Дене тәрбиеснің мақсаты мен мінтеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 22:00, реферат

Описание работы

Дене мәдениеті мен спорт бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын таңдаудың әдістемелік негіздері оқытып, үйрету үдерісінің жалпы және арнайы міндеттерін шешумен байланысты. Бұл қандай да бір спорт түрінің ерекшелігіне байланысты оқу-тәрбие жүйесін ұйымдастыру және жүзеге асыруға дифференциалды жолмен шешу қажеттілігімен байланысты.
Дене мәдениеті мен спорттық білім жүйесінің мақсаты барлық жастағы азамаматтардың оқып, үйренуге, өндірістік еңбекке және шығармашылық қызметке дене даярлығын қамтамасыз етуге жағдай жасаудан тұрады.

Файлы: 1 файл

Дене тәрбиеснің мақсаты мен мінтеттері.docx

— 47.94 Кб (Скачать файл)

                 Дене тәрбиеснің мақсаты мен мінтеттері.

 

Дене мәдениеті мен  спорт бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын таңдаудың әдістемелік негіздері оқытып, үйрету үдерісінің жалпы және арнайы міндеттерін шешумен байланысты. Бұл қандай да бір спорт түрінің ерекшелігіне байланысты оқу-тәрбие жүйесін ұйымдастыру және жүзеге асыруға дифференциалды жолмен шешу қажеттілігімен байланысты.

Дене мәдениеті мен  спорттық білім жүйесінің мақсаты  барлық жастағы азамаматтардың оқып, үйренуге, өндірістік еңбекке және шығармашылық қызметке дене даярлығын қамтамасыз етуге жағдай жасаудан тұрады.

Бұл мақсат дене мәдениеті мен спорттың қазіргі заманғы даму сатысында жетілдірудің жалпы және арнайы міндеттерін шешумен жүзеге асады.

Білім беру мекемелеріндегі оқытып, үйрету және тәрбиелеу үдерісінде дене мәдениеті мен спорт жүйесінің негізгі жалпы міндеттеріне мыналар жатады:

- оқып, үйренушілердің дене сапаларын дамыту және жетілдіру;

- әрбір оқып, үйренушіге дене мәдениетінің негізгі қолданбалы дағдыларын меңгерту;

- мақсатқа лайықтылық, батылдық және шешімшілдік, бастамашылдық және тапқырлық, табандылық және жігерлілік, ұстамдылық және байсалдылық, ұжымшылдық сезімі және өзара жолдастық көмек беру сияқты адамдық қасиеттерге тәрбиелеу;

- денсаулықты нығайту және ағзаны шынықтыру, қолайсыз қозғаушы күштердің және кәсіби қызмет жағдайының әсеріне орнылықты арттыру.

Дене мәдениеті курсының арнайы міндеттері – оқытып, үйретудің  мақсаттар мен міндеттерін іске асыруға, бағыттылық оқыту бағдарламасына дене мәдениетінің барлық бөлімдерін кіргізу, олардың әрқайсысын меңгеруге оқу уақытының үйлесімді қатынасын белгілеу, оқу-тәрбие үдерісін жандандыру. Әрбір міндеттің өзінің өзгеше ерекшелігі болады.

Бірінші міндет – дене мәдениеті міндеттерінің ішінде басты орынды дене сапаларын дамыту және жетілдіру алады.

Төзімділікті, күшті, шапшаңдықты және әбжілдікті дамытудың жоғары деңгейінің маңызы жалпыға белгілі және көпшілік мойындаған қағида болып табылады. Қазіргі заманғы жағдайда бұл дене сапаларының маңыздылығы тек дәлелденіп қойылған жоқ, сонымен бірге адам ағзасының жалпы тұлғалық жағдайына олардың әсерінің сандық және сапалық сипаттамасы алынған.

Жоғары дене дайындығы  деңгейі бар, үлкен дене жүктемелері  мен жүйке-психикалық күштенудің әсері  жағдайында жан-жақты дамыған адам, тәжірибе бойынша, жұмыс қабілеттілігі, қажуы, жүйке орнықтылығы көрсеткіштері  бойынша басқа адамдарға қарағанда  едәуір басымдықта болады.

Екінші  міндет -  дене мәдениетінің негізгі қолданбалы дағдыларын әрбір оқып, үйренушінің меңгеруі жүруде, жүгіруде, секіруде, өзін-өзі қорғау әдістерін орындаудағы әрекетте және қозғалу біліктілігіндегі қалыптасуды қарастырады.

Адамның қозғалыс біліктілігінің бөлшегі ретінде әдістер мен жаттығулар дене және психологиялық сапаларды дамыту және жетілдірудің тиімді құралы болып табылады. Олар экстремальды жағдайларда апаттық-құтқару құралдарын, жеңіл суға сүңгудің (водолаз) жабдықтарымен, киімімен жүзу, сүңгу және басқа судағы және су астындағы әрекеттер, күтпеген жағдайда кедір-бұдырлы, жыртылған жермен жүгіру, қарлы- борасын жағдайында қашықтықты қажет болған жағдайда шаңғымен жүріп өту сияқты арнайы дағдыларды меңгеруге негіз болады

Суға жүзуді үйрету үдерісі  ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру, әсіресе жүрек-қан-тамыры және тыныс алу жүйесінің қызметін жақсарту, денсаулықты нығайту және шынықтыру мақсатында жеке тұлғаның дене және ерік-жігер сапаларын жетілдіру үшін қолайлы мүмкіндік туғызады.

Шаңғымен жүру негізінен қысы қарлы аудандарда меңгеріледі. Қазіргі таңда кез келген ауа райында роликті шаңғылармен, роликті конькилермен шаңғымен қозғалу жаттығуларының иммитациялық мүмкіндіктерін орындауға болады.

Үшінші  міндет – оқытып, үйрету және тәрбиелеу үдерісінде оқып, үйренушілердің жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыру.

Жеке  тұлға – адамның психологиялық-әлеуметтік қасиеттерінің негізгі иесі.

«Жеке тұлға» ұғымында жеке адамның қоғам құрамында болатындығы  анықталатын белгілері айқындалады.

Мақсатқа ұмтылуға, батылдыққа және шешімшілдіке, бастамшылдыққа және тапқырлыққа, табандылыққа және қажырлылыққа, ұстамдылыққа және сабырлылыққа, ұжымшылдық сезіміне және өзара жолдастық көмектесуге тәрбиелеу өскелең ұрпақтың және азаматтың жеке тұлғасы сипаты мен сапаларын қалыптастырудаға маңызды міндеті болып табылады.

Жоғарыда атап көрсетілген  сапаларды дене мәдинеті мен спорт  құралдары арқылы дамыту және жетілдірудің іс жүзіндегі мүмкіндіктері адамдардың жеке ерекшеліктерімен алдына қойылған оқу және тәрбиелік міндеттерді  шешуі есепке алынып пайдаланылатын арнайы жаттығулар мен әдістемелік  тәсілдерді шұғылдану сабақтарында орындау кезінде оларды жүйелі және мақсатты бағытта қолдану жағдайында ғана жүзеге асырылады.

Адамның өзінің даралық қасиеті (индивидуальность) қоғамдық-тарихи мәдинетті дамытудағы іс әрекет пен білім иесі ретінде әрбір адамның тіршілік қызметіндегі дара ерекшеліктері мен алдына қойған оқу және тәрбиелік міндеттерін жүзеге асырудағы өзіне тән қайталанбайтын рухани күйі мен ішкі сезімі болып табылады.

Төртінші міндет- оқу тәрбие үдерісіндегі сауықтыру бағыты. Бұл бірінші кезекте денсаулықты нығайту және ағзаны шынықтыру, қолайсыз жағдайлардың әсеріне орнықтылықты, төзімділікті арттыру және  кәсіби қызметтің өзіне тән ерекшелігі болып табылады.

Бұл міңдетті шешуде теория мен іс тәжірибені дене мәдениеті  мен спорттың үдерісіндегі байланысы  принципі өз көрінісін табады.

Кез келен спорттық міндетті шешу тек студенттің денсаулыға есебінен ғана емес, керісінше денсаулықты  үнемі нығайту және ағзаны шынықтырудағы  мақсатты  міндеттерді орындау негізінде қамтамасыз етілуі тиіс. Жақсы денсаулық дене мәдинеті мен спортты дұрыс ұйымдастырудың басты нәтижелерінің бірі ретінде қарастырылады.

Оқу және кәсіби қызмет үдерісінде пайда болатын әртүрлі бейнедегі  қолайсыз қозғаушы күштердің (факторлардың) көптігі, адам ағзасының орнықты төзімділігін арттыру шараларын талап етеді. Мұның негізі, жан-жақты дене даярлығын қажетті денгейіне жеткізу болып табылады.

Бірқатар жағдайларда  жекелеген сыртқы қолайсыз әсер етуші  күштердің әсер етуіне ағзаның жоғары  төзімділік көрсетуіне жетуі үшін жан-жақты дене даярлығы арнайы құралдар мен денені жаттықтыру әдістерімен толықтырылады.

Студентің психикалық дамуының қозғаушы күші, оның қабілеттері мен  қоршаған ортамен байланысу түрлерінің  жеткен даму денгейінің арасындағы үйлеспеушілік болып табылады.

Дене мәдениеті мен  спорт саласындағы арнайы міндеттерді  шешу жеке тұлғаның рухани және дене сапаларының қалыптасуы үшін үлкен маңызға ие. Оларды орындау спроттың қандай да бір түрі бойынша спортшыларды дайындаудың қажетті мүмкіндігі болып табылады.

Арнайы міндеттердің жекелеген (тобына) дене дамуында ауытқуы бар және дене даярлығы төмен студенттермен шұғылдану сабақтарын ұйымдастыру міндеттері арнайы қарастырылады. Бұл міндеттерді шешу оқытушыдан медицина саласы мен физиологияның жас ерекшеліктері мен морфологиясынан арнайы білімі болуын талап етеді.

Жеке тұлғаның құрылым негізі, яғни студенттің қызығушылығы мен қажеттілігі, күрделі  психикалық құрылымының бағыты оның мінез – құлқын, іс әрекетін, спорттық қызығушылығын анықтайды.

Адамның оқу және кәсіби қызметі жағдайындағы және мінезіндегі мазмұндық айырмашылық дене мәдениеті мен спорттың жалпы және арнайы міндеттерін шешу қажеттілігін айқындайды. Арнайы міндеттерде дене дайындығына нақтылы, ерекше талап қою өз сипатын табады.

Арнайы міндеттерді шешу және оны жүзеге асыру жолдары  студенттердің дене және психологиялық  дайындықтарын дұрыс ұйымдастыруда  негізді маңызы бар.

Алайда арнайы міндеттерді  анықтау елеулі қиындықтар туындатады, яғни дене даярлығына қойылатын ерекше талаптың сипаты сырт көзге жиі байқалмайды.

Арнайы міндеттерді шешуге қойылатын негізгі талапты бөліп қарау үлкен қиыншылық туғызады, өйткені әрбір спорт түрі үшін оларды шешудің өзіндік ерекшелігі болады.

Студенттің психикалық дамуы  – жеке тұлғаның сапалық біртіндеп дамушы өзгерісі, яғни оның барысында әртүрлі динамикамен жас ерекшелігіне қарай жаңа құрылу қалыптасады.

Студенттердің дене даярлығына қойылатын ерекше өзгешелігі бар  талапты талдау негізінде дене мәдениеті  мен спорттың арнайы міндеттерін  анықтаудың маңызды мәселесі, студенттерді оқытып, үйрету үдерісінде барынша  көп мөлшерде қажетті қозғалыс дағдылары мен дене, психологиялық, арнайы сапаларын анықтау болып табылады.

Студенттердің дене даярлығына қойылатын ерекше талап арнайы міндеттерде  өз көрінісін табады.

Дене мәдениетінің құралдары мен әдістері арқылы шешілетін арнайы міндеттер мыналар болып табылады:

- оқу аудиторияларындағы аз қозғалыстағы және бір сарынды еңбек немесе сабақ кезіндегі орныққан күш түсуіне төзу қабілеттілігін қалыптастыру;

төзімділікті, шапшаңдықты  және жауап беру және әрекет реакциясының дәлдігі, кеңістікте және уақытқа бағдар жасауды дамыту және жетілдіру;

- дененің үйлесімді салмағын сүйемелдеу;

- ыстыққа, суыққа, температураның ауытқуына ағзаның төзімділігін арттыру;

батылдықты және шешімшілдікті, ұстамдылық пен сабырлылықты, бастамашылдық  пен тапқырлықты, мақсатқа ұмтылушылық пен сезім күші орнықтылығын дамыту;

- жүйке және жүрек қан-тамырлары жүйесіндегі, асқазан-ішек жолдарындағы қызметтік бұзылуды, көздің қажуын, мүсіннің ауытқуын қалпына келтіру.

Арнайы міндеттер дене мәденитінің барлық тарауларын оқыту  бағдарламасына ендіру, жекелеген тақырыптар бойынша шұғылдануға бөлінген оқу уақытының үйлесімді қатынасын белгілеу есебінен жүзеге асырылады.

Арнайы міндеттерді дұрыс  анықтаудың негізді (принципті) мәні бар, өйткені бұл міндеттер оқу тәрбие үдерісінің мазмұны мен бағытына елеулі әсер етеді.

Арнайы міндеттердің сипаттамасы  спорт түрінің ерекшеліктерін сапалы ұғынуға қажеттілікпен, олардың әрқайсысының оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне қоятын талаптарына байланысты болады.

Мектептерде және кәсіби орта білім беру мекемелерінде мамандық (профиль) бойынша оқыту ендірілуімен байланысты оқу үдерісін тиімді арттыратын, оған дараландыру мүмкіндіктерін туғызатын, оқушыларды дайындаудың дифференциялау бағдарламасы дайындалуда.

Дене мәдениетін жетілдірудің маңызды бағыты спорт мектептерінде, мамандандырылған спорт залдарында, спорт үйірмелері сияқты қосымша  білім беру жүйелерінде оқытып, үйрету үдерісін даралау болып табылады, яғни олардың әрқайсысында әртүрлі спорт түрлерінің ерекшеліктерін есепке алатын күрделі бөліктерімен (дифференциял) оқу бағдарламалары болады.

Бұдан басқа, бөліктермен  үйрету және даралау негізінде дене мәдениеті мен спорт бойынша  оқытып, үйретуде оқу бағдарламасын  қалыптастыру шұғылданушыларға биологиялық, ауа райы географиялық және әлеуметтік қозғаушы күштердің әсерлерін есепке алып жүзеге асырылады. Сонымен бірге, бұл қозғаушы күштер оқытып, үйретудің спецификалық міндеттерін анықтап, іске асыруға елеулі әсерін тигізеді.

Оқытып, үйретудің мазмұны, сипаты, жағдайы және студенттерді даярлаудың өзіндік ерекшеліктері  болады, яғни оларды оқытып, үйретудің  және тәрбиелеудің арнайы бағытын анықтайды. Студенттерді арнайы бағытпен дайындау дегеніміз, қандай да бір спорттың түріне жалпы және жекелеген бейімделу міндеттерін шешудің ең жақсы дәрежесін қамтамасыз ететін дене мәдениетін оқытып, үйретудің және тәрбиелеудің формалары мен әдістерін, жүйелі құралдарын іріктеу, таңдау және іс жүзінде қолдану болып табылады.

Қазіргі өскелең өмір талабы жағдайында дене мәдеиетіне оқытып, үйрету және тәрбиелеудің арнайы бағыты жайлы мәселелер үлкен теориялық және тәжірибелік маңызға ие болуда.

Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері мен тәжірибе көрсеткендей студенттерді дене мәдениетіне оқытып, үйрету мен тәрбиелеудің арнайы бағытын анықтайтын қозғаушы күштер мыналар болып табылады:

- білім беру үдерісі жүргізілетін орындағы жағдай;

- оқу барысындағы дене жүктемесінің және жүйке-психикалық күштенудің мөлшері мен сипаты;

- ЖОО-дағы оқытудың сапасы және оның студенттердің дене және психикалық жағдайларына әсер етуі;

- оқу топтарын жүйелеп, құру ерекшеліктері;

кейбір жекелеген ерекшеліктері (білім, біліктілік және дағдыларды меңгеруге ынталану дәрежесі; оқу-спорттық базаның ұзақтығы және бытыраңқы, бөлек-бөлек орналасуымен байланысты және т.б.).

Студенттер күнделікті өздерінің  уақыттарының негізгі бөлігін аудиторияларда, спорт ғимараттарында, яғни дымқылдық  немесе құрғақтық көрсеткіштер жоғары, ауасы ластанған жерде жаттығумен шұғылдану кезіндегі ұзақ күштену жағдайында өткізеді.

Ағзаға елеулі әсер етуші  тітіркендіргіштердің саны, жүктемелер сипаты, оларды жою үшін арнайы шаралар кешенінің әсерімен өзгеруі мүмкін. Мысалы, егер қажу, шаршау, жүйке-психикалық күштенуі пайда болса жеткіліксіз дене белсенділігін қалпына келтіретін, нашар сезім күйін түсіретін, жұмыс қабілеттілігін тез орнына келтіретін және көңіл-күйін көтеретін жаттығулар орындалады. Мұндай оқу бағдарламасында белгіленбеген жаттығулар спорт ойындары, қызмет түрі бойынша қызықты, күлкілі жарыстар түрінде өткізілуі мүмкін.

Информация о работе Дене тәрбиеснің мақсаты мен мінтеттері