Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 13:07, дипломная работа
Тікелей эфирге тән ерекшеліктерді атап өтіп, олардың әрқайсысына талдау жасамас бұрын, “Тікелей эфир дегеніміз не?” деген сауалдың жауабын іздестіруіміз керек. Тікелей эфир – тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі сондай ақ, шығармашылық-техникалық сипаттағы соңы технологиялық прогресс, аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс. Түптеп келгенде, алуан түрлі пішіндер мен жанрлық ерекшеліктерді қамтып, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесім мен жүргізушінің лингвистикалық және психологиялық белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асатын қызмет жүйесі.
Теледидарда тікелей эфирде жұмыс істеу табиғаты (Таңшолпан», «Әйел бақыты» бағдарламасы негізінде).
Тікелей эфир табиғаты және оның маңызы мен міндеттері
1.1 Телевизиядағы тікелей эфир: тақырыбы және өзектілігі
1.2 Тікелей эфир жүргізішісінің имиджі.
2 Тікелей эфир жанрлық ерекшеліктері
2.1 Тікелей эфирдегі “Таңшолпан», «Әйел бақыты» бағдарламаларының берілу тәсілдері.
2.2 Тікелей эфирдегі диалогтың негізгі қырлары.
2.3 Тікелей эфир жүргізушілерінің кәсіби деңгейі
Қорытынды............................................................................................................
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Азамат Серікхан
Теледидарда тікелей эфирде жұмыс істеу табиғаты («Таңшолпан», «Әйел бақыты» бағдарламасы негізінде).
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
5B050400– «Журналистика» мамандығы
Қарағанды 2015
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі _______________________ Жұмабеков М.К.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Теледидарда тікелей эфирде жұмыс істеу табиғаты («Таңшолпан», «Әйел бақыты» бағдарламасы негізінде).
5B050400 – «Журналистика» мамандығы
Орындады: Серікхан. А.К
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к РамазановаЖ.С.
Қарағанды 2015
Жоспар
Теледидарда тікелей
эфирде жұмыс істеу табиғаты
(Таңшолпан»,
«Әйел бақыты» бағдарламасы
Тікелей эфир табиғаты және оның маңызы мен міндеттері
2 Тікелей эфир жанрлық ерекшеліктері
2.1 Тікелей эфирдегі “Таңшолпан»,
«Әйел бақыты»
2.2 Тікелей эфирдегі диалогтың негізгі қырлары.
2.3 Тікелей эфир жүргізушілерінің кәсіби деңгейі
Қорытынды.....................
Телевизиядағы тікелей эфирдежұмыс істеу
Тікелей эфирге тән ерекшеліктерді атап өтіп, олардың әрқайсысына талдау жасамас бұрын, “Тікелей эфир дегеніміз не?” деген сауалдың жауабын іздестіруіміз керек. Тікелей эфир – тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі сондай ақ, шығармашылық-техникалық сипаттағы соңы технологиялық прогресс, аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс. Түптеп келгенде, алуан түрлі пішіндер мен жанрлық ерекшеліктерді қамтып, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесім мен жүргізушінің лингвистикалық және психологиялық белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асатын қызмет жүйесі.
Бір кездері пішін ретінде қарастырылған тікелей эфирдің өзінің бірнеше пішіні пайда болды: телеүндесу, кері байланыс, студиядағы хабар, ток-шоу тағы тағы басқалары немесе тағы сол сияқты. Оның үстіне қазіргі тікелей эфир бұрынғыдай бір жақты сипат алмайды. Тікелей эфир- аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі. Ең бастысы, тікелей эфирдегі диктордың оқуы, журналистің жүргізуіне көп нәрсе байланысты. Экран алдында сөйлейтін жүргізуші болғанымен, оның соңында техникалық тетікті ретке келтіретін, эфирді әуенмен әрлеп, сөзбен көмкеретін, әрбір іс-қимылыңды қалт жібермей дәлдікпен түсіретін студия операторлары, оператордың түсірген суретін эфирге шығарушы режиссер, дыбыс режиссері, телефон қоңырауын эфирге қосатын өзге де техникалық қызметкерлер бар екені белгілі. Сол тұрғыдан келгенде тікелей эфир бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесімнің нәтижесінде жүзеге асатын іс-әрекет. Ал егер хабар эфирден тікелей берілмесе бұл жұмыс процесі көп сатылы әрекет есебінде яғни, бөлек-бөлек атқарылар еді. Тікелей эфирдің бір тиімділігі сонда,айта кетейік ол біріншіден қаражат шығынын азайтты. Бұрын хабардың бір бөлігі репортерға, келесі бір бөлігі студияға жазылып, бір рет таспаға түсірілсе, керек тұсы қалдырылып, керек емес тұстары қиылып тасталып, содан кейін бастан-аяқ рет-ретімен жиналып, қайта көшірілетін. Уақыт та адам еңбегі де қазіргімен салыстырғанда әлдеқайда көп шығындалатын. Соның бәрі енді бір мезгілде ұйымдасқан түрде орындалады. Ұжымдық үйлесім деген осы. Ал екіншіден, тікелей эфир өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс болғандықтан, алдын-ала жасалған хабардағы, диктор оқыған мәтіндегі жасандылық, белгілі бір дәрежедегі артистизм, ендігі жерде шынайылыққа, табиғилыққа қарай ойысты.
Үшіншіден, тікелей эфир оперативтілік тұрғысынан уақыт дәлдігін сақтау мүмкіндігін жолға қойды. Төртіншіден, көрермен психологиясына тікелей әсер ету арқылы, олармен қолма-қол қарым-қатынас жасауды қамтамасыз еткен кері байланыс жүзеге асты. Бесіншіден, ғылыми-тхникалық прогресс аясында енген технологиялық процесс. Осының бәрін есепке ала отырып, тікелей эфирді пішін емес, тележурналистикадағы соны пішін деуімізге негіз бар. Тікелей эфир тележурналистиканың табиғатына тән заңдылықтар аясында ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ретке келітірілген қызмет жүйесі. Демек, тікелей эфир тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі болып табылады. Тікелей эфирге берілген анықтама осыдан келіп шығады. Ал тікелей эфирге тән ерекшеліктерді оның табиғатын ғылыми негізде талдап, теориялық тұрғыда жүйелеу арқылы айқындай аламыз.
Осы орайда сәтті деп табылған,көрермендерін барынша мол тартып үлгерген «Әйел бақыты» бағдарламасына тоқталып өтуді жөн деп таптым.Жалпы Әйел бақыты өзінің атауына сай еліміздің бұл үздік жобасы, ток-шоуға негізделген қазіргі күннің алғыр бойжеткенінен бастап, ауылдағы қарапайым қазақ келіндері мен қаладағы іскер әйелдердің бастарынан өткен шынайы оқиғаларына арқау бола алды. Жасандылықтан алшақ ашық әңгімеге құрылған кездесуде құрылым сәтті жалғанған. Бағдарламада аруларымыздың жан дүниесі, олардың басына түскен қиындығы айтылаып қана қоймай,өмірдің қиын кезеңдерінде жолбасшы-серік болып, әйелдерге ақыл-кеңес беруді көздеген ұлттық,отандық жоба. Бағдарлама мақсаты - қазақ әйелінің ең үздік, ең жарқын бейнесін қалыптастырып, халық арасына насихаттау деп табылып отыр. Қазіргі заман әйеліне отбасы мен қоғам арасына үйлесім орнатуға көмектесуді жөн санаған телеарнаның бұл бағдарламасында үздік мамандар қызмет атқарады,оларға сәл кейінірек тоқталсақ. Халқымыздың дәстүрімен, заманмен үйлестіре отырып, әйелдердің өзіне деген сенімін ояту, қолдау көрсету бұл азаматтық борыштан бөлек,тәрбиегеде көп басымдылық ала келген. «Қазақстан Ұлттық телеарнасында «Әйел бақыты» атты ток-шоудың тұсауы кесілгеннен бастап» - Жаңа жобада бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін әйелдердің беделі, отбасындағы күйі, әлеуметтік жағдайы, бала тәрбиесіндегі маңызы, ерлі-зайыптылардың бүгінгі болмысы көп қозғалып келеді. Керекті кеңес, әдеміліктің құпиясы, сән және т б. мәселелер көтеріліп қана қоймай,сұранысқа ие бағдарламаның аудиториясы әр бағдарлама сайын артыпта келеді. Бүгінгі тaңда қазақ телевизиясының жағдайы қандай деңгейде. Республикaлық және аймақтық телеарналардың бағдарлама тарату форматы мен көрсету стилі қaндай? Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде деген толласыз сaуалдар көпшілікті қызықтыруы мүмкін. Оған қоса технология заманындa цифрлық телевидиниеге көшу үрдісі қалай жүзеге асуда. Тіл мәдениетін көтеруді қaндай жолдармен іске асыру керек, ең алдымен, осы мәселе жан-жақты және түбегейлі зерттелуге тиіс. Біздіңше, бұның бaсты екі жолы бaр сияқты. Бірі – тілдегі барды сұрыптап пайдалану, саралау жолымен іске ассa, екіншісі – жоқты жаңадан іздеп табу, жаңғыртып жасау жолымен жүзеге aспақ. Тілдегі жоқты іздеп табу, оны тыңнау жасау қандай қиын болса, бaрдың өзін ұқсатып кәдеге жаратудың өзі де оңай жұмыс емес. Қазақ терминологиясын қалыптaстырудағы кемшіліктердің ең үлкені синонимдердің мән-мағынaсын ажырата білмеуде екендгін мойындау керек.
«Әйел бақыты» тікелей
эфирде аптасына 5 рет көрсетіледі.
Бұл бағдарламаның ерекшелігі сол
– көрермендер тікелей эфир кезінде және
одан тыс уақытта да өз суалдарын телефон
немесе электронды почта арқылы жолдай
алады. Ток-шоудың тұсаукесер саны «Арманым
адастырмаса екен» деп басталғаны көзі
қарықты көрермендерінің есінде. Алғашқы
бағдарлама жар таңдауда жаңылмаудың
маңызы жайлы болды. Ток-шоудың жүргізушілері
елімізге етене таныс журналистер Ләйлә
Сұлтанқызы, Қарагөз Сүлейменова және
Әйгерім Есенәлі. Тікелей эфирде жұмыс
бастап кету оңай әс емес екені бесенеден
белгілі. Осы салдада өздерің еркін сезінген
бұл жүргізушілермен сұқбаттасқан болатынбыз,ол
жөнінде сәл кейінірірек.
Жалпы «Эфир» — сөзі грек тілінен
аударғанда ауаның жоғарғы қабаты немесе
«жоғарғы ауа» деген мағына береді. Бұдан
бір ғасырдан астам уақыт бұрын пайда
болған көзге көрінбейтін, қолға ілінбейтін
бұл құбылыстың қазақ тіліндегі баламасы
«әуе толқыны». Айтылған сөз айтылған
жерде қолма-қол жалпақ жұртқа жайылып
кететін тікелей әуе толқыны туралы сөз
етер болсақ, ол- күрделі де жауапты шығармашылық
жұмыс процесі, бір мезгілде атқарылатын
бірнеше істің басын құрайтын шығармашылық
тұтастықты жүзеге асыратын ұжымдық үйлесім,
құрылым мен ерекшеліктері тұрғысынан
тележурналистиканың жаңаша әдісі ретінде
зерттеп-зерделеуді қажет ететін нысан.
Тележурналистикадағы өзгеше де өміршең
бұл процесс бұрын алдын-ала жазылып, қажет
тұстары қалдырылып, керек емес деп есептелетін
кейбір сөйлемдері қиылып тасталып, яғни,
монтаждалып ұсынылатын жазбаларды ендігі
жерде айтылған сәтте тікелей көрерменге
арналған шын мәніндегі шынайы әңгіме,
тіпті, тікелей телефон желісіндегі кері
байланыс арқылы нақты пікір алмасуға
айналдырғаны ақиқат.
«Айтылған сөз атылған оқпен
тең» деген халықтық нақыл уақытқа тәуелді
құбылыс, тікелей эфирдегі жұмыс процесінің
ең негізгі ережесі деуге әбден болады.
Тікелей эфир кезіндегі мәтінді өңдеуге,
қандай да бір қатені түзеуге ешқандай
мүмкіндік жоқ. Тікелей эфирдегі әрбір
әрекет жеке-жеке және тұтастай алғанда
уақытқа тәуелді. Сондықтан да секундтар
аясындағы сөйленген сөздің салмағы нысанаға
алынуы шарт. Тікелей эфирдегі уақытты
табысты өткізу – айрықша қабілеттіктің,
тамаша тапқырлықтың, кәсіби шеберліктің
нәтижесі, уақыт аясындағы журналистиканың
шарықтау шегі. Тікелей эфир қамтыған
аудиторияның аумағы да, жүргізуші-журналист
сөйлеген сөздің салмағы да уақыт таразысымен
өлшенеді. Демек, тікелей эфир – уақытқа
тәуелді құбылыс.
Ал екіншіден тікелей
эфир дегеніміз –
1. Көрермен әрқашанда хабардың
көңіл-күйге жағымды әсер етуін қалайды.
Олар экраннан зорлық-зомбылық, өлім мен
жәбірлеу, кемсітушілік секілді хабарламаларды
көруге құлықсыз. Олар үшін күнделікті,
қарапайым өмірдегі жай нәрселер қызғылықты.
Көпшілігінде көрерменді ел көлеміндегі
игілікті істер мен өмірдің түрлі саласындағы
күрделі мәселелердің шешілу жолдары
жайлы ұсыныстар қызықтырады.
2. Көрерменді саясаттан да гөрі,
халықтың әл-ауқатын жақсарту жолындағы
басты тетік экономикалық мәселелердің
ел көлеміндегі жағдайы мен тарих, тәрбие,
өнер, мәдениет, қоршаған орта, тағам сапасы
және тағы да басқа маңызды мәселелер
толғандырады.
3. Бүгінде әлем елдерінің көпшілігінде
дерлік алдыңғы кезекке этикалық және
мәдени проблемасы мәселесі шығып отыр.
Сондықтан осы бағыттағы ашық пікірталасқа
көрерменнің өздерінің жиі әрі көптеп
қатысқандары орынды.
4. Көпшілігінде эфирден балалар
мен жастар, тәрбие мәселесі сирек беріліп
жүр. Әрі қоғамдағы технологиялық жаңарулар
да қызғылықты тақырып болып табылады.
Кері байланыс арқылы тікелей
эфирде өтіп жатқан хабардың рейтингін,
яғни таралымы мен көрілімін еш қиындықсыз
аңғаруға болады. Егер хабарға қатысып
отырған қонақ қоғамдағы күрмеуі шешілмеген
мәселені талқылап жатса, оған халық тарапынан
да қойылар сауал аз болмайды. Ал, тек белгілі
бір топқа ғана қызық болып көрінетін,
көпшілік аудиторияның сұранысына ие
болмайтын тақырып халықты да, тіпті журанлистерді
де қызықтырмауы мүмкін. Сондықтан тақырып
таңдау журналист үшін бірінші нысан.
Жүрізуші келген қонаққа халық тарапынан
қойылар сауалға жауап бермейтінін де
ескертіп қойғаны жөн.
Жалпы жұрт бағдaрламасына ащы
шындықты айту үшін қарапайым адамдармен
бірге жұрт ортaсында министрлік басшыларына
дейін отырады. Дәл осындай батылдық
біздің телеaрналарға да қажет. Тағы бір
мәселе, кейде елімізде қолға алынып жатқан
көптеген бaянды бастамалар теледидар
арқылы берілетін жаңалықтардың көлеңкесінде
қaлып қояды. Мәселен, «әлеуметтік тақырыптар
қaншалықты маңыздылығына қарамастан,
ол телеарналарда жан-жaқты көрсетілмейді.»
Ендеше жоғарыда айтылған қазақ тілінде
хабарлар тaрататын телеарналарды көп
ұзатпай ашқанымыз дұрыс және олардың
бағдaрламалары қазіргі телеарналардағы
хабарлардан анағұрлым асып түсетін бaғдарламалар
болғаны жөн. Сонда ғана «Әлеуметтік мәселе
неге әлсіз көрсетіледі?» деген сұрaқ мазаламайтын
болады. Тіпті қазіргі қазақстандық телеарналардың
қaйсібірі өз өнімдерінің ішкі мазмұны
мен идеясына, ал кейбіреуі жалаң хабaрды
неғұрлым шұғыл да шапшаң таратуға баса
назар аудaрып жүр. Осыған байланысты тележурналистиканы
қалыптасқан жалпыaдамзаттық ортақ құндылықтармен
қатар әрбір елдің өзіндік ішкі бағыттары
aрқылы дамитын ақпарат тарату түрі екенін
жадымыздан шығaрмауымыз керек.Осы орайда
тікелей эфирдегі жұмысты жүзеге асыру
сипаты өндірістегі жоғарғы қарқынды
еңбек ырғағына ұқсайды. Осыған орай тікелей
эфирді шығармашылық-өндірістік процесс
ретінде қарастыруға болады. Ғылыми зерттеулер
көрсетіп бергендей, тікелей эфирдегі
жүргізушінің қызметі айрықша, кейді тіпті,
төтенше ахуалда жүзеге асады. Демек, келесі
кезекте тікелей эфир шығармашылық-техникалық
сипаттағы күрделі психологиялық процесс.
Сондықтан да, тікелей эфирді жүргізетін
тележурналистке кәсіби деңгейдегі даярлықпен
қатар, арнайы психологиялық дайындық
қажет. Негізінде, тікелей эфирдегі психологиялық
ахуалды қалыптастырудың іргетасы камера
алдына барғанға дейінгі даярлық кезінде
жүзеге асатын нақты әрекеттер мен тынымсыз
ізденістер нәтижесінде қаланбақ. Тікелей
эфир жүргізетін журналистің негізгі
нысанасы-көрермен назары. Адамның назарын
аудару — өте күрделі құбылыс. Көрерменнің
көңіл-күйін басқару үшін оларды қажетті
бағыттағы әрекетке талпындыру қажет.
Бұған көрерменнің психологиясын, мұқтажын,
ұстанған көзқарасын, талпынған бағыт-бағдары
мен әдет-ғұрпын қарқынды түрде зерттеу
жолымен қол жеткізуге болады. Журналистің
тікелей эфирдегі жұмысы табысты болуы
үшін оның өз аудиториясын жақсы білгені
жеткіліксіз. Ол сонымен қатар өзін көріп
отырған жұрттың бұл хабар туралы, онда
сөз болған мәселе жөніндегі көзқарасынан,
пікірінен хабардар болу керек. Олардың
ойының өз көзқарасымен дәл келетін тұстарын,
керісінше, қай мәселе төңірегіндегі олармен
дауласып, нақты деректер ұсыну керектігін,
қайсібір шақта олардың сезіміне тікелей
әсер ету арқылы айтылған ой аясында ойланып-толғануы
қажеттігін болжап алғанда барып, көрерменге
емін-еркін тіл қатып, телефон желісіндегі
әңгімеге етене араласып, тікелей эфирді
ұршықша үйіріп әкетеді. Тележурналистің
хабары эфирге шықпастан бұрын, оған жұрттың
міндетті түрде назар аударатынына сенімді
болуының өзі оның белгілі дәрежедегі
даярлық деңгейін көрсетсе керек. Әлбетте,
көрермен назарын аудару үшін бейнероликтер
немесе көтеріліп отырған тақырыпқа сай
бейнесюжет әзірлеп, таңғажайып мәліметтерді
пайдаланып, студияға халыққа танымал
тұлғаны шақыру арқылы журналист жүргізіп
отырған хабарын ғана емес, өзін де танымал
етеді. Тікелей эфирдегі психологиялық
ахуалды қалыптастырудың тағы бір кілтипаны
– көрерменді өз сөзіңе сендіре білу.
Бұл тәсіл қалай жүзеге аспақ? Ұлы жазушы
Мұхтар Омарханұлы Әуезов Ташкентте өткен
Азия-Африка жазушыларының конференциясында
сөйлеген сөзін былай деп бастаған екен:
«Естігенімді айтсам өтірік болар, көргенімді
айтайын». Міне, осы «көргенімді айтайын»
деген сөздің астарында үлкен жауапкершілік,
батыл да айбарлы сенім жатыр. Демек өзгені
өзіне сендіру үшін адам ең әуелі өзіне
сенімді болуы керек. Олай болса, журналист
өз тақырыбын тым болмаса сол хабар аумағына
қажетті көлемде жетік, әрі жан-жақты меңгеруге
тікелей міндетті. Табиғаты толық танылып
болмаған, әйтсе де тележурналистканың
күнделікті жұмыс процесіне айналып кеткен
тікелей эфирдің мұндай психологиялық
аспектілерін теориялық еңбектерге сүйеніп
негіздеп, тәжірибе жүзінде соған мән
берген жүргізуші-журналист эфирдің эстетикалық
деңгейін арттырып, көрерменді өзіне біртабан
жақындата түсері анық. Бірақ бұл процестің
бәрі эфирге даярлықты қамтиды. Осының
бәрін елеп-ескеріп, екшеп алған жүгізушінің
эфирі өз деңгейінде жүзеге асуы шарт.
Мұның өзі жүргізуші-журналистің шығармашылық
интуициялық қарым-қабілетінің есебінен
оң шешімін таппақ. Белгілі тележүргізуші,
«Хабар» телеарнасының дикторы Қымбат
Досжан тікелей эфирді «мылтықсыз майданға»
теңепті. Сөзінің жаны бар. Тікелей эфир
жүргізушісі экстремальды жағдайда жұмыс
істейді. Бұл туралы белгілі зерттеуші
Жидегүл Әбдіжәділқызының «Тікелей эфир
табиғаты» еңбегінде былай деп жазады:
«Тікелей эфирдегі жүргізушінің
жұмысы айрықша, төтенше, яғни, экстремальды
жағдайда жүзеге асатынын ескеріп, ең
алдымен, экстремальды факторларға талдау
жасауымызға тура келеді. Бұл, біріншіден,
жұмысты жүзеге асыратын орындағы физикалық
жағдай, (өте күшті электромагнитті сәуленің
шығарылтындығы, қолайсыз температура,
ылғалдың бөлінуі, тағы сол сияқты). Екіншіден
шектен тыс аса жоғары жауапкершілік,
үшінші қауіп, қорқыныш, үрей. Ендігі жерде,
айрықша «экстремальды» қызметтің өзіне
тән ерекшеліктеріне назар аударған абзал.
Олар:
а) адамның жүйкесі, психикасы
тарапынан күш-қуаттың жұмсалатындығы,
яғни энергияның шығындалатындығы,
ә) өзінің резервтік мүмкіндіктерін
іске қосатындығы,
б) физикалық немесе психикалық
жағынан қалжырауы.
Мұндай ерекшеліктерді ескере
отырып, арнайы жүргізілген зерттеу жұмыстары
нені көрсетті: «Атап айтқанда, Т. Немчиннің
жүйкеге түсетін ауыртпалық жөніндегі
Д. Спилбергердің ахуалдық алаңдаулық
мөлшері бойынша, М.Люшердің түрлі-түсті
тестілеуден жасалған психологияны қадағалау
әдістерінің нәтижесінде жүргізушілер,
шолушылар, комментаторлар эфирге шығар
алдында жағымсыз психикалық ахуалды
бастан кешірген екен. Бұл әлдекімдерден
ашулану, тітіркену ретінде аңғарылса,
кейбіреулерден тұйықталу, шектелу, жаншылу
сипатында көрініс табады. Көпшілігіне
алаңдаушылық, сәтсіздіктен үрейлену
әсері тән. Олардың тән қызуы, қан қысымы
көтеріледі. Жүргізушілер көңіл-күйіндегі
алаңдаушылықтың негізгі себептері уақыттың
тығыздығынан, күтпеген жағдайларға тап
болудан, өзін-өзі жеткілікті дәрежеде
мойындамаудан, мейлінше қатаң қадағалаудан,
өзін-өзі барынша шектеуден туындайды.
Ендеше, олар өздерін қолдауды және мақұлдауды
қажет етеді».
Тележүргізушінің жетістігі оның көрермендеріне қаншалықты әсер еткендігіне де байланысты. Үкілі үмітпен теледидар алдына жайғасқан сан мың көз бен құлақ сенен татымды ой, мәнерлі сөз мәйегін күтуі заңдылық. Ал халық асыға күтіп, ойына азық, жанына ләззат алатын талантты жүргізушілердің аздығы да өмірдің сайқымазақ бір заңдылығы шығар.
3. Отандық телеарналардағы
қазақ тілді тікелей эфир хабарлары.
Тікелей эфир-телевидение хабарларының
ішіндегі жүгі ауыр хабардың бірі. Бұл
жерде жүргізушінің кескін-келбеті ғана
емес, ой-өрісі, дүниетанымы, сауаттылығы
сынға түседі. Әрине, тікелей эфир хабарларын
тек біржақты қарауға болмайды. Барлық
бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі
ең кенжесі телевидение саласы әлі көп
зерттеуді қажет етеді. Осы диплом жұмысын
жазу барысында қазақ тілінде тікелей
эфир хабары қай кезде пайда болды деген
сауалға жауап іздедік. Қазақ телевиденисеі
1958 жылдың көктемінен бастап алғаш хабарларын
таратады. Техникалық мүмкіндікке қарай
сол заманның хабарларының барлығы тікелей
эфир арқылы жұртшылыққа жетті.
1.2 Тікелей эфир жүргізішісінің имиджі.
Телевизия саласындағы жүргізушінің имиджі ақпараттық немесе проблемалық ток-шоудың қай түрінде өтсе де, мейлі, тікелей эфир ме жазылымдық па дегеніне қарамастан оның беделі қашанда жоғары болуы тиісті. Осындай шығармашылық топтың идеялары ортақ мүддеге тоғысып, бір жерден шыққанда ғана телеөнім журналистің қатысуымен толыққанды түрде көрермен қауымның сұранысын өтей алады.
Журналистің кәсіби шеберлігі бағдарлама барысында елеулі рөл атқарады. Тележурналист имиджін орнатуы арқылы тұлғалық эмоциясын, қойылған сұрақтарға реакциясын толық сезінумен қатар өз жауаптарын да мұқият қадағалап, келген қонақ негізгі тақырыптан ауытқыған жағдайда сыпайы түрде басты арнаға салып отыруы қажет. Себебі, эфир уақытын үнемдеу және көрермен қауымның арнайы бөліп отырған уақыт зая кетірмеу, маңызы төмен бос әңгімеге жол бермеген абзал.Бағдарлама жүргізгенде журналистен кәсіби шеберлік, терең білім мен біліктілік, эфир мәдениеті талап етіледі. Жазылымдық бағдарлама кезінде кеткен қателіктерді монтаждауға, жөнге келтіруге болады. Ал, тікелей эфир кезінде журналист үшін ондай мүмкіндік жоқ. Сонысымен де зор жауапкершілік жүктеледі. Себебі, көрермен қауым эфирдегі бағдарламаның тізгінін ұстап отырған тележурналистің кәсіби шеберлігіне, білімі мен пайымына, жеке мәдениетіне қарап тек тұлғаның өзіне ғана емес, күллі телевизия ұжымына баға береді және қазіргі заманның қоғамдық талабын түсінеді, үлгі өнеге алады. Тікелей сұхбат барысында кездесетін бір қиындық – респонденттің жауабынан туындатып сұрақ қою қабілеттілікті барлық журналистердің бәрі меңгере бермейтіндігі. Бұл әсіресе, жас журналистер үшін тіпті оңайға соқпасы анық. Тележурналист оқиғаға қатысып отырса да, кез келген жағдайда ақпарат көзімен қоғамдық-саяси, экономикалық-әлеуметтік, заңдық-құқтық тақырыптардың бәрімен де еркін пікірлесетін, көрерменнің көкейіндегі сауалды тастай алатын, мәселені салмақтап, таразылай білетін болуға тиіс.Телехабарлар жүргізушісінің имиджі – қашанда басты орында.Телехабарлар дайындау бір ғана адамның мойнына артылған жүк емес, ал бірнеше адамнан құрылған ұжымшыл топтың қоса атқарған жұмысының жемісі. Алайда, біздің көгілдір экранымызда жалғыз ғана адам, тележүргізуші көрініп, бізді өзінің білімімен, ақпаратымен сусындатады. Әрі жобаның жолының болу, болмауының үлкен себепшісі болатын да осы бір адам. Оңай деуге болмас, себебі бұл жолға жету көп еңбекті талап етеді: дұрыс әрі әдемі сөйлеу, камера алдында өзін еркін ұстау, мәтінді суфлердан байқатпай оқу, түсірілім алаңдарында жағымды атмосфера жасап, әңгімелесушіні сөзге тарта білу – бұл тележүргізушінің кәсіби машықтарының тек жартысы ғана. Телехабарлар жүрзізушісі – миллиондаған телекөрермендердің әрқайсысымен сөйлесе алатын адам,сол себептіде имидж оның қажеттілігіне сұраныс тудырады. Ал шешендік қасиет мақсат пен мансап қуған адамдардың барлығына қажет қасиет. Неге деген сұраққа жауап іздесек, талай жауап тізбектеліп шығады.
Информация о работе Теледидарда тікелей эфирде жұмыс істеу табиғаты