Тактикалық дайындық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2013 в 10:48, реферат

Описание работы

Тактика – бұл әскери өнердің құрамдас бөлігі. Ол адамдарға және қарулануға тығыз байланысты. Сондықтан соғыс жүргізу құралдарының өзгеруіне байланысты тактика да өзгеріп отырады.
Әскер жабдықталатын қару – жарақ неғұрлым жетілдірілген сайын, соғұрлым оның тактикаға ықпал етуі терең және жан - жақты болып келеді. Басқа жағынан алып қарағанда, ұрыс құралдары жаңарған сайын, оған деген тактика–техникалық талаптар да өседі.

Файлы: 1 файл

ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ.docx

— 969.29 Кб (Скачать файл)

    Бойлата ату бір нақты бағытта жақын қашықтықтан, кенеттен, пулеметтен және автоматтан жүргізілген атыс.

    Бөлімшенің атыс құралдарын, командир жоспарымен, жергілікті  жердің сипаты мен мүмкіншілігін  ескере отырып пайдаланады. Бұның  барлығы атыс жүйесін құрайды, ол бөлімшенің маңдай шебі алдында, қапталдарда және көршілермен аралықта атудың барлық түрлерін жүргізуді, сондай-ақ айнала қорғаныс жүргізу мүмкіндігін қамтиды.

    Бөлімшенің атыс жүйесін ұйымдастыру кезінде бөлімшеге атыс жолағы, атқылаудың (оңға және солға) қосымша секторы, ал взводқа бұдан басқа шоғырланған атыс аймағы тағайындалады. Атыс құралдарына негізгі және қосымша секторы көрсетіледі. Гранататқыштық атыс бөлімшесінің атыс жолағы да дайындалады. Көрші бөлімшелердің атқылау және атыс құралдарының секторлары мен атыс жолақтары өзара бір-бірін жабуы тиіс.

Атыс жүйесінің дайындығы бекіністе  атыс құралдарының орналасуымен, атыс үшін қажетті мәліметтерді дайындаумен, оқ-дәрінің болуымен анықталады.

    Атысты басқаруды ыңғайлы  ету  үшін бөлімше командирі  өз бөлімшесінің атыс карточкасын жасайды. 

    Атыс маневрі дегеніміз  өз уақытында барлық бөлімшенің немесе бірнеше атыс құралдарының атысын бір маңызды нысанаға шоғырландыру, атысты бір нысанадан екіншісіне бірінен кейін бірін немесе бір мезгілде жою үшін ауыстыру.

    Атыс маневрін әрбір  жауынгер қолдана алады. Бұл  үшін ол ұрыс алаңын үздіксіз  бақылап, нысананы анықтауы керек  және маңыздылық деңгейі бойынша  бір нысанадан екіншісіне ауыстыра  отырып қарсыласты жоюы қажет.

    Бөлімшелер маневрі қарсыластың әлсіз тұсына атыс жүргізу үшін тиімді жағдайға ие болу мақсатында немесе қапталдан және тылдан шабуыл жасау үшін, сондай – ақ қарсыластың басым күшінің соққысы астынан шығу үшін жүргізіледі.

    Шабуылда және бетпе-бет  ұрыста бөлімшелер қамту және айналып өту түрінде маневр жасай алады.

    Қамту – қарсыластың тылы мен қапталына жасалатын маневр, ол маңдай шептегі бөлімшелермен тығыз атыстық және тактикалық өзара қимыл арқылы үлкен емес тереңдікте жасалады.

   Айналып өту - қарсыластың тылы мен қапталына барынша терең маневр жасау. Ол маңдай шептегі бөлімшелермен тығыз тактикалық өзара қимыл арқылы жүргізіледі.Қорғаныста маневр шығынға ұшыраған бөлімшелерді күшейту, қосалқы бекіністерге, атыстық шепке ие болу, қаптал немесе тылға шыққан қарсыласты тойтару мақсатында және қарсы шабуыл үшін жүргізіледі.

    Бастамшылдық дегеніміз кез келген жағдайда тапсырылған міндетті орындаудың ең тиімді тәсілін табу, батыл шешім қабылдап, оны өмірге табанды түрде енгізу.

    Тапқыр және талапшыл  жауынгер жағдайдың кез келген  шартында бастамшылдық көрсете  алады. Ұрыста батылдық пен  ойлы бастамшылдық көрсете алу  қабілеті, қарсыласты жою үшін  жауапкершілікті өз мойнына алуға  дайын болу - әрбір жауынгер мен  командир үшін бағалы қасиет  болып табылады.

 

 

Жауынгердің ұрыстағы іс-әрекеті. Ұрыстағы жауынгердің міндеттері. Ұрыс даласындағы жауынгердің жылжу тәсілдері.

Ұрысты  жеңіске жету жеке жауынгердің, бөлімшелердің танк және машиналар экипаждарының, зеңбіректер мен минаатқыштар есептобының және т.б. табысты қимылына байланысты болады.    

Жауды жеңу үшін әрбір жауынгер өз қаруы мен  ұрыс техникасын жетік біліп, оларды ұрыста шеберлікпен қолданып, қарсыластың  тірі күші мен ұрыс машинасын неғұрлым көп жоюы керек.   

Жауынгер  ұрыста қатардан шығып қалған жолдасының орнын ауыстыру үшін аралас әскери мамандықты игеріп, взводтың, бөлімшенің жауынгерлік міндетін және өз міндетін, ұрыста бақылау жүргізуді білуге, қарсылас танкілерін, басқа да сауытталған машиналары мен танкіге қарсы құралдарының жауынгерлік мүмкіндіктерін, олардың әлсіз және күшті тұстарын жақсы білуге тиіс.   

Жауынгер  ұрыста командирді қорғауға және күзетуге, командирдің рұқсатынсыз өз орнын тастап кетпеуге, қарсыласты қолда бар құралдармен жоюға, жолдасына көмек көрсетуге, санитарлық өңдеу жүргізуге, әуе қарсыласын тануға, тапқырлық, батылдық және бастамшылдық көрсетуге, жеке қорғаныс құралдарын қолдана білуге, оқпаналар мен бойтасаларды тез жабдықтай алуға міндетті.   

Жауынгер  жаяу ретпен қимылдаған уақытта жеделдетілген адым, жүгіре өту немесе жер бауырлай қозғалу әдісімен жылжйды.    

Жауынгер, қарсыластың  бақылауынан таса және оның атысы  жетпейтін жерлерден жедел адымдап  немесе жүгіріп өтеді. Бұл кезде  ол қаруын ата бастау жағдайында, яғни дүмді бүйірге қысып ұстайды.   

Жатып ату  жағдайынан жүгіре өту үшін, жауынгер әуелі 20-40м-ге дейінгі аралықтағы қозғалыс жолын және демалатын жерін бағдарлап  алады. Одан соң тез тұрып, белгіленген  орынға дереу жүгіре отырып жетуі  тиіс. Бұндай жүгіре өту кезінде  қарсылас дәлдеп оқ ата алмайды. Командир белгілеген шепке жеткеннен кейін, сарбаз атысқа дайындалады да, басқа  жауынгерлердің жүгіріп өтуін атыспен  қорғайды.    

Ұрыс алаңында қарсыласқа жақындап, оған кенеттен шабуылдау  қажеттілігі туған кезде жер  бауырлай жылжу әдісі қолданылады. Жауынгер ең әуелі алға жылжу жолын  және демалу үшін тоқтайтын жасырын  таса жерді белгілеп алуы тиіс.    

Жер бауырлап жылжу үшін, ең әуелі, жерге жатып, оң қолымен қарудың жоғарғы бауының  тұсынан ұстап, оны оң қолдың білегіне қоюы керек. Оң аяқты өзіне тартып және бір мезгілде сол қолды мүмкіндігінше  алыс созып, содан кейін бүгілген аяқ серпілісімен денені алға тастап, келесі аяқты өзіне тартып, келесі қолды созып, осылай жылжуды жалғастыру керек.

Жартылай  төрт тағандап жылжу үшін жауынгер тізерлей отырып, қол білектеріне  салмақ салуы керек, содан кейін  бүгілген оң (сол) аяқты өзінің кеудесіне  тартып, бір мезгілде сол (оң) қолды  алға созу керек, сөйтіп денені алға қарай  оң (сол) аяқ толық созылғанша тастау қажет.

Бүйірлей  жер бауырлап жүру үшін сол бүйірге  жатып, содан кейін тізеден бүгілген сол аяқты алға тартып, сол қолдың білегіне салмақ салып, оң аяқтың табанын  жерге тіреп, мүмкіндігінше өзіне  жақын ұстау керек; оң аяқты бүге отырып, сол аяқтың қалпын бұзбай, денені алға жылжыту қажет, осылай қозғалысты жалғастыра беру керек.    

  Бөгеттерден (өзен, жыра, батпақ және т.б.) ұрыс барысында тоқтаусыз шабуыл екпінін немесе қозғалыс жылдамдығын төмендетпей қарсылас күтпеген жерлерден өту аса маңызды. Бұл кезде жоғары қырағылық көрсету қажет, өйткені бөгеттер миналанған немесе қарсыластың оғымен тасалануы мүмкін.   

Өзендер мен  басқа да су бөгеттерінен тұрақты  немесе арнайы жүргізілген көпірлермен, әр түрлі қолда бар құралдармен  кешіп немесе жүзіп өтуге тура келеді.

Кешіп өту  кезінде жаунгерлер бір немесе екі  лек бойынша кешіп өтеді. Кешіп  өту үшін ағынның жылдамдығ 1м/сек-ке дейін, тереңдігі 1м болуы керек.   

Жүзіп өту  өткелі су бөгетінің ені аз болғанда жүзеге асырылады. Бұл кезде жеке өткел құралдары (жүзу киімдері мен  құтқарушы жилеттер), және әр түрлі  қолда бар құралдар қолданылуы мүмкін.   

Миналарды және фугастарды бүркенішті ашу белгілері бойынша немесе қармағыштар мен мина іздеушілер көмегімен табуға болады. Созылмалы әсер ететін миналарда қазықшалар және жер үстінен тартылған бау немесе сым болады. Қойылған миналардың бүркенішін ашу белгілері: бұзылған топырақ; топырақ төгіндісі; тартылған кендір жіп; топырақ үйіндісі (төбешік); жер үстіне шығып тұрған мұртшалар; минаның ашық көрінуі; миналық тралдармен мина бөлігінің көрініп тұруы; мина қондыру көрсеткіштері.   

Минаға барлау жүргізген кезде мейлінше ұқыпты болып, әрбір күмәнді жерлерді тексеру  қажет, табылған бау немесе сымды  тартып қалмау керек.    

Қазіргі кезде әр түрлі инженерлік бөгеттер, әсіресе миналанған алаңдар, сымды бөгеттер және т.б. қолданылады. Ұрыста жауынгерлік міндеттерді тез және табысты орындау үшін жауынгер инженерлік бөгеттерді тауып, олардан өтуді шебер меңгеруі тиіс.   

Миналы –  жарғыш бөгеттердегі өтпелерден өту  жарғыш тәсілмен немесе миналық тралмен  жабдықталған танктер арқылы жүзеге асады. Сымды бөгеттерден өту  тәсілдері: сырт киімін төсеніш ретінде  пайдалану; тиімді заттармен сымды  көтеру арқылы; сымды қайшымен немесе сүңгі пышақпен қию арқылы. Электрлі бөгеттерден өтуді тек саперлар ғана жүзеге асырады.   

Радиоактивті  немесе улағыш заттармен зақымданған жергілікті жер аумағынан өту әдістері ұрыс қимылдары сипатына, жер және ауа жағдайларына байланысты болады. Құрғақ ауа райында жаяу ретпен қимылдайтын жауынгерлер радиоактивті немесе улағыш заттармен зақымдалған жер аймақтарынан өту үшін – газтұмылдырық, қорғаныш плащтары, жамылғылыр, шұлықтар мен қолғаптар пайдаланады. Жабық БТР-дағы жауынгерлер тек газтұмылдырық киеді, ал ЖҰМ-дағы жауынгерлер жаппай жою қаруларынан қорғану жүйесін іске қосады. Ылғалды ауа райында радиоактивті заттармен зақымдалған жер аймақтарынан өту үшін теріні қорғау құралдары (қорғаныш плащтары, шұлық, қолғап) қана киіледі. Ашық зақымданған жер аймағынан өту ұзақ және тез жүгіре өту тәсілі арқылы жүзеге асырылады. Тоқтау үшін шөптері аласа жер таңдалып алынады. Зақымдалған аймақтардан өткеннен кейін жауынгерлер командир пәрмені бойынша киім-кешектердің шаңын қаға отырып, қорғаныш құралдарын шешеді.   

Шабуыл  барысында басып алынған шепті ұстап тұру, қарсыластың қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалу, қорғанысқа көшу және ұрыс жағдайының басқа да шарттарына байланысты жауынгерге өз оқпанасын қазуға және жабдықтауға тура келеді. Орлану жауынгердің кіші күрегімен жүзеге асырылады. Ол қарсылас оғының астында жатып ату үшін бір адамдық оқпана қазудан басталады.    

Оқпана топырақтан қазылған, ұзындығы – 170см, ені – 60см, тереңдігі – 30см ордан және 30см-ге дейінгі биіктіктегі қалқадан тұрады. Топырақ қалқа мен ор арасынан ені 20 – 40см болатын алаңқай қалдырылады. Атқылау секторында топырақ қалқаның биіктігі 10см-ге дейін азайтылады.    

Орлануды  бастамас бұрын жауынгер әуелі атыс үшін орын таңдап алады, содан кейін  қаруын өзінің оң жағына қоюы тиіс, бұл  кез келген уақытта атыс жүргізу  үшін ыңғайлы болады. Бұдан кейін  жауынгер сол бүйіріне аударылып, күректі  сыртқы қабынан шығарып, екі қолымен  сапты ұстап, өзіне қарай ұрып, жердің жоғарғы қабатын ашуы тиіс алдынан және екі бүйірден ордың  шекараларын белгілеп алуы қажет. содан кейін өзінен ары сыртқа ұра отырып, жердің шым қыртысын алып, оны алға немесе екі жаққа тастап, қазуға кірісуі қажет. Оқпана қазу кезінде жерді күрекпен қиғаш қазу керек, ал топырақты ең алдымен алға, сосын екі жаққа тастау қажет, бұл кезде 1 – 1,5м болатын топырақ қалқа пайда болады, ол жауынгерді қарсылас оғынан сақтауды қамтамасыз етеді.   

Оқпана шұңқырдың алдыңғы бөлігінде  қажетті тереңдік жасап алғаннан кейін жауынгер артқа жылжып, қажетті  ұзындыққа дейін шұңқыр қазуды жалғастыра береді, бұл шұңқыр жауынгердің денесі мен аяқтарын тасалайтындай болуы  тиіс. Оқпана жергілікті жердегі шым  қыртысымен, шөптермен, ал қыста қарменен бүркемеленеді. Зақымданған жерде  орлану жеке қорғаныс құралдары арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін ең әуелі  жердің жоғарғы зақымданған қабаты алынып, жел жаққа жайлап тасталынады. Бұл кезде мүмкіндігінше өзін және жолдастарын шаңдатпау үшін шаң көтермеу керек.

 

 

Бақылаушы жауынгер.

Мотоатқыш бөлімшесінде қарсыласқа бақылау жүргізу үшін бақылаушы тағайындалады. Бөлімше  командирі бақылаушыға келесі міндеттерді  жүктейді: бақылау орнын бүркемелеу және жабдықтау; бақылаудың көрсетілген  секторындағы жергілікті жерді және заттарды зерттеу; бағдар мен жергілікті заттарға дейінгі қашықтықты өлшеу  және  жергілікті жердің сызбасын құрастыру; қарсыласты байқаған сәтте оның жергілікті жердегі орнын анықтап бөлімше  командиріне баяндау және оны  бақылау журналына жазу.

Бөлімше командирінен тапсырма алған соң, бақылаушы бақылау  орнын бүркемелейді және жабдықтайды, бақылаудың көрсетілген секторындағы жергілікті жерді және заттарды зерттейді, бағдар мен жергілікті заттарға дейінгі  қашықтықты өлшейді және жергілікті жердәң сызбасын құрастырады. Қарсыласты байқаған сәтте бақылаушы оның жергілікті жердегі орнын анықтайды да, бөлімше  командиріне баяндайды. Осыдан кейін  ол нысананы сызбаға шартты түрде  түсіреді де, бақылау журналына түсіреді.

    Бақылаушы  бақылау нәтижелерін дауыстап  баяндау үшін командирге жақын  орналасады. Оның қолында бақылау  аспаптары (дүрбі, стереотүтік  немесе перископ), жергілікті жердің  картасы немесе сызбасы, бақылау  журналы, құлабыз (компас) және  сағат болуы керек. Бақылау  үшін өзі қарсыласқа көрінбейтіндей, бірақ мүмкіндігінше көбірек  естіп, көре алатындай болып  орналасуы керек.

    Бақылау  үшін белгіленетін орын - бақылау  аймағын жақсы шолу мен сенімді  бүркеніш болатындай; авиация, артиллерия  атысынан және ядролық қарудың  зақымдағыш факторларынан қорғанатындай  болуы қажет. Егер жергілікті  жердің жекелеген заттары бақылау  үшін ыңғайлы болса, онда оның  жанына көлеңке тұстан орналасу  керек. Бақылаушының негізгі тасаланатын  орны – оқпана. Оқпана жергілікті  жер заттарымен бүркемеленеді.  Жергілікті жерді бақылау тиімді  болу үшін бақылаушыға бекітілген  сектор қашықтығына қарай 2-3 аймаққа  бөлінеді. Аймақ шекаралары бағдар  немесе жергілікті жер бойынша  белгіленеді.         Бақылаушы, ең алдымен өзіне  берілген сектордағы жерді асықпай  зерттеуі және барлық жергілікті  жер заттарының санын, мөлшерін, формасын, өлшемін және өзара  орналасуын еске сақтауға міндетті. Бұл дер кезінде қарсыластың  пайда болуын байқауға немесе  оның қимылы мен орналасуындағы  өзгерістерді байқауға мүмкіндік  береді. Осыдан кейін бақылаушы  жақын аймақтан бастап, оңға, солға  қарсылас жағына қарап жерді  және жергілікті заттарды жүйелі  бір ізбен тексере отырып, көзбен  тағы бір шолып өзін-өзі тексереді.  Осы тәртіппен ол орта және  алыс аймақты байқайды.

Информация о работе Тактикалық дайындық