Шоқан Уәлиханов (1835-1865)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 17:50, реферат

Описание работы

Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген.

Файлы: 1 файл

Шоқан уәлиханов.doc

— 1.08 Мб (Скачать файл)

Шоқан атындағы өлкенiң қысқаша тарихы

1920 жылғы 26 тамызына дейiн бiздiң болашақ Уәлиханов ауданының жерi Ақмола облысының құрамында болып келген едi. Оның территориясы Қойтас, Теке, Қарай, Николаев болыстарын қамтыды. Николаев болысы 1922 жылдан бастап Қарауыл болысы деп аталды. 1921 жылдың 25 сәуiрiнде Ақмола облысы, орталығы Қызылжар қаласы болған губернияға айналдырылды. Ал бiр жылдан кейiн (1922 жылғы 13 мамыр) Ақмола губерниясында бұрынғы уездерiмен бiрге жаңа Шарлақ уезi құрылды. Ол 1926 жылға дейiн сақталды. Оның территориясында жоғарыда аталған болыстармен бiрге 1923 жылы 13 наурызда құрылғын Қызылту болысы да болды. Шарлақ уезi тарқатылғаннан кейiн Қызылту болысы Қызылжар округiне қарайтың болды.

Қазақ АССР-ы Орталық Атқару Комитетiнiң 1928 жылғы 17 қаңтарда өткiзiлген екiншi сессиясында Қазақстанның әкiмшiлiк–территориялық бөлiну жобасы бекiтiлдi. Осы күннен бастап Кокшетау уездi тарқатылды да оның бiр бөлiгi жаңадан құрылған Пертопавл округiнiң құрамына ендi. Осы бөлiктiң iшiнде Қызылту болысыда болды. Осылайша 1928 жылы 17 қаңтар Қызылту ауданының құрылған күнi болып есептеледi. Алғашқы кезде қазiргi Ақжар ауданының Талшық поселкесiнiң қасындағы Қулыкөл ауылы аудан орталығы деп саналып келдi. Мұнда тұрғын үйлер де, кеңселер де кигiз үйлер болыпты. Кейiннен аудан орталығы Қондыбай ауылына көшiрiлiп, ал 1929 жылы шiлде айында аудан орталығы Кiшкенекөл жағасына көшiрiлдi. Ауылда шымнан салыңған 100 шақты үй болды. Көне көз қарттардың айтуы бойынша онда 500-дей адам болған. Ол кезде аудан территориясы ұлан байтақ жердi алып жатты.

Кейiннен Қызылту ауданынан Ленин, Ленинград, Уәлиханов аудандары отау алып шығып жеке шаңырақ көтердi.

Қазақстанда коллективтендiру жүргiзiлген кезде, аудан орталығында “Жаңалық” деп аталған қолхоз құрылды. Онда 300 гектар жыртынды жер болды. Қызылту аудандық партия комитетiнiң 1938 жылғы 23 желтоқсандағы үшiншi пленумының қаулысында осы уақытта ауданда 46 колхоз бар екенi көрсетiлген.

Ұлы Отан соғысы басталғанға дейiн ауданда мемлекеттiк банк, жинақ касса аурухана, асхана, өнеркәсiп және азық-түлiк магазиндерi, почта, мектеп, диiрмен, радио нүктелерi болды. Егiн көлемi 10 мың гектар, ал шабындық жер 54560 гектарға жеткiзлiдi. Жаңадан 20 елдi мекен құрылып, аудан тұрғындарының көшпендiлiктен отырықшылыққа көшу процесi толық аяқталды. 1935 жылға дейiн аудан мектептерiнде , бiлiм беру қазақ тiлiнде жүргiзiлдi. 1936 жылдан бастап орыс тiлi енгiзiле бастады. 1944 жылы аудан орталығында оқуды орыс тiлiнде жүргiзiлетiн класс ашылды. Онда орыс балаларымен бiрге қазақ, немiс балалары да оқыды.

1944 жылғы территориялық-әкiмшiлiк бөлiнуден кейiн аудан Көкшетау облысының құрамына кiрдi. Тың және тыңайған жерлердi игеру басталғаннан кейiн орасан зөр әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстер болды. Оның ауқымын егiс көлемiнiң өсуiнен де айқын көруге болады. Егер 1953-шi жылы ауданда 29939 гектар жыртынды жер болса, екi жылдан кейiн бұл көрсеткiш 257248 гектарға жеттi. Жаңа елдi мекендер мен совхоздар пайда болды. 1958 жылы Көкшетау — Қызылту темiржолы, ал 1965 жылы Қызылту — Ертiс темiржолы пайдалануға берiлдi. Тың игерiлген алты жыл iшiнде халық саны 18 мың адамға өстi. 1964 жылы Қызылту қала типтi поселке атанды.

Қызылту жерi 12 Социалистiк Еңбек Ерiн тәрбиелеп шығарды. Олар Ш.Халыков, Г.Линников, Қ.Мүсiпов, А.Иванов, А.Стецюк, И.Хабло, В.Яворский, В.Амбицкий, В.Окунев, Ф.Моргун, К.Оразалин, Е.Қадыралин.

Бұл күндерi де ерен еңбек етiп жүрген тамаша адамдар әлi де аз емес. Қызылту өңiрi адам танымастай өзгердi, мүнда тұратын халықтардың әлеуметтiк-мәдени, рухани дамуында көп алға iлгерiшiлiк болды. Селолар бейнесi танығыссыз өзгердi. Аудан орталығы мен совхоздарда су құбыры жүйесi таратылды, телевизия станциясы салынды. Тұрғын үй — 91 программасы ойдағыдай жүзеге асырылды.

1997 жылғы 3 мамыр күнгi Қазақстан Республикасы Прездентiнiң Жарлығы бойынша Көкшетау облысыны жаьылып, Қызылту ауданы Солтүстiк Қазақстан облысы құрамына қайтадан ендi. Қызылту ауданы — Уәлиханов ауданы, Қызылту кентi — Кiшкенекөл кентi деп аталды.

                Жұлдызы жарық, жұмбағы қалың тұлға

 

Қазақ халқының рухани тірегінің бірі ғалым Шоқан Уәлихановтың туғанына 175 жыл толуына орай Қостанай облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен “Шоқан Уәлихановтың рухани мұрасы мен қазақстандық және әлемдік ғылымдағы қоғамдық ілгерілеу идеяларының дамуы” атты ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Оған Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, Саттар Мәжитов бастаған тарихшы ғалымдар Шоқанның жамбасы жерге тиген жер – Алтынемелдегі мемориалдық музейінің директоры Сәуле Әбішева, Челябі мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Рифхат Динмухамедов келді. Ғалымдар мен Қостанай қаласының жұртшылығы, зиялы қауым өкілдері және студенттер бас қосқан бұл алқалы жиында Шоқанның ғылыми мұралары мен өмірі және оның зерттелуі жайында келелі әңгімелер қозғалды.

ХІХ ғасырдың өзінде орыс ғалымдарынан жоғары бағасын алып, “шығысты зерттеу әлемінің аспанынан аққан жұлдыздай өте шыққан” Шоқан ХХІ ғасырда да ғылым үшін маңыздылығын мысқалдай да кеміткен жоқ. Өз халқы үшін оның ағартушылығы мен этнографтығы, ауыз әдебиетін жинаған еңбегі тағы бір төбе. Қамшының сабындай аз ғана ғұмырында халқына мол мұра қалдырған Шоқанды зерттеудің әлі жеткіліксіздігін, тіпті ХХІ ғасырда бұл жұмыстың енді басталуы керектігін айтты ғалымдар.

– Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын зерттеп, зерделеуде қазақ ғылымы мен әдебиетіндегі қос алып Әлкей Марғұлан мен Сәбит Мұқановтың сіңірген еңбегі өлшеусіз. Әлкей ағамыз Шоқанның ғылыми еңбектерін жинақтаса, ал Сәбең ғажайып тұлғаның әдебиеттегі образын жасауға ғұмырын арнады,–дейді С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтың мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешенінің директоры, ғалым Әділғазы Қайырбеков. Кейінгі жылдары шоқантану ісі кенжелеп қалғанын конференцияға шақырылған тарихшылардың өздері де мойындады.

– Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бері шоқантану ғылымына ешқандай жаңалық қосылмады. Ғалым өмірі мен мұраларына қатысты ешқандай тың пікір, дерек ғылыми айналысқа түскен жоқ. Мұның өзі де тарихшыларды ойлантады, – деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Саттар Мәжитов.

– Шоқанның шығармашылығына, ғалымдығына қатысты орынның бірі Санкт-Петербург қаласы еді. Әлі күнге дейін осындағы архивтер түртілген жоқ, сол тың күйінше жатыр. Шоқанның ізін осы ғылыми үлкен орталықтан іздеу біздің алдағы мақсатымыз болуы тиіс, – деді Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының бөлім бастығы, Шоқанның аталас туысы Едіге Уәлиханов. Конференцияға қатысқан ғалымдар осындай қадау-қадау ой-пікірлер айтты. Дегенмен институт ғалымдары қарап жатпағандығын, өзге елдердің архивтерімен тығыз байланыс орнатып отырғандығын да тілге тиек етті.

Ғалымның кіндік қаны тамған жері, өмірінің кейбір тұстары және қайтыс болу себебі әлі күнге дейін талас тудырып келеді. Қостанайда өткен ғылыми-теориялық конференцияда да осы мәселе көтерілді. Пікірталас та туындады. Қостанай облысының қазіргі Сарыкөл ауданына қарайтын Күнтимес деген елді мекенде ұлы ғалымның әкесі Шыңғыс Уәлиханов қонысының жұрты жатыр. Ал қазіргі Әулиекөл ауданындағы Құсмұрында Шыңғыс сұлтандық құрған. Шоқан қайда туған деген ой да осыған байланысты екіге жарылады. Ғалымның туғанына 160 жыл толған кезде оның қайда туғаны жөнінде облыста даулы пікірталас болғандығы белгілі. Ал ғалымның өлімі туралы да алыпқашпа әңгімелер бар. Осының барлығы да Шоқанды зерттеудің аяқталмағандығын, олқы екендігін көрсетеді деген түйін жасалды жиында.

Асылы, ұлы адамдар туралы ақиқатпен қатарласып халықтың қиялынан туатын аңыздың да еріп жүретін әдеті. Шоқан да мұнан құралақан емес бәлкім. Ғалымның қайда туғанына, өміріне, өліміне қатысты ақиқат ғылымға керек, әрине. Ал қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызды ұлықтау, бағалау, насихаттау бүгінгі ұрпақ үшін одан да маңызды. Өйткені, Шоқан – біздің сананы сілкітетін рухани күшіміз, азығымыз. Осы кезге дейін Шоқан бір облыстағы екі елді мекеннің қайсысында туған деп тамақ жыртатын айтыс орын алғанмен, сол Күнтимес пен Құсмұрынның екеуінде де, тіпті облыс орталығының өзінде де осы өңірдің ұлы перзентіне арналып жасалған мардымды ештеңе жоқ. Қайсы жылы Құсмұрындағы Киров деп аталатын ауылды Шоқан ауылы деп өзгерту жөніндегі әңгіме сиырқұйымшақтанып, ақырында ұмытылып кетті. Бір халықтың бет бейнесіне айналған ұлылардың кіндік қаны тамған немесе ізі қалған жер қасиетті саналады, сырттан келгендердің оны көрсем деген ынтызарын туғызып тұрары бар. Өзге жұрттың әспеттейтін ұлыларының туған жері әлдеқашан туристер іздеп баратын орынға айналған. Орыс ағайындар басқасын айтпағанда, бір Пушкиннің табаны тиді деген жерді құр қалдырған жоқ. Ұлы ақынның туғанына 200 жылдан асып кетсе де әлі зерттеліп келеді, әлі де ғылыми жұмыстар қорғалуда. Пушкин атындағы көшесі жоқ қала қалмады, ескерткіші Ресейді қойып, оның ата-бабасының жері араб елдеріне дейін асты. Айтпақшы, осы күзде Ресей жазушылар одағы сыйға тартқан ақынның бір қола ескерткішін Қостанайға әкеліп орнатып қойды. Ал Шоқанның Қостанай топырағының перзенті болса да, облыс орталығынан оған әлі еңселі бір ескерткіш бұйырған жоқ. Әлемдік тұлғаға көтерілген Шоқанның туған, балалық шағы өткен Күнтимесі де, Құсмұрыны да қазір жұртқа көрсететіндей емес. Табиғаты тамылжыған осы екі мекенде де Шыңғыстың резиденциясының макетін қалпына келтіріп, ғалымның музейін ашып, деген сияқты жұмыстар жүргізілсе, бүгінгі ұрпақ Шоқан туралы көбірек білер еді, ал мұндай жұмыстар арқылы ұлы адам тәуелсіз еліндегі патриотизмнің нығаюына қызмет етпей ме.

Ғалымның туғанына 175 жыл толуына арналған шаралар биыл ас ішіп, ән айтысып тарқайтын дүркіреген тойлармен емес, ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялармен, танымдық, тағылымдық әңгімелер айтылған жиындармен өтіп жатыр.Сыр бойынан бастау алған конференциялар Шоқанның ізі қалған Көкшетауда, Қостанайда, Семейде өтті. Көкшетауда ғалым мерейтойына арналған тағы бір конференция өтпек көрінеді, қорытынды кеңесті ғалымдар Алматыда және Алматы облысында құрмақ. Сонымен қатар Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Саттар Мәжитов Санкт-Петербургте де ғылыми-теориялық конференция өткізудің жоспарланғанын айтты. Осы басқосулардың барлығында да елдің Шоқанға деген ынтызар көңілі, ал оның еңбектерінің актуальды екені байқалды. Расында да ХХІ ғасыр – Шоқан ғасыры болар!

 

             ШОҚАНЫ БАР ЕЛ — ШОҚТЫҒЫ БИІК ЕЛ

 

“Еуразия мәдени кеңістігіндегі Шоқан Уәлихановтың мұрасы” аталатын халықаралық конгресс Білім және ғылым министрлігі және Ақмола облыстық әкімдігінің қолдауымен, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті және осы білім шаңырағында құрылған халықаралық алтаистика және түркология орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. Алқалы жиынға алыс шетелдердің кешенді ғылыми зерттеулермен айналысып жүрген белгілі ғалымдары да қатысты.

Конгресс университет  алаңындағы Шоқан Уәлихановтың ескерткіш бюстін ашумен басталды. Салтанатта облыс әкімі Сергей Дьяченко, университет ректоры Шәкір Ыбыраев, белгілі сәулетші Шот-Аман Уәлиханов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рүстем Шериязданов құттықтау сөз сөйлеп, гүл шоқтарын қойды.

Бұдан кейін облыс орталығындағы “Көкшетау” мәдениет сарайында пленарлық м<span c


Информация о работе Шоқан Уәлиханов (1835-1865)