Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2013 в 09:52, курсовая работа
Сондықтан, мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін сапалы дәрежеге көтеру қазіргі Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осы маңызды жұмысты іске асыру барысында тарихи ел арасында қалыптасқан ойын түрлерін баланың денесін шынықтыру барысында ұтымды пайдалануды зерттеу маңызды сала болып табылады, себебі халық арасында таралған ойындар баланың сүйіп ойнайтын және оның күш-жігерін жетілдіретін әсерімен ерекшеленеді.
Негізгі бөлімде жалпы жетілдіруші жаттығулар орындалып, негізгі қимылға дайындық жұмысы жүргізіледі 3 негізгі қимыл жоспарланады. Оның екеуінде бұрынғы жаттығулар қайталанса, бір жаттығу жаңадан жоспарланады. Жаңа сабақтың тақырыбы жылдық жоспардан алынады. Негізгі бөлімге 16 – 18 минут кетеді. Негізгі бөлімнің бір бөлшегі қимылдық ойын.
Дене шынықтыру негізгі оқу іс-әрекеті болғандықтан ертеңгілік мезгілде өткізіледі. Дене шынықтыру өткізілетін орын ауа–райы жылы кезде аулада, қыс мезгілдерінде залда өтіледі. Дене шынықтыру басталардан бұрын залдың едені сүртіліп, құрал – жабдықтар дайындалады.
Қорытынды бөлімде де қимыл қозғалысы аздау ойын жоспарланады. Жалпы жетілдіруші жаттығу жасарда тәрбиеші негізгі қалыпқа көп көңіл бөлуі керек. Егер өзгертпей көбіне тік тұрып жасаса, балаларды жалықтырып жіберуді мүмкін. Сондықтан әр түрлі жағдайда (тұрып, отырып, жатып) жасайтын жаттығулар жоспарлау қажет. Жалпы жетілдіруші жаттығулар үшін (жалаушалар, доптар, кубтар, секіргіштер, құрсаулар, таяқтар) пайдаланылады. Сонымен қатар үлкен көлемдегі құрсаулар, арқан, гимнастикалық орындықтар пайдаланылады. Балалар негізгі қалыпқа дұрыс тұрулары керек, жаттығулардың жасалу техникасын дұрыс орындаулары керек, тәрбиешінің нұсқауымен қимылдап, барлық бала бірдей қимылдаулары керек. Балаларға таныс жаттығуларды тәрбиеші көрсетпей-ақ ауызша да айтуға болады, ал қимылдау жаттығуларды тәрбиеші көрсетеді, кейін балалар жасайды. Оқу іс-әрекет қызықтырақ өтсін десе жаттығуды жақсы орындайтын бір баланы алға шығарып, тәрбиеші нұсқау беріп тұрады. Дене шынықтыру оқу іс-әрекетінде балалардың ақыл-ой тәрбиесі ғана жетілмейді, адамгершілік қасиеттері де қалыптасады, балалар ойын кезінде рөлдерге бөліседі, ұйымдастырушылық қабілеттері жетіледі, жарыс кезінде өздерін ұстау қабілеттері дамиды. Допты лақтырып, қағып алу, допты бір – біріне лақтыру, ұзындыққа секіру, гимнастикалық қабырғаға өрмелеп мініп түсу; гимнастикалық орындық үстінде тепе – теңдікті сақтап жүруге үйрету. Дене шынықтырудан үйренген қимыл - әрекеттер серуен кезінде, спорттық шараларда жетілдіріледі. Дене шынықтыруды өткізген кезде балалардың жарақат алмауын баса қадағалау қажет.
Бала ағзасындағы мүмкіндіктерін арттыра түсу үшін таза ауадағы дене шынықтыруға көп көңіл бөлеміз. Таза ауадағы дене тәрбиесінің құрамы бағдарламалық материалдардан құралады. Таза ауадағы дене шынықтыру жүгіруден, жеке және топталған әдістерден тұратын ерекше қозғалыстардан таңдалған спорттық ойындар мен эстафеталардан тұратын қимыл – қозғалыстың белсенділігімен өткізіледі. Таза ауадағы дене шынықтыруда балалардың жаттығуларға деген белсенділігін төмендетпес үшін оларға көп ауыртпалық түсірмеуге, дұрыс демалуларына көңіл бөлеміз. Таза ауадағы дене шынықтыру балалардың тек қана денесін шынықтырып емес, сондай-ақ тәрбиелік мәні бар білімін ұштастыруға септігін тигізеді. Бірін – бірі сыйлау, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде мәні зор. Спорттық ойындар арқылы балаларды төзімділікке, қайратты шымыр болуға баулу қажет.
Таза ауадағы дене шынықтыруды өткізу үшін учаскедегі орын барлық жағдайға сай жабдықтануы керек. Балабақшада әртүрлі өрмелеуге арналған баспалдақтар, жаттығуға арналған орындықтар болу керек. Таза ауадағы дене шынықтыруды өткізу үшін балалардың денсаулығы туралы мәліметті балабақша медбикесінен алу қажет. Егерде операция жасалған немесе бір жері қатты ауыратын бала болса, ол балалар тәрбиеші көмекшісімен бірге болып, жеңіл қимылды ойындар ойнайды. Сауықтыру шараларына медбике жиі қатысып, тексеріп тұрады.
Белсенді қимыл-қозғалысты әрекет әсіресе таңертеңгі және кешкі серуен кезінде қажет. Тәрбиеші спорттық жаттығуларға да қатысуы үшін балалардың серуен кезінде әр түрлі: құрылыстар салу, сюжетті рөлдік, қимылды ойындар ойнауын қадағалайды.
Тәрбиешінің алаңда қимылды ойындарға басшылық жасауы мынадай екі бағытта жүргізіледі. Тәрбиеші қимылды ойындар үшін балалардың өздерінің қызығуы бойынша шағын топтарға бірігуін ұсынады, өз іштерінен ойын жүргізушіні таңдауға көмектеседі, ойын ережелерін естеріне түсіреді, балалардың өздері бастаған ойындарын мадақтайды, мұндай ойынға байсалды, тұйық балаларды тартуға көмектеседі. Сонымен бірге тәрбиеші тәрбие жұмысы жоспарына сай күнделікті серуен кезінде бір немесе бірнеше қимылды ойындар өткізеді. Ересек балалар тобында ұжымдық қимылды ойындар ұйымдастыруға көп уақыт кетпейді. Бұл ойындарды балалар жақсы көреді және олармен шартты белгі бойынша ойынға жиналу туралы алдын ала келісуге болады.
Балаларды ойынға толық қатыстыру үшін тәрбиешінің балаланың ойынға деген шығармашылық қабілетіне құрметпен қарау керек. Егер балалардың біреуі өз ойындағы бір ойынды ойнағысы келсе, оны қимылды ойынға қатысуға мәжбүрлеуге болмайды. Онымен кейінірек жеке ойнауға болады. Бірақ мұндай ұжымдық қимылды ойыннан бас тартуды, баланың әдетіне айналып кетпеуіне көңіл бөлу керек.
Серуен кезінде тәрбиеші, күннің
басқа мезгіліндегі сияқты, балалардың
әр түрлі ойыншықтармен, жеке
және шағын топ болып ойын
жаттығуларын өткізуді мадақтап
Пәндік сабақ
кезінде тәрбиешінің
Қимылды ойындардың ерекшеліктері - осы жас тобындағы балалардың ой-өрісінің кеңеюіне байланысты қимылды ойындардың мазмұны да күрделене түседі. Оларға балалардың кітаптан, ата-аналарының, тәрбиешілерінің әңгімесінен, кинофильмнен таныс жаңа сюжеттер мен образдар енгізіледі. Кейбір ойындарда әр түрлі мамандықтардағы адамдардың іс-әрекеті мен өзара қарым-қатынасы бейнеленеді («Өрт сөндірушілер үйренуде», «Аңшылар мен қояндар»).
Шығармашылық рөлді ойындарда қазіргі қоғам өмірінің айқын оқиғаларын бейнелеу жиі қайталанады. Балалар ғарышкер болып ойнағанды, Айға зымыран жібергенді, әр түрлі елдерге саяхат жасағанды жақсы көреді. Бұл ойындар қызу қимылға толы болады, сондықтан олар балалардың дене тәрбиесінде бағалы орын алады.
2.3. Ересектер тобында өткізілетін қимылды ойындардың мазмұны.
Балалардың ойын кезінде топтарға бөлінуіне және бірнеше жеке рөлдерді орындауларына болады.
Ересек балалар тобында «
Ойын ережелері бірте-бірте күрделене түседі де, баланың ұқыптылығын, ұстамдылығын, әр түрлі белгілерге тез көңіл аударғыштығын, қимылдарын өз еркімен тежей білуін және ойнай білуін талап етеді (белгілі бір бағытпен қашып кету, ұсталғандардың ойыннан шығуы т.б.). ойын ережелері балалардың өздерінің мінез-құлықтарын басқара білуге, қалыптастыруға үйретеді.
Ойынды басқару немесе ойынға дайындалу және оған жиналу тәрбиешіге де, балаларға да қиынға түспейді. Балалар өздігінен әр нәрсені істей алады, олар ойынға керекті жағдайларды жасауға көмектеседі.
Ойында жауапты міндеттерді
Алайда кейде тәрбиешінің ойынға қатысуы қажет болады. Оның ойынның негізгі бір міндетін өзі орындауына, барынша көп баланы ұстау үшін қалай тез қимылдауды, ойын үстінде әр түрлі қимылдарды орындауды көрсетуіне болады. Тәрбиешінің қатысуы ойынды қызықтыра түседі, балалар ойынға бар ынтасымен кіріседі.
Ойын кезіндегі рөлдерді бөлісу, әсіресе күштері бірдей топтар құру керек болған кезде, әдетте, тәрбиешінің қатысуымен болады. Рөлдерді бөлу үшін санамақтар қолданылады. Кейбір халықтың ескі санамақтарының белгілі бір мағынасы болмайды, балаларды олардың өздерінің дыбыс үндестіктері қызықтырады.
Солдаттар жұбын
жазар ма,
Алай-былай,
Барады кетіп
базарға.
Балалардың
ойын бастаушыны күнделікті
Балапан мүсін-бейнесі Үстінде бозғылт жейдесі,
Сүп-сүйкімді сондай бір. Ұша ғой, қане жасқанбай,
Дауысынды шығар жас торғай.
Бор- ақ Ақ болған жоқ.
Ақ қоян - Ақ тиынға
Ол да ақ. Тап болған жоқ.
Ойын бастаушыны мына тәсілмен де тандап алуға болады. Балалар дөңгелене тұрады. Тәрбиеші бір ойыншының атын атайды, ал ол алға қарай бір қадам аттап, онға дейінгі санды тез атауы және қалай қарай, оңға немесе солға, санау керек екенін айтады. Осыған сәйкес бала шеңбер бойынша жүріп, керекті санға дейін санайды. Айтылған санға дәл тура келген бала, ойын жүргізуші болады.
Ересек балалар тобында ойынды түсіндіру жоғарыда айтылған топтардан басқаша, көбінесе ойын үстінде ғана жүргізілмейді. Тәрбиеші балаларға ойынның мазмұнын бастамай-ақ алдын ала айтып береді, әсіресе ойын ережелеріне көп көңіл аударады. Ойынның табысты өтуі негізінен, балалардың ойын ережелерін қалай түсінуіне байланысты болады. Балаларға орындалуы қиын түсетін ойын ережелерін түсіндіргенде тәрбиеші оларды қалай дұрыс орындау керек екенін көрсетеді.
Мысалы, «Табан балық пен шортан» ойыныңда балалар Табан балықтың тастың алдында немесе артында тұратынын жиі шатастырады. Ойынның бұл кезеңі балаларға алдын ала үйретіледі. Тәрбиеші сұрақ беру арқылы және ойынның мазмұнын өз беттерінше қайталап айтқызу, ойын ережелерін қайталату арқылы балалардың ойынды түсінгендеріне, оның барысы мен ережелерін меңгергендеріне көздерін жеткізеді. Белгілі ойынды қайталаған кезде ол балалардың ойынның мазмұнын айтып берулерін және негізгі ережелерін еске түсірулерін сұрайды. Мұндай кезде тәрбиеші балаларға дұрыс бағыт беріп отырады, көмекші сұрақтар арқылы ойынның негізгі көріністері мен ережелерін жете түсінулеріне көмектеседі. Ойнаушылардың іс-әрекетін әрі педагог ретінде, сондай-ақ өздері жағынан бақылау, ойын ережелерін дұрыс орындауларына көмектеседі.
Балалар үшін тек ойынның өзі ғана емес, оның нәтижесі де қызықты. Мысалы, олардың кімнің бәрінен де алысқа секіргенін, кімнің көп қоян ұстағанын т.б. білгілері келеді. Сондықтан ойынның соңында тәрбиеші ойынның қысқаша қорытындысын жасайды. Балалардың табыстарын атап өтеді, кімнің жақсы орынданын, ойын ережелерінің қаншалықты бұзылғанын айтады, ойын қорытындысын жасаудың үлкен тәрбиелік мәні бар. Жеңіске жетушілерді әділ атап өту, тіпті ең жақсы деген нәтиженің ойын ережесін бұзғанда, жеңіске жеткізбейтінін түсіндіру маңызды. Тәрбиешінің ойын кезінде балалармен қызу араласуы оның эмоциялық көңіл-күйі, ойын нәтижесін әділ талдауы балалардың ойын үстінде өздерінің тәртібіне, іс-әрекетіне саналы қарауына көмектеседі, ұйымшыл ұжымды тәрбиелеуге жақсы әсер етеді.
Ересектер тобында өткізілетін қимыл-қозғалыс ойындардың мазмұны:
«Аққу-қаздар». Алаңның бір шетінде сызықпен қаздар тұратын үй белгіленеді, қарсы шетінде бақташы тұрады. Үйдің бір жақ бүйірінде қасқыр тұратын үңгір болады. Алаңның қалған жері жайылым болады. Қасқыр мен бақташының рөлін ойнаушы балаларды тәрбиеші тағайындайды, ал қалғандары қаздарды бейнелейді. Бақташы қаздарды жайылымға қуып шығарады. Олар жайылып жүреді, ұшып-қонады.
Бақташы:
Қаздар, қаздар, қаңқылдап,
Барасындар қай жаққа?
Қаздар: Айна көзі жалтылдап,
Жатқан жасыл аймаққа.
Бақташы: Біздің жерге түсе кет,
Түсіп, сусын іше кет.
Қаздар: Сіздің жерге түсеміз,
Түсіп сусын ішеміз.
Бақташы: Болсын онда жол жайлы!
Қаздар: Бізге ол жаққа болмайды,
Жолды тосып сұр қасқыр,
Тау бөктерлеп жүр қасқыр!
Бақташы: Ондай болса, қалаған,
Жақтарыңа бар аман.
Қаздар қанаттарын жайып (балалар қолдарын екі жаққа жазып), жайылым арқылы үйге қарай ұшады, ал қасқыр үңгірінен жүгіріп шығып, оларды ұстауға (қолын тигізуге) тырысады. Ұсталған қаздар қасқырдың үңгіріне қарай жүреді. Бірнеше рет әрі-бері жүрістен кейін қасқырдың ұстаған қаздарын санайды. Ойын 3-4 рет қайталанады.
Ең
алдымен қасқырдың ролін
«Сауыққойлар». Ойнаушылардың біреуі сауыққой болып сайланады, ол шеңбердің ортасына тұрады. Қалған балалар қол ұстасып шеңбер бойымен (тәрбиешінің айтуымен оңға немесе солға қарай) жүріп былай деп айта бастайды: