледі. Жерге көмілген, құбырлардың төмендігі түскен салмақтың әсер етпеу шамасымен анықталады. Сонымен қатар жер асты құбырлары жақсы жылу ажыратқыш болып табылады. Тереңдік өскен сайын жұмсалатын қаржы да өсе түседі. Газ құбырларын жүргізу шарттары КНжЕ 2.04.08-87* көрсетілген.
Газ құбырларын жүргізу кезінде оларды тоттанудан сақтау қажет. Темір тоттанған кезінде сыртқы беті қоршаушы орта әсерімен бұзыла бастайды. Қаладағы газ құбырларын тоттанудан сақтау үшін алдын-ала мынадай көрсеткіштер анықталады:
- құбырлар жүргізілетін жерлердің тоттануға тигізер әсері;
- жер қабатындағы кездейсоқ токтардың болуы;
- газ құбырларының электрлік тоттану шарттары.
Жалпы тоттануға мынадай көрсеткіштер әсер етеді: топырақ құрамы, ылғалдылығы, құбырлар жҥргізілетін тереңдік, жақын маңдағы электр көздері және жақын орналасқан басқа да жер астындағы жүйелер. Құбырларды тоттанудан екі әдіспен сақтандырады. Біріншісі құбырларды көп қабатты оқшаулау және әртүрлі материалдармен құрау болса, екіншісі катодты протекторлы және электрлік дренаж деп аталатын мұқият ұйымдастырылған.
әдістер. Бұл жағдайда жердің ылғалы, қышқылдар, тұздар және басқа жағдайлар газ құбырының бетінде гальваникалық элементтер туғызады, соның арқасында анодты бөлік, яғни темір құбырға тоттануға мүмкіндік болады.
3.3-суретте анодты (А) және кадотды (К) екі гальваникалық орындар көрсетілген. Анодты орын болуы себебі – сақтандырғыш материалдың жоғынан, әлде оның жыртылуға мүмкіндік болғанда (мысалы жер қазу кезінде). Катод орынан электрі ток металмен анодқа жылжиды (жоғары жағы), ал жер бойымен (астынғы жағы) анодтан, катодқа жылжуы кезінде А нүктесінде металлдың беті бұзылады.
1-жер; 2-құрсау (сақтандырғыш) материал жыртылған орын; 3-құбырдың қабырғасы; 4-құбырдың ішкі жағы; 5-қалыпты бөлік.
3.3-сурет. Газ
құбырдың бетінде
Электрлік көліктердің (трамвай, темір жолы) рельстерінен темір құбырларға кездейсоқ электр тоғынан электро-химиялық бұзылуларға әкеледі. Кездейсоқ электр тоғының трамвай жолынан газ құбырға әсер беруі 3.4-суретте көрсетілген. Бұл жағдайда электр тоғының жоғары әсерімен құбырдың сыртында тесіктер болуы мҥмкін.
Тоттануға қарсы екі әдіс қолданылады. Біріншісі құбырларды сақтандырғыш материалдармен құрсау, ал екіншісі кездейсоқ электр тоғынан қорғайтын катодты, протекторлы және кездейсоқ тоқты оның көзіне қайтаратын электрлік дренаж. Бұл әдістер жер астындағы құбырларға қолданылады. Жер бетіндегі құбырларды сыртқы бетін өңдеу (сырлау, лактау т.б) арқылы қорғайды.
Газ қоймалары
Газды қолданудың мезгілді тегіссіздігін жабу үшін келесі жерасты сақтағышының негізгі түрлері қолданылады:
Соңғы екі түрі сұйықтатылған газды сақтауға арналған.
Газды қолданудың мезгілдік тегіссіздігінің компенсациясының орынды әдісі болып жазғы газдың артығын сақтайтын, ал қысқы уақытта олардан газдың жетіспеушілігі жабылатын шеткі пунктердің қасында жерасты қоймаларын құру табылады. Егер олар пайдалану аудандарынан үлкен емес қашықтықтарда орналасса, онда ондай қоймалар ең тиімді болып келеді. Жерасты қоймаларының экономикалық тиімділігі олардың көлеміне тәуелді, неғұрлым пайдалы көлем болса, соғұрлым жерасты қойма тиімді болады. Жобалау және пайдаланудың тәжірибесі мен есептеулері жерасты қойманың көлемі бірнеше жүздеген миллион куб метрге тең болуы керек.
Информация о работе Қазақстан Республикасынын газ кендерінің сипаттамасы