Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 14:16, курсовая работа
Зерттеудің міндеттері:
1) Оқушылардың шаңғы тебу техникасын үйренуге дайындық негіздерін қарастыру
2) Шаңғы тебуде қозғалудың классикалық тәсілін үйрету техникасы мен әдістерін меңгерту.
3) 5-7 сыныптар үшін классикалық шаңғы тебу техникасы бойынша сабақ жүргізуге қойылатын әдістемелік нұсқаулықтарды дайындау.
Кіріспе...........................................................................................................3-4
І-тарау. Классикалық қозғалыс әрекетінің техникасын үйретудің теориялық негіздері.
1.1. Шаңғы тебу техникасына үйренуге оқушыларды дайындау
негіздері...............................................................................................5 - 8
1.2. Шаңғымен қозғалудың классикалық тәсілдерін үйрету техникасы мен әдістері.................................................................................................9 -17
1.3. Оқушыларға классикалық қозғалыс әрекетінің техникасы бойынша сабақтарды ұйымдастырудың жалпы мәселелері...........................18-20
ІІ-тарау. Классикалық қозғалыс әрекеттердің техникасын үйретуде дене шынықтыру ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.
2.1 Классикалық қозғалыс әрекеттерінің техникасы бойынша сабақтар жүргізуге қойылатын жалпы әдістемелік ұсыныстар................................21-24
2.2. Классикалық қозғалыс әрекетінің техникасын үйретуде қолданылатын ойын әдістері.. ..............................................................................................25-28
Қорытынды. .................................................................................................29-30
Қолданылған әдебиеттер. ...........................................................................31
Ойындарды сабақта әр түрлі қолдануға болады. Шаңғы дайындығы сабағында және шаңғы дайындығы бойынша мектептегі секцияларда ойындар мен ойынды тапсырмалар шаңғымен қозғалу амалдарының техникасын үйрету мен жетілдіруде, және де физикалық қасиеттерін дамытуда қолданылады. Сондықтан, ойындарды әр түрлі шаңғымен қозғалу дене шынықтыру-көпшілік шараларда, қысқы мерекелерде, шаңғымен қыдыруда және өрмелеп шығуда көптеп енгізу қажет.
Шаңғымен қозғалудағы барлық ойындар мен ойынды тапсырмалар алға қойылған мақсатқа байланысты шартты түрде екі топқа бөлуге болады: шаңғымен қозағлудағы тәсілдердің техникасын меңгеру және жетілдіруге арналған ойындар; ағзаны дамытуға арналған ойындар. Дегенмен, бірінші топтағы ойындар мен жаттығуларды мықты меңгерген соң оларды ағзаны дамыту үшін де қолдануға болады.
Балалардың шаңғымен жүру техникасын немесе жеке элементтерді меңгеруі бойынша оқығандары мен білім-біліктерін бекітуде, олардың тепе-теңдігін дамыту үшін әр түрлі ойын жаттығуларды (тапсырмаларды) пайдалануға болады.
Екі адымды алма-кезек жүру техникасын жетілдіруге арналған келесі жарысу элементтері бар ойын жаттығуларды мақсатты түрде пайдаланған жөн:
Сырғанау қадамы техникасын жетілдіруде «Шаңғыдағы қырықаяқ» ойынын өткізуге болады. Бұл ойын үшін команданың (көбіне 2-3 команда) санына қарай бірнеше арқан қажет. Арқанның ұзындығы алшақ тұрған топ колоннасының ұзындығымен бірдей болуы шарт. Балалар шаңғымен бір колоннаға тұрады, бір-бірден таяқсыз, бір қолымен арқанды бойлай отырып, тіркеуден үзілмей (міндетті түрде аяқпен сырғанау қадамын орындайды), белгіленген мәреге қарай жылжиды. Топты шаңғымен сырғанауды жақсы меңгерген жас шаңғышы алып жүреді. Командалар параллель шаңғышымен жарысады, колоннадағы мәреге соңғы жеткен шаңғышыға қарап қай топтың жеңгені анықталады. Ойынды арқансыз да жүргізуге болады. Балалар колоннаға тұрғызылады, олардың әрқайсысы бір таяқты алға тартады, ал басқасы кейін тартады. Алда және артта тұрған шаңғышылардың таяқтары түйіседі де, бір тізбекпен жүру міндеттеледі. Топтың жетекшісі мен соңындағыларда бір таяқ тіреуіш болады. Командағы балалар таяқпен ұсталып, таяқты жібермей, алға қарай жылжиды. Мұндай ойындар сырғанау қадамдарын жақсы меңгерген оқушылардың білімдерін әрі қарай жетілдіру үшін өткізіледі. Ал төменгі сынып оқушылары мұндай колоннамен жүре алмайды.
Бір уақыттағы жүрісте және толық жүрістерде итерілуді жетілдіруге арналған келесі ойын-тапсырмалары қолданылады:
Шаңғымен басқару кезінде
аяқты итеруді жетілдіру, тепе-теңдік
сезімін тәрбиелеу мен
5-7 сыныптарда екі қадамды
жүру техникасын жетілдіруге
арналған «Жазықтықта»жарыс-
Мұғалімнің белгісі бойынша команданың бірінші номерлері сырғанау қадамымен немесе алма-кезекті екі қадамды жүріспен, жалаушаларды оң және сол жағын кезекпен айналып өту арқылы трассаның бойлап жылжиды.
Трасса соңында жарысушы соңғы жалаушаны айналып өтеді де параллель шаңғышылар бойынша бір мезгілде оралады. Трассада қозғалу және кері оралу шарттары алдын ала ескертіледі. Эстафетаны тапсыру келесі жарысушымен қол алысу арқылы жүзеге асады. Егер балалар жалаушаларды соқса немесе қалдырып кетсе. Онда олар қайта бұрылып, оларды орнына қойып, белгіленген жақты қайта өтуге міндетті.
Эстафетаны бірінші аяқтаған команда жеңімпаз атанады. Бұл ойынды жалаушалардың арақашықтығын қысқартып немесе оларды шахмат тәртібі бойынша қойып бұдан әрі күрделілендіруге болады. Мұғалім әр түрлі кедергілерді енгізу арқылы мұндай эстафеталардың түрлі нұсқаларын дайындай алады. Трассаның қиындығы балалардың жас ерекшелігі мен дайындығына және қойылған міндеттерге қарай ойластырылады.
Мұндай эстафеталар балалардың физикалық жетілуі үшін, ең алдымен шаңғыда қозғалу жылдамдықтарын арттыру үшін өткізуге болады.
Егер сынып үлкен болса, оқушылар екі кіші топтарға бөлінеді. Әр кіші топқа күші жағынан сәйкес келетін балалар енгізіледі. Ойын ережесі манадай: балалар топпен шаңғы жолымен ақырын қозғалады. Кіші топ бір ұзын жақтан өткенже мұғалім белгі береді, сол кезде балалар тез бұрылып жақын маңдағы қысқа шаңғы жолымен жоғары жылдамдықпен келесі шаңғы жолына дейінгі жерді кесіп өтуі керек. Бірінші келгендерге бір, екіншіге –екі және т.с. ұпай қосылады. Сосын ойын қайталанады: балалар тағы ақырын жүріспен дөңгелене қозғалады, белгі бойынша алаңқайға кесе көлденең жүгіреді. Жеңімпаз ең аз жинаған бойынша есептеледі. Бұл ойын балалардың шаңғымен қозғалуда жылдамдықтарын, жылжу реакцияларын дамытуға ықпал етеді. Егер балалар белгі берілмей тұрып қысқа шаңғы жолына түсіп кетсе, оған айыппұл салынады. Кіші топтағы қатысушылардың күштерінің сәйкестігі жарысу қызығушылығын біршама жоғарылатады және жылдамдықты дамытуда үлкен нәтиже береді.
Қозғалыс жылдамдығын дамытуға басқа да ойындар ықпал етеді, мысалы, «Қуып жет». қатысушылар жағынан теңЕкі команда параллель шаңғы жолымен жұптағы тепе-теңдікті сақтай отырып, жылжиды. Мұғалімнің «Оңға (солға)» деген белгісі бойынша екі команданың да қатысушылары айтылған бағытқа бұрылады. Алдында тұрғандар қашады, ал кейінгілер оны қуып жетуге тырысады. Жарыс мұғалімнің белгісінен кейін аяқталады. (жарыстың арақашықтығы балалардың жасына және дйындығына байланысты). Кейін ойын қайтадан басталады. Ойын алаңы ке, жалпақ болуы керек. Қарама-қарсы шаңғы жолы бір-бірінен 5-6 метр алшақ болғаны дұрыс.
Балалардың шапшаңдықтарын арттыру үшін басқа да ойындарды қолдануға болады. Мысалы, «Кім бірінші?», «Түлкілерді аулау», "Нысанаға тигіз!", "Жалаушаны алмастыр!", "Қуаласпақ", "Кең адым", "Түсіріп алма!", "Бір шаңғымен".т.б. Бұл ойындардың бәрін демалыстарда, шаңғымен қыдыруларда ұйымдастырған жақсы.
Қорытынды.
Сонымен, зерттеуді орындау барысында жұмысымның келесі мақсаттарына жетуге тиіс болатынмын - мектеп жасындағы балалардың классикалық шаңғы жүрісі барысында техниканы үйрену әдістемесін ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастыру.
Бірінші бөлімде біз балалардың шаңғы жүрісі техникасын үйретуденегізгі дайындықтарын, шаңғыда қозғалудың классикалық тәсілдерін үйрету әдістемесі мен техникасын, сонымен қоса, шаңғы дайындығы бойынша сабақтарды ұйымдастыру негіздерін қарастырдық,
Дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасында шаңғы дайындығы 1 сыныптан 11-сыныпқа дейінгі білім беру бөліктеріне енгізілген.
Классикалық мектеп бағдарламасында балалардың шаңғымен қозғалудың негізгі амалдары бойынша білім-білік дағдыларын меңгерту, жеке жұмыстар жүргізу дағдыларын, теориялық мәліметтерді айта білулерін, жалпы жұмыс жасау қабілеттерін арттыру және негізгі физикалық пен моральды-ерікті сапаларын дамыту қарастырылған.
5-6 сыныптарда алма-кезекті
екі адымды жүрістің
Шаңғы дайындығы бойынша
оқу бағдарламасын меңгеру
Ереже бойынша 5-7 сынып оқушылары
классикалық шаңғымен жүрудің техникаларын
үйренеді және өздерінің меңгерген
дағдыларын жетілдіреді. Классикалық
шаңғы жүрісінің негіздері
Шаңғы дайындығы сабағының міндеттерін табысты шешу материалдық базаны, жаттығу орнын, оқу құжаттары мен оқушыларға, ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын алды –ала дайындауға байланысты.
Шаңғы дайындығы бойынша сабаққа қойылатын белгілі бір талаптар бар.
Шаңғы дайындығы бойынша әрбір сабақта нақты білім беру, сонымен қатар сауықтыру және тәрбиелеу міндеттері шешіледі. Сондықтан әрбір сабақ алдыңғы және келесі сабақпен тығыз байланыста өткізіледі, ол өзіндік жұмыстың және толықтай оқу жұмысының бөлігі болып табылады.
Шаңғы дайындығы бойынша
сабақтың мазмұны, жүктемесі, оқыту
әдістері және физикалық сапаларын
дамыту әрқашан бағдарламалық
Өткізу әдістері және сабақтың
мазмұны әрқашан баланың
Балалардың ұжымдық және жеке жұмыс жасауын үйлесімді байланыстыру керек.
Шаңғы дайындығы сабағында балалардың белсенді әрекеті материалдың мазмұны бойынша, күш түсіру сипаты бойынша да әр түрлі болғаны жөн. Бұдан сабақтың қандай түрде өткізілетіні аса маңызды болып табылады. Бұл мәселелерді мен жұмысымның екінші тарауында қарастырдым.
Мектепте ереже бойынша оқыту барысында жаттығуларды орындауды және қозғалу білім-біліктерін қалыптастыруды ұйымдастырудың қарсы алдынан, ағынды, жеке, топтық дәстүрлі тәсілдері қолданылады.
Оқытудың басты әдістері түсіндіру, көрсету және сынап көру болып табылады. Көрсетілетін жүрісті (жаттығу) түсіндіру (әңгімелеу) қысқа, әрі түсінікті болуы керек.
Толық түсіндіру көрсетуден кейін жақсы нәтижелер береді, өйткені бұл кезде балаларда үйретілетін жүріс (жаттығу) туралы жалпы түсініктері қалыптасады.
Көрсету қабылдау үшін қол жетімді анық болғаны жөн. Жаттығуларды алдымен қарапайым қарқынмен, кейін есеп бойынша баяу қарқынмен көрсету қажет.
Жаттығудың негізгі
элементтеріне бағыттаумен
Сабақты оқыту формасының аса тартымды және тиімдісі топтық оқыту формасы. Бұл тәсілді сабақта ұйымдастыру балалар үшін өте қызықты, әсерлі, жүктеменің көлемі мен қарқындылығы бойынша тиімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жоғары моторлы жиілікті қамтамасыз ете отырып, сабақты жоғары әсерлілікпен өткізу оның сапасын жоғарылатады.
Қолданылған әдебиеттер.