Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 07:49, реферат
Кіріс тізбегі – антеннаны бірінші каскадпен байланыстыратын радиоқабылдағыштың бөлігі. Кіріс тізбек антенна қабылдаған сигналдарды өзінің таңдайшылық (іріктеушілік) қасиеті арқылы пайдалы сигналды анықтайды, бөгеулер әсерін азайтады, пайдалы сигналды күшейтуге (әлсіретуге) мүмкіндік береді.
Қабылдағыштар белгіленген жиілік диапазонында жұмыс істейді. Бұл жағдайда антенна ешқандай таратушыға бағытталып орнатылмайды. Бұндай антеннаның шығыс кедергісі комплексті болады: немесе активті-сыйымдылықты, активті-индуктивті. Бұл антенна орнатылмаған деп аталады.
ҚАБЫЛДАҒЫШТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ
Радиоқабылдағыштардың кіріс тізбектері
Кіріс тізбегі – антеннаны бірінші каскадпен байланыстыратын радиоқабылдағыштың бөлігі. Кіріс тізбек антенна қабылдаған сигналдарды өзінің таңдайшылық (іріктеушілік) қасиеті арқылы пайдалы сигналды анықтайды, бөгеулер әсерін азайтады, пайдалы сигналды күшейтуге (әлсіретуге) мүмкіндік береді.
Қабылдағыштар белгіленген жиілік диапазонында жұмыс істейді. Бұл жағдайда антенна ешқандай таратушыға бағытталып орнатылмайды. Бұндай антеннаның шығыс кедергісі комплексті болады: немесе активті-сыйымдылықты, активті-индуктивті. Бұл антенна орнатылмаған деп аталады.
Профессионалды қабылдағыштарда антенна таратушының жиілігіне бағытталып орнатыладыоның шығыс кедергісі активті болады. Бұл антенна орнатылған деп аталады.
Орнатылмаған антеннамен жұмыс істегенде кіріс тізбектің негізгі көрсеткіші болып берілу коэффициенті, айналық және тікелей арнаны іріктеуі табылады.
Орнатылған антеннамен жұмыс істегенде кіріс тізбектің негізгі көрсеткіші болып максималды берілу коэффициенті және шуыл коэффициенті табылады.
Орнатылмаған
антенна кіріс тізбектің
Кіріс
тізбектің негізгі
Кіріс тізбектің негізгі көрсеткіштері радиоқабылдағыш жұмыс істейтін антеннаның типіне байланысты болады. Резонанстық контурлар санына байланысты кіріс тізбек: бірконтурлы, екіконтурлы және көпконтурлы болып бөлінеді. Кіріс тізбек тек бір жиілікке орнатылуы мүмкін. Антеннамен байланысу тәсілі бойынша: сыйымдылықты, индуктивті, автрансформаторлы, комбинирленген. Антеннаның кіріс тізбектің тербеліс жүйесіне әсерін азайту үшін реактивті элементтер қолданылады.
Кіріс тізбектің таңдаушылығы резонанс жүйесінің формасымен анықталады. Егер кіріс тізбек жалғыз тербелмелі контурдан түрінде болса, онда шығыс кернеудің кіріс кернеу тұрақты амплитуда болғандағы жиіліктің өзгеруімен анықталатын амплитудалы-жиіліктік сипаттама резонанстық сипаттама деп аталады:
мұнда: dэ – параллель контурдың эквивалентті өшуі.
мұнда: Lk – контур катушкасының индуктивтілігі;
ω0 – контурдың өзіндік жиілігі;
gk – контурдың активті өткізгіштігі;
gk1kac – қабылдағыштың бірінші каскадының активті өткізгіштігі;
m – қосылу коэффициенті, бірінші каскад әсерін азайтуға мүмкіндік береді.
Айналық арнаның
таңдаушылығын резонанстық
Берілу коэффициенті – бірінші каскадтағы кіріс кернеудің ЭҚК ке қатынасы, Еа эквивалентті сезімталдық.
Беріліс коэффициенті
кіріс тізбектің антеннаға
Ссв – байланыс сыйымдылығы.
Егер индуктивті схемамен байланысса:
мұнда: Ксв – катушкалар арасындағы байланыс коэффициенті;
ωа – антенналық контурдың өзіндік жиілігі.
Бұл формулалардан беріліс коэффициенті қабылданған сигналдың жиілігіне байланысты екенін көреміз.
ҚАБЫЛДАҒЫШ
ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ
Радиоқабылдағыш құрылғылардың сезімталдығы
Сезімталдық – қабылдағыштың әлссіз сигналдарды қабылдау қабілетін көрсетеді. Сезімталдықты Еа (мкВ) әдетте ЭҚК ең кішкене мәнімен бағаланады немесе оны бөгеуіліктермен бұрмалауға болмайтын сигналдың нормалды қайта қалпына келтірілуі бар тұрақты қабылдау мүмкін болатын антеннадағы радиосигналдың қуатымен бағаланады.
Қабылдағыштар сезімталдығы олардың арналуына қарай үлкен шектерде өзгереді. Осылай, радиохабар тарту қабылдағыштарының сезімталдығы сапа класына байланысты 50....300 мкВ аралығында жатыр. Радиолокациялық қабылдағыштардың сезімталдығы мәні шамамен 10-12...10-15 Вт. Феррит антеннасы бар қабылдағыштар үшін өріс кернеулігі бойынша сезімталдық түсінігі пайдаланылады. Оның мәні 0,3 тен 5 мВ/м –ге дейін.
Еа неғұрлым аз болған сайын сезімталдық соғұрлым жоғары болады. Қабылдағыш құрылғының сезімталдығы шығыс кернеудің К0 күшейту коэффициентімен байланысты. К0 неғұрлым жоғары болған сайын сезімталдық та соғұрлым жоғары болады. Бірақ сезімталдық шуылдармен шектеледі яғни қабылдағыштың күшейткішін өсіргенде сигналдың шығыс кернеуімен қоса оның шуылы да қоса өседі.
Жиіліктік модуляцияланған қабылдағыштарда негізгі бөгеу ішкі шум болып табылады. Бұл қабылдағыштардың сезімталдығын көбейт үшін олардың ішкі шуылын азайту қажет.
Радиоқабылдағыш құрылғының таңдаушылығы (іріктеушілігі)
Радиоқабылдағыш құрылғының таңдаушылығы (іріктеушілігі) деп жиілік бойынша ерекшеленетін әртүрлі сигналдардан қабылданатын станцияның сигналын бөліп алу қабілетін айтады. Сигналдың негізгі белгісі жиілігі болып табылады.
Жиілік бойынша жақын бөтен
сигналдардың, яғни көрші жиіліктік
арнаның, бөгеуліктерін
Бірінші
жуықтауда таңдаушылықтың
Амплитудалық модуляция кезінде fn= 25 кГц;
Жиіліктік модуляция кезінде fn= 250 кГц.
Қабылданған сигналдың қайта
дыбыстық шығарылуы қабылдағыштың
жеке каскадтарындағы
Қазіргі уақытта тікелей күшейтуі бар, регенеративті, суперрегенеративті, жиілікті бір ретті және екі ретті түрлендіруі бар супергетеродиндік қабылдағыштар кең қолданыс тауып отыр.
Жиілік түрлендіргішіне fc жиілігі бар сигнал кернеуімен қатар жиілігі fг гетеродин (кіші қуатты автогенератор) кернеуі беріледі. Осы кернеулердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде жиілік түрлендіргішінде әртүрлі комбинациялық жиіліктердің құрастырушылары пайда болады, олардың ішінен тек біреуі пайдаланылады. Әдетте fnp =fr-fc құрастырушысы пайдаланылады.
Іс жүзінде fпр мәні әдетте
тасымалдаушы сигнал жиілігі fc – дан кіші, бірақ модуляциялайтын сигнал жиілігі Fc –дан үлкен. Сөйтіп fnp түрлендірілген жиілік fc мен Fc арасындағы шамаға тең болғандықтан ол аралық жиілік деп аталады.
«Супергетеродин»
атауы құрама (супер + гетеродин),
мұнда «гетеродин» сөзі
Супергетеродиндік қабылдағыштың маңызды жақсылығы, оның басқа станцияға қайта бапталғанында аралық жиілігінің fnp өзгермеуінде. Өйткені қабылдағышты екінші сигнал жиілігі fc – ға келтіргенде онымен бірге гетеродин жиілігі де fr -fc =fnp айырмасы тұрақты болатындай солайша өзгереді.
Сөйтіп,
супергетеродиндік
Супергетеродиндік
Айналық арнаның, пайдалы
Жиілігі аралыққа тең арна
екінші қосалқы арна болып
табылады. Түрлендіргіш кірісіне
келіп түсетін осындай
Тұрмыстық хабар тарату қабылдағыштарында тасымалдаушы жиілік 465 кГц-ке тең, яғни ол ҰТ(ДВ) және ОТ (СВ) толқындар радиохабар тарату диапазондарының шекарасында «терезеде» орналасқан.
Детектор. Детектрлеу (демодуляция) деп, пішіні төменгі жиілікті модуляциялайтын сигналды қайта қалпына келтіру үшін модуляцияланған жоғары жиілікті сигналды түрлендіру процесін айтады. Детектрлеу деп кіріс тербелісті нөлдік жиіліктік тербеліске түрлендіру процесін қарастыруға болады. Детекрлеу көбінесе сызықтық емес элементтердің жартылай өткізгіш диодтың немесе төменгі жиілікті сүзгіш түріндегі жүктемелердің көмегімен жүзеге асады. Детекторлар (демодуляторлар) модулятолар іске асыратын функцияға қарама-қарсы функцияны орындайды. Қабылданатын сигналдың түріне қарай детекторлер былай бөлінеді:
Амплитудалық детектор. Амплитудалық детектор деп кіріс сигнал амплитудасының өзгеру заңын қайталайтын ток пен кернеуді алуға арналған құрылғы. Ол амплитудалы-модуляцияланған қабылдағыштарда қолданылады. Детектрлеу төменгі жиілікті сүзгіш болып табылатын жүктеме RC және жартылайөткізгіш диодтың (сызықтық емес элемент) көмегімен жүзеге асады.
Амплитудалық детектор әлсіз сигналдармен де күшті сигналдармен де жұмыс істейді.
Күшті сигналдарды детектрлеу кезінде диод арқылы кіріс токтың жарты периодты өзгерісі ағады. Кіріс кернеудің амплитудасының детектордың шығыс тоғына қатынасы детектордың сипаттамасы деп аталады. Детектрлік сипаттама әлсіз сигналдарда – сызықты емес (шаршы тәріздес), күшті сигналдарда – сызықты.
Амплитудалық детектордың негізгі параметрлері. Детектордың берілу коэффициенті Кд – бұл Uш шығыс кернеудің Umax жоғарғы жиілікті кіріс кернеуге қатынасы:
Кд күшті сигналдарды детектрлеуде қиып түсу бұрышына байланысты болатындығы детектрлеу теориясынан бізге белгілі. Қиып түсу бұрышы өз кезегінде детектор схемасына байланысты болады. Қиып түсу бұрышының мәні мына формуламен есептеледі: