Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2013 в 09:52, курсовая работа
Сондықтан, мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін сапалы дәрежеге көтеру қазіргі Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осы маңызды жұмысты іске асыру барысында тарихи ел арасында қалыптасқан ойын түрлерін баланың денесін шынықтыру барысында ұтымды пайдалануды зерттеу маңызды сала болып табылады, себебі халық арасында таралған ойындар баланың сүйіп ойнайтын және оның күш-жігерін жетілдіретін әсерімен ерекшеленеді.
Тізбектеле тұрысып,
Шеңбер жасап жүрісіп.
Бірге қадам тастаймыз
Тоқтатыңдар жүрісті,
Бірлесіп біз бір істі
Міне былай бастаймыз.
Балалар
тоқтап қолдарын төмен
Нұсқау. Сауыққойлар бұрын көрсетілгендерді қайталамай, неше түрлі жаңа қимылдарды ойлап табады.
«Фигура жаса». Балалар бүкіл алаң бойына бытырап жөнеледі. Тәрбиешінің белгісі бойынша олар тез бір орында белгілі бір қалыпта тұра қалады: жүрелеп отыра қалады, қолдарын екі жағына көтереді т.с.с. тәрбиеші кімнің тұрған қалпы қызығарлырақ екенін атап көрсетеді.
Нұсқау. Жыл аяғына қарай ойын күрделене түседі, оған екі бала, үш бала бірігіп жасайтын фигуралар қосылады. Онымен бірге балаларға белгілі бір қалыпта көрсетілетін фигуралар ойлап табу тапсырылады: тек түрегеп тұрып, төрт тағандап тұрып, отырып жасалатын т.б.
«Табан балық пен шортан». Ойнаушылардың жартысы бір-бірінен үш адымдай алшақ тұрып, шеңбер жасайды. Бұл - жағалауы тасты көлшік. Тәрбиеші сайлаған ойыншылардың біреуі шортан болады, ол шеңбердің сыртында тұрады. Қалған ойыншылар –табан балықтар, шеңбердің ішінде –көлшікте жүзіп (жүгіріп) жүреді. Тәрбиешінің «Шортан!» деген сигналы бойынша тез көлшікке жүзіп келіп, табан балықты ұстап алмақшы болады. Табан балықтар шеңбер бойымен тас болып ойнап жүрген кез келген ойыншының артына жасырынуға асығады. Шортан тастың артына жасырынып үлгермеген табан балықтарды ұстап алады да, өзінің үйіне алып кетеді. Ойын 2-3 рет өткізіледі, одан кейін шортан ұстаған табан балықтарының саны есептелінеді. Одан кейін шортанның рөліне басқа ойнаушы тағайындалады.
Нұсқау. Жаңа шортан сайланып, ойын қайталанғанда табан балық пен тастың рөлін бейнелеуші балалардың орындары ауыстырылады.
«Жүгіріп өту». Кім өзінің жалаушасына тез жетеді? Балалар алаңның бір жағына тұрады. Келесі жағына ойнаушылардың санына қарай жалаушалар жатады. Тәрбиешінің белгісі бойынша әр бала өзінің жалаушасына жүгіреді.
«Кім аз қадам жасайды?» Алаңда 6 - 8м қашықтықта екі сызық сызылады. Бірнеше ойнаушы (2-3) бір сызықтың бойына тұрып, мүмкін болғанша үлкен-үлкен адым жасап, келесі сызыққа жүріп немесе жүгіріп өте бастайды. Кім аз адым жасаса, сол жеңіп шығады.
«Жай жүгіріп өт». Балалардың біреуі алаңның ортасына көзін жұмып отырады. Қалған балалар алаңның бір жағында тұрады. Олардың 6-8-і ортада отырған баланың жағынан алаңның екінші жағына жай жүгіріп өтеді. Егер балалар білдірмей жүгіріп өтсе, ойын жүргізуші оларды тоқтатпайды. Егер ол аяқтың дыбысын естіп қалса, «Тоқта»- дейді де, көзін ашпай дыбыстың бағытын нұсқайды. Егер ойын жүргізуші дұрыс нұсқаса, балалар өздерінің орнына қайтып келеді. Балалардың келесі тобы жүгіреді.
«Тездет, бірақ түсіріп алма». Балалар (басына көтерген немесе қолын алға жайған алақанында бір дорба құм) 6-10-нан алаңның бір жағынан екінші жағына бір-бірінен озбақшы болып жүгіріп өтеді.
«Қарама-қарсы жүгіріп өту». Топ екіге бөлінеді. Ойнаушылар алаңның қарама-қарсы жағында, сызықтың сыртында бір-бірінен бір адымдай қашықтықта сап түзеп тұрады. Балалардың әр тобының қолында өз түсі болып саналатын - көк, сары ленталар болады. Тәрбиешінің «Көк» деген белгісі бойынша қолдарында көк ленталары бар балалар қарсы жаққа қарай жүгіреді. Қарама-қарсы тұрған балалар алақандарын созып, жүгіріп келе жатқандар келіп қолдарына тигенше тосып тұрады. Қолдарына тиген балалар алаңның басқа жағына қарай жүгіріп барып, сызықтың сыртында бұрылып қолын жоғары көтереді.
«Қу түлкі». Ойнаушылар бір-бірінен бір адымдай қашықтықта шеңбер бойымен тұрады. Бір шетте, шеңбердің сыртында түлкінің үйі белгіленеді. Тәрбиешінің белгісі бойынша балалар көздерін жұмады, ал тәрбиеші балалардың артымен айналып өтіп, байқатпай ойыншылардың біреуіне қолын тигізеді. Тәрбиеші қолын тигізген бала қу түлкі болады. Тәрбиеші балаларға көздерні ашып, бір –біріне анықтап қарауды ұсынады. Кім қу түлкі екенін табуды және ол өзін білдіріп қоймас па екен, соны білуді ұсынады. Ойнаушылар хормен тез-тез үш рет сұрайды (алғашында жай, бірте-бірте қатты): «Қу түлкі, сен қайдасың?». Бұл кезде барлығы бір біріне мұқият қарап тұрады. «Қу түлкі, сен қайдасың?»-деген сөз үшінші рет қайталанғанда, қу түлкі болып сайланған бала шеңбердің ортасына тез жүгіріп шығады да, қолын жоғары көтеріп, «Мен мұндамын!»-дейді. Барлық ойыншылар жан-жаққа жүгіреді, ал түлкі оларды ұстайды. Ұсталған ойыншыны түлкі өз үйіне алып кетеді. Түлкі 2-3 баланы ұстап алғаннан кейін, тәрбиеші «Шеңберге!» деп қатты дауыстайды. Ойнаушылар шеңбер жасайды, ойын қайта басталады. Ойын 4-5 рет қайталанылады.
Нұсқау. Егер түлкі өзін білдіріп қойса, тәрбиеші басқа түлкі сайлайды. Түлкіні ойнаушылардың біреуіне де сайлауына болады. Егер түлкі көпке дейін ешкімді ұстай алмаса, онда басқа жүргізуші сайлауға болады. Егер алаң тым үлкен болса, онда оның шекарасын белгілеп қойған жөн.
«Тышқан аулау». Ойнаушылар өзара тең емес екі топқа бөлінеді. Кішірек топтағы балалар бір-бірінің қолынан ұстап, шеңбер жасап тұрады. Олар тышқан аулаушыны бейнелейді, қалған балалар тышқандар, шеңбердің сыртында тұрады. Тышқан ұстаушылар шеңбер бойымен жүріп тақпақ айта бастайды.
Тышқандар неткен жемір-ді, Бәрін жеп, бәрін кемірді. Сақтанындар, о сұмдар: Жолдарың әлі-ақ тосылар, Тұзақпен-ақ кәдімгі, Тастармыз матап бәрінді!
Балалар тоқтап ұстасқан
«Жүргізушілер» Ауланың қарама-қарсы жағында екі «гараж» тұрады (бір бірінен 5-6 қадам алыс параллель сызық жүргіземіз). Сызық бойына автомобиль қою үшін орын жасаймыз, оған кубиктер қоямыз. Бірінші гаражда қызыл автомобиль тұрады (қызыл кубиктар қоямыз). Ал екіншісінде жасыл түсті автомобиль қоямыз (жасыл кубиктер қойылады). «Жүргізуші» балалар екі топқа бөлінеді де, әрқайсысы өздерінің автомобильдерінің қасында тұрады. Әр топ бір-бірімен бірдей арақашықтықта орналасады. Ал тәрбиеші милиционердің рөлінде ойнайды да, машиналарды басқарып тұрады. Тәрбиеші сол жақ қолын көтергенде жасыл түсті гараждағы балалар бір қатармен жүгіріп аулаға шығады. Қызыл түсте тоқтайды, жасыл жанса жүреді. «Гаражға» деген белгі берілгенде гаражға кіреді. Кейін екінші топ та сол әрекеттерді қайталайды. Тәрбиеші берген белгіні дұрыс орындаған жүргізушіні бақылап, мадақтау айтады. Сол жүргізуші жеңіске жеткен болып есептеледі.
«Аңшылар мен қояндар». Бұл ойынды жылдың қай мезгілінде болса да ойнай беруге болады. Ойынға жиналғандар екі топқа бөлінеді.Аңшылардың саны қояндардан екі есе аз болуы керек.Бір – бірінен қашықтығы 50 – 60 адымдай екі шеңбер сызылады.Қояндар сол екі шеңбердің біріне орналасады.Шеңбер шетінде тұрған аңшылар қояндардың інін тықырлатып қаза бастайд,сол кезде қояндар өз інінен атып шығып, екінші шеңберге қарай қашады.Осы кезде аңшылар қояндарды доппен ата бастайды.Екінші інге жеткенше оққа ұшқан қоян ойыннан шығып қалады.Барлық қоянды аңшылар атып біткенше ойын тоқталмайды.
«Пойыз болып жүгіру»
Ойыншылардың саны бірдей екі команада тізбек құрап және ойыншылар бірінің артынан бірі ұстап тұрады. Қатар тұрған екі тізбектің арасы бір – бірінен 3-5 қадамдай қашық болады. Тізбектердің алдына сөре сызығы сызылады, ал олардың қашықтығы 15-20м болатын қарсы жаққа бір – бірден таяқша немесе басқа зат қойылады. Белгі берісімен тізбекті екі сап тұра жүгіріп, таяқшаларды айналып өтіп, қайтып оралады. Бүкіл қашықтықты тізбектерін бұзбай жүріп өткен және сөре сызығына бірінші болып жеткен команда жеңіске жетеді.
Ойын шартын былайша өзгертіп ойнауға да болады: алдымен таяқшалардан бірінші нөмірлі ойыншы айналып келеді, сонан соң оған екінші ойыншы тіркесіп барып таяқшаларды айналып келеді, сонан соң ол екуін үшінші ойыншы тіркеседі.
«Шегірткелер».
Командалар сөре сызығының алдынан бірқатарға тұрады. Белгі бойынша бірінші нөмірлер белгіленген қашықтыққа секіріп барып, секірумен қайтып оралады. Бірінші ойыншы сөре сызығына қайтып оралып, келесі ойыншыға қолын тигізген бойда, сол ойыншы секірулерді жалғастырады. Өзгелер де осы секілді әрекетті орындайды. Эстафетаны бірінші аяқтаған команда жеңіске жетеді. Эстафетада төмендегідей тапсырмалар орындалуы мүмкін:
а) екі аяқпен секіріп,барып-қайту
ә) оң аяқпен секіру
б) сол аяқпен секіру
в) барарда сол аяқпен, қайтарда оң аяқпен немесе керісінше барып қайту.
Қорытынды.
Дене шынықтыруды қимыл-қозғалыс ойындары арқылы жүзеге асыру балалардың дене мүшелері мен көңіл-күйлеріне қатты әсерін тигізетіні анық. Қимыл-әрекетке толық жағдай жасаудың, барлық бала ойыннан қуаныш табуға мүмкіндік жасаудың маңызы зор.
Әр бала жеке тұлға екендігі, оның қабілеті де әр түрлі болып келетіндігі белгілі. Сондықтан қимыл-қозғалысқа үйрету барысында жасаған дене қимылы әрекетіне қарай белсенді қимылдайтын бала және жай қозғалатын балаларды ескеріп сабақ өткізу тиімді.
Ойын барысындағы іс-қимылды дұрыс сапалы түрде балаға жеткізіп бірнеше рет қайталап әдетке айналдырғанда, бала ағзасындағы зат алмасу артып, жүйке жүйесі белсенділігін танытып, қан айналымы жақсарады. Қозғалыс барысындағы жиі демалудан бала ағзасындағы оттегіге деген қажеттілік артады. Дене шынықтырудың арқасында баланың көңіл-күй жоғарылап, жүйке жүйесі бекиді. Дене шынықтыру нәтижесінде бала өзінің іс әрекетіне және топтық тәртіпке үйреніп, оның ережесіне бағынады. Бұл оның жан-жағындағы оқиғаға мән беріп қарауына, төзімді болуына, тәртіпті сақтауына септігін тигізеді.
Балабақшада осындай қимыл – қозғалыс және танымдық әрекетін ойын түрінде дұрыс ұйымдастырып өткізу баланың:
. негізгі қимыл түрлерін өз бетінше шығармашылықпен орындауға ;
. жасқаншақты жеңіп шығуға;
. эмоционалдық тонусын көтеруге;
. қиялы мен фантазиясын дамытуға мүмкіндік туғызады.
Мектеп жасына дейінгі балаға дене мүсінінің дұрыс қалыптасуын яғни денесін түзу, тіке ұстауды, бала отырғанда, тұрғанда, жүргенде денесін тік ұстауды әдетке енгізу қажет.
Дұрыс мүсін адамның ішкі ағза құрылымының жетілуін жақсартады. Дене мүсінінің дұрыс қалыптасуы сүйек-бұлшық ет құрылысының дұрыс дамуына байланысты. Қозғалыс тірегін дұрыс қалыптастыруды бала шақтан дағдыға айналдырған тиімді болып келеді.
Сонымен, қимылды ойындарға арналған ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау негізінде мынадай қорытынды шығаруға болады:
Ересектер тобында баланың ойын әрекеті арқылы дамытудың мақсаты – ойын бірлестіктерін құру, жалғыз және топтасып ойнау дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Ал негізгі міндеттері:
Тәрбиеші әрқашан бастаушы, дамытушы, бағыт-бағдар беруші, тәрбиелеуші. Оның әрбір сөзі, қимыл-әрекеті бала үшін үлгі, қағида. Сондықтан, тәрбиеші баланы тәрбиелеуде енжарлық, салбырттық танытпауы қажет. Сонда ғана балалармен жұмыс жүргізу барысында қимылды ойындарды қолдану арқылы белсенді, жігерлі, ақыл-ойы дамыған, жан-жақты тұлға қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі