Интернет журналистикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2015 в 11:22, курсовая работа

Описание работы

Журналистика – өмір айнасы. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады.

Файлы: 1 файл

Интернет журналистикасы.docx

— 48.99 Кб (Скачать файл)

Азаматтық журналистика дегеніміз не?

          Журналистің негізгі функциясы болып табылатын қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету жұмысын қазір жеке блогы бар әрбір азамат атқара алатын болды. Сондықтан да шығар, ғаламдық деңгейдегі сарапшылардың өзі блоггерлікті азаматтық журналистика деп атап жүр. Оқиғаны көзбен көрген, блогы бар әрбір адам ақпараттың қайнар көзі бола алады. Яғни оқиға барысын жеке блогына жазу арқылы қоғамды дәстүрлі ақпарат құралдарынан бұрын құлағдар етеді. Тиісінше, ол блоггердің оқырмандары да арта түседі.       

 

          Блоггерлер азаматтық журналистиканы қалыптастыруда дейтін себебімізге дәлелдер көп. Мысалы, Ресейдегі «Норд-Ост» лаңкестік оқиғасы кезінде халық дәстүрлі ақпарат құралдарымен қатар, мәскеулік жеке блоггерлердің жазбаларын да көп қараған. Ирактағы соғыс кезінде ақпарат құралдары айта бермейтін кейбір мәліметтерді жеке блоггерлер фотосуреттермен көмкеріп, ақпаратты шынайы әрі ашық жеткізіп отырды. 2005 жылғы Қырғызстандағы төңкерісті өз блогына тұрақты түрде жазған бішкектік Елена Скочило ресейлік «РОТОР» интернет қызметінің «Жыл блогы» номинациясын жеңіп алған болатын. Әзірге біздің блоггерлердің саны айтарлықтай көп емес. Бұрындары компьютер десе, көз алдымызға үлкен компьютер ғана елестейтін. Қазір оның қызметін планшет, ноутбук, нетбуктер де атқара беретініне көзіміз жетті. Сол сияқты техникалық мүмкіндіктер артқан сайын интернет-журналистиканың да аясы кеңейіп келеді. Әзірге қазақтілді блогосфераның дамуына журналистер ғана еңбек сіңіріп жүр. Бұл — түсінікті жайт. Қоғамда болып жатқан барлық жағдайдан хабардар, ақпараттың қайнар көзіне жақын жүретін журналист болғандықтан, олардың блог жүргізуі — заңдылық. Қазір шетелде барлық маман иесі блог арқылы жұмыс істейді. Бізде енді ғана басталғандықтан, әзірге журналистер ғана белсенді болып отыр. Бұл – барлық елдің тәжірибесінде болған құбылыс. [2,88 -92 б]                                                                                        

 

 

 

 

 

 

Қорытынды :

      Журналистика – өмір айнасы. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады.

      Журналистика – халықтық болып саналады. Өйткені, журналистика – халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Қандай мәселені көтермесін журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтық позиция ұстайды.

       Бүгінгі қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының басты парызы бұқараның санасын билеу, оларға уақыт кезеңдерінің міндеттерін жан-жақты түсіндіру, жас ұрпақты тәрбиелеу т.б. толып жатқан сан-саладағы көкейкесті міндеттерді бойларына сіңіру болуға тиісті. Осы сан-саладағы көкейкесті мәселелерді қоғамға жеткізуде бұқаралық коммуникация құралдарының ішінде болжам бойынша жетекші орынға ие болатын – интернет.

      Интернеттің бірқатар коммуникация мен ақпараттық ерекшеліктеріне байланысты интернетке сүйене отыра жаңа бұқаралық ақпарат құралының түрі интернет-БАҚ дүниеге келді. Дәстүрлі БАҚ-тан айырмашылығы бірден байқалды. Ол ақпаратты тарату оперативтілігі мен интерактивтілігі еді. Сондықтан көптеген елдердің ғалымдары жаңа бұқаралық ақпарат құралын зерттеу нысаны ретінде таңдауда. Интернет-БАҚ-тың алғашқы нұсқасы 1987 жылы АҚШ-та пайда болған. “The San Jose Mercury News” газеті тұңғыш рет көпшілік қауымға электронды нұсқасын ұсынған.  Қазіргі таңда, АҚШ-тағы күнделікті басылымдардың тиражы жарты жылда қазан айынан наурыз айына дейінгі аралықта 2,5%, ал апталық (жексенбілік) газеттердің тиражы 3,1% азайған. Керісінше, онлайн БАҚ күннен-күнге қарқынды түрде даму үстінде. Сауалнаманы Американың газет ассоциациясы (Newspaper Association of America, NAA)  770 күнделікті, 610  апталық газеттер бойынша жүргізген. Ассоциация мәліметтеріне сүйенсек, АҚШ-та газет сайттарын пайдаланушылар тоқсан ішінде 56 млн. немесе интернетке кіретін адамдардың 37% құраған.

 

        Ал, Қазақстанда әзірге 3 мыңға таяу интернет сайттары тіркеліпті. Оның 20-25 пайызы БАҚ құралдарының меншігі болса, қалғаны әр түрлі бағытта. Оның ішінде банк те бар, сауда нүктелері де бар, ішінара жекелеген адамдардың сайттары да кездеседі. Ал қазақ тіліндегі сайттар кенжелеп дамып келе жатыр десек те, кей сәттері әжептәуір үміт күттіріп қояды. [1]

        Бүгінгі таңда дәстүрлі журналистикамен қатар, интернет журналистикасы да өзіндік қарқынмен дамып келеді. Ғаламтордың тұрақты тұтынушылары газет беттері мен радио, телеарна сияқты ақпарат көздерінен гөрі алдымен әрқилы сайттар мен ақпараттық порталдарды іздейді. Себебі жаһандану дәуірінде барлығы тұтастай ғаламтор атты шексіз әлемге байланысты. 

        Интернет кез-келген адамды санаулы секундта шексіз ақылды ете алады. Қажетін табуға Google іздеу порталы көмектеседі. Журналистерге ақпарат алу барысында қандай да бір жеңілдіктер бар ма? Өкінішке орай, жоқ. Керісінше, кейбір журналистерге қарағанда интернетті жетік меңгерген адам ақпаратты көбірек таба алу мүмкіндігіне ие. Өмірдің барлық бөлігін сөз ететін журналистика үшін бұл таптырмас мүмкіндік.

Интернеттегі электронды әлем журналистік еңбекке қажетті материалдарға толы. Аталған әрекет журналиске үш түрлі құрал ретінде көмек көрсете алады:

        1.Өмірдегі қандай да бір құбылысқа, оқиғаға, ғылым саласына қатысты энциклопедиялық және толық білім бере алатын кітап. Журналистикада қозғалып отырған тақырыпқа қатысты барлық ақпараттың болғаны жөн.

        2.Белгілі бір адам, топ, компания, мемлекет жайлы олардың өзі жазған жазбалары арқылы білетін анықтамалық орталық. Ең сенімді ақпарат қашан да адамдардан алынады. Интернеттегі әлеуметтік желілердегі, блогпосттағы жазбалардың бәрін адамдар жазады, және онда әртүрлі пікірлер қатар орналасқан. Өзіңізге қажет мемлекет, ауданның халқы, діні, тарихы, экономикасы жайлы жан жақты ақпарат алғаныңыз дұрыс.

       3.Жан-жақты зерттеу жүргізуге қажетті фактілер мен толығырақ зерттеуді талап ететін сыбыстар жиынтығы.

Бірақ интернет журналист еңбегіндегі жалғыз ақпарат көзі болмауы керек. Ақпарат әрдайым тексеріліп, сараланып, «сүзгіден өткізіліп» берілуі тиіс.

       Өркениетті елдермен салыстырғанда қазақтың интернет журналистикасы әлі де кенже қалып келе жатқанын көріп жүрміз. Технология дамыған, адамдар ақпаратты сол мезетінде және бір жерден ала алатын мына заманда интернет журналистиканы дамытып, оның болашағын баянды ету басты мәселелердің біріне айналғаны анық. Бүгінде қазақ оқырмандарды ақпаратты әлемнің әр түпкіріндегі елдерден алып отыр. Әсіресе, біздің оқырмандар ресейлік интернет сайттардың иіріміне түсіп кетіп жатқаны жасырын емес. Осы орайда, соңғы жылдары қазақ тілді бірнеше интернет порталдар жарық көріп, оқырман қауымның ақпараттық өтеуін өтей бастады. Дегенмен олардың өзі әл-әзір аяғынан тік тұрып кетті деуге келмейді. Сол себепті ғылыми-тәжірибелік конференцияға жиналғандар «интернет журналистиканы дамытуда мемлекеттің ықпалы мен көмегі» керек десіп жатты. Сондай-ақ, журналист кадрларын даярлау саясатына да біршама өзгертулер енгізу керек сияқты. Өйткені қазіргі журналистика факультеттерінде интернет журналистерін даярлап жатқан жоқ. Ал бұл сала тың жер секілді игерілмей әлі тұр.

– Бүгінде интернет журналистиканың толыққанды дами алмай тұрғаны шындық. Дегенмен бұл салада да алға жылжулар байқалады. Соңғы бірнеше айдың көлемінде оншақты қазақ сайттары ашылды. Біздің қоғамдық қорда өз жанынан www.zamandas.kzсайтын ашып, жұмыс жасап жатыр. Бастапқы нәтижелері жаман емес. Күніне жүздеген оқырман сайтқа кіріп, керекті ақпаратын алып, мақалаларға қатысты пікірлерін қалдырып жатыр. Десек те, бүгінгі қазақ журналистикасын мықтап қолға алып, дамытатын кез келді деген ойдамын,– дейді «Назар» қазақ журналистері қоғамдық қорының президенті Мирсаид Байтілес.

Болашақ интернет журналистикада. Сондықтан әлемдік өркениеттің көшінен қалмай, қазақтың да интернет журналистикасын дамыту керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдалаған әдебиеттер тізімі

  1. Омашев Н. Журналистиканың жаңа стилі //Ақиқат. №9. 1997.
  2. Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен, 2009 ж.
  3. www.wikipedia
  4. library.psu.kz
  5. Основы интернет-журналистики Автор: Градюшко А.А. 2012 ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Интернет журналистикасы