Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 07:07, реферат
Про врачебно-педагогический контроль на уроке физкультуры.
1. Кіріспе
2. Қазақстан Республикасы, спорт және дене тәрбиесі
3. Дәрігерлік-педагогикалық бақылау
4. Дәрігерлік дене шынықтыру кабинеті
5. Емдік дене шынықтыру (ЕДШ)
6. Қорытынды
7. Әдебиеттер тізімі
Байқаудан өткен балалардың жалпы саны және орташа нәтижесі төменгі жағына қойылады. Ескертулерде қандай да болсын бір баланың қозғалыс техникасындағы алдағы уақытта көңіл бөліді керек ететін айқын байқалған кемшіліктері атап көрсетіледі.
Жүгірудің жылдамдығын өлшеуді бәрінен гөрі далада кез келген түзу және тегіс жолда өткізген жақсы. 30м аралыққа жүгіру жылдамдығын өлшеу үшін жолдың ұзындығы кемінде 40м болуы керек.
Жолдың басы сөре ал 30м-ден кейін – мәре (қашықтық рулеткамен немесе арнаулы үлкен циркульмен өлшенеді) сызықтарымен белгіленеді. Мәре сызығынан әрі одан 7–8метр қашықтықта биік тұғырға жалауша немесе жақсы көрінетін және ашық түсті кез келген зат қойылыды. Бала мәре алдындағы жүгіруді баяулатпау үшін мүмкіндігінше осы бағдарға дейін тез жүгіріп өтуге тапсырма алады.
Дистанцияны жүгіріп өту белгілі бір ретпен берілген командалар бойынша жүзеге асырылады. «На старт! Внимание! Марш!». «На старт!» командасында бала сызыққа келіп және жүгіруді бастау үшін денені ыңғайлы қалыпқа келтіреді, бетін жүгіру бағытына қаратып, бір аяғының ұшын сөре сызығынан біршама ілгері шығарып, екіншісін кейін қояды, тұлғасын тікейтіп, қолдар дене бойымен еркін түсірілген, басын тура ұстайды. «Внимание!» командасында бала екі аяғын да сәл бүгеді, ілгері қарай иіліп, дененің салмағы алдағы аяққа түсетіндей қалыпта тұрады, қолдарын сәл бүгеді (оларды төмен еркін түсірілген күйде қоюға да болады), бағытталады алға қарайды (4 – 5м). Тәрбиешінің «Марш!» командасында бала орнынан дереу ытқиды және мәренің арғы жағындағы белгіленген жерге бар күшімен жүгіреді.
Жүгіруге команда беруші сөре сызығының бір шетінде тұрады. «Внимание!» сөзімен бірге ол жалаушаны жоғары көтереді, ал сонан соң «Марш» командасымен бірге кілт төмен түсіреді. Жалаушуны төментүсіру секундомерді қосудың белгісі болып табылады. Секундомер баланың мәре сызығын кеудесімен қиып өткенде тоқтатылады.
Нәтиже қатты дауыспен хабарланады және протоколға енгізеді. Нәтижені тіркеу 0,1сек (секундомердің бір бөлігі) дейінгі дәлдікпен тіркеледі. Егер дистанцияны екеуі бірден жүгіріп өтсе, онда нәтиже екі секундомермен тіркеледі.
Дистанцияны жүгіріп өткеннен кейін бала жайлап басып сөре сызығына қайта келеді. Дистанцияны екінші рет жүгіріп өту кемінде 3–4 жүгіруден кейін ғана қайталанады.
Бір орнынан ұзындыққа секірудің нәтижесін өлшеу. Бала мүмкіндігінше алысқа секіруге тапсырма алады. Тәрбиешінің шақыруы бойынша ол сызыққа келіп тұрады, аяқтарының ұшымен сызыққа жанаса, өзі еркінше секіріп кетеді. Сызықтан бастап өкшесінің топыраққа тиген орнына дейінгі қашықтығы есептелінеді. Жерге түсу мамырда топыраққа немесе жұмсақ төсеніште орындалуы тиіс. Секіріп түскеннен кейін бала маттан (жұмсақ төсеніштен) ілгері немесе бір жағына қарай шығып кетеді. Ол алғашқы позицияға сөре сызығын аттамай, оны айтылып өтіп келеді. Секіру нәтижесі сантиметрлік лентамен немесе сантиметрлік бөліктері бар (ұзындығы 3м) планкамен өлшенді. Бала қатарынан үш рет әрекет жасайды. Үш нәтиже де жазылады, жақсысы есептелінеді.
Дәрігерлік дене шынықтыру кабинеті.
Дәрігерлік дене шынықтыру кабинеті, дәрігерлік дене шынықтыру желісінің бір буыны. Емханалардың, медициналық-санитарлық бөлімдердің құрамына кіреді, оқу орындарда,стадиондарда, спорттық базада және т.б. ұйымдастырылуы мүмкін. Дәрігерлік дене шынықтыру кабинетінің штатында әдетте 1-2 дәрігер болады. Дәрігерлік дене шынықтыру кабинетінің міндетіне дене шынықтыру және спортпен шұғылданушы, кабинетке бекітілген адамдардың денсаулық жағдайын және дене дамуын, жаттығу және жарыс өтетін орындардың жағдайына санитарлық-гигиеналық бақылау жасау, санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу, дене шынықтыру бойынша әдістемелік жұмыстарға қатынасу, дәрігерлік-спорттық кеңестер беру жатады.
Емдік дене шыныктыру (ЕДШ).
Емдік дене шыныктыру (ЕДШ),
емдеу және қалыпқа келтіру мақсатындағы
сақтандыру денешынықтыруының құралдар
кешенін пайдалану жолымен
ЕДШ-ның нұсқаушысы (емдеу денешынықтырудың әдіскері), ЕДШ саласында дайындығы және жоғары немесе арнайы орта білімі бар адам. ЕДШ-ның әдіскері дәрігерлердің басшылыгымен жұмыс істейді, стационарлық емдеу мекемелерінің, емханалардың, дәрігерлік-денешынықтыру диспансерлерінің, санаторийлердің және басқа да мекемелердің штатында болады.
Қорытынды.
Дене шынықтыру жан-жақты тәрбие берудің аса маңызды салаларының бірі. Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке, өмірге бейімдеуде, оқу-тәрбие жұмысында дене шынықтырудың алатын орны бөлек. Дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын жұмыс түрлері оқушылардан өз еркімен іс-әрекеттерді орындауды, құлшына ұйымдастырушылықты, белсенділікті, тапқырлықты талап етеді.
Дене шынықтырудың негізгі міндеті – денсаулықты нығайту, дене дамуына дұрыс әсерін тигізу және денесін шынықтыру.
Дене шынықтыру жөніндегі жұмысты дұрыс жолға қоюдың негізгі жағдайларының бірі – жақсы ұйымдастырылған дәрігерлік бақылау болып табылады. Дәрігерлік бақылаудың негізгі міндеттері – балалардың денсаулығын нығайтуда дене шынықтыру құралдарын және әдістемелік жұмыстарды дұрыс жолға қойып, кең көлемде қолдану. Осы міндеттерді іске асыру үшін дәрігерлік тексеруі: оқушылардың денсаулығын, дене жаттығуларымен айналысуын, санитарлық-гигиеналық жұмыстарын бақылайды, сондай-ақ, ата-аналар мен мұғалім арасындағы жұмыс жоспарын, балаларды жарақаттан сақтандыруын ескереді.
Дәрігер мұғалімге балалардың денсаулығы жөнінде кеңес береді және дәрігерлік-гигиеналық талаптардың орындалуын қадағалайды. Дәрігердің мұғалімге берген кеңесі оқушылардың дене тәрбиесіндегі, денсаулығын нығайтудағы орындалатын негізгі міндеті болып табылады.
Барлық оқушылардың жылына бір рет дәрігерлік бақылаудан өтуі міндетті тәртіп болып саналады.
Дәрігер дене шынықтыру сабағында
немесе жарыста жарақат алған
оқушыға алғашқы көмек
Әдебиеттер тізімі.
Информация о работе Дене шынықтыру сабағында дәрігерлік-педагогикалық бақылау