Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 17:28, реферат
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жауынгерлерде оқыту сапасын жоғарылатуға және оларды ұрыс жағдайына дайындауға бағытталған шешуші беталыс жүзеге асырылуда. Әсіресе жауынгерлердің моральді-ұрыстық сапасын дамытуға, әскери тәртіптің орнығуына, әскери қызметкерлерді дене шынықтыру жаттығуларын күшейтуге және қазіргі заманғы ұрысқа тән қиындықтарды жеңе білу қабілеттерін қалыптастыруға ерекше зейін қойылуда.
Жауынгерлерді тәрбиелеу және оқыту жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру мақсатында көптеген ғылыми нәтижелер, әсіресе әскери психология мен педагогика әскери қызметтің психологиялық-педагогикалық аспектілерін және ең алдымен жеке құрамның ұрыстық және саяси дайындығын зерттеп, оқытады.