Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2015 в 21:35, реферат
Газ өнеркәсібі – табиғи газ кен орындарына барлау жүргізуді, мұнай, көмір мен тақтатастан жасанды газ өндіруді, өңдеуді, газды тасымалдау және оны өнеркәсіп пен коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта пайдалануды қамтитын отын өнеркәсібінің бір саласы. Газ өнеркәсібі әсіресе, АҚШ-та, Канадада, Мексикада ерте кезден дамыған. Англия, Франция, Бельгия, т.б. елдер 18 ғасырдың соңында тас көмірден жасанды газ өндіру ісін жолға қойды
Қазақстан Республикасынын газ кендерінің сипаттамасы.................3
Газды алысқа тасымалдау құбырының сұлбасы..................................5
Газ қоймалары.........................................................................................9
Қолданылған әдебиеттер.......................................................................1
Газды сақтауға арналған қабат коллектор үлкен ұзындықты қосымша коммуникацияны салуды болдырмау үшін пайдалану орнының қасында орналасуы керек. Газдың шығының болдырмау үшін таңдалған коллектор саңылаулы болуы керек. Газдың шығының болдырмау үшін таңдалған коллектор саңылаулы болуы керек. Қабат жамылғысы шығын және төзімді болуы өте маңызды. Қойма үстіндегі жамылғы тығыз пластикалы сазбен немесе қатты әктастармен және жарықшақтар мен сыңықтардың болмауы кезінде доламиттермен берілсе, онда 300-1000м тереңдікте 5-15м-де жамылғы қуаты газдың ағуын болдырмауға жеткілікті болады. Аулағыштағы газ төмен орналасса, онда шеті бойынша сумен. Ең тиімдісі 300-500м тереңдіктегі қойма болып келеді.
Газды қоймадан іріктеу келесі түрде жүреді. Пайдаланушы ұңғыдан газ жеке шлеифтері бойынша газ тарату пунктеріне түседі. Гидрат түзілуін болдырмау үшін ұңғымен шлейфке метилл спирті беріледі. ГТП-де циклонды айырғышты тамшы ылғалынан газдың екі сатылы айыруын жүргізеді. Газдың қысымын жеке штуцерлер көмегімен редуцирлейді. Одан әрі газ шаң ұстағыштан өтіп, кептірудің диэтиленглеколды қондырғысына бағытталады, ал одан шық нүктесінен шамамен 270К магистралды құбырға түседі және тұтынушыға кетеді.
Сулы қабатта газдың қоймасын пайдалану кезінде газды айдағандағы ығысатын су жоғарғы 13 және төменгі 14 қысымды тораптарға түседі, одан әрі бассейнге 15 және сорап пен аса алыс қабаттарға жұту ұңғылары арқылы айдалады. Тұзды сумен жуып тазалау жүргізілетін тұзды күнбездегі газдық жерасты қоймасының құрылысы аса тиімді болып келеді. Өкінішке орай, ірі өндірістік центрлердің қасында, ереже бойынша, тұздың жатынының құрылымына сәйкес келетіні жоқ.
Тұзды күмбезді қоймадан газды іріктеудің екі тәсілі мүмкін: рассол мен газды ығыстыру және газдың іріктеудің құрғақ әдісі. Рассолды қолданып қойманы пайдалану кезінде тұрақты қысымды газ тұтынушыға берілуі мүмкін. Бұл тәсілдің басқа артықшылығы үлкен көлемді сілтіден айыру камераларын құру мүмкіндігі болып табылады. Тұзды күмбезде құрғақ жер асты қойнауын сумен жуу әдісімен жабдықтайды. Қойманың берілген көлемі жуылғаннан кейін тұзды сыйымдылыққа рассолды ығыстыра отырып табиғи газды айдайды. Жуу кезінде қолданған аспалы колоннаны алып тастайды, ал пайдаланушыға шегендеуші колоннаны қояды. Табиғи газды компрессормен сыйымдылыққа айдайды, сыйымдылықтан іріктейді және сыйымдылықтағы ішкі қысым есебінен транспортталатын желіге беріледі.
Газды сақтаудың құрғақ тәсілінің артықшылығы пайдаланудын тиімділігі және жайлылығы; тұтынушыға газды беру сыйымдылықтағы газ қысымы есебінен жүзеге асады; газды құрғату бойынша құрылымы құру қажеттілігі болмайды.
Қолданылған әдебиеттер
Информация о работе Қазақстан Республикасынын газ кендерінің сипаттамасы