Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2014 в 07:29, реферат
Бұл автоматты жасап шығарушы Михаил Тимофеевич Калашников 1919 жылы туылған. Он тоғыз жасында армияға шақырылады, осы кезден бастап, оның атыс қаруына деген қызығушылығы басталады. Алғашында «ТТ» тапаншасына өзгерістер ендірмекші де болды. Осы жоспарларын Ұлы Отан соғысы бұзды. Михаил Калашников Қазақстанға екінші дүниежүзілік соғыс басталардан бұрын келген.
Ол 17 жасында Ресейдің Алтай өлкесінде қару-жараққа қатысты полиция тергеуіне ілігеді. Бақша қазып жүрген досы браунинг тапаншасын тауып алып, оны Калашниковке әкеліп береді. Мұны біліп қойған милиция Михаилды шақырып алып, тергеп, қаруды өткізуін талап етеді. Бірақ ол өзінде қару барын мойындамайды.