Негізгі бөлім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2012 в 18:31, реферат

Описание работы

Кәсіптік оқыту педагогы өз iс-әрекетiнiң мәнiн терең түсiнбей, қоғамдық-саяси, арнаулы ғылыми, психологиялық-педагогикалық бiлiмдер жүйесiн игермей, сондай-ақ теориялық бiлiмдерiн, практикалық мәселелердi шешу кезiнде шығармашылықпен қолдану iскерлiгiнсiз жүзеге асыра алмайды. Педагогикалық практика болашақ мамандарды педагогикалық iс-әрекеттiң алғашқы және аса құнды тәжiрибесiмен қаруландырады, студенттердiң педагогикалық iс-әрекетке кәсiптiк жұмысқа дейiн-ақ даярлығының көрсеткiшi қызметiн атқарады. Мұның бәрi студенттердiң педагогикалық практикасын жетiлдiру проблемасының теориялық және практикалық мәндiлiгiн қамтамасыз етедi.

Файлы: 1 файл

Дипломдық.doc

— 216.50 Кб (Скачать файл)

                      - практикаға дейін

                      - оқыту эксперименті кезеңінде

                      - практикадан кейін

 

Сурет 4 -  Студенттердiң кешендiк тапсырмаларды орындау кезiндегi бiлiмдерi мен iскерлiктерiнiң қалыптасу динамикасы (%)

 

Сөйтiп, эксперименттiк жұмысты IV курста жалғастырудың қолайлы алғышарттары жасалынды.

Зерттеу барысында студенттердiң IV курстағы практиканың ерекшелiктерi анықталды. Басты назар студенттердiң өзiндiк жұмысына аударылды. “Қиын оқушылармен оқу-тәрбие процесiнде жекелей жұмыс жүргiзу” тақырыбы бойынша кешендi тапсырмалар қарастырылды. Жүйелiк сипаты бар бұл тапсырмаларды студентттер әртүрлi iс-әрекет арқылы орындай алады.

Кешендi тапсырмаларды орындау алдында жекелiк келiс бойынша осы тапсырмаларды орындауға қажеттi әрекеттердiң келесi тiзбегiн қамтитын жаттығулар жасалынған педагогикалық практикум өткiзiлдi:

I-шi кезең -диагностикалық -болжамдық кезең.

-         ұжымның және қиын оқушы тұлғасы мәртебесiнiң даму деңгейiн зерттеу;

-         оқушылардың педагогикалық тұрғыдан құлдырап кетуiнiң себебiн анықтау; жасөспiрiммен байланыс орнату; жасөспiрiмнiң педагогикалық босаңсыған оқушылардың қандай тобына жататындығын; ұжымдағы, отбасындағы, оқуға, еңбекке, адамдарға, өзiне қатынастарын, оның қызығушылықтарын, бейiмдiлiгiн, немен айналысатынын анықтау;

-         қиын оқушының психологиялық-педагогикалық мiнездемесiн құру;

-         “педагогикалық консилиум” өткiзу;

    II-шi кезең -ұйымдастыру-практикалық кезең:

-         тәрбиелеу мен өзiн-өзi тәрбиелеудiң нақты мақсатты көздейтiн бағдарламасын жасау;

-         оқуда көмек ұйымдастыру, жасөспiрiмдi iс-әрекетке тарту, оқушыға iс-әрекеттiң мақсаттары мен мiндеттерiн түсiнуге көмектесу;

-         жеке бақылау мен көмек жүйесiн ұйымдастыру;

-         ата-аналармен қарым-қатынасты қалыпқа келтiру, жасөспiрiмдi өзiн-өзi тәрбиелеуге үйрету;

III-шi кезең - бақылаушылық-нәтижелiк кезең:

- жасөспiрiмнiң мiнез-құлқының, үлгерiмiнiң, ұжымдағы мәртебесiнiң сапалық өзгерiстерiн анықтау.

Тапсырманы репродуктивтiк тәсiлмен орындаған студенттер (26,2%), әдеттегiдей ұжымды және оқушы тұлғасының мәртебесiн зерделеудi ұсынылған кесте бойынша өткiздi. Тапсырманы репродуктивтiк-шығармашылық тәсiлмен орындаған студенттер ұсынылған кестемен бiрге оқушыларды психологиялық-педагогикалық зерделеудiң басқа сұлбалары мен тәсiлдерiне қосымша әдебиеттердi пайдаланды. Iске шығармашылықпен қарайтын студенттер (17,5%) зерттелiнiп отырған оқушының тұлғасы, оның ұжымға және ұжымның оған қатынасы айқын бiлiнетiн жағдайларды қарастырды, оқушының назары оған байланыс жасауға даяр тұрған балаларға аударылды. Сауалнамалардан алынған мәлiметтердi дәлелдеу және толықтыру үшiн олар тәуелсiз сипаттамалар және қатысты бақылау әдiстерiн пайдаланды.

Студенттердiң оқушылармен жүргiзген жекелiк жұмысы “қиын” оқушылардың жақсы сапаларын оятуға, күштерiн терiс көрiнiстердi жеңуге жұмылдыруға, оқушыларды оқу тобының ұжымдық iс-әрекетiне жауапкершiлiк, тәуелдiлiк жүйесiне қатыстыру арқылы өзiн-өзi тәрбиелеуге ұмтылуын қалыптастыруға бағыттайды. Кешендi тапсырмаларды шығармашылықпен орындаған студенттер оқушыларды ұжымiшiлiк қатынастарға енгiзiп, бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасауға үйрете бiлдi, сенiмдiлiк пен өзара сыйластық қатынастарын қалыптастырды. Студенттердiң жүйелi жұмысының нәтижесiнде оқушыларды адамгершiлiкке тәрбиелеу деңгейiнде өзгерiстiң болғаны анықталды. Бөлiмде келтiрiлген тапсырманы шығармашылықпен орындау, бiздiңше барлық студенттер ұмтылуы тиiс оңтайлы да орынды  тәсiл болып табылады. Кешендi тапсырманы орындаудың бұл тәсiлi студенттерден кәсiби iскерлiктердi қалыптастыруды, сондай-ақ тұлғалық сапаларын жетiлдiрiп, орнықтыруды талап етедi.

Зерттеудiң соңғы кезеңiнiң негiзгi көрсеткiшi студенттер iс-әрекетiнiң нәтижелерi және олардың кәсiби педагогикалық даярлығындағы қосымша қалыптасқан бiлiмдер мен iскерлiктерi болып табылады (1- кесте).

 

Кесте 1 - Студенттердiң бiлiмдерi мен iскерлiктерiнiң практика  барысындағы даму көреткіштері (%)

 

Дейгейлер

 

Бiлiмдер

Iскерлiктер

Практикаға дейiн

III курстағы практикадан  кейiн

IV курстағы практикадан  кейiн

Практикаға дейiн

III курстағы практикадан  кейiн

IV курстағы практикадан  кейiн

Э.т

Б.т

Э.т

Б.т

Э.т

Б.т

Э.т

Б.т

Э.т

Б.т

Э.т

Б.т

Жоғары

22,8

21,5

37,4

39,4

39,7

38,9

0

0

45,3

45,3

54,7

54,6

Орта

31,4

30,5

32,7

34,8

35,8

34,7

40,9

41,3

38,2

41,6

20,9

15,5

Төмен

45,8

48

29,7

25,6

24,5

26,4

59,1

58,7

40,9

28,2

-

13,1

Экспериметтiк топтардың (ЭТ) студенттерi – 70 адам

Бақылау топтарының (БТ)  студенттерi  -  65 адам

 

Бiлiмдер мен iскерлiктер көрсеткіштерін салыстырмалы талдау олардың деңгейiнiң эксперименттiк топтарда артуының жалпы үрдiсiн ғана емес, сонымен бiрге олардың арасындағы байланыс тығыздығының нығайғандығын көрсетедi.

Студенттердiң кәсiби даярлығында болған өзгерiстердi сараптайтын болсақ, олар практика барысында бастамалық пен дербестiк көрсетiп, 66,6% байқатты (бақылау тобында - 30,7%); педагогикалық бағыттылық студенттердiң 88,75%-ында байқалды (бақылау тобында - 61,7%); практикадан соң студенттердiң 50%-ында кәсіптік оқыту педагогы болу тiлегi орнықты (бақылау тобында - 38,4%); тапсырмалар бойынша жұмыс iстеу қажеттiгiне 95,8 %-ы ден қойды.

Тәжiрибелiк-экспериметтiк жұмыс барысында кешендi тапсырмаларды шығармашылық деңгейде орындаған студенттер саны 11,1%- дан 17,5%-ға дейiн, репродуктивтiк-шығармашылық деңгейде орындаған студенттер 55,5%-дан 56,2%-ға дейiн артты, ал тапсырмаларды репродуктивтiк тәсiлмен орындаған студенттер қатары 33,3%-дан 26,2%-ға дейiн кемiдi.

Сонымен, зерттеу нәтижелері теорияның практикамен байланысын, болашақ кәсіптік оқыту педагогтарында педагогикалық проблемалардың әлдеқайда тиімді шешімдерін қабылдаудың зерттеушілік шеберліктерін қалыптастыруды көрсетеді. Студенттердің іскерліктері кешенді тапсырмалардың құрылымындағы жүйелі түрде жасалынған іс-әрекет және оларды игерілген білімдер негізінде саналау есебінен байи түсті, білім де байи түсті және олардың практикалық мәнділігі де өсті. Ертеректе қалыптасқан білімдер жаңа сапаға ие болды.

Зерттеу келесі  болжамды растады: кешенді тапсырмалар болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын шығармашылық педагогикалық іс-әрекетке даярлау үшін психологиялық-педагогикалық білімдерді пәнаралық негізде интеграциялауға арналған нақты мүмкіндіктер туғызады. Бірақ бұл жерде студенттерге жеке келіс, олардың кәсіби іс-әрекетке даярлығы мен ұмтылысын құндылық ретінде, өзін жетілдірудің негізі ретінде есепке алу қажет.

 

Қорытынды

 

І. Ұсынылған жұмыс университет студенттерінің педагогикалық практикасын жетілдіру мәселесіне арналған.

Зерттеу педагогикалық практикасының тұжырымдамасын және жетілдіру технологиясын, сондай-ақ студенттерде инженерлік-педагогикалық іс-әрекеттің барлық компоненттері жүйелілігімен және тұтастығымен дамуына бағытталған әдіснамалық, теориялық және эмпирикалық жоспардағы блоктан тұратын инженерлік-педагогикалық білім беру бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді. Бұл жүйені университеттің оқу-тәрбие процесінде жүзеге асыру болашақ кәсіптік оқыту педагогының педагогикалық практикасын жетілдіруде айқын көрініс берді. «Кәсіптік білім» мамандығын даярлауда, оның ішінде педагогикалық практиканы жетілдірудің ең тиімді жолдарын, кешенді тапсырмаларды құрастырудың ғылыми теориялық негізін, мүмкіндіктерін анықтауда «теория»,  «практика», «тапсырма», «кешенді тапсырма» ұғымдарына талдау жасалып, «тапсырма», «кешенді тапсырма» ұғымдарына анықтама берілді.

2. Зерттеудің теориялық тұжырымдамасында жетекші идея болып табылатындар: университеттердің кәсіби білім беру потенциалы мен ресуртарының нақты нәтижеге - кәсіби мәселелерді теориялық және практикалық шешуге дайын педагогтың педагогикалық іс-әрекетіне бағытталуы; болашақ кәсіптік оқыту педагогының педагогикалық практикасын синергетикалық, антропологиялық, тұлғалық-әрекеттік келістер негізінде тұрғызу.

Студенттің педагогикалық практика жағдайындағы педагогикалық іс-әрекеті қатынастың екі типімен сипатталады: студенттің педагогикалық әсер етуқұралына, пәніне деген субъект-объектілі шартталған қатынастары;  педагогикалық әсер ету процесіндегі практикант пен оқушылар арасында туындайтын субъект-субъектілі қатынастар.

Субъект-объектілі  қатынастар педагогикалық іс-әрекеттің пәндік мазмұнын түзеді, ол оқу-тәрбие процесінің мақсатымен, оқу тәртібі, тәрбиелік шаралар, оқытудың, тәрбиелеудің және оқушы дамуының формалары, әдістері және құралдарымен әсерлесу пәні арқылы анықталады.

Субъект-объектілі және субъект-субъектілі қатынастар өз тоғысуында педагогикалық процестің тұтастық құрылымын түзеді.педагогикалық іс-әрекет практикант пен оқушының тілдесуі осы құрылымның ядросы болып табылады. Осы өзара іс-әрекет пәні бірлескен іс-әрекетте объект ретінде болады, яғни педагогикалық өзара іс-әрекет өз бетінше емес, тек кейбір объектіге қатысты ғана өмір сүреді.

3. Педагогикалық практиканы біз зерттеу жұмысында практикалық іс-әрекеттің ерекше көрініс беруі ретінде қарастырамыз. Педагогикалық практиканы тұтас педагогикалық жүйе ретінде зерттеу тарихына тоқта отырып, кеңестік дәуірдегі және Қазақстан Республикасының егеменді ел болып, етек-жеңімізді жиған кезеңдегі ізденістері қамтылды.

4. Сонымен қатар педагогикалық практиканың ерекшелігін ескере отырып, кешенді тапсырмалардың теориялық моделі тұрғызылды. Сондай-ақ кәсіптік оқыту педагогының кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің кешенді тапсырмаларды университет студенттерінің педагогикалық практикасында жүзеге асыру барысында қалыптасуы мен дамуы көпдеңгейлі, әр кезеңде сипатқа ие болатынын және оның компоненттерінің білім беру үрдісінде байқалу шамасымен анықталатыны, студенттердің оқу, кәсіби оқу іс-әрекетінде қолданылатын құралдар спецификасы, оларды пайдалану шарттары анықталды.

5. Арнайы құрастырылған кешенді тапсырмалар практиканттың жеке педагогикалық іс-әрекетінің мақсатын, оның кәсіби дамуының деңгейін сипаттайды. Егер ол берілген мақсат пен әдістемелік жұмыстарындағы оның тұжырымдалуын механикалық түрде қабылдаса, онда осындай мақсат түзілімі практиканттың педагогикалық іс-әрекетін репродуктивтік деңгейге төмендетеді. Мақсатты, оқу материалының мазмұнын және оқушының танымдық іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетінше тұжырымдалуы кезінде мақсатты түзіліміне деген мұндай келіс тапсырманы шығармашылықпен орындаудың алғышарты болып табылатыны айқындалды.

6. Зерттеу көрсеткендей студенттердің педагогикалық практикаға үйлесімді педагогикалық даярлығы практиканы жетілдіру мәселесін нәтижелі шешу үшін қажет. Бұл логиканың негізгі маңынасы тәрбие әрекетіне қызығушылығын қалыптастыру, оның мәнін ұғыну; тәрбие әрекетінің жекелеген формаларын, әдістерін меңгеру; жасөспірімдік жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыру іскерліктері мен дағдыларын меңгеру; осы іскерліктер мен дағдыларды тәрбие жұмысының әртүрлі формаларын, әдістерін және технологияларын ұйымдастыруға студенттерді тарту негізінде дамыту. Мұндай бірізділіктің тұтас жүйелерді дамыту теориясы түріндегі әдіснамалық негізі бар.

7. Эксперименттік жұмыс Қазақ ұлттық аграрлық университетінде, 3 және 4 курс студенттері практикадан өтетін Алматы аграрлық колледжінде, Ұзынағаш ауылындағы (Алматы облысы) Жамбыл атындағы № 6 және Талғар қаласындағы № 4 кәсіптік мектептерде жүргізілді. Зерттеу барысында педагогикалық практикада студенттердің білім деңгейі мен кәсіби қалыптасу дәрежесі талап деңгейінен төмен екендігін көрсетті.

Қалыптастыру эксперименті студенттердің педагогикалық практикасын жетілдіруге арналған кешенді тапсырмалар моделі мен бағдарламасына сәйкес жүргізілді. Зерттеудің негізін тәрбиелік тақырып бойынша жасалынған кешенді тапсырмалар құрады. Педагогикалық практика барысында әртүрлі тәрбиелік шараларды құрастырумен қоса, оқушыларды бақылау және зерттеу, мәліметтерін жинау, оларды талқылау, талдау, мәселелерді шешудің ең тиімді жолдарын таңдап алу, нәтижелерді болжау, іс жүзіне асыру, студенттердің ғылыми-шығармашылық зерттеу жұмыстарына көңіл бөлінді. Қорыта келгенде, ғылыми зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен болжамына сәйкес алынған міндеттерді орындап, белгілі нәтижеге жеттік деп ойлаймыз.

8.Зерттеу жұмысымыздың нәтижесінде «Кәсіптік білім» мамандығының педагогикалық практикасын жетілдіруге арналған кешенді тапсырмалардың бағдарламалары даярланды. Теориялық қағидалар мен тәжірибелі-педагогикалық жұмыстардың нәтижесі төмендегідей қорытындылауға ықпал етті:

- қоғамның сұранысына сәйкес жоғары оқу орнындағы «Кәсіптік білім» мамандығының студенттерінің педагогикалық практикасын жетілдіру қажеттігі туып отыр;

- кешенді тапсырманы құрастырудың және оларды студенттердің педагогикалық практикасында қолданудың теориялық-әдіснамалық негіздері жасалды.

- біртіндеп күрделенетін  педагогикалық тапсырмаларды шешу жолдарын моделдей отырып, педагогикалық теория мен практиканы интеграциялауды тұтас жүйелі ұйымдастырғанда толық жүзеге асады;

- педагогикалық практиканың кешенді тапсырмаларды жүзеге асыру негізінде студенттердің кәсіби қалыптасуына ең тиімді ықпалының жағдайлары айқындалды.

Информация о работе Негізгі бөлім