Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 07:49, реферат
Кіріс тізбегі – антеннаны бірінші каскадпен байланыстыратын радиоқабылдағыштың бөлігі. Кіріс тізбек антенна қабылдаған сигналдарды өзінің таңдайшылық (іріктеушілік) қасиеті арқылы пайдалы сигналды анықтайды, бөгеулер әсерін азайтады, пайдалы сигналды күшейтуге (әлсіретуге) мүмкіндік береді.
Қабылдағыштар белгіленген жиілік диапазонында жұмыс істейді. Бұл жағдайда антенна ешқандай таратушыға бағытталып орнатылмайды. Бұндай антеннаның шығыс кедергісі комплексті болады: немесе активті-сыйымдылықты, активті-индуктивті. Бұл антенна орнатылмаған деп аталады.