Тактикалық дайындық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2013 в 10:48, реферат

Описание работы

Тактика – бұл әскери өнердің құрамдас бөлігі. Ол адамдарға және қарулануға тығыз байланысты. Сондықтан соғыс жүргізу құралдарының өзгеруіне байланысты тактика да өзгеріп отырады.
Әскер жабдықталатын қару – жарақ неғұрлым жетілдірілген сайын, соғұрлым оның тактикаға ықпал етуі терең және жан - жақты болып келеді. Басқа жағынан алып қарағанда, ұрыс құралдары жаңарған сайын, оған деген тактика–техникалық талаптар да өседі.

Файлы: 1 файл

ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ.docx

— 969.29 Кб (Скачать файл)

    Егер  бақылаушы қарсыластың болу белгілерін  байқап қалса, бұл аймақты бақылау  аспаптары көмегімен қарап, нысана  сипатын анықтайды. Қарсыласты  байқаған сәтте  бақылаушы  оның жергілікті жер жағдайындағы  орналасуын анықтайды. Бұл үшін  ол байқалған нысананың арақашықтығын  белгілі жақын бағдарға дейінгі  (оң, сол, жақын, алыс), қашықтығын  өлшейді. Содан кейін ол бақылауды  тоқтатпай, байқалған объект туралы  командирге баяндайды. 

    Бақылаушының  баяндауы қысқа әрі нақты болуға  тиіс. Бақылаушы қатты айғайламай, командир еститіндей дауыспен  бағдар немесе жергілікті жерге  қатысты алғанда нысананың жағдайын, оның қимыл - әрекетін баяндайды.  Бұл кезде ол бағдардан оңға  немесе солға қарай нысананың  орналасуын метрдің мыңдық үлесі  бойынша, ал сосын нысананың  бағдарға жақын немесе алыс  орналасуын метрмен көрсетеді.  Мысалы: Бағдар – 2, оңға –10, 100-ден  алыс, оқпанада – «танк», немесе «Дөңгелек» биіктегі, солға – 20, 200-ге жақын, бұта арасында – «бақылаушы», немесе «Фигуралы» тоғайынан батысқа бронетранспортер жылжып келеді және т. б.

 

Бақылау журналындағы жазу формасы

 

Бағдарлау уақыты

Қайда, не байқалды

Кімге, қашан баяндалды.

6сағ 10мин

«Дөңгелек» биіктігі, солға – 20, 200-ге жақын,

бұта арасында – «бақылаушы»

6сағ 10мин

Бөлімше командиріне

7сағ 20мин

Бағдар – 2, оңға –10, 100-ден алыс, оқпанада – «танк»

7сағ 20мин.

Бөлімше командиріне


 

    Егер бақылаушы радиоактивті  немесе химиялық зақымдануды  байқап қалса, ол дереу қорғаныш  құралдарын киеді де, командирге  баяндайды және бақылауды жалғастырады.

 

Қорғаныстағы жауынгер.

Жауынгер қорғаныста өз бөлімшесінің құрамында қимыл жасайды. Оның негізгі міндеті - өз қаруын, жергілікті жерді, оқпана мен орларды, сондай – ақ инженерлік бөгеттерді тиімді пайдалана отырып, басқа сарбаздармен бірлесе қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскері мен танкілерін мүмкіндігінше көбірек жойып, олардың шабуылдарына тойтарыс беріп, бөлімше бекінген бекіністі ұстап тұру. Жауынгер қорғаныста өзінің орнын тек командирдің бұйрығымен ғана тастап кете алады.

Қорғаныстағы жауынгер қарсыластың қайда тұрғанын және қандай қимылға бет бұрғанын, бағдарларды, бөлімшелер мен взводтардың міндеттерін, көршілердің қайда екенін және олардың атысты қай бағытта жүргізіп жатқанын білуі тиіс. Сонымен бірге хабарлау мен нысананы көрсету белгілерін, қай кезде өз бетінше немесе командир пәрменімен атыс бастауы, бөлімше командирінің орнын білуі қажет.         

Бөлімше командирінен тапсырма алған  соң, жауынгер оны анықтап алып, берілген жерде өз алдындағы жерді көруі  және командир нұсқаған бағытта алыс қашықтықтан қарсыласқа қарсы көздеу атыстарын жүргізе алатындай  болып орналасуы қажет. Содан  кейін жатып ату үшін оқпана қазады. Егер жағдай мүмкіндік берсе тізеден  ату үшін  оқпананы 60см-ге дейін, ал тұрып ату үшін 110см-ге дейін  тереңдетеді.

Оқпана қазу және жабдықтау кезінде, сондай-ақ ұрыс барысында, жауынгер үздіксіз қарсыласқа, жергілікті жерге бақылау  жасайды және өз байқағанын командирге баяндап отырады.

Қарсылас шабуылға шығар  алдында атыс дайындығын жүргізеді, кейде ядролық соққы жасауы да мүмкін. Ядролық жарылыс жарығын байқаған сәтте оқпананың түбіне бетті жерге қаратып, дереу жатуы қажет, ал ядролық соққы толқыны өткеннен кейін қарсылас шабуылын тойтаруға дайындалу қажет. Қарсыластың атыс дайындығы басталған кезде егер жауынгер бақылаушы болып тағайындалмаса, онда ол командир пәрменімен бөлім мен взвод бекінісінде жабдықталған жертөледе, тесікте немесе оқпана түбінде тасаланып, шабуылға тойтарыс беру үшін тез орнына ие болуға дайын болуы керек.

Қарсылас  шабуылға шыққан кезде жауынгер ұрысқа дайындалады. Қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскеріне командирдің пәрмені бойынша, ал қарсылас өз қаруының нақты атыс қашықтығына жақын келгенде өз бетімен оқ атады.

    Егер оқпанаға танкілер  жақындаса, жауынгер оны 15-20м  қашықтыққа келгенше күтеді де, ыңғайлы сәтте танкінің шынжыр  табаны астына гранатты лақтырады.  Егер танкіге, оқ тимей оқпанаға  тақап келсе, сарбаз секіріп  шығып, оның неғұрлым осал бөлігіне  гранатаны лақтырады. Танкіні  зақымдағаннан кейін жауынгер  өз қаруынан атып, танк соңынан  келе жатқан жаяу әскерді жояды.  Зақымдалған танк экипажын шынжыр  табанды жөндеуі немесе машинаны  тастап кетуі кезінде автоматтан  ату арқылы жояды. 

    Қарсыластың жаяу әскері  оқпанаға 30-40м жақындаған кезде,  жауынгер оларға қарсы  гранаттар  лақтырып, оларды өз қаруынан  атып жояды. Егер қарсыластың  жекелеген жауынгерлері қорғаныстың  алдыңғы шебіне шықса, жауынгер  оларды атыспен, гранатпен, сондай-ақ  сүңгімен және дүмбімен жояды.  Көршілер бекінісіне жақындаған  қарсыластың жаяу әскерін жауынгер  қапталдан және тылдан атыс  жүргізу арқылы жояды. 

 

Әскердегі такикалық дайындық

 

Шабуылдағы жауынгер.

Бөлімше командирінің тапсырмасы бойынша, жауынгер бөлімше мен взвод шабуылының объектісін және шабуылдағы қарсылас қимылын, шабуыл бағытын, бөгеттерден өту тәртібін және шабуылдағы қозғалысты нақты түрде елестете алуы тиіс.

Осыдан кейін жауынгер мыналарды: қарудың жарамдылығы және оны ұрысқа дайындау, оқ-дәрінің болуы, жеке қорғаныш құралдары мен жабдықтарының болуын және жарамдылығын тексереді. Түнде шабуылға дайындалған кезде жауынгер қозғалыс бағытындағы жерді зерттейді, өзіне түнде бағдар болуы мүмкін жергілікті жер заттарын есте сақтайды және азимут бойынша қозғалыс бағытын зерттейді. Түнгі көздеуішті автоматтары мен пулеметтері бар жауынгерлер өз қаруларын тексереді.

Шабуыл басталғанға дейін қажеттілікке байланысты жауынгер қарсыласқа атыс жүргізеді.  «Шабуылға дайындал!» пәрмені бойынша ол қаруды оқтайды. Ол үшін жарақталған оқжатарды біріктіріп, ажыратылып тұрған оқжатарды оқтайды да , сөмкеге салады. Содан соң жауынгер автоматқа сүңгі пышақты қосып «П» не «З» көздеуішін белгілейді, гранатты дайындап, жарақтану заттарын қозғалысқа кедергі келтірмейтіндей етіп бекітеді. Содан кейін аяғын табалдырыққа қойып, оны тастап шығуға дайын болатындай етіп, қолын оқпананың топырақ қалқасына тірейді. Бұл кезде қарсыласқа бақылау жасауын тоқтатпайды.   

«Шабуылға алға» пәрмені бойынша ол оқпанадан тез секіріп шығып, жүгіріспен немесе жылдам адыммен алға қозғала бастайды, бұл ретте ол алдыңғыларға теңеле отырып, тізбекте бекітілген аралықты сақтауы тиіс. Қарсыласқа ұрыс алаңында бақылау жасауға және көздеп атыс жүргізуге мүмкіндік бермеу үшін ол өз қозғалысын қарсыласқа оқ атумен үйлестіреді.   

Қарсылас иеленген орға 25-30м-ге дейін  жақын келген жауынгер өз қаруын сол  қолына ұстап, орға қол гранатасын лақтырады. «Ура!» деп айғайлай отырып, тез жылдамдықпен қалған қашықтықтан өтеді. Алғы шептегі аман қалған қарсыласты орға түспей, гранатамен, оқпен, сүңгімен және дүммен жояды да, оның қорғанысының тереңдігіне тоқтаусыз жылжи береді.   

Шабуыл барысында жауынгер ұрыс алаңын үнемі бақылап, өз байқағандары туралы командирге дереу баяндайды. Нысананы көрген сәтте ол оны атыспен, ең алдымен, пулемет, гранататқыш, зеңбірек есептобын жояды. Командир бұйрығы  бойынша немесе өз бетінше трассаланған оқтар арқылы танкілерді, мотоатқыштардың  қозғалысына кедергі келтіретін нысаналарды көрсетеді. Жылжуды  күшті атыспен ұстап тұрған қарсыластың  атыс құралдарын көршілердің оғын бойтасалау арқылы айналып өтіп, қаптал мен  тылда шабуылдай отырып, қарсыластың  есептобын атыспен және гранатпен  жояды. Қажет жағдайда жауынгер көршілеріне  қапталдан атыспен көмек көрсетеді.  

Егер жауынгер қарсыластың шегіне бастағанын байқаса, бұл туралы дереу  командирге баяндауы керек. Басып алған  шепте тұрақталу үшін жауынгер жергілікті жер заттарын бүркемелеп және таса үшін қолданып, өзіне көрсетілген  жерге орналасады. Таса жоқ болған кезде жауынгер орланады да, қарсыластың  қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалады.    

Ядролық жарылыс ұшқынын байқаған сәтте, жергілікті жер бедерлері мен жергілікті заттарды пайдалана отырып, жарылысқа қарама-қарсы жаққа басын қойып, бетті жерге қаратып, тез жата қалу қажет. Осы әдіспен соққы толқын мен зақымдалудан сақтануға болады. Бұдан басқа шинельдердің жағасын көтеріп, қол білектерін дененің астына тығып, көру қабілетінен айрылып қалмау үшін бетті мүмкіндігінше тығыз жабу керек. Соққы толқыны өткеннен кейін дереу тұрып, жауынгерлік міндетті атқаруды жалғастыру керек. Шабуыл барысында ядролық жарылыстан зақымданған жер учаскелерін байқаса ол туралы командирге баяндау қажет. Жергілікті жердің зақымданған жер учаскелерін командир нұсқаған тәсілмен кесіп өтіледі.   

Жер үсті қарсыласымен ұрыс жүргізе отырып, жауынгер қарсыластың төмен ұшқан ұшақтарына қарсы атыс жүргізуге дайын болуы керек.   

Ашық жерде қарсыласқа қарсы  атыс жатып, тізерлей немесе тұрған күйде  жүргізіледі. Әуе нысаналарын ату  «П» не «З» көздеуімен бөгеттік және өрге ату тәсілімен жүргізіледі. Ұшақтар мен тікұшақтарды ату  үшін сауытты - өртегіштік және трассаланған оқтар қолданылады.

 

Қорғаныстағы бөлімше.

Қорғаныстағы бөлімше басқа  бөлімшелермен бірлесе отырып, атыспен  қарсыласты жоюға мүмкіндік беретін  бекіністерге орналасады және оны жабдықтайды.  

Бөлімше командирі взвод командирінен тапсырма алған соң, оны нақтылап алып, өз бөлімшесін берілген бекініске  шығарады да, бақылауды ұйымдастырады. Осыдан кейін ол  ЖҰМ (БТР), пулемет, гранататқыш орнын анықтап, әскери бұйрық береді.

Әскери бұйрықта бөлімше командирі  бағдарлар, қарсылас туралы мәліметтер (шабуылының бағыты мен мүмкін уақыты, жағдайы); взвод пен бөлімшенің міндеттері (атқылаудың қосымша секторы мен  атыс жолағы, бекініс); көршілердің  міндеттері; жеке құрамның міндеттерін  дайындайды. Оператор-көздеуші, механик-жүргізуші, пулемет және атқыш-гранататқышқа–(негізгі  және қосалқы атыс бекіністерін, атқыштарға-атыс орнын, ұрыс барысында ауысу мен  жабдықтау жүйесін), жер үсті және әуе нысаналарына–атыс жүргізу  мен бақылау тәртібін; оператор-көздеуші мен пулеметшіге - әрбір атыс бекінісінен  атқылаудың негізгі және қосымша  секторларын хабарлау, басқару және өзара қимылдау белгілерін, қорғанысқа дайын болу уақытын көрсетеді  және өзіне орынбасар тағайындайды. Осыдан кейін бөлімше жауынгерлері оқпана қазуға және оны бүркемелеуге кіріседі. Бұл кезде бөлімше командирі  бағдарларға дейінгі қашықтықты анықтайды, күндіз және түнде атыс жүргізу  үшін мәліметтер дайындайды, атыс карточкасын  жасайды.   

Қарсыласпен тікелей түйісу жағдайында қорғанысқа көшу кезінде бөлімше бекіністі ЖҰМ-ның (БТР-дің) атысы қолдауымен қол күші арқылы жабдықтайды. Бұл кездегі жұмыстың көп бөлігі түнгі уақытта жүргізіледі. Ал қарсылас көрінбейтін аудандарда бүркеніш қатаң сақтала отырып күндіз жүргізіледі.        

Бекіністе, ең әуелі гранататқыш, атқыш  – пулеметші үшін бір кісілік  оқпана қазылады, негізгі атыс бекінісінде  ЖҰМ-сы (БТР) үшін оқпана қазылады. Осыдан кейін жауынгерлер бір кісілік  оқпаналарды бөлімше оқпанасына біріктіреді, қосалқы атыс бекінісінде  ЖҰМ-сы (БТР) үшін оқпаналар және ЖҰМ-ның (БТР) атыс бекіністеріне байланыс жолдары  қазылады.   

Бекіністе бөлімше жауынгерлері жабық  атыс саңылауын жасайды, оқ-дәрілер  үшін сөрелер қазылып, атыс ұяларын  жасайды. Бөлімше бекінісі өртегіш  қарудан сақтану үшін жабдықталып, бүркемеленеді. Қарсылас шабуылдағанға  дейін бекіністе жабдықтау жұмыстары  жетілдіріле береді.   

Қарсылас авиациясының шабуылдауы кезінде «Әуе!» сигналы бойынша бөлімше оқпана түбіне тығылуға, ал кезекші пулеметші әуе нысаналарына атыс жүргізуге дайындалады. Қорғаныс ұрысы барысында қарсыласты жоюға қатысы жоқ барлық жауынгерлер әуе нысаналарына атыс жүргізуге дайындалады және әуе нысаналарына қарсы күрес жүргізеді. Әуе нысаналарын ату командир пәрменімен жүргізіледі.   

«Радиациялық қауіп!» сигналы кезінде бөлімшедегі жеке құрам міндетін орындауды тоқтатпастан, тұмылдырық (газтұмылдырық), қорғаныш плащ, шұлық пен қолғап киеді де өз орындарында қалады, ал: «Химиялық дабыл» сигналы кезінде – газтұмылдырық, қорғаныш плащ, шұлық пен қолғап киеді. Бойтасалар мен жабық машиналарда отырған жеке құрам: «Радиациялық қауіп!» сигналы кезінде – тұмылдырық, ал: «Химиялық дабыл» сигналы кезінде – газтұмылдырық киеді де, есіктерді, атыс саңылауын, люктерді, жалюзді жауып, ұжымдық қорғаныш құралдары жүйесін іске қосады.   

Қарсыластың атыс дайындығы  кезінде бөлімшенің жеке құрамы командир пәрмені бойынша оқпана түбіне, саңылауға, жертөлеге, паналарға немесе ЖҰМ-ға (БТР) тығылып, өз орнына ие болуға дайын болады. Бекіністе қарсыластың шабуылға өтуін дер кезінде анықтау мақсатында бақылау жүргізетін бақылаушы қалады.   

Қарсылас шабуылға өткен кезде  командирдің: «Бөлімше, ұрысқа!» пәрмені бойынша бөлімше бекіністегі өз орындарына тез орналасады.   

Ұрысқа дайындалып алған бөлімше, командир пәрменімен шоғырланған атыс жүргізеді, ал қарсылас жақындаған кезде  өз қаруының нақты атыс қашықтығында өз бетінше атыс жүргізеді. Оператор – көздеуші мен атқыш – гранататқыш  қарсыластың танкілері мен сауытталған  нысыналарын жояды, ал пулеметші  мен мотоатқыш жаяу әскерлерін танкілерден  бөліп алып, жояды.  Қарсылас бөгеттерден  өтпе арқылы кесіп өткен кезде, бөлімше  барынша күшті атыс жүргізеді. Бөлімшенің бекінісіне шыққан танкілерін танкіге  қарсы қол гранаттарымен, ал бекіністен өтіп кеткен танкілерді қорғаныс тереңдігіне  орналасқан танкіге қарсы құралдармен  жояды. Бекініске 40-30м жақындап келген қарсыластың жаяу әскеріне жарықшақты қол гранаттарын лақтырады да, оны бетпе-бет табанды атыспен  жояды.   

Информация о работе Тактикалық дайындық