Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2014 в 07:49, реферат
Техника-экономикалық негіз-негізгі берілген жоспар алды құжат ретінде игеріледі және қорытындысында жалпы мәселелермен танысуда тақырып құрылады. Осылардың бәрі орындалғанда ғана тақырыпты ары қарай жоспарлайды және қаржыландырады.
Техника-экономикалық негіздердің бірінші бөлімінде тақырыпты игеру мәселесі және бұрынғы қортындылар және зерттеу деңгейі алынған қысқаша әдебиеттертізімі көрсетіледі. Әсіресе, елдің ауылшаруашылық және өндіріс жұмыстары үшін шешілмеген тақырыптың соңғы орындалу мақсатын анықтайды және зерттеудің, шешімінің әдістерін көрсетеді. Бұған лицензияны сатып алуын анықтау және тақырыптың патенттік жұмысы кіреді.
1. Ғылыми зерттеу жұмыстарының этаптары
2. Тәжірибелік зерттеу
2.1. Тәжірибелік зерттеу есептері мен түрлері, классификациясы.
2.2. Тәжірибелік зерттеу жүргізу және ұйымдастыру.
2.3. Тәжірибелік зерттеудің методологиясы.
2.4. Тәжірибеатордың жұмыс орны және оны ұйымдастыруы
2.5. Тәжірибе жүргізуші: оның тұлғасы және қызметі
3. Тәжірибелік зерттеулер қортындыларын өңдеу
3.1.Өлшеу әдістері. Өлшеу аспаптарының класификациясы мен қасиеттері.
3.2. Өлшеу қателіктері. Кездейсоқ қателіктер.
3.3. Өлшеу қорытындыларын графикалық әдіспен өңдеу
3.4. Эмпирикалық формуланы таңдау әдістері
3.5. Регрессиондық анализ
Розенталь күтілетін үміттің тәжірибе нәтижесін жазуға әсері мәселесі бойынша 21 жұмысқа талдау жүргізді. Нәтижелерді жазу кезіндегі кететін 60% қателік тәжірибелік гипотезаны растау мақсатында болатын болып шықты. Басқа әдеби шолуларда да (36 жұмыс) бұл дерек расталды. Күту әсері тек қана адамдар әрекетінің нәтижелерін жазып алу кезінде ғана емес, жануарлармен тәжірибе жүргізу кезінде де байқалады.
Розенталь келесідей тәжірибе жүргізді. Ол бірнеше тәжірибе жүргізушілерге тәжірибе кезінде егеуқұйрықтардың қылықтарын жазып отыруды тапсырды. Тәжірибе жүргізушілердің бір тобына олар арнайы қатарда шығарылған «аса ақылды егеуқұйрықтар» тобымен жұмыс істейтіндері айтылды. Басқа топқа олардың егеуқұйрықтары «аса ақымақ» деп айтты. Ал шындығына келетін болсақ, екі топтағы да егеуқұйрықтар бір популяцияға жатады, және қабілеттері бойынша бір-бірінен айырмашылықтары жоқ.
Соңында егеуқұйрықтардың қылықтарына қойылған бағалар тәжірибе жүргізушілерге берілген нұсқамаларға сәйкес келді.
Л. Бергер [BergerL., 1987] сыналушы қызметінің нәтижелерін бағалау кезінде тәжірибе жүргізушілердің келесідей қателіктерін келтіріп кетті:
1. Өте жоғары нәтижелерді төмендету. Сыналушының деректерін саналы түрде өз жетістіктеріне «алып алуға» зерттелушінің ұмтылысы себеп болып табылады. Төмен бағаларды жоғарылату да мүмкін болып табылады. Қандай жағдайда да соңғы нәтижелер орташа нәтижеге жақын болады да, шкала түрін өзгертіп, сығылады.
2. Соңғы бағалаулардан шеттеу (төменгі және жоғарғы). Нәтиже дәл сондай - деректерді топтау орташа нәтижеден жоғары болады.
3. Сериядағы бір тапсырманың немесе сыналушының бір қателігінің мәнділігін жоғарылату. Осы нұсқаманың призмасы арқылы тұлғаның және тапсырманың бағасы жасалады.
4. Тәжірибе жүргізуші үшін сыналушының тұлғалық белгілерінен кейін бөліне бастаған тапсырмаға ерекше мән берілетін ұқсас жағдай, бірақ нәтижесі аз уақыттық болып табылады.
5. Ұқсас жағдай, бірақ тұлғаның басқа қасиеттерінің байланысы мен қарсы қойып салыстыру байланысының тұжырымдамасымен ортақталған.
6. Нақты сыналушымен эмоционалды байланысқан оқиғамен әсері шартталған қателіктер.
Әрине, «Пигмалион эффектісі» бар, бірақ қаншалықты ол маңызды деген сұрақ туады? Мүмкін кейбір жағдайларда нәтижелерді талдау кезінде ол арқылы ескермеуге болатын шығар? Әр түрлі пікірлер бар. Ең аз дегенде үш көзқарасты келтіріп кетуге болады:
Біріншісі: Жан-жақты әсер ету деректері 7 есе көп, олар кездейсоқ болғанында деп Розенталь келтіреді. Осы мәселеге бағыттылған барлық жұмыстар, тәжірибе жүргізушінің тәжірибе нәтижесіне әсері р = 0,95 мән деңгейінде орнатылған.
Екіншісі: Т. Барбер мен М. Сильвердің [Barber Т. X., Silver M. J., 1968] ойынша бұл әсер маңызды емес, әрі тәжірибе жүргізушінің психологиялық тәжірибе нәтижесіне әсерін шығаруға бағытталған барлық зерттеулер жоспарлау кезіндегі қателіктермен жасалды, статистикалық өлшемдерді дұрыс таңдамау және тәжірибені дұрыс жүргізе алмау. Олар зерттеудің тек 29 %-ында ғана «Пигмалион эффектісі» расталады, сыналушының қылықтарына және оның бағасына тәжірибе жүргізушінің саналы үрдістерінің әсері деген қорытындыға келді. Бұл пайыз Розенталь жазғаннан айтарлықтай төмен екені көрініп тұр.
Үшінші көзқарас Барбермен келтірілген: біздің пайымдауымызша, әсер болуы мүмкін, бірақ оның нақты тәжірибе кезінде қандай болатынын болжайтын халде емеспіз.
Алайда зерттеушілер нақтыға жақын тәуелділіктерді шығарғысы келеді. Тағы да айта кетсек, нәтижелерге тәжірибе жүргізушінің бұзуының әсері туралы сұраққа, үш жауап нұсқасы келуі мүмкін.
1. Тәжірибелік психологияның іске аспайтын шындығы – тәжірибе жүргізушінің әсері ешқашан болған емес, немесе ол мардымсыз, оны ескермеуге болады. Гипотеза шындыққа жанаспайды.
2. Тәжірибе жүргізушінің тұлғасы әрқашан әрі үнемі тәжірибенің жүруіне және нәтижелеріне әсер етеді. Бұл жағдайда әсер ету эффектісін жүйелі түрде өлшеу қателігі тұрақты деп санауға болады, оны еске алу және «жақшаға шығару» оңай.
3. Тәжірибе үлгісінен, тәжірибе жүргізуші тұлғасынан және сыналушының тұлғасынан тәуелділігіне қарай әсері түрліше байқалады.
Әрбір нақты тәжірибеде есепке алу бөлінудің қиын тапсырмасына және релевантты психологиялық ауысулардың үлкен санын бақылауға айналады.
Қалайда болмасын мәселені түсіндіретін көптеген зерттеулер бар. Солардың негізгілерін келтіре кетсек:
1. Нәтижелерге тұлғаның түрі және тәжірибе жүргізушінің жағдайы әсер етеді: био - әлеуметтік құндылықтар (жасы, жынысы, нәсілі, мәдени-діндік, этникалық тиесілігі және т.б.); психо - әлеуметтік құндылықтар (мазалану деңгейі, әлеуметтік қолдау күтушілік, агрессивтілік, дұшпандылық, өктемшілдік, зияткерлік, әлеуметтік мәртебе, досшылдық); жағдай кезінде ауысулар (сыналушымен танысу кезі, көңіл – күй және т.б.).
Тәжірибенің өтуіне және нәтижелеріне жыныстың әсері көбінесе нақты орындалған. Негізі кішкентай балалар үнемі жақсы әрі қызығушылықпен әйел тәжірибе жүргізушілермен жұмыс істейді, ал есейген сыналушылар – еркек тәжірибе жүргізушілермен жұмыс жасағанды жөн көреді.
Сонымен қатар, тәжірибе кезінде еркек тәжірибе жүргізушілердің болуы сыналушылардың өз жағдайларын ұғынуына және жаңа ақпаратты іздеуге бағытталған белсенді қимыл жасауына әкеледі, ал әйел тәжірибе жүргізушілер сырыңды бөлісуге, ашық мінезді болуға тартып тұрады, сондықтан сыналушылардың мінез – құлықтары көбірек эмоционалды білініп тұрады.
Әсер ету мөлшерін нақты орнату өте қиын. Көбінесе басқа өзгерістердің әсерін алып тастау мүмкін емес: жас, мәртебе, досшылдық және т.б. Сонымен тәжірибе жүргізушінің жынысы әйелдер мен еркектерге, кедей мен байларға әр түрлі әсер етеді, ол өзара мәртебеден, көңіл ауушылықтан тәуелді әсер етеді. Ол сыналушы бір типті тапсырманы орындау барысында маңызды болып және басқа тәжірибелерде тіпті маңызды емес болып қалуы мүмкін. Бір ғана зерттеу кезінде әдістер арсеналын кеңейту мүмкін емес.
2. Зерттеу пәні бойынша бөлінетін тәжірибелерде тәжірибе жүргізушінің әсері біліну заңдылығы анық көрсетілген. Барлық зерттеулерді әлеуметтік – психологиялық зерттеулерден (шкаланың «жоғарғы жағы») бастап, психо – физиологиялық (шкаланың «төменгі жағы») тәжірибелерге дейін «әлеуметтік-биологиялық» шкала бойынша реттеуге болады. Бізбен зерттеліп отырған психикалық шындықтың құрылымдық деңгейі «жоғары» болған сайын, бұл әсер маңыздырақ.
Тәжірибе жүргізуші тұлғасының тұлғаның психология бойынша тәжірибесінде және әлеуметтік психологияда әсері максималды және психо - физиологиялық және психо – физикалық тәжірибелерде, сенсорика мен танымды зерттеуде минималды болып табылады. «Орташа» әсер ақыл – ойдың «ғаламдық» жеке үрдістерінде, қозғамдамада, шешім қабылдау зерттеулерінде және т.б. байқалады.
Тәжірибе жүргізушінің тәжірибе нәтижесіне әсерін есептеу мен бақылаудың қандай әдістерін ұсынуға болады?
98 %-ға жуық психологтар тәжірибе жүргізушінің әсерін маңызды әдістемелік мәселе ретінде санайды, бірақ зертханадағы қабырғалардың бояуы мен жарық түсуін, жақсы жиһаздың болуын емес, әсерді бақылау мен есепке алу жағын айтарлықтай аз уайымдайды..
А. Анастази [Анастази А., 1982] ойынша, көбінесе дұрыс жасалған зерттеулерге бұл факторлардың әсері тимейді, және ол оны минимумға жеткізуді ұсынады, әдіснамалық ізденістерге емес, санаға жүгіну керектігін айтады. Егер бұл іске аспаса, тәжірибе жүргізушінің әсерін тәжірибе шарттарын бейнелеу кезінде міндетті түрде ескеру керек.
Көбінесе тәжірибе жүргізушінің әсерін бақылаудың келесідей әдістері қолданылады әрі ұсынылады.
1. Зерттеуді автоматтандыру. Тәжірибе жүргізушінің әсері сыналушымен бірінші әңгімелесуде және іске алуда, бөлек сериялармен және «шығар кезде» сақталады.
2. Зерттеу мақсатын білмейтін тәжірибе жүргізушілердің қатысуы (алдында талқыланған «екі соқыр тәжірибе»). Тәжірибе жүргізушілер бірінші зерттеушінің ниеттері жайлы болжамдарын жасай бастайды. Осы болжамдардың әсерін бақылау міндетті түрде керек.
3. Тәжірибе жүргізушінің әсер ету факторына мүмкіндік беретін, жоспарды қолдану әрі бірнеше тәжірибе жүргізушілердің қатысуы. Тәжірибе жүргізушілерді және бақылау топтарының шекті санын таңдау өлшемі мәселесі қалады. Тәжірибе жүргізушінің әсері психологиялық тәжірибеге қайшы келетіндіктен толық алынып тасталмайды, бірақ қалай да есепке алынып, бақыланып отыруы мүмкін.[11]
3.1. Өлшеу әдістері. Өлшеу аспаптарының класификациясы мен қасиеттері.
Ғылым мен техниканың қазіргі замандағы даму деңгейі осы салаларда жұмыс істейтін мамандардың дайындығының жоғары деңгейде болуын талап етеді. Ғылыми және инженерлік салаларда жұмыс істейтін мамандар үшін тәжірибеші мен тәжірибелердің маңызы өте зор.
Физикалық құбылысты тереңірек түсіну үшін, алынған мәліметтер толық және обьективті болуы тиіс.
Сондықтан, физикалық шама мағынасын нақты білу үшін ең алдымен мәліметтерді алу жолы мен технологиялық процестерді басқаруды үйрену қажет. Мәлімет деп - әр түрлі дабылдар мен белгілер арқылы көрсетілген процестердің сипаты мен күйін айтады. Мәлімет алудың негізгі құралдарына өлшеу аспаптары мен өлшеу құрылғылары жатады.
Өлшенетін физикалық шамалар механикалық, электрлі, жылулық, оптикалық, акустикалық, магниттік, радиоактивтік т.б. болуы мүмкін. Бұл шамалардың кейбіреуі техникалық процестер өтуінің тікелей көрсеткіштері болып табылса, ал басқалары олармен функционалды байланыста болады. Осылардың бірлігін қамтамасыз ететін өлшеулер, әдістер және құралдар мен қажетті дәлдікке жету тәсілдерін зерттейтін ғылымды метрология деп атайды.
Метрологияның басты проблемасына, өлшеудің жалпы мәселелері, физикалық шамалардың бірліктері, олардың жүйелері туралы мағлұматтар, өлшеу әдістері мен құралдары, өлшеу дәлдігін анықтау әдістері және т.б. жатады.
Метрология - өлшеу; өлшеудің әдістері мен құралдары, қажетті дәлдікпен өлшеу нәтижесін алудың тәсілдерін зерттейтін ғылым.
Өлшеу – арнайы техникалық құралдардың көмегімен физикалық шамалардың мәнін анықтау.
Өлшеу нәтижесі – физикалық шаманың қасиеттері жөнінде сандық информация беретін, осы шаманың бірлігінде алынған сан.
Физикалық шаманың шын мәні – физикалық объектінің сандық және сапалық қасиеттерін дәл анықтайтын мән.
Өлшеудің бірлігі – заңдастырылған бірліктермен және белгілі ықтимал қателікпен алынған өлшеудің күйі. Өлшеудің бірлігі әртүрлі құралдармен тәсілдермен, әртүрлі уақытта алынған нәтижелерді салыстыруға мүмкіндік береді.
Өлшеудің қателігі - өлшеу нәтижесінің физикалық шаманың шын мәнінен ауытқуы.
Өлшеу дәлдігі - өлшеу нәтижесінің физикалық шаманың шын мәніне жақындығын анықтайды.
Өлшеу құралдары – метрологиялық нормаларға сәйкес қасиеттері бар, өлшеуде қолданылатын техникалық құралдар.
Өлшеу құралдарының арналуы бойынша, оларды келесі түрлерге бөледі: өлшем, өлшеу түрлендіргіштері, өлшеу аспаптары, қондырғылар, жүйелер.
Өлшем - өлшемі белгілі физикалық шаманы қайталауға арналған өлшеу құралы. Бірмәнді, көпмәнді өлшем түрлері болады. Мысалы: тұрақты сыйымдылығы бар конденсатор – бірмәнді, айнымалы сыйымдылығы бар конденсатор көпмәнді болып табылады.
Өлшеу түрлендіргіштері - өлшенген информация сигналын ары қарай түрлендіруге, жіберуге, сақтауға ыңғайлы формаға айналдыратын өлшеу құралдары. Бірақ бұл сигнал бақылаушыға тікелей қабылдауға жарамсыз. Өлшеу түрлендіргіштерінің жұмыс істеуі әртүрлі физикалық құбылыстарға негізделген. Өлшеу түрлендіргіштеріне кернеу, ток бөлгіштері, шунттар, түзеткіштер (выпрямитель), күшейіткіштер (усилитель) және т.б. жатады.
Өлшеу аспаптары - өлшенген информация сигналын бақылаушының қабылдауына ыңғайлы формаға айналдыратын өлшеу құралдары.
Өлшеу қондырғылары - өлшенген информация сигналын бақылаушының қабылдауына ыңғайлы формаға өзгертуге арналған өлшеу құралдарының бір жерде орналасқан функционалдық бірлестігі.
Өлшеу жүйелері – сигналды автоматты өңдеуге, жіберуге, сақтауға арналған бір-бірімен байланыс каналдары арқылы қосылған өлшеу құралдары мен көмекші құрылғылар.
Өлшеу бірліктерінің мемлекеттік эталоны - өлшеу бірліктерінің қайталануы мен сақталуын қамтамассыз ететін өлшеу құралдарының комплексі. Қазіргі уақытта физикалық шамалардың бірліктері халықаралық жүйеге сәйкес жүргізіледі.
Физикалық шамалардың мәнін анықтау тәсіліне сәйкес өлшеу келесі түрлерге бөлінеді: тура, жанама, жиынтық және біріккен (совместные).
Физикалық шамалардың мәнінің уақытқа тәуелділігіне байланысты өлшеу статикалық және динамикалық болып бөлінеді.
Өлшеу - негізделген физикалық құбылыстарды пайдалана отырып өлшем мен өлшеу құралдарының көмегімен физикалық шаманың мәнін анықтау.
Өлшеу әдістерін тікелей бағалау және өлшеммен салыстыру деп бөледі.
Тікелей бағалау әдісі. Өлшенетін физикалық шаманың бірлігінде алдын ала градуирленген аспаптың көмегімен физикалық шаманың мәнін анықтау.
Өлшеммен салыстыру әдісі. Өлшеу процесі кезінде анықталатын шамамен өлшенетін шаманың мәнін салыстыру арқылы оның мәнін анықтау. Өлшеммен салыстыру әдісі келесі түрлерге бөлінеді: дифференциал (айырымдық), нольдік, қарама-қарсы қою, орнын басу, дәлдесу.
Дифференциал (айырымдық) әдісі – аспапқа өлшенетін шама X-пен өлшеммен анықталатын белгілі шама X-тың айырымы әсер етеді. Бұл әдіске бір энергия көзімен бірмәнді өлшемнің болуы тән. Әдістің дәлдігі айырымы азайғанда жоғарылайды. Әдіс тізбектің параметрлерін анықтағанда қолданылады.