Интернет журналистикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2015 в 11:22, курсовая работа

Описание работы

Журналистика – өмір айнасы. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады.

Файлы: 1 файл

Интернет журналистикасы.docx

— 48.99 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

        Журналистика – өмір айнасы. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады. 
         Журналистика – халықтық болып саналады. Өйткені, журналистика – халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Қандай мәселені көтермесін журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтық позиция ұстайды. 
         Бүгінгі қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының басты парызы бұқараның санасын билеу, оларға уақыт кезеңдерінің міндеттерін жан-жақты түсіндіру, жас ұрпақты тәрбиелеу т.б. толып жатқан сан-саладағы көкейкесті міндеттерді бойларына сіңіру болуға тиісті. Осы сан-саладағы көкейкесті мәселелерді қоғамға жеткізуде бұқаралық коммуникация құралдарының ішінде болжам бойынша жетекші орынға ие болатын – интернет. 
Интернеттің бірқатар коммуникация мен ақпараттық ерекшеліктеріне байланысты интернетке сүйене отыра жаңа бұқаралық ақпарат құралының түрі интернет-БАҚ дүниеге келді. Дәстүрлі БАҚ-тан айырмашылығы бірден байқалды. Ол ақпаратты тарату оперативтілігі мен интерактивтілігі еді. Сондықтан көптеген елдердің ғалымдары жаңа бұқаралық ақпарат құралын зерттеу нысаны ретінде таңдауда. Интернет-БАҚ-тың алғашқы нұсқасы 1987 жылы АҚШ-та пайда болған. “The San Jose Mercury News” газеті тұңғыш рет көпшілік қауымға электронды нұсқасын ұсынған. Қазіргі таңда, АҚШ-тағы күнделікті басылымдардың тиражы жарты жылда қазан айынан наурыз айына дейінгі аралықта 2,5%, ал апталық (жексенбілік) газеттердің тиражы 3,1% азайған. Керісінше, онлайн БАҚ күннен-күнге қарқынды түрде даму үстінде. Сауалнаманы Американың газет ассоциациясы (Newspaper Association of America, NAA) 770 күнделікті, 610 апталық газеттер бойынша жүргізген. Ассоциация мәліметтеріне сүйенсек, АҚШ-та газет сайттарын пайдаланушылар тоқсан ішінде 56 млн. немесе интернетке кіретін адамдардың 37% құраған.

 

         Ал, Қазақстанда әзірге 3 мыңға таяу интернет сайттары тіркеліпті. Оның 20-25 пайызы БАҚ құралдарының меншігі болса, қалғаны әр түрлі бағытта. Оның ішінде банк те бар, сауда нүктелері де бар, ішінара жекелеген адамдардың сайттары да кездеседі. Ал қазақ тіліндегі сайттар кенжелеп дамып келе жатыр десек те, кей сәттері әжептәуір үміт күттіріп қояды. [1]

         Курстық жұмыстың мақсаты – бүкіләлемдік желідегі түрлі сайттар тарапынан аудитория назарына ұсынылып отырған ақпараттардың жаңа бұқаралық ақпарат құралының түрі интернет–БАҚ-қа қандай белгілері бойынша жатқызуға болатындығын теориялық тұрғыдан қарастыру болып табылады.

          Тақырыптың өзектілігі – 2006-2014 жылдарға есептелген Қазақстан Республикасының ақпарат нарығының бәсекеге қабілеттілігін дамыту жөніндегі тұжырымдамада отандық БАҚ-тардың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың бірден-бір тетігі желідегі БАҚ сапасын арттыру деп көрсетілген. Сондықтан, отандық интернет–БАҚ-тың санымен қатар сапасын арттыру кезек күттірмейтін мәселе. 
       Курстық жұмыстың құрылымы –Интернеттегі сайттарды БАҚ деп қандай белгілерге сәйкес есептеуге болатындығы қарастырылып, тиісінше интернет-журналистика ерекшеліктері, интернет–БАҚ типологиясы талданады. Еліміздегі дәстүрлі БАҚ үшін интернетте сайттың орналасу жобасын талдаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Интернет журналистикасы.

           Жалпы, «Журналистика» ұғымын өз басым:«тұрмыста болып жатқан жәйттар мен қоғамдағы актуалды мәселелерді шығармашылық тұрғыда өңдеп, оның жиынтығын бұқаралық ақпараттық құралдар (телевидение, баспа, интернет, радио) арқылы көпшілікке тарату» деп түсінемін.

           Ақпараттың өңделу мен таралу барысында қолданылған технология мен жабдықтардың түр-сипатына қарай журналистиканың санаты да анықталады. Бүгінгі таңға, бізге журналистиканың 5 түрі мәлім:

○ Мерзімді басылымдар;

○ Фотожурналистика;

○ Радиожурналистика;

○ Тележурналистика;

○ Интернет-журналистика.

           Интернет журналистика соңғы онжылдық көлемінде Әлемдік интернеттің дамуымен қатар танымал-дылық пен жаппай қолданысқа ие болған журналистиканың жаңа, тың бағыты. Өзін журналист рөлінде сынап көргісі келетін кез-келген тұлғаға шексіз мүмкіндігі бар, ерекше санат. Азаматтық журналистика, индивидуалды журналистика, гонзо-журналистика, блоггерлік — мұның бәрі осы интернет журналистиканың бағыттары.

            1. Интернет журналистика – өткен ғасырдың аяғына қарай, интернет аудитория қалыптасқаннан кейін шыққан ұғым. Журналистиканың бір түрі. Интернет дәстүрлі ақпарат құралдары – телеарна, радио, газеттерден аудиориясын әлдеқайда тез қалыптастырды. Мысалы радио алғашқы 50 млн-дық аудиториясын 38 жылда, ал телеарна 13 жылда жинаған екен. Ал, интернет небәрі 4-ақ жылда осындай көрсеткішке ие болған. Интернет журналистиканың жылдам дамуын оның күрделілігімен байланыстырады. Яғни, бір мезетте дыбыс, видео, мәтін, түрлі инфографикалар, суреттер бере аласыз. Дәстүрлі ақпарат құралдарында осыларды жеке-жеке небір командалар жүріп жасайды. Ал, интернет журналистиканың тағы бір ерекшелігі ол – бір адам – бір БАҚ. Оған дәлелдер де көп. Біздесалалық сайттар көбейіп келеді. Өзінің қызығушылығы бар адамдар белгілі бір салада жеке сайттар ашып жұмысын жүргізіп отыр. Бәсекеге қабілеттілігін де байқап отырсыздар. Дәстүрлі БАҚ-пен күресте жеңіске жетті де. Өйткені интернетті алғашқы кезде өсек-аяң ортасы деп қабылдайтын телеарналар, радио, газеттер еріксіз жеке сайттар ашуға бел буды. Тіпті арнайы веб-редакциялар ұстап отырғандар бар.

          2. Тиімділігі өте көп. Мысалы менің жеке сайтым бар. Түнде интернетте отырып, шетелдік түрлі сайттардан ақпараттар мен мақалаларды оқу әдетіме айналып кетті. Сонда, Батыс жер шарында күндіз болып жатқан оқиғалар, тіпті алыс-жақын елдердегі жаңалықтарды бізде дәстүрлі БАҚ өкілдері сол уақытта көрсе де бере алмайды. Ол үшін редакциясына бару керек дегендей. Ал маған аударуға ғана уақыт кетеді. Орыстілді сайттар тіпті сақал-мұртын күзесе күзеді, күземесе ол да жоқ, қоя салады. Нәтижесінде бізде әлі де орыстілді ақпарат құралдарының оперативтілігі жыр боп айтылып жүр. Яғни, уақыттан ұтасың. Рөлі ерекше болмаса, бұқаралық ақпарат құралы ретінде қарастырылмаған күйі қалатын ба еді? Қазір дені дұрыс сайттар мемлекеттік тіркеуден өтеді. Мысалы Saigez.kz сайтына ақпарат таратуға құқық беретін уақытында агенттіктен алған куәлігі бар.

            3. Тек қана қазақ тілінде. Қазақ тілінде тек қана саясат жазатын сайт жоқ десек те болады. Басында қоғамдық-саяси болып ашылып, кейіннен эмоциялық сайт боп кеткендері аз емес. Иә, саяси мақалалар ешкімге қызық емес, оқырмандар шектеулі. Ал, танымалдылық пен рейтинг үшін күрескісі келетіндер еріксіз сақал, хиджаб, Қайрат Нұртас, Мейрамбек деген тақырыптарды қосады.

            4. Осы мәселені қолға алып, фрилансерлер іздеп жатырмын. Ол енді мақалалар мен сұхбаттардың сапасына қарай төленеді. 6-7 беттік сұхбат алып келіп, онысы сылдыр сөзден ғана тұратын болса оған төлемек түгілі тегін де алмайтын едім. Әр мақалада, сұхбат берушінің сөзінде идея болмаса оны бағалай алмаймын.

            5. Айырмашылығы да, ерекшелігі де тек қана қазақ тілінде, тек қана саяси тақырыптар туралы жазатыны.

Интернет журналистикасы не деген сұраққа жауап іздеген адамға мәлімет көп. Бүгінде интернетке қолжетімді адамдар өте көп, сондықтан теледидарды үзбей қарап, радионы үзбей тыңдап, газетті жібермей оқығаннан гөрі олардың веб-сайтымен таныса салу тиімдірек. Интернет журналистикасының өзім байқаған артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталып бірінші, екінші сұраққа қатар жауап бергім келіп отыр. Жалпы газет, тв, радио журналистикасының бір-бірінен айырмашылығы бар. Ал, интернет журналистикасы соның барлығын да қамтуға тырысады, сондай-ақ, дәстүрлі медианың мүмкіншілігін арттырады. Ақпарат беру жылдам, оның үстіне «эфирге сыймай қалды, газет толып кетті, келесі санында шығады» деген түсінік болмайды. Қандай контент салсаңыз да интернет жұта береді. Ал контенттің сапалылығы, сапасыздығы ол контент тудырушы адамға байланысты. Интернет журналистикасында контентті жан-жақты етіп жеткізуге болады. Мәселен, бір мақаланы жазу барысында оқырманның сенімінен шығу үшін, сөзіңіз дәлелді болу үшін мүмкіншілігіңізге қарай видео мен фотоларды, тіпті аудионы (мультимедиа) пайдалана беруге болады. Сіз бір мақала арқылы газеттің де, ТВ-ның да, радионың да миссиясын атқаруыңызға болады. Қай газетті алып қарасаңыз да, бір тақырыпқа байланысты ары кетсе 2-3 фото береді. Ал, интернетте фотоРЕП жасап, қанша сурет саламын десеңіз де өз еркіңіз. Сондай-ақ, интернет журналистері өз контенті үшін оқырманмен тікелей контакт орната алады. Мақаласына пікір жазушылар немесе әлеуметтік желідегі аккаунттары арқылы оқырманмен өз контенті төңірегінде ой бөлісе алады. Мұның барлығы артықшылықтары деп айтар ем. Ал, кемшілігіне келсек, көптеген сайттар бүгін бар да, ертең жоқ. Демек, сайт болмаса ондағы контент те құрдымға кетеді. Сондай-ақ, әртүрлі сайттарда жарық көретін материалдар газеттегідей сүзгіден өтпейді. [1,25 -36 б]

            Қазіргі таңда әлемдік БАҚ жаппай интернеттенуге көшті. Еркін ойдың аймағы саналатын интернет әлемі дәстүрлі БАҚ-тың нағыз бәсекелесіне айналды. Елімізде ғаламторды пайдаланушылар саны да едәуір арта түскен. Дәстүрлі ақпарат құралдарындағы тұтынушылардың көпшілігі жаңа медианың жаңалығына мойын бұрды. Ал, жаңа медиа ақпарат таратудағы жылдамдығымен ерекшеленіп тұр. Дәстүрлі журналистикамен қатар интернет журналистика да қоғамда өзіндік орнын айқындай бастады.

           Бізде дәстүрлі БАҚ пен интернет арасындағы бәсекелестікте таразы басы тең емес. Әлемде ақпарат тарату шапшаңдығымен ерекшеленетін онлайн журналистика алға озды. Жыл сайын ақпаратты интернет арқылы алушылар саны көбейіп келеді. Мысалы, 2002 жылы 1,1 млрд адам жаңалықтарды интернеттен оқып білсе, 2004 жылы оның саны 3,4 млрд-қа дейін еселене түскен. Алдағы 2012 жылы жаңа медиа тұтынушылары 80 пайызға дейін арта түседі деген болжам да бар. Әлемнің көп елдерінде теле, радио, газет-журналдар онлайн режімінде ақпарат таратуға көшті. Бірақ, біздің елде онлайн журналистиканың игілігі толық меңгерілмей келеді. Дәстүрлі БАҚ жаңа онлайн режімінде жұмыс істеуге толық бет бұрған жоқ.  
Теледидардағы кешкі жаңалықтардың өзі «жаңалық» болудан қалып барады. Кешкі жаңалықты келесі күні қайталап беретін телеарналар күлкіге қалып жатыр.  
           Интернет қауымдастығындағылар бұл жаңалықтарды сол мезетте естіп, біліп, талқыдан өткізіп жатады. Бұл жерде әлеуметтік желілердің (facebook, twitter) қызметі алдыңғы орынға шығып тұр. Оған қоса, телевизия әлемінің жаңа медиамен бәсекесіне көңіл толмайды. Телеарналардың сайттық нұсқаларының жұмысы жоғары деңгейге жете қойған жоқ. Дизайны мен жаңартылу жағын айтпағанның өзінде ақпарат алуға кедергі көп. 
           Қазақ газеттеріне жаңа онлайн режімінде жұмыс істеуді мықтап қолға алатын уақыт келген сияқты. Алыс аймақтарға газет таралып біткенше оның ақпаратының маңыздылығы кеми түседі, ақпарат ескіреді. Ал, газет сайттарының басым көпшілігі – оның қағаздағы нұсқасының көшірмесі ғана. Сонымен бірге, сайт оқырмандарымен өзара диалог жүргізу ісі дұрыс қолға алынбаған. Интернет контингентінің басты талабы – ақпараттың жаңарып отыруы. Міне, сондықтан, газет сайттарының да жаңартылып отыруының маңыздылығы осы жерден көрінеді. [1,46 -70 б]                                                                                        

            Жаңа медиа кеңістігі жаңалыққа толы. Алайда, бұл кеңістікте де шешілмеген мәселелер шаш етектен. Әсіресе, ұлттық, тілдік мүдде екінші орынға ысырылып қалып жатыр. Интернет кеңістікті ұлт мүддесіне жұмыс істеткізуде әлі де жайбасарлық танытып келеміз. Интернетті тұрақты пайдаланушылардың АҚШ пен Ресей өнімдерін қолданып жүргені шындық. Олар шетелдік компаниялардың қалтасын толтырып отыр. Әзірге бізде қазақ тілінде контент әзірлейтін мамандар тапшы. Ресейлік интернеттің тау бұзардай екпіні тілдік мүддемізді екінші орынға ығыстырды. Ауызекі тілдегі ақсауымыз аздай, интернет әлемі де «жетім сөздерге» толып барады. Бұған көз жеткізу үшін оқырманның өз пікірін қалдыратын форумдар бөлімін бір шолып шықсаңыз болғаны. Әрине, интернет еркін ойдың аймағы. Дегенмен, мұнда жариялылық принципіне кереағар нәрселер көптеп жасалынып жатыр.  
Интернет журналистиканың дәстүрлі БАҚ орнын  баса алмасы анық. Алайда, дәстүрлі БАҚ оқырманға интернеттегі сияқты жылдам әрі ықшам ақпарат таратуды қолға алса, жаңа медиа тұтынушыларын өздеріне тарта алатын еді. Себебі, оқырманның ақпаратты тұтыну тәсілі өзгеріске ұшырады.       

          Мамандардың айтуы бойынша, интернеттi дамыту үшiн үш түрлi жағдай әсер етедi екен. Бiрiншi, сол ұлттың өзiнiң хат алмасу торабы болуы қажет. Бiз Ресейдiң mail.ru тегiн почтасына тәуелдiмiз. Яғни, бiзге ұлттық хат алмасу торабы керек. Екiншi, өзiнiң iздеу торабы болуы тиiс. Үшiншi, интернет қымбат болмауы жөн. Осы үш мәселенi аттап өтпейiнше, ел тұтастай интернеттi пайдалана бiлмейдi. Пайдаланған күннiң өзiнде басқа елдiң мүддесiне қызмет етемiз, ақша басқаның қалтасына құйылады. Орысша бiлуге мәжбүр боламыз.

             Политехте оқитын Қуаныш Мағзуов деген баланың "Сөздiк" деген жобаны жүзеге асырмақ ойы бар. Ол жоба бойынша кез келген ағылшын тiлiндегi мәтiндi клавиатураның бiр түймесiн басып тегiн аудармаға қол жеткзiу көзделдi. Ригаға барғанымызда, осы жобаға демеушi болғысы келгендермен кездескенде, олар "Бұл үкiметтiң iсi ғой. Неге өздерi қолға алмаған?" деген сауал қойды. Бұл сұрақты естiгенде ұялып кеттiм. Ағылшын тiлiнен қазақ тiлiне аударатын сайт жасау үшiн басқа елден көмек сұрауға мәжбүр болып отырғанымыз бiз үшiн шынында ұят едi. Олар үшiн мемлекеттiк деңгейдегi мұндай iстерге бiздiң қоғамдық ұйымдардың деңгейiнде мән берiлiп жатқаны түсiнiксiз едi. [1,76 -85 б]                                                                                        

            Негiзiнен мемлекет тарапынан интернеттi дамытуға ақша бөлiнiп жатыр. Бiрақ, бұқара тарапынан нақты талап болмай отырған-сынды. Егер, бұқара тарапынан Парламентке, Мәжiлiске сұрау салса, қазақ тiлiн дамыту үшiн интернеттегi тiлдiң таралу аясын кеңейту керек. Ол үшiн бiрiншiден, мынадай параметрлерге ақша бөлiнсiн десе. Мәселен, тегiн онлайн жүйесiнде қазақ тiлiнен ағылшын тiлiне, орыс тiлiнен қазақ тiлiне мәтiн аударатын арнайы бағдарлама жасап шығару. Бiраз адамдар жасауға талпынып көрдi. Бiрақ, ол бұқараға тегiн ұсынылған еркiн бағдарлама емес едi. Оны пайдалану үшiн сатып алуың керек. Бiздiң айтарымыз, бұндай бағдарламалар тегiн болуы керек. Егер, бiз тiлдi дамытамыз десек, оны қолданушылар аясын кеңейтемiз десек, ағылшын тiлiнен қазақ тiлiне тiкелей аударатын сайт жасауымыз керек.

           Ондай заң кейбiр елдерде бар. Мысалы, АҚШ-та "Блогшылар туралы" заң қарастырлуда. Бiрақ, ол елдерде қабылданған заңдарға әлеумет белсендi атсалысады. Яғни, бұл заңдар интернеттi шектеу үшiн емес, реттеу үшiн әзiрленедi. Бiзде қабылданатын заң да интернеттi реттейтiн оның дамуына үлес қосатын заң болса құба-құп, керiсiнше, интернеттi бақылауды сылтау етiп, оның еркiндiгiне сызат түсiретiн болса онда ондай заңның қажетi жоқ. Қазiр бұқара интернет мүмкiндiгiн толық пайдаланып отырған жоқ. Сол себептi де олардың заңға атсалысуы мүмкiн емес.Қазақстанның өзiнiң блог тұғыры жоқ. Американың wordpress платформасында блогты тегiн дамытуға мүмкiндiк бар. Бiрақ, ол ағылшын тiлiнде. Бұл — бұқараға тегiн ұсынылып отырған өнiм. Сондықтан, оны аударуға да мүмкiндiк бар екен. Кореядағы қандастарымыз Жанарбек Матай, Бақытнұр Байтелұлы және осында тұратын Бақытгүл Салықова деген блогшылар оны қазақшалауды қолға алды. Ол платформада 3 мыңның үстiнде ұғым-түсiнiк бар едi. Жоғарыда аты аталған үшеуi оны бөлiсiп, өз ерiктерiмен аударуға кiрiстi.  
Бұл бiзге қандай мүмкiндiк бередi? Егер, бұрын блогты тек ағылшынша, орысша бiлетiндер жасай алатын болса, ендi оның қазақша нұсқасы да пайда болады деген сөз.

Информация о работе Интернет журналистикасы