Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 22:00, реферат
Дене мәдениеті мен спорт бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын таңдаудың әдістемелік негіздері оқытып, үйрету үдерісінің жалпы және арнайы міндеттерін шешумен байланысты. Бұл қандай да бір спорт түрінің ерекшелігіне байланысты оқу-тәрбие жүйесін ұйымдастыру және жүзеге асыруға дифференциалды жолмен шешу қажеттілігімен байланысты.
Дене мәдениеті мен спорттық білім жүйесінің мақсаты барлық жастағы азамаматтардың оқып, үйренуге, өндірістік еңбекке және шығармашылық қызметке дене даярлығын қамтамасыз етуге жағдай жасаудан тұрады.
Ойлау.
Ойлау – бұл заттардың мәнін айқындайтын ой, пікірлер (идеялар) қозғалысы, жоғары танымдық үдеріс оның қорытынды нәтижесі бейне емес, яғни кейбір ойлар, пікірлер, ұғымдар.
Бұл өзіне әрекет және бағдарлау-зерттеу, қайта жасау және танымдық сипаттағы операциялар ендірілген жүйені болжалдайтын ерекше бейнедегі теориялық және практикалық қызмет.
Ойлау – адам ұғымының ең жоғарғы сатысы. Ол танымның сезімдік сатысына тікелей қабылдауы мүмкін емес ақиқат әлемнің нысандары, қасиеттері және қатынастары туралы білім алуға мүмкіндік туғызады.
Дене мәдениеті мен спортта әрекетті, оның бір ізді жүйелілігін, күшін, жеке мүмкіндігіне сәйкес сезімдік күштенуін, спорттық шаралардағы, жаттығудағы, жарыстардағы объективті жағдайлар есепке алынуын байыпты саралаусыз жоғары спорттық нәтижеге жету мүмкін емес.
Ойлау заңдары мен формалары логикада, ал оның жүру механизмдері психология мен нейрофизиологияда оқытылады. Кибернетика ерекшелігі адамның дербестігін анықтайтын кейбір ойлау қызметінің үлгілеу міндеттерімен байланысты дүние тануды талдайды. Үтгілеу спорттық әрекеттің жасалынуы және оның нәтижесі туралы алдын ала ойша көзге елестету, спортшының өзінің спорттық қызметін ұйымдастыруының маңызды тәсілі. Ол өзінің жеке мүмкіндіктерімен өз дене дайындығы мүмкіндіктерінің ерекшелігінен шығатын жекелеген дене қозғалыстарын орындауды үлгілей алатын спортшылардың жоғары спорттық нәтижеге жетуінде маңызды рөль ойнайды.
Ойлаудың жәрдемімен жаңа білім туындайды, яғни бұл күнделікті өмірде, сол сияқты спортта бар дәстүрлерді адамның жаңадан жасауы және шығармашылықпен көрсетудің жанды үлгісі. Ойлау ақиқат жүзінде де, субъективтіде уақыттың сол сәтінде жоқ нәтижені туындатады. Басқа психологиялық процестерден ойлаудың айырмашылығы міндеттердің санымен және бұл берілген міндеттердің жағдайды белсенді өзгерту жолымен шешілетін проблемалы жағдайлармен байланысты барлық уақытта дерлік байланыста.
Әдетте ойлау теориялық түсінік, теориялық бейне, көрнекілік- бейне және көрнекілік-әрекеттік болып бөлінеді.
Теориялық түсінікті ойлау
– бұл студент-спортшы оқу
спорттық міндеттерін іске асыру
барысында практикалық
Теориялық бейнелі ойлау спорттық міндеттерді шешу үшін пайдаланылатын оның материалымен айырмаланады. Бұл тек ұғым, талқылау немесе ақылмен қорытындылау ғана емес, яғни бейнелер. Олар тікелей зердеден алынып тасталады немесе шығармашылықпен елестету арқылы жаңғыртылады. Қандай да бір жағдайларда еске түсіруі мүмкін, белгілі бір бейне түрінде сипаттамасы бойынша жақсы таныс және есте сақталған спорттық қимыл әрекеттерін орындауға дайындық кезінде спортшы-студенттер мұндай ойлауды пайдаланады.
Көрнекі-бейнелік ойлау-терең ойлы адамның өзін қоршаған ақиқатты қабылдауымен тікелей байланысты ойлағыштық процесі. Көрнекі-бейнелі ойлы адам ақиқатқа бейім, құштар, ал ойлау үшін қажетті бейнелері оның қысқа уақыттық жедел жадында сақталады. Әдетте көрнекі-бейнелік ойлау қайсібір жаттығуды немесе жекелеген спорттық қозғалысты жаттықтырушының тікелей көрсетуінен кейін немесе орындау барысында пайда болады.
Көрнекі-әрекеттік ойлау
спортшы-студенттердің нақтылы
Ойлаудың бұл түрі спорттық қондырғыларда шұғылданатын спортшыларда кең ауқымда көрінеді. Теориялық түсінік пен теориялық-бейнелік ойлау іс жүзіндегі тәжірибе қызметінде қатар жүреді. Олар бірін-бірі толықтырып отырады. Теориялық түсінік пен ойлау ақиқатқа дәл қорытынды береді, ал теориялық бейнелі ойлау оның нақтылы субъективті түсінілуіне мүмкіндік береді. Ойлаудың бұл екі түрінің қайсы бірінсіз және жан-жақты, дәл және әртүрлі бейнедегі ерекшеліктерімен көрінбеген болар еді.
Ойлаудың теориялық және практикалық түрлері арасындағы айырмашылық олардың іс тәжірибемен байланыстарының әртүрлілігінен тұрады. Практикалық ойлау жұмысы негізінен жекелеген нақтылы міндеттерді шешуге, ал теориялық ойлау жалпы заңдылықтарды табуға бағытталған.
Ойлау ғылыми дүние танымын, жауапкершілік сезімін, ерек-жігер сапаларын, жеке тұлғаның спорттық бағытын дамытумен, жарыстық шараларға барынша жақындатылған жағдайдағы қызмет тәжірибесін жинақтаумен бірге барынша жоғары деңгейге көтеріледі.
Назар (ықылас).
Дене мәдениеті мен спорттағы назар (ықылас) – бұл спортшы-студенттің бір нысанды оқып, зерттеу мақсатындағы өзінің танымдық ой өрісін ұйымдастыру қабілеті.
Назар еріксіз (сылбыр) және
еркінше (белсенді) болып айырмаланады,
яғни нысанды таңдау кезінде назар
(ықылас) саналы түрде, әдейі аударылады.
Назардың сипаттамалары: орнықтылық, қадала
көңіл аударушылық, көлем (қысқа
уақыт сәтіндегі қатынаста
Назар – осы уақытқа дейін психологтардың арасында бірегей пікір жоқ процестердің бірі. Біреулері назарды ерекше, тәуелсіз роцесі жоқ, яғни ол адам қызметінің немесе кез келген басқа психикалық процестердің жағы, сәті ретінде алға шығады деп дәлелдейді. Басқалары назарды өзіндік ерекшелігі бар, ерекше ішкі процесс, яғни адамның барынша тәуелсіз психикалық жағдайын көрсетеді деп санайды.
Назарды психофизиологиялық процесс, танымдық қызметтің динамикалық ерекшеліктерін сипаттайтын жағдайы ретінде анықтауға болады. Бұл басқаларды ескермей сезім органдары арқылы түсетін бір ақпаратты ойланбастан немесе спалы түрде іріктеу үдерісі.
Назардың орнықтылығы – белгілі бір нысанда ұзақ уақыт бойы оны сақтап тұру қабілеті.
Қадала назар аудару – басқа нысандардан назарды аудару барысында бір нысанда назарды шоғырландыру қабілеті.
Назарды ауыстырып аудара білу – назарды бір нысаннан екіншісіне, қызметтің бір түрінен екіншісіне ауыстыру,
Үлестіру (тарату) – бірнеше қызмет түрлерін қатар орындай отырып, маңызды кеңістікке назарды ұйыстыра білу қабілеті
Көлем – спортшы көтеріңкі назар аясында сақтауға қабілетті ақпарат шамасы.
Басқа барлық психикалық процестер сияқты, назардың төменгі және жоғарғы формалары бар. Біріншісі ерексіз назар аударумен, екіншісі сапалы түрде еркімен ұсынылған.
Дене мәдениеті мен спортта назарды дамытуға үлкен маңыз беріледі. Спортшы-студент айтылғандарды, әсіресе жаттықтырушының көрсеткен қозғалыс әдістеріне ерекше назар салып, түсініп қабылдаса, ол солғұрлым түсінгендерін тез өзінің жеке практикалық қызметіне өздігінен ендіруге кіріседі.
Спортшының қоршаған орта жағдайы жағынан бөгеттер, өзін нашар сезінуі сияқты тітіргендіргіштерге көңіл бөлмей және дене даярлығы міндеттерін орындауға назарды ұйыстыра білуі болып табылады.
Назар адамда дүниеге келген сәттен қалыптасады және бұл процесте ақылдың, зерденің және сөздің өзара байланыстағы даму процесі жүреді.
Жад. Қоршаған әлем жайлы адам әсер алады, белгілі дәрежеде із қалдырады, есте сақталады, бекиді, ал қажеттілік және мүмкіндік туындағанда көз алдыңа келеді, еске түседі. Бұл үдерістер жад немесе есте сақтау деп аталады.
Жад – ақпаратты ұзақ уақыт бойы сақтау және оны сапа және іс әрекет аясына көп рет ендіру қабілеттілігінің көрінетін жүйке жүйесінің негізгі қасиеттерінің бірі, яғни бұрынғы тәжірибені еске түсіру қабілеті.
Жад есте сақтау, жадында тұту, ақпаратты еске түсіру және сақтау, тану, білу, есте қалған, өз есіне түсіру процестеріне бөлінеді. Жад еркімен және еріксіз, тікелей және жанама түрдегі, қысқа уақыттық және ұзақ уақыттық болып айырмаланады, жадтың ерекше түрлері: моторлы (жад-дағды), көңіл-күйлік, сезімдік немесе аффективті (сезім жады), бейнелік және сөздік-логикалық.
Жадтың бұл түрлерінің әрқайсысы дене мәдениеті мен спорттан білім беруде кең ауқымда қамтылған. Есте сақтау процесі теориялық, сол сияқты практикалық оқытып, үйрету саласында қажет. Алынған ақпаратты еске түсіру зерде жұмысының нәтижесі ретінде алған білімді меңгеру және бекітудің күнделікті оқытып, үйрету үдерісі болып табылады. Тану, сұрастырып білу көрнекі-бейнелік ойлаумен байланысты спорттық тапсырмалардың бірін орындау бойынша сәйкес қызметті өзінің жеке жобалауына қуат беретін тәсілдері. Еріксіз назар аудару әдетте өз командасы мүшелерінің немесе басқа спортшылардың жұмыстарын бақылаумен байланысты.
Еркінше жадта сақтау спортшыға оқып, үйренетін спорттық қозғалысты барынша дәл еске түсіру және тез көңіл аударуға жәрдемдеседі.
Жадты өмірлік тәжірибені алу, сақтау және еске түсіру қабілеті ретінде анықтауға болады. Жадтың дамуы бүтіндей алғанда адамның өзіне, оның қызығушылық аясына байланысты. Дене мәдениеті мен спортта дене жаттығуларының бірін орындаумен шұғылдану барысында спортшы-студент ойланбастан, жадын жаттықтырады және одан әрі дамытады.
Оймен көз алдына елестету.
Елестету – басқа психикалық үдерістерден бөлек тұрған, сонымен бірге еске түсіру, ойлау және жадтың арасындағы аралық қалыпты атқаратын адам психикасының ерекше формасы.
Елестету (фантазия) – шын
мәнінде адамның ешқашанда
Дене мәдениеті мен спортта
елестетудің арқасында спортшы-студент
өз қызметін сапалы түрде жоспарлайды
және үлгілейді, сонымен бірге оны басқарады.
Елестету спорттық күтілмей туындаған
жағдайда бағдар алуға және оқытушы (жаттықтырушы)
тарапынан тікелей араласусыз міндеттерді
шешуге мүмкіндік туғызатын көрнекі-бейнелік
ойлаудың негізі болып табылады. Елестету
тәртіп бойынша фантазия, ойдан құрастыру
элементтері, спортшының дербестігінің
көрінуімен айырмаланады. Белсенді елестету
спортшының өзінің жеке иницативасымен,
ал сылбыр елестету спонтанды,
Репродуктивті елестету- алдын ала оқытып, үйрету және жаттығу үдерісінде меңгерілген түріндегі ақиқатты көрсету. Елестету үшін бірінші база болып барлық уақытта ақиқат-өмір болып қала береді. Көзге елестету арқылы адамдар мыналарды өмірге әкеледі: суретші-картиналарды, конструктор-құрылыстарды, спортшылар елестету арқылы жоғары спорттық нәтижелерге жетудің жаңа инновациялық тәсілдерін жобалайды. Спортшы өзінің жеке потенциалдық базасын кеңейту барысында адам өзінің көз алдына елестеткен «өнімдерін» өмірге әкеледі. Елестету жад, ойлау үдерістерімен тығыз байланысты, олармен өзара байланыссыз ойша елестеткен арман, мұраттарды жүзеге асыру мүмкін емес.
Сөз.
Сөз – жазу белгілері жүйесіне сәйкес келетін мағынасы мен мәні бірдей айтылатын немесе қабылданатын дыбыстардың жиынтығы. Сөз-адамның қатынастық (коммуникативтік) түрлерінің бірі, оны ұжымның басқа мүшелерімен қарым-қатынас жасау үшін тіл құралы ретінде пайдаланады.
Сөз сөйлеу үдерісі ретінде (сөйлеу қызметі) түсіндіріледі, өйткені ол оның нәтижесі (есте сақталу немесе жазбаша хатпен белгіленген сөздік шығарма). Қарым-қатынас құралы ретінде сөздің арқасында адамның жеке санасы тек оның жеке тәжірибесін ғана көрсетіп қоймайды, яғни сөздің мазмұны басқа адамдардың тәжірибелерімен байытылады, сонымен бірге сезім органдары арқылы жүзеге асырылатын сөйлеусіз, тікелей танымдық процестерді елеулі дәрежеде бақылауға мүмкіндік туғызады.
Сөз арқылы бір адамның тәжірибесі басқа адамдарға түсінуге қолайлы болады, оларды байытады, дамуына мүмкіндік жасайды. Сөз полиморфты қызмет болып табылады, ол өзінің әртүрлі қызметтік мағынасында әртүрлі формада, яғни сыртқы, ішкі, жазбаша, ауызша, монолог немесе диалог түрінде берілуі мүмкін.
Сыртқы сөз – қарым-қатынас құралы, ішкі-ойлау құралы, жазбаша-ақпаратты есте сақтау тәсілдерінің бірі, диалог – екі жақты ақпарат алмасуға құрылған сөз, монолог – талқылау үдерісіндегі сөз.
Дене мәдениеті мен спортта спортшы-студент сөздің көмегімен оқу материалын оқып, зерттейді, оқу-жаттығу сабағы кезіндегі оқытушының тарапынан берілген тапсырмалардың талаптарын меңгереді, бір-бірімен өзара түсіністікте қызмет атқарады және қарым-қатынас нәтижесінде өзіне және қасындағыларға әсер етеді.
Спортшы-студент өзінің ауызша, жазбаша және басқа сөздерін неғұрлым жетілдіреген сайын өз сөздігін толықтырады, олардың танымдық мүмкіндіктері мен мәдениетінің деңгейі де солғұрлым жоғары болады. Ежелгі дәуір уақытынан қоғамдық өмір қажеттілігі адамды сөз қатынасы ерекшеліктерін есепке алуға және айыруға мәжбүрледі. Қазіргі өскелең өмір жағдайында сөзді дамыту адамның жалпы дамуы деңгейінің маңызды көрсеткіші болып табылады.