Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2012 в 18:31, реферат
Кәсіптік оқыту педагогы өз iс-әрекетiнiң мәнiн терең түсiнбей, қоғамдық-саяси, арнаулы ғылыми, психологиялық-педагогикалық бiлiмдер жүйесiн игермей, сондай-ақ теориялық бiлiмдерiн, практикалық мәселелердi шешу кезiнде шығармашылықпен қолдану iскерлiгiнсiз жүзеге асыра алмайды. Педагогикалық практика болашақ мамандарды педагогикалық iс-әрекеттiң алғашқы және аса құнды тәжiрибесiмен қаруландырады, студенттердiң педагогикалық iс-әрекетке кәсiптiк жұмысқа дейiн-ақ даярлығының көрсеткiшi қызметiн атқарады. Мұның бәрi студенттердiң педагогикалық практикасын жетiлдiру проблемасының теориялық және практикалық мәндiлiгiн қамтамасыз етедi.
Зерттеу барысында біз практиканттардың төмендегідей оқу-тәрбиелік іскерліктерді игеруі керектігін ұсындық: тәрбие жұмысын жалпы адами және ұлттық тәрбие принциптері тұрғысынан жоспарлау, талдау және жүзеге асыру; тәрбиеленушіге деген жоғары талаптарды оның тұлғасына деген терең құрметпен сабақтастыру; тәрбиеленушілер тұлғасынан оң мінезді табу және жеке келістерді жүзеге асыру кезінде оған арқа сүйеу; келешекті сызықтар мен параллель іс-әрекет әдістемесін қолдану; жеткіншектерді психологиялық зерттеу мақсатында әдістемелер кешенін қолдану; оқушыларды психологиялық зерттеудің оқу-тәрбие процесін талдау кезіндегі нәтижелеріне сүйену; оқу-тәрбие процесін (оның жекелеген жақтарын) талдау негізінде университет оқытушысы көмегімен нақты оқу-тәрбие мәселеін қою және оны шешу жолдарын жоспарлау; қойылған мәселелерді шешу мақсатында тәрбиеленудің формаларын, әдістерін және құралдарын таңдау, әрі қолдану; тәрбиелеу құралын таңдау кезінде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру; - оқушылық топ ұжымында өзін тәрбиелеу бойынша жұмыс ұйымдастыру; сабақтың және сабақтан тыс тәрбиелік шараның негізгі элементтерін бақылау және талдау, нәтижелерді педагогикалық практика күнделігіне тіркеу, оларды талдау; өзін кәсіби дайындаудың бағдарламасын құру және орындау; педагогикалық күнделік жүргізу.
I кезең - диагностикалық - болжамдық кезең –
кешендi тапсырмалар орындаудың әдіс-тәсілін таңдап алу
а) студенттердiң бiлiмдерiнiң және қалыптасатын iскерлiк-терiнiң бастапқы деңгейiн анықтау | ә) оқушылар ұжымының адамгершiлiк даму деңгей-iн, тұлғааралық қатынасын анықтау | б) оқу тобы ұжымы-ның ерекшелiктерiне сәйкес келетiн жұмыс формаларын таңдап алу |
II кезең - ұйымдастырушылық-практикалық кезең –
студенттердiң таңдап алған әдіс-тәсілді репродуктивтiк, репродуктивтiк-шығармашылық немесе шығармашылық деңгейлерде жүзеге асыру
в) жекелеген жұмыс-тар жүргiзу әдiсте-месiн жүзеге асыру | г) бастапқы жоспар-ларға алынған нәти-желердi талдау негi-зiнде түзету | д) оқушыларды түрлi iс-әрекет түрлерiне қатыстыру | е) студенттердiң бiлiм-дерi мен iскерлiктерiн белсендiлендiру |
III кезең - бақылаушылық-нәтижелiк кезең –
жасалған жұмысты талдау, қорытындысын шығару.
ж) жасалған жұмысқа қатысты iс-әрекеттi бағалаудың ғылыми негiзделген өлшем-дерiн пайдалану | з) тәрбиелiк деңгейдегi өзгерiстердi анықтауда диагностикалық әдiстемелердi қолдану | и) алынған нәтиже-лердi қойылған мiндеттермен салыстыру | к) кейiнгi тәрбиелiк iс-әрекеттiң болашағын анықтау |
Сурет 3 - Оқу-тәрбиелiк практиканы кешендi тапсырмалар негiзiнде ұйымдастыру кезеңдерi
Жүргiзiлген сауалнама нәтижесiнде студенттердiң педагогикалық практикаға даярлық деңгейi әртүрлi екендiгi анықталды және мұны студенттердiң кешендi тапсырмалар орындауында ескеру керек екендiгi анықталды. Практикаға даярлық деңгейiне байланысты студенттер кешендi тапсырманы әртүрлi тәсiлдермен орындады. Студенттердiң бiр бөлiгi кешендi тапсырма орындау үшiн әрекеттер алгоритмiн және алгоритмiнiң әрбiр элементiн орындауға байланысты нұсқаулар алды. Тапсырмалар репродуктивтiк деңгейде орындалды. Олардың екiншi бөлiгi кешендi тапсырмаларды орындау кезiнде қосымша нұсқаусыз, тек әрекеттер алгоритмiн ғана пайдаланады. Тапсырмалар репродуктивтiк-шығармашылық деңгейде орындалды. Ал ендi студенттердiң үшiншi бiр бөлiгi кешендi тапсырмаларды жасалынған алгоритмдi теорияға сүйенiп шығармашылық деңгейдi пайдалана отырып орындады. Зерттеу кешендi тапсырманы орындау тәсiлiнiң өзгерiмдiлiгi студенттердiң тапсырмаларды таңдауына және оларды шешу тәсiлiн өз бетiмен таңдап алуға мүмкiндiк бердi. Бұл оның кәсiби iс-әрекетiн, iс-әрекеттiң жекелеген тәсiлiн бағалай бiлу қажеттiгiн қалыптастыруға септiгiн тигiздi. Зерттелiп, әзiрленген әрекет алгоритмiнде iс-әрекет мақсаты, құралдары және нәтижелерiнiң бiрлiгiн, сондай-ақ педагогикалық процестiң барлық қатысушыларының өзара қарым-қатынасы көрiнiс табады.
Эксперименттiк зерттеудiң негiзiн тәрбиелiк тақырып бойынша жасалынған кешендi тапсырмалар құрайды. ІІІ курста “Оқушылардың адамгершiлiк мiнез-құлқын қалыптастыру” тақырыбы бойынша құрастырылған кешендi тапсырмаларда кәсіптік мектеп оқушыларының еңбекке, адамдарға, өзіне және өз мінез-құлқына қатынасын анықтайтын тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. IV курста «Қиын оқушылармен оқу-тәрбие үрдісінде жекелей жұмыс жүргізу» тақырыбы бойынша құрастырылған кешенді тапсырмада басты назар студенттердің өзіндік жұмыстарына аударылады.
Сонымен қатар кешенді тапсырмаларды құрастыруда біз ғылымилық, жүйелілік, реттілік, бірізділік, принциптері басшылыққа алдық.
Жоғарыда аталған кешенді тапсырманы практика жүзінде пайдалану үлгісін ұсынуды жөн көрдік:
Проблема: “Оқушылардың адамгершiлiк мiнез-құлық тәжiрибесiн қалыптастыру”.
Мақсат: демократиялық қазақ қоғамының мүшесi ретiндегi оқушылардың адамгершiлiк бейнесiн, олардың қоғамға, еңбекке, адамдарға, өзiне және өзiнiң мiнез-құлқына қатынасын анықтайтын моралдық сапалардың ғылыми негiздерiн оқу процесiнде, сыныптан тыс және кәсiптiк мектептен тыс жұмыста, еңбек iс-әрекетi процесiнде мақсатқа бағыттап қалыптастыруды ұйымдастыру.
Мiндеттер:
1. Оқу жылының тоқсанына арналған тәрбие жұмысының жоспарын құру, тәрбие мiндеттерiн нақтылау;
2. Тәрбиелiк мiндеттердiң орындалу жолдарын жас ерекшелiктерiн және тәрбиеленгендiктiң жеткен деңгейiн ескере отырып анықтау;
3. Берiлген мақсатқа жету жолындағы ұжым ретiнде оқу тобының iс-әрекетiн ұйымдастыру;
4. Оқушылардың адамгершiлiк, мiнез-құлық тәжiрибесiн қалыптастыру бойынша ата-аналармен және қоғамдық ұйымдармен бiрлесiп жасалатын жұмысты қарастыру.
Кешендi тапсырмалар орындаудың кезеңдерi.
Әрекеттер: I кезең - диагностикалық-болжамдық кезең. Тапсырма орындаудың мақсатын – “стратегиясын” анықтау.
1.Сынып жетекшiсiнiң жұмыс жоспарын зерделей отырып, адамгершiлiкке тәрбиелеу мiндеттерiн қою және шешу ретiн талдау, оқушылармен орындалатын тәрбиелiк iс-әрекеттiң мазмұнын, адамгершiлiкке тәрбиелеу процесiнiң әдiстемелiк нұсқауын мақсатқа бағыттап iрiктеп алу, ағымдық және қорытынды талдау, оқушылармен жүргiзiлген тәрбие жұмысын есепке алу, бұл iс-әрекеттiң нәтижелерiн бағалау, оқушылардың санасында, iс-әрекетiнде, мiнез-құлқында болған өзгерiстердi талдау.
2.Оқу тобы ұжымының адамгершiлiк тұрғыда дамуын, тәрбиелiлiк деңгейiн, моральдық-этикалық кемелденуiн, қоғамдық белсендiлiгiн, оқушылардың ынтымақтастығын зерттеу, оқу тобының психологиялық-педагогикалық сипаттамасын құрастыру.
3.Оқу тобымен жасалатын жұмыстардағы негiзгi тәрбиелiк мiндеттердi, оқушылармен алдағы болатын өзара қарым-қатынаста кездесетiн қиындықтарды анықтау. Тоқсан iшiнде өткiзiлетiн тәрбие жұмысының жоспарын құру.
4.Оқушылардың жас ерекшелiктерiн, ұжымның адамгершiлiк жағынан қалыптасу деңгейiн ескере отырып, тұлғаның жетекшi сапаларын қалыптастыру жөнiндегi жұмысты жоспарлау.
II -кезең - ұйымдастырушылық-практикалық кезең. Оқу-тәрбиелiк жағдайларды құрастыру. Таңдап алған стратегияны жүзеге асыру.
5. Оқушылардың адамгершiлiк тәжiрибесi жөнiнде алынған нәтижелердi талдау негiзiнде бастапқы жоспарларға түзету енгiзу.
6. Оқушылармен бiрлесiп алдағы iс-әрекеттiң мақсаты мен мiндеттерiн талқылау. Жоспарға шағын топтың таңдап алған тақырыбы бойынша сынып жиынын өткiзудiң бiр формасын енгiзу.
7.Қойылған мiндеттерге және берiлген ұжымның ерекшелiктерiне сәйкес әдiстердi, формалар мен құралдарды таңдап алу. Адамгершiлiкке тәрбиелеу формаларының бiрiн таңдап алып, өткiзу (әңгімелесулер, пікірталас, т.б.).
8.Оқушыларды педагогикалық мақсаты неғұрлым жоғары топтың шараларына қатыстыру, бiлiмнiң, ұғынудың, әрекет ету ынтасының және мiнез-құлықтың арасындағы үзiлiстi болдыртпайтын бағдарлаушылық-әрекеттiк тәрбие әдiсiн пайдалану. Жекелеген оқушылардың тапсырма орындауына көмектесу.
9.Ата-аналармен жасалатын жұмыстың бiрiн өткiзу: оқушыларға ұсынылған сауалнаманы қайталау немесе сұрақтарға жауап алу (Әңгiмелесулер, практикум, адамгершiлiк тәрбиесiнiң жекелеген мәселелерi бойынша кеңестер өткізу).
III кезең - бақылаушылық-нәтижелiк кезең.
Жасалған жұмысты талдау, қорытындысын шығару.
Берiлген кешендi тапсырманы пәнараралық бiлiмдерге сүйенiп орындауға болады. Студенттерге психологиялық-педагогикалық пәндердiң келесi мәселелерi бойынша тағы да материалдарды пайдалануға ұсыныс жасалынады. Бұдан әрі жалпы тапсырма оқушылардың адамгершiлiк мiнез-құлқын қалыптастыру проблемасымен бiрiккен жеке тапсырмаларға жiктелдi.
Алдымен оқу-тәрбие үрдісінiң моделiне және қисынына сәйкес кешендi тапсырмалардың құрылымы қарастырылды. Студенттердiң назары оның тұтастығын түсiнуге аударылды. Мұндағы тұтастық тапсырма мақсаттарының оларды жүзеге асыру жолдарымен, қажеттi әрекеттердiң тiзбектiлiгiмен, қорытындыны шығарумен өзара тығыз байланыстылығын бiлдiредi. Пәнаралық бiлiмдер негiзiнде шешiлетiн мәселелер ажыратылады, тапсырманы орындау үшiн қажеттi iскерлiктерге талдау жасалынады. Тапсырманы орындаудың мүмкiн тәсiлдерi, сондай-ақ iс-әрекеттi ұйымдастырудың мүмкiн формалары – фронталдық (жаппай), топтық, жекелiк және олардың варианттары жан-жақты қарастырылды. Одан кейiн оқушылардың жас ерекшелiктерi, кәсiптiк мектептiң педагогикалық ұжымдарының, оқу тобының нақты оқу-тәрбие мiндеттерi ескерiле отырып, тапсырмалар анықталды.
Студенттердiң кешендi тапсырмаларды орындау сапасын талдау кешендi тапсырмаларды тек репродуктивтiк деңгейде орындауға даярланған студенттердiң әрбiр қадамның, әрбiр келесi әрекеттiң толық сипатталып берiлуiне мұқтаж болатындығын көрсеттi. Тапсырманы шығармашылық деңгейде игерген және практикаға даярлығы жоғары студенттер практикалық iс-әрекетке тез және жеңiл кiрiсiп кеттi, нақты жағдайларды кешендi тапсырмалармен байланыстыра алды. Сонымен бiрге барлық студенттер кешендi тапсырманы орындаудың әртүрлi кезеңдерiнде қиындыққа кездесiп отырды. Олар I кезеңнiң диагностикалық тапсырмаларын ерекше қиындықсыз орындады, алайда практикаға өткен оқу тобындағы нақты тәрбиелiк жағдайды кешендi тапсырмамен байланыстыра алмады, ең бастысы тәрбиелiк мiндеттi тапсырманың түйiндi тұсы ретiндегi негiздейалмады. II кезеңде студенттердiң практикалық жұмысы адамгершiлiк-тәрбиелiк жағдайларды құруға байланысты тәсiлдi пайдаланумен ерекшелендi, студенттердiң кейбiрi белгiленген ережелер бойынша қадам жасаса, екiншi бiреулерi шығармашылықпен жұмыс iстедi.
Зерттеу практиканы ұйымдастырудың ұсынылған тәсiлi педагогикалық бiлiмдердiң артуына және тереңдеуiне ықпал еткендiгiн көрсеттi. Қалыптастырушы эксперимент нәтижесiнде бiлiмдер мен iскерлiктердiң деңгейi ғана артып қойған жоқ, сонымен бiрге олардың арақатынасы өзгердi, олардың арасындағы байланыс тығыздығы нығайып, беки түстi.
Нәтижесiнде бiз кешендi тапсырмаларды студенттердiң 33,3%-ы, репродуктивтiк тәсiлмен, 55,5%-ы репродуктивтiк-шығармашылық тәсiлмен, ал 11,1%-ы шығармашылық тәсiлмен орындағанын анықтадық. Студенттердiң бiлiмдерi мен iскерлiктерiнiң едәуiр өскендiгi байқалды (4-сурет).