Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 13:07, дипломная работа
Тікелей эфирге тән ерекшеліктерді атап өтіп, олардың әрқайсысына талдау жасамас бұрын, “Тікелей эфир дегеніміз не?” деген сауалдың жауабын іздестіруіміз керек. Тікелей эфир – тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі сондай ақ, шығармашылық-техникалық сипаттағы соңы технологиялық прогресс, аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс. Түптеп келгенде, алуан түрлі пішіндер мен жанрлық ерекшеліктерді қамтып, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесім мен жүргізушінің лингвистикалық және психологиялық белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асатын қызмет жүйесі.
Теледидарда тікелей эфирде жұмыс істеу табиғаты (Таңшолпан», «Әйел бақыты» бағдарламасы негізінде).
Тікелей эфир табиғаты және оның маңызы мен міндеттері
1.1 Телевизиядағы тікелей эфир: тақырыбы және өзектілігі
1.2 Тікелей эфир жүргізішісінің имиджі.
2 Тікелей эфир жанрлық ерекшеліктері
2.1 Тікелей эфирдегі “Таңшолпан», «Әйел бақыты» бағдарламаларының берілу тәсілдері.
2.2 Тікелей эфирдегі диалогтың негізгі қырлары.
2.3 Тікелей эфир жүргізушілерінің кәсіби деңгейі
Қорытынды............................................................................................................
Бүгінде көрермен көзайымына айналған бағдарламалар легі көбейуде. Бұл дегеніңіз отандық журналистика саласының жақсы арнаға түсіп, бүгінгі таңдағы өз жолын қалыптастырғандығының айғағы. Жәнеде тіршілігі қым-қуыт ақпарат майданы қай салада болмасын даму ұстінде. Өзге де елдермен бәсекелестік орнап, жаңашыл ірі жобалар дүниеге келіп жатыр. БАҚ-ның қайсысында болмасын өзіндік оқырмандары, өзінің көрериендері бар. Бүгінде қоғамымыз жаңа заманға аяқ басқан. Технология заманы дамыған шақта, талғам да, сұраныста күшейе түскені кімге болсын аян. Бүгінде оқырмандар, жалпы алғанда қоғам журналистикадан жаңаша толқын,жаңаша серпін күтеді. Бұл орайда бұқара мен билік арасында алтын көпірге айналған журналист үшін жауапкершілік жүгі артады. Себебі көрермендерін, тыңдаушылар, ия болмаса оқырмандардың сұранысына ие тың дүниелер әкелу басты міндет. Осы арқылы да, отандық журналистиканың мәртебесі артып, сұраныс жоғарламақ. Тікелей эфир- БАҚ-ның қайсысында болмасын зор рөл атқарады. Радио, телеарналарда тікелей эфир арқылы таратылатын жобалар бүгінде күн санап артуды. Қайсысын алып қарасақта, қоғамға пайдалы,сұраныста деуге болады. Бұлай деп айтуымыздың себебі қай бағдарламада болмасын, бүгінгі күннің басты сауалына айналған мәселелер қозғалып, тұшымды ойлар айтылады.
Әрбір көрерменнің жүрегіне жол тартқан Таңшолпан бағдарламасы сынды таңғы көңілашар, ақпараттық-сазды бағдарламалар басқа да отандық телеарналар мен радиоларда да қалың көпшілікке жол тартады. Атап айтар болсақ, Хабар телеарнасында «Жаңа күн!» ақпараттық-сазды бағдарламасы. Мақсаты қазақстандықтарға таңертеңнен бастап, көтеріңкі көңіл сыйлау, сергіту, өмірге деген құштарлықты арттыру. Жалықтырмайтын жаңалықтар легі, сазды әуендер, әзілдер, бұдан қала берді таңғы ас мәзірлерін ұсыну, осының барлығы өзіндік жанрлар мен айдарлар түрінде көрерменге жол тартады. Сонымен қатар 7 арна телеарнасындағы әзіл-қалжыңға құрылған, астарында қажетті танымдық ақпараттары бар, түрлі айдарларымен, қызықты кейіпкерлерімен ерекшеленетін таңғы ойын-сауықтық «Күн бастар» тележобасының ұжымы да күннің сәтті өтуіне өз септігін тигізеді. Бұдан бөлек «Білім және мәдениет» телеарнасындағы «Қайырлы таң» ақпараттық-танымдық сазды бағдарламасы. Радио толқындары арқылы да таңмен бірге таласып, тыңдармандардарға таңғы көтеріңкі көңіл-күй мен жақсы әсер қалдыратын жобалар бар. Қазақ радиосының ұжымы өз тыңдармандарына «Қайырлы таң ,Қазақ елі!» атты таңғы ойын-сауықтық бағдарламасын ұсынады. «Шалқар» радиосында да осындай атауға ие таңғы ақпараттық-сараптама және таңғы бағдарлама радио толқыны арқылы таралады. Міне осындай таңғы бағдарламалар тобы отандық БАҚ арқылы күнделікті еліміздің түпкір-түпкіріне таралып, қазақ елін тәтті ұйқыдан,көтеріңкі көңіл-күймен оятады.
Тікелей эфир жүргізушілерінің кәсіби деңгейі
Тележүргізуші қандай болуы тиіс? Көгілдір экран алдындағы тізгін ұстаушыға қойылар талаптар қандай болуы тиіс және олар сақталады ма? Журналист этикасын ұстану эфир барысында туындайтын қиыншылықтардан қалай шығуға болады? Бұл сауалдардың барлығы тележүргізуші үшін маңызды рөлдер атқарады. Ең алдымен ҚР-ның еңбек сіңірген белгілі журналисі Қуандық Шамахайұлының ғаламтор беттерінің бірінде жариялаған «Беті жылтырдың бәрі тележүргізуші бола сала ма?» атты мақаласында айтылған негізгі критерилерге тоқталып өтсем. Аталмыш мақалада көрсетілгендей диктор және тележүргізуші бұл екеуі екі басқа ұғым ба, әлде, бір түсініктің аясындағы екі түрлі нысан ба, немесе қосарланған (гибрид) тұрпаттағы мамандықтың атауы ма? – деген мәселенің ара-жігін ажыратып көрсеткен. Расымен де көп жағдайда бұл қосы ұғымның айырмашылығын аңғармай жатамыз. Диктор- тұнық әсем дауыс, дұрыс әрі анық дикция, сөйлеудің жоғары мәдениеті мен тез ойлап пайымдау қабілеті, төзімділік секілді өзге мамандардан дараланып тұратын, жауапкершілігі мол қызмет түрі. Диктор біреу жазып берген мәтінді оқып шығатын адамдар емес. Автордың айтпақ болған ойын алдымен дұрыс түсініп, тақырыптың мазмұнына қанық болып, әрбір сөз,сөйлемдерді, дауыс ырғағы мен үн тынысына сай мәнерлеп, лайықты жеткізу. Сонымен қатар көрермен қауыммен жылы қарым-қатынас жасай білу, оларға ерекше әсер қалдыру. Міне диктор қызметінің басты талабы. Диктор – шебер шешен оқу мәнерімен мәтінді жандандыратын ішкі жан дүниесі бай өнер адамы. Диктордің жүргізушіден айырмашылығы неде? -дегенге келсек, ол аудиторияны басқарып, бағыттап отырмайды. Оның атқаратын міндеті көгілдір экран ар жағындағы көрермендерге ақпаратты, журналистің дайындағын мәтінін шеберлікпен жеткізу. Дегенмен бұл диктордың қатып қалған қағидасы емес. Егерде диктор бағдарлама тізгігін ұстаса да, тікелей хабарға жетекшілік ететін болса, онда қатысушылармен, аудиториямен тығыз байланыста болуына тура келеді. Бағдарлама жүргізу кезінде тіл байлығының мүмкіндіктерін ашып көрсету, мәтінді мазмұнына сай дұрыс қолдану талаптары қойылады. Ал, хабар мәтінін оқығанда диктордің оқу мәнері мен өзіндік тәсілі айқын көрініс табады. Кейбір дикторлерде жүргізушілік мүмкіндік кең, қабілет-қарымы жеткілікті болғанымен оқудың аясынан шыға алмай тар шеңберде тұйықталып қалатыны бар. Сол себепті, жүргізушілер сияқты еркін қимылдай алмайды. Радио, теледидар арқылы жаңалықтар жеткізудің, образ жасаудың, тікелей эфирде әңгіме-дүкен құрудың, бағдарлама жүргізудің әрбіріндегі шеберлік сынды қағидалардың айырмашылығы болады. Мысалы, драмада ойын негізгі орынға шықса, бағдарламада жүргізушінің комментарийі, ал, жаңалықтар қызметіндегі оқылым түсінікті, қысқа әрі анық және жеңіл екпенді болуға тиіс. Қуандық Шамахайұлының мақаласындағы мына бір мысалға назар аударайықшы. Жапонияның әлемге әйгілі nhk телекомпаниясы жыл сайын 25 дикторді жұмысқа қабылдайды екен. Олардың бесеуі ғана әйел адамдар болатындығына назар аудартқан. Сондай-ақ, «Америка даусы» радио станциясы халықаралық жаңалықтарын оқитын дикторлерге әркез байқау жариялайтындығын оның вэб сайтынан жиі кездестіруге болады. Шет елдерде дикторлерге деген сұраныстың, қаншалықты жоғарыда екенін аңғаруға болады.
Ал жүргізуші деген кім? Бұған радио, телевизия, сахна өнері және түрлі іс-шараларды жүргізетін барлық жүргізушілерді жатқызуға болады. Жүргізуші – өмірлік тәжірибесі мол, жан-жақты, білімді, алғыр әрі әзілқой, ойлау қабілеті жылдам, тапқырлық қабілеті жоғары, өзіне сенімді, адамдармен жайлы қарым-қатынас жасай алатын тұлға. Радио, телевизия жүргізушілері үшін студияда жазылым (запись) жасатуға мүмкіндік болса да көп жағдайда тікелей эфир таңдалып жатады. Жүргізуші бағдарлама қонақтарын таныстырып, бағдарлама барысындағы тақырыпқа тоқталып өтеді, әңгіменің көрігін қыздырады. Сондай-ақ телефон арқылы көрермен, тыңдаушылармен де байланыс жасауы ықтимал. Бір сөзбен айтқанда жүргізуші тыңдаушылар мен көрерменді бағдарлама айналасына топтастырушы. Баяндау, байланыс орнату, бағдарламадағы тақырыпты ашу, әртістік қабілетті де меңгеру жүргізушіның негізгі қағидалары. Бұл айтқандарымыздың барлығы диктор мен жүргізушілерге қойылар талап, кәсіби тұрғыдағы міндеттері.
Ал тікелей эфир барысындағы мақсат пен талап едәуір күшейе түспек. Тікелей эфир бағдарламаларын көбінесе тәжірибелі жүргізушілер атқарады. Сан мыңдаған көреремендер назар салып, көз тіккен соң, жүргізуші алдында зор жауапкершілік тұрады. Әрине тікелей эфир болғандықтан,оған артылатын жүк те оңай емес.Әсіресе мемлекеттік немесе халықаралық маңызы бар ауқымды іс шаралар барысында тікелей эфир арқылы оқиғаны халыққа жеткізу оңай шаруа емес. Бұл сөзімізге дәлел 2011 жылы елімізде өткен қысқы спорт түрлерінен өткен Азиада ойындары тұсында тікелей эфирге жүргізуші міндетін белгілі әнші жүргізген болатын. Тележурналистикадағы тәжірибесіздігі халыққа сол сәтте әшкере болғаны телевизия ұжымдарына үлкен сабақ болды.. Жүргізушінің жеке дайындығы да бұл жерде елеулі рөл атқармақ.
Тыңдаушы, көрермен қауым тікелей эфир арқылы қабылдаған бағдарламаға көңілдері толып қанағаттанғанда ғана диктор, жүргізушінің еңбегі ақталады деген сөз. Сондықтан, бағдарлама жүргізуші үшін кәсіби шеберлігін әрдайым шыңдап, жетілдіріп отыру талабы қойылады.
Қорытынды
Көппен бірге көсіліп қазіргі телевидениенің хал-ахуалын жоғарғы сапада деу орынсыз болар.Теледидарда тікелей эфирде жұмыс істеу табиғаты ұлттық телеарналардың жағдайын айтпасақ да, күнделікті теледидарымызды қосқанда еріксіз куәгер боламыз. Біздің көз алдымыздағы көріністер заңды нәтиже. Еліміздің басқарушы саясаткерлеріне ғана байланысты емес, дұрысы істердің әділдігі мен телебизнесмендердің өз бизнесіне деген таза отандық қарым қатынасы. Телевидениенің көркі мен мазмұны эфирдің сапалы мазмұнмен қаншалықты қаныққандығында десек те болады. Отандық телевидениені сынаушылардың жарапазанына айналған мәселе - отандық телеарналарымыздың ресейлік бағдарламаларды еш ойланбастан көшіруі. Әрине, әлемдік деңгейден қалыспау жақсы әдет. Тек шектен шықпаса игі еді. Алайда, егер кейбір телекомпаниялар ресейлік немесе басқа елдердің талехабарларын сатып алып жатса, кейбір телехабарлар еш жауапкершіліксіз басқалардың идеясын жымқырып өз пайдасына жүзеге асырып жатады. Аса сәтті деп айтуға да болмас... Естіген құлақта, көрген көзде айып жоқ. Тағы бір айта кетерлік жайт, адамдық фактор. Тегін олжаға кенелуге әбден машықтанған БАҚ басшылары баршылық. Ал «әке, көкесіз» жүрген жас журналистердің осы кезде соры қайнайды. Жұмыс қолдарын тегін пайдаланып, мерзімнен тыс қосымша жасалған жұмыстардың ақыларын төлеуге құлықсыздық және т.б. алаяқтықтар соңғы кезде көптеп орын алады.
Тікелей эфирдегі журналист еңбегінің ең басты мақсаты – ақпаратты бере білу, яғни, коммуникативтік актіні жүзеге асырып,халық көңілінен шығу. Ақпараттық журналист – ол жаңалықтарды хабарлайтын, қандай да бір оқиғаны, фактіні, құбылысты баяндайтын адам. Адам өз ойын сөз арқылы жеткізеді. тележурналистің ең негізгі құралы – дыбысталатын сөз. Демек, журналистер оған қойылатын талаптардың бірде-біреуін естен шығармастан орындауға міндетті.
Ал эфир –хабар тарату тәсілі ғана емес, ол – күрделі кәсіби шығармашылық процесс. Мысал ретінде спорттық жүріспен айналысып, соның нәтижесінде рекордқа жетуді алдына мақсат еткен спортшыны алайық. Оған міндетті түрде спорттық жүріс механизмнің нақты білімі, оны дәлме-дәл меңгеру тәсілі керек болады. Сол үшін спортшының жаттығу кезіндегі жүрісі бейнетаспаға түсіріледі. Сөйтіп, оны баяулатып қарап, жеке-жеке кадр бойынша қадағалап, аяқтың әрбір бұлшық етінің рекордтық нәтижеге қосатын үлесі есептеледі. Тікелей эфирдегі жүргізуші журналист еңбегінің нәтижесі де алдын ала салмақтануы тиіс. Осының бәрі кәсіби мақсатты жүзеге асыру жолындағы шарттар, шаралар, жаттығулар. Ал солардың ішінде ең негізгісі тіл мен тәртіп болып табылады. Қазір асқан жеделдік, қысқа әрі нұсқа айту, дәлдік, ықшамдылық бірінші кезекке шықты. Соған байланысты радиожурналист тыңдарман қауымнан бір саты жоғары тұруы, хабарды көпшілікке ой тастау тәсілімен немесе көңілді көтеретін жеңіл әңгімемен бір дегеннен аудиторияға әсер ете бастауы, жалпы алғанда әрбір тыңдарманның санасында із қалдыруы сияқты үрдістер байқалады. “Ғаламдық жаһандану арқылы адамзаттың алдынан жаңа постидеологиялық кезең ашылды. Оның бізге не берері бүгінгі ұрпақтың білімі мен білігіне байланысты. Менің пайымдауымша, күллі әлем үшін ашық та айқын ақпарат таратуға негізделген жаңа заманға бастайтын жаһандану БАҚ-тарғақойылатын талапты күшете түсті.... Сондықтан олар өздерінің әрбір сөзі үшін моральдық жауапкершілікті терең сезінуі керек. Сондықтан сөз бостандығы дегенді журналистік ар-ұждан жауапкершілі деп танығандарыңыз жөн. Тәуелсіз БАҚ дегеніміз – аса қымбат құндылық. Сондықтан ол ешқашан “ақпараттық соғыстардың” “сойылына” айналмауға тиіс. Журналист қандай мәселені,қандай бағдарлама аясында қаузаса да парасат шеңберінен шықпауы керек. Бұқаралық ақпарат құралы қоғамдағы, экономикадағы және іскер топтардағы күштердің ара салмағын да айқындайтын құал. Яғни сол мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдары ақпарат таратуда ортақ игілікті, ортақ бейбітшілік, ортақ міндеттерді бірге отырып шешулерін міндеттейді.
Бұл тұрғысында, отандық телевизияның атқарып отырған жұмыстары бірталай ауызға аларлықтай. Мемлекеттік іс-шараларды орындауға жоспарлы түрде ат салысуда. Саясат және ұлттық сана, экономикалық және әлеуметтік өмір, тәуелсіздік бағытында жұмыс істей отырып, тәуелсіз республиканың дүниежүзілік қоғамдастық пен нарықтық қарым-қатынастағы жетістіктерін көрсету, халықтың мұң-мұқтажын үкімет тарапына жеткізу, елді әлеуметтік қорғау сияқты т.б. көптеген мәселелерде өзіндік таңба қалдыруы өзекті болып отыр. Мысалы, тікелей эфирдегі “Әйел бақыты” бағдарламасына қатысты жасалып жатқан дүниелер соның нақты көрінісі. Әрине, қоғамның өзгеруімен бірге БАҚ-тағы айдарлар, пішіндер, ақпараттар мазмұны өзгеріп отырады. Дегенмен, өміршең материалдар қоғамның қай кезінде де өз орындарын таба алады.
Тыңдарманға мағлұмат беру, жаңалықты жеткізу, мәлімет тарату мәселелері электронды журналистикада өзіндік сүрлеуін тапқан. Сенсация тудыру шеберлігін де отандық журналистер үйрену үстінде. Тиянақты ой, шешімді түйін, ұсыныс-пікір қалыптастыру дәрежесі де жоғары деңгейде қалыптасуда. Алайда көптеген журналистерде тікелей эфирде мәселені көтеру, аудиторияға жеткізу бар да оны шешу жолдарын көрсету, бағытын ұсыну жағы кемшін тартуда. Қоғамдағы шешімін таппай жатқан жайларды көру, айту керек. Ал оның шешілу жолын тиісті орындармен келісе отырып көрсетуге тырысқан хабарлар рейтингісі асқақтайтыны ақиқат. Түйіні табылмай жатқан мәселелерді құр айта беру халықты тығырыққа тірейтін факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан да отандық журналистер нақты, жүйелі, бағыты айқын ұсыныстар, идеялар бере отырып, қоғамдық мәселелерді шешуге атсалысқандары орынды. Өйткені өмір сүріп отырған қоғамымыздың өркендеуіне, дамуына тікелей әсер етуші факторлардың негізгісі осы – тәрбие беру санатындағы бағдарламалар.
Отандық телевизияның қоғам дамуындағы алар өзіндік орнын, маңызын таныта отырып және тікелей эфирдегі бағдарламалардың даму тарихын жүйелі әңгіме өзегіне арқау ете келіп, ойымызды былайша түйіндейік.
1.Қазақ телевизиясы дамудың
қай кезеңінде болмасын
2. Тіл мәдениетін
3. Рухани қалыптасуымыздың негізгі көрсеткіші болды;
4. Телевизия еліміздегі
ең ірі ақпарат орталығы
Қай кезеңде болмасын тыңдаушылардың бойындағы жақсылық пен ізгілік қасиеттерді жетілдірудің негізгі құралы ретінде төл мәдениетіміздің озық үлгілері, әсіресе әдеби мұраларымыз таңдап алынды. Сонымен қатар азаматтың ортақ игілігіне айналған әлем әдебиетінің озық нұсқаларының да тыңдаушыларға ұсынылуы бұл бағыттағы елеулі жұмыстардың бірі еді.
Қазақ бағдарламалары танымдық, ағартушылық бағыттағы әдеби хабарларды ұйымдастыра отырып, тыңдаушылардың ой-өрісінің кеңеюіне, рухани толысуына жол ашты. Сонымен қатар әдебиетіміздің өзекті де келелі мәселелері үлкен әңгімелерге арқау болып, рухани өміріміздің жұтаңдығы немесе толысуы жайындағы толғаулар да радиотыңдаушыларға жетіп жатты. Осылайша тікелей эфирдегі бағдарлама дамудың қай кезеңінде болмасын өз кезеңінің үнін танытып, келбетін нанымды бейнелеу құралы болып қала берді.
Информация о работе Теледидарда тікелей эфирде жұмыс істеу табиғаты