Калашников автоматы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2014 в 07:29, реферат

Описание работы

Бұл автоматты жасап шығарушы Михаил Тимофеевич Калашников 1919 жылы туылған. Он тоғыз жасында армияға шақырылады, осы кезден бастап, оның атыс қаруына деген қызығушылығы басталады. Алғашында «ТТ» тапаншасына өзгерістер ендірмекші де болды. Осы жоспарларын Ұлы Отан соғысы бұзды. Михаил Калашников Қазақстанға екінші дүниежүзілік соғыс басталардан бұрын келген.
Ол 17 жасында Ресейдің Алтай өлкесінде қару-жараққа қатысты полиция тергеуіне ілігеді. Бақша қазып жүрген досы браунинг тапаншасын тауып алып, оны Калашниковке әкеліп береді. Мұны біліп қойған милиция Михаилды шақырып алып, тергеп, қаруды өткізуін талап етеді. Бірақ ол өзінде қару барын мойындамайды.

Файлы: 1 файл

Sharipov.doc

— 2.22 Мб (Скачать файл)

КАЛАШНИКОВ  АВТОМАТЫ

 

 Бұл автоматты жасап шығарушы Михаил Тимофеевич Калашников 1919 жылы туылған. Он тоғыз жасында армияға шақырылады, осы кезден бастап, оның  атыс  қаруына деген қызығушылығы  басталады. Алғашында «ТТ» тапаншасына өзгерістер ендірмекші де болды. Осы жоспарларын Ұлы  Отан соғысы бұзды. Михаил Калашников Қазақстанға екінші дүниежүзілік соғыс басталардан бұрын келген.

 Ол 17 жасында Ресейдің  Алтай өлкесінде қару-жараққа  қатысты полиция тергеуіне ілігеді.  Бақша қазып жүрген досы браунинг тапаншасын тауып алып, оны Калашниковке әкеліп береді. Мұны біліп қойған милиция Михаилды шақырып алып, тергеп, қаруды өткізуін талап етеді. Бірақ ол өзінде қару барын мойындамайды.

      Оны босатқанымен, осы оқиғадан кейін Михаил Калашниковтен күдіктенетіндер көбейеді. Күдіктен құтылудың амалын іздеген ол Алтай өлкесіндегі туған ауылы Курья ауылынан кетуді ұйғарады. Сөйтіп жанындағы жолдасының үлкен ағасы жұмыс істейтін Матай станциясына (қазіргі Алматы облысы – ред.) келеді.

       1937 жылдың күзінен 1938 жылдың тамызына дейін Михаил Калашников Түркістан-Сібір темір жолы бөлімшесінде әуелі есепші, кейін техникалық хатшы болып істейді. 1938 жылдың тамызында әскер қатарына шақырылған Михаил Калашников Киевтегі айрықша әскери округтың танк әскерінде қызмет етеді. Армияда жүргенде өнертапқыштық қабілеті байқалған Михаил Калашников танк моторесурсын есептейтін құрал ойлап тауып, округ қолбасшысы Георгий Жуков оны аты жазылған сағатпен марапаттайды.

 

       Конструктор Михаил Калашников Ижевск қару зауытының 200 жылдығы мерекесінде жүр. 7 тамыз 2007 жыл. Михаил Калашников әуелі танк командирі, кейін

взвод командирі шенінде  соғысады. Алайда жаумен ұзақ шайқасудың сәті түспей, 1941 жылдың тамыздың 31-і  күні жараланып, контузия алады. Госпитальда  жатқан ол пистолет-пулемет құрастыруды армандайды. Емделіп шыққан соң оған жарты жыл демалыс береді. Үйіне бара жатып, жол-жөнекей Матай станциясына соғады. Ойындағы пистолет-пулеметтің үлгісін әскерге шақырылғанға дейін жұмыс істеген депода құрастырып шықсам деген ой келеді. Бұл жоспарын баяндау үшін бірден темір жол депосы бастығына жолығады.

 

        Калашников өз мемуарында «Ойымдағы қарудың үлгісін жасау туралы жоспарымды мұқият тыңдады. Сызба-нобайларымды қарап шыққан депо бастығы ең бастысы, алдында отырған адамның қойған мақсатына жетуден таймайтын табандылығы мен жауды жеңу үшін қолынан келгенді аянбауға бекінген жігерін таныған сияқты» деп жазады.

 

        Ақыры бастық «негізгі жұмыстан тыс уақытта, көбінесе түнде ғана көмектесетін болсын» деген шартпен тәжірибе жасау тобын жасақтауға рұқсат береді.

       Пистолет-пулеметті құрастыруға тынымсыз үш ай уақыт кетеді. Жеті сынып қана бітірген Михаил Калашниковтың арнайы техникалық білімінің жетіспейтіндігі сезіледі. 1947 жылы арнайы комиссия автоматты қабылдап, оған АК-47 («Автомат Калашникова-47») деген ресми ат береді.

 

        Халық жадында да осы ресми деректер сақталған. Совет Одағы және онымен байланысты көптеген аңыздар күйреген соң кейбіреулер Калашников автоматының шығу тарихына да күмәндана бастады. «Калашниковтың сызбалары қолға түсірілген неміс құжаттарының көшірмесі екен, Совет армиясының қатардағы сержантын автоматтың авторы ете салған» деген сарындағы мақалалар жарияланды. Қалай болса да Михаил Калашников советтік қару жасау ісінің ақсақалы рөлін Удмуртия астанасы Ижевск қаласында 95-ке қараған шағында қайтыс болғанға дейін орындап кетті.

        Оның генерал-лейтенант деген әскери шені, екі мәрте Совет Одағының батыры және Ресей батыры деген атағы бар, салтанатты жиындарға киген мундирінің кеудесі орден-медальға толы.

 

Танкілердің Брянск түбіндегі   шайқасында  М.Т. Калашников ауыр жараланып, госпиталдағы емделуден кейін 6 айға демалыс алып, армияға алынған жері Алматыға келеді. Осы жерде   1942 жылы   ол алғашқы   автоматын (тапанша – пулеметті) жасап шығарады, оны  сынақтан Дзержинский атындағы  академияда өткізеді. Атыс қарулары жөніндегі   белгілі маман академик   А.К.Благонров бұл қаруды  сынақта өткізеді.      Академик   А.К.Благонров өз қорытындысында   бұл жас  қару  жасаушының табиғы  дарын иесі  екендігін мойындап оған техникалық білім  беру керектігін ескертті.

М.Т. Калашников  алғашқы  сәтсіздіктерден  мойымай  өз жұмысын жалғастыра берді. Көп қиындықтардан  кейін  1947 жылы автомат жасап шықты оны  «АК-47»  деп атады. Бұл автомат сынақтан сүрінбей өтті. М.Т. Калашниковті 1949 жылы  Мемлекеттік сыйлықпен марапаттады. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғына дейін Орта Азия әскери округінде болған Михаил Калашников қол пулеметі мен өзі оқталатын карабин де құрастырды. Ол Матай станциясы – Алматы – Ташкент – Самарқанд – Мәскеу– сынақ полигоны арасын талай шарлады. Бірақ бәсекелестерінің конструкциясынан оза алмаған Михаил Калашниковтың қол пулеметін де, карабинін де қабылдамады.

 

       Конструктор Михаил Калашников (оң жақта) және Ресей президенті Владимир Путин. Ижевск, 18 қыркүйек 2013 жыл. Бірақ талай сынақтан өтіп ысылып, білімін

жетілдірген соң АК-47 автоматы 1947 жылы сынақта бәсекелестерін басып озды. Қазақстан мен Өзбекстанда  жасаған кейбір конструкциялары  мен тетіктерін  Калашников өзінің даңқты автоматын құрастыруға пайдаланады.

        1944 жылдың күзінен бастап Михаил Калашников Орта Азиядан тыс жерлерде – Мәскеу түбіндегі полигонда, Ковров, Ижевск қалаларында жұмыс істеді. Қазақстанға да келіп-кетіп жүрді. Бірде Алматыға бір топ оператормен бірге Калашников өзінің шекарашылармен достығы туралы фильм түсіруге келді. Сол кезде оны Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев қабылдаған.

       Михаил Калашников Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші президенттік мерзімге сайлануына орай жолдаған құттықтау телеграммасында «Өмірімдегі ең маңызды, үлкен конструкторлық өмірге жолдама берген алғашқы тапанша-пулеметті құрастыру оқиғасы Қазақстанмен байланысты. Мұны ешқашан ұмытпаймын» деп жазды.

 Михаил Калашников  құрастырған түрлі үлгідегі автоматтар қазір әлемде ең көп тараған атыс қаруына айналып, оның ондаған миллион данасы шығарылды. Әлемнің 50-ден аса елінің қарулы күштері Калашников автоматын пайдаланады. Автоматтың негізгі қасиеттері - қарапайым конструкциясы мен мықтылығы жоғары бағаланады.

 

 Кейбір елдер Калашников  автоматын тәуелсіздік белгісі  ретінде өз туы (Мозамбик) мен  елтаңбасында (Мозамбик, Шығыс Тимор)  бейнелейді.

2006 жылы соңғы жүз  жылдағы ең үздік атыс қаруының  америкалық Military Channel телеарнасы құрастырған рейтингінде АК-47 автоматы бірінші орында тұр.

 

      50-ден астам елдің әскері Калашников автоматын ұстайды. «Адам өлтіретін қаруды құрастырды» деген

айыптауларға Михаил Калашников «Әйтеуір, ақталуға тиіс болмасам да, үнемі ақталуыма тура келеді. Мен мұны өзімнің отанымның даңқын шығару үшін жасадым. Автоматты террористер үшін емес, отанды, оның мүддесі мен шекарасын қорғау үшін шығардым.  Оның ақиқаты мен күші де осында. Осы мақсат үшін әлі де қызмет еткенін қалаймын. Мен үшін бұл бейбітшілік қаруы, сондықтан бейбіт заманда ол құлыптаулы тұруы тиіс. Ал бұл - саясаткерлердің ісі» деп жауап берген.

 

        Калашников Ижевск қаласына 1949 жылы көшіп келген. Калашников автоматын шығаратын негізгі өндіріс орны да осында орналасқан. Ол даңқты автоматты құрастырғаны үшін ешқандай дивиденд алмаған. Негізгі кіріс көзі ретінде ол зейнетақысын және есімін арақ түрлеріне, қолшатыр мен пышақ үлгілері атауына пайдаланғаны үшін төленетін дивидендтерді атайды. Калашников Ижевск қаласында жерленеді.

1940 жылдары Кеңес жауынгерлерінің негізгі мылтығы карабин ПИИ, СВД болды. Автоматпен қаруланған неміс әскерлерінің бір бөлімшесінің өзі Кеңес жауынгерлерін көп шығынға ұшыратты, оның себебі карабинді көздеп атқаннан кейін, қайта оқ салып атқанша көп уақыттарын жоғалтты. Кеңес жауынгерлерінің карабиндерінің нашар екеніне көзі жеткен орыс өнер тапқышы М.Т.Калашников 1947 жылы автоматты жасап шығарды. Осы тиімді қару өнер тапқыштың атымен Калашников деп аталады. 1947 жылдан бері Кеңес Армиясында автоматты қолданып келеді және Кеңес Армиясының негізгі қаруы болды. Автоматтың өзін жасаған бөлшектерінің өте жоғарғы сапалы екенін бұрыңғы Кеңес Одағымен бірге дүние жұзі мойындайды. Автоматқа ұқсастырып жасаған РПК қол пулеметін пайдаланады, өте жоғарғы сапалы қол пулеметінің автоматтан көп айырмашылығы жоқ. Автоматтың тағы бір ерекшелігі ұңғысына сүңгі-пышақ қосылады, ол қоян-қолтық шайқаста жою үшін қызмет етеді, ол сондай-ақ, ара (металды кесу үшін) және қайшы (сым қию үшін) ретінде қолданылады. Сүңгі-пышақ жұз бен саптан тұрады. Сүңгі-пышақты рота үй-жайларында рота бойынша кезекші және тәуліктік кезекшілері пайдаланылады. Калашников автоматы автоматты атыс қаруының негізгі түрі болып табылады. Оны аса көрнекті конструктор М.Т.Калашников жасаған. 5,45 мм жетілдірілген дербес қару, ал 5,45 мм Калашников қол пулеметі атқыштар бөлімшесінің қаруы болып табылады. Қару қарсыластың тірі күшін жою мен атыс құралдарын құртуға арналған. Калашников автоматқа негізделіп 1947 жылы ұңғысын қысқа етіп автоматтың басқа бір жетілдірілген түрін жасады.

      1947 жылы қайта жасалған автомат Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде және ішкі әскерлерде кеңінен қолданылады. Автоматтың тағы бір ерекшелігі реттеушісінде АВ және ОВ арқылы оқты бір мезетте автоматты түрде немесе бір-бірден атуға болады. Автоматты атыс автоматтан атудың негізгі түрі болып табылады; ол қысқа (5 атысқа дейін) және ұзақ (10 атысқа дейін) атумен және үзбей жүргізіледі. Атыс кезінде патрондарын берілуі сыйымдылығы 30 патронға дейін болатын қорапты оқжатардан жүргізіледі. Түнгі табиғи жарық жағдайларында ату және бақылау үшін АК74Н, АКС74Н автоматтары мен РПК74Н, РПКС74Н пулеметтеріне түнде атуға арналған әмбебап көздеуіш бекітілді. Автоматтан атыс жүргізу үшін кәдімгі (болат өзекті), жарқырауық және сауыт бұзғыш-өртегіш оқтары қолданылады. 1947 жылы Калашников автоматының жасалуы қару-жарақ саласында үлкен оқиғаға айналды. Бұл қару бүгінге дейін 60-70 млн данамен шықты деген жорамал бар. Өнертапқыш Михаил Тимофеевичтің автоматы дүниенің о шеті мен бұ шетіне түгел тараған десек қателеспейміз. 1945 жылы Жеңістен кейін де әлемде 60-тан аса соғыстар болған, ірі қақтығыстар кездескен. Олардың 40-ында Калашников автоматы қолданылған.

 

       Ол керемет өнертапқыш болған. Танкіге қарсы зеңбіректен атылған оқтың нақты санын есептеу үшін, өз екпінімен «Санағыш» аспап ойластырса, ату саңылауының тиімділігі арқылы танкі мұнарасын ату үшін «П» тапаншасына арнайы қолдан жасалған құрал ойлап табады. Танк двигателінің мотор ресурсын есептеу құралын құрастырып шығарады.

 

1941 жылдың маусым айында генерал Жуков оның соңғы шығарған өнертапқыштық жаңалығын жоғары бағалап, қару өндірісін жетілдіруге Ленинградқа жібереді. Соғыс басталғанда Калашников майданға аттанып, танк командирі болды. Соғыста жүріп тапанша-пулеметтің жобасын жасауды ойластырады. Сөйтіп жүргенде жарақат алып алты айлық демалысында Матай станциясына оралады. Сонда локомотив депосының қазіргі дайындау цехында Кравченко, Милащус, Құсайын, Медьведь секілді азаматтармен бірге жүріп «АК» автоматының тұңғыш жобасын жасайды. Жаз айында матай станциясынан екі шақырым қашықтықтағы көшпелі қызыл құмды төбелердің бірінде әріптестерімен М. Калашников өзі жасаған автоматты сынақтан өткізді. Алғашқы сынақта автомат оғы 500 метрге, кейнгі сынақта 1-1,5 шақырымға жеткен.

 

       Кейіннен  автомат жетілдіріп АКМ, АКМС, АК-74 калибрлі 5,45 мм, жиналмалы АКС-74, қысқа ұңғылы АКС-74-У, 5,56 мм, АК-101 және АК-103 т.б. қарулар жасалады.   Қысқасы Калашников автоматының 12, пулеметтің 10 түрі өндіріледі. Бүгінде осы қарулар 16 мемлекетте шығатыны ресми түрде тіркелсе 26 елдің армиясы Калашниковпен қаруланған.

 

      Қазақстан Қарулы Күштерінде Калашников автоматы бар. Алайда мұны келешекте жаңа қарулар алмастыратыны сөзсіз. Қалай айтсақ та Михаил Тимофеевич Калашниковтың кезінде Матай станциясында тұрып, әлем мойындаған қуатты қару жасағаны біз үшін мақтаныш. Калашников автоматы және қару болып табылады және қарсыластың адам күшін жоюға арналған. Автоматтан автоматты және жекелей атыс жүргізіледі. Автоматтың автоматты жүргізуі ұңғы каналынан бекітпе жақтауының газ поршеніне бөлінетін оқ-дәрі газдарының энергиясын пайдалануға негізделген. Автоматты ұрыстың қасиеттері кестеде келтірілген мәліметтермен сипатталады.

 

        Калашников автоматтары әлемге 200 миллион данамен тарап оны дүниежүзінің 47 елі сатып алған.

       АК-74 автоматы КСРО армиясының қарулар сапына 1974 жылы қабылданды. Конструктор Михаил Калашников өзінің бұрынғы АК-47 және 7,62 мм АКМ оқтармен атылатын етті. Енді АК-74 автоматының сыртқы тұрқы бұрынғыларға ұқсас болғанымен, салмағы едәуір жеңілдеді. Сонымен қатар бұл қару нысанаға өте дәл тиюімен ерекшеленеді. Пластмассадан жасалған оқшантайына шахмат тәртібімен орналастырылған 30 оқ сияды. Автоматтың дүмі ағаштан жасалған. АК-74 және АКС-74 автоматтары бұрынғы КСРО Қарулы Күштерінің құрамдас бөліктері бүгінгі тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің армияларында күні бүгінге дейін қолданылады.

 РПК қол пулеметі  – Калашников автоматы негізінде  жасалды. Қарулар сапына 1961 жылы  қабылданса да, бірнеше рет қайта  жарақтандырылып қазір көптеген елдердің, оның ішінде Қазақстанның да сарбаздары ұдайы пайдалануда. Бұл қарудың автоматтан айырмашылығы ауыр және ұзын ұңғысы және жиналмалы аяғы болуында. Сонымен қатар қол пулеметі ұрыс кезінде пайдалануға өте ыңғайлы. Оның нысанаға тию қашықтығы 1000 метр, алайда қол пулеметі жақын қашықтықтағы ұрысқа арналған. Және РПК оптикалық немесе инфрақызыл көздеу тетіктері орнатылған. Өзінің ықшам әрі оңтайлылығының арқасында бұл қол пулеметін 30 дан астам сыртқы елдер сатып алған.

        Қазіргі таңда Қарулы Күштерімізде 2500 ірі калибрлі минометтер, 495 оперативтік-тактикалық зымырандар құрылымы, 292 зенииттік зымырандар бар екені белгілі. Бұлар алысты көздейтін, қирату аймағы үлкен, жойқын қарулар. Ал жаяу әскерлер пайдаланатын қарудың негізгі түрі РПГ-7 гранотометтер болып келеді. Негізінен, РПГ-7 гранатометі КСРО Қарулы күштерінің қару-жарақ сапына 1961 жылдан бастап енді. Бұл әсіресе партизандық құрылымдарға таптырмайтын қару. РПГ-7 гранатометінің нысананы көздеу қашықтығы 250 метр болса, соңғыларінікі 520 метрге жеткізіліп, бронды тесіп өту әлеуеті де арттырылып, 375мм шамасындай болды. 1990 жылдардың басында гранатометтің ең жаңа түрлері РПГ-27 “Таволга”, РПГ-29 “Вампир” сериялы өндіріске кетті. Қазіргі таңда Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздары да осы соңғы қарулармен жарақтанған.АК-47 автоматы құрылысы  қарапайым, қолдану  қасиеті  өте жоғары бағаланды, бұған айғақ Вьетнам патриоттарының   американ агрессиясына жүргізген ұрыстарында  толық  дәлелденді.

АК-47 автоматы

 

Бұдан кейінгі  жылдары  конструктор автоматқа бірқатар өзгерістер енгізіп, жаңартылған АКМ автоматы  дүниеге  келді. АК-47 мен АКМ автоматтарының  ұрыстық қасиеттерін төмендегі  3 – кестеде  көрсетілген. Төмендегі кестеде көріп отырғанымыздай АК-47 мен АКМ автоматының арасында   бірқатар өзгерістер  бар, олар көздеу қашықтығы  артқан, салмағы  жеңілдеген және  сүңгінің  орнына сүңгі  пышақ ауыстырылған.

Информация о работе Калашников автоматы