Тілдік қатынас негізі - сөйлесім әрекеті. Сөйлесім әрекетінің түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 08:32, реферат

Описание работы

«Сөйлесім әрекеті» - /«речевая деятельность»/ әр түрлі ғылым өкілдерін қызықтырған күрделі мәселе. Көптеген ғалымдар зерттеу объектісіне қарай оның ерекшеліктерін әр қырынан қарастырған. Мәселен, лингвист ғалымдар сөйлесім әрекеті мен тілдің ара қатысын, ортақ заңдылықтарын, тілдік қатынастың лингвистикалық негізін қарастырады. Психолог-галымдар сөйлесім әрекетінің ойлау, пайымдау, қабылдау, сезіну, түйсік, зейін т.б. процестермен байланысын, олардың сөйлеу кезінде сана арқылы өту ерекшеліктерін зерттейді. Физиологтар тілдік қатынасқа байланысты сөйлесім әрекетінің жүзеге асуына ықпал ететін дыбыстау мүшелерінің жұмыс істеу механизмдерін, қызметін тексереді. Психолингвист сөйлесім әрекеті іске асу үшін жұмсалатын тілдік-қатысымдық тұлғалардың санамен байланысын, сөйлеу кезіндегі ойга қатысты түрлі процестерді қарастырады.

Файлы: 1 файл

Тілдік қатынас негізі рефекрат .doc

— 210.00 Кб (Скачать файл)

Оқушы әр тарауды тақырыпқа  бөліп көрсету арқылы қайсысына  айрықша назар аудару керектігін, қандай ақпарат маңызды роль атқаратындығын тануға мүмкіндік алады. Сол үшін әр текст ішкі-сыртқы қүрылысына қарай дайындалып беріледі. Көрсетімдік оқылымда оқушы тексті қалай оқып, қандай форманы таңдап алады, оны өз еркіне жіберген тиімді.

Аналитикалық  оқылым - шығарманың мазмұнымен қоса лингвистикалық ерекшелігіне талдау жасап оқу; тілдік единицалар мен формаларды оқыту, салыстыру, талдау. Бұл оқылым сөйлеуге үйретуден гөрі тілдін лингвистикалық базасын жасауға, оқушының филологиялық білімін тереңдетуге көп септігін тигізеді.

Таңбалық және мағыналық  ерекшеліктеріне қарай оқылымның  екі жағы болады: бірі - техникалық, еқіншісі -мазмүндық.

Оқылымның мазмүндық  ерекшелігі оның басты белгісін танытады. Барлық оқылған текстер, материалдар  тек белгілі бір мағынаны білдіріп, ол түсінікті болғанда ғана осы басты  қасиетке ие болады.

Оқылымның техникалық жағын  құрайтындар -дыбыстардың таңбалық комплексін мағынасыз, жаттанды қайталау. Оларға сана мен ойдың қатысы болмай, дыбыстардың өздері әр түрлі единицалардың жиынтығын құрастырса, онда олар техникалық қасиетке ие болады.

Оқылым екі түрлі  формада жүзеге асады. Бірі - іштей оқу, екіншісі - дауыстап оқу. Дауыстап оқу жылдамдыгына қарай тез оқу және баяу оқу деп те бөлінеді.

Іштей оқу - берілген материалды не тексті үн шығармай, сөйлеу мүшелерін қимылдатпай, не сәл ғана қозғалту арқылы көзбен оқу.

Іштей оқу оқылымның  негізгі формасы, қалпы болып саналады. Ол, біріншіден, монологтық сипатта болып, көбінесе бір адамға қатысты болады. Екіншіден, іштей оқығанда, адам текстен информацияны өзі үшін алады. Үшіншіден, ол информация алудың ең тиімді де төте жолы болып табылады. Төртіншіден, бұл оқушыға түсінетін жүктеменің көлемін кемітеді.

Дауыстап оқу - материалды қатты, мәнерлеп, барлық сөйлеу аппаратын іске қосып, айналасындағы адамдарға естіртіп, үнмен оқу.

Мәтінді дауыстап оқу  арнайы мақсаттарға сай жүргізіледі. Дауыстап оқу белгілі бір хабарды адам өзі үшін ғана емес, екінші адамға жеткізгісі келгенде орындалады. Дауыстап оқу қашанда диалогтық сипатқа ие, өйткені бір адам оқиды, екінші адам оны тыңдайды, процесс екі адамның арасында жүреді.

Дауыстап  оқу дыбыстарды дұрыс айтуға, сөйлеу мәнерін жетілдіруге, оқығанды есте сақтауға негіз бола келіп, іштей оқуға үйрететін алғашқы қадам болып табылады.

Сөйлеуге  үйретуде, тілді меңгеруде дауыстап оқу бірінші кезең деп есептелсе, іштей оқып, түсіну одан кейінгі кезең деп танылады.

Тілді үйрену кезінде оқылым процесі жете меңгерілу үшін төмендегідей дағдыларды игеру керек.

  1. Адамның көру қабілетін жетілдіру. Сол үшін көздің жазба единицалармен тікелей байланысын қамтамасыз ету.
  2. Оқылған   материалды   кедергісіз   есту,   тыңдау   қабілетін жетілдіру.
  3. Оқудың техникасын жан-жақты меңгерту мен қызметін дәл танып білу және жете меңгеру.

Жалпы оқылымға қатысты  қалыптар да, дағдылар да мұнымен шектеліп қоймайды, оның ерекшеліктері тіл үйренудің барысында толыса береді.

Сонымен қатар  оның мәтінді толық түсініп оқу, жартылай түсініп оқу, интенсивті және әкстенсивті оқу, сөздікпен және сөздіксіз оқу, күрделі және жеңіл оқу т.б. деген сияқты түрлері де бар. Мүның өзі оқылымның күрделі сөйлесім әрекеті екендігін көрсете келіп, әлі де уақыт елегінен өтіп, жан-жақты қарастырылуға тиіс мәселе екенін дәлелдейді.

2. ЖАЗЫЛЫМ

«Жазылым» термині  «жазу» (жазудың түрлері, әріптің  жеке өзі т.б.) деген мағынаны емес «жаза білу», «ойынды басқа біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.

Жазылым - тіл  үйренуге қатысты қиын да күрделі  жұмыс.

Жазылым - тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық  жүйесіне негізделген; лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмүны мен формасын бірдей

 

қамтитын, адамдардың үзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.

Жазылым біріншіден, әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, мағыналық касиетке ие болады; үшіншіден, жазылым қүбылысында сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмүн-мағынасына ғана емес, формасына да көңіл аударуға мәжбүр болады, бесіншіден, жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асады.

Жазылым графикалық таңбалардың  мағыналық жүйесі мен тізбегі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Жазылым арқылы адам айтайын деген ойын қағазға түсіріп, екінші бір адамға, жалпы адамзатқа жеткізуді мақсат түтады, яғни адам ойын басқаға жеткізу үшін жазуды үйренеді.

Ғалымдардың қалыптасқан пікірі бойынша, жазылым үш бөліктен қүралуы тиіс. Олар: Себеп-салдарлық. Аналитикалық-синтетикалық. Орыңдалымдық.

Яғни жазылым әрекеті, біріншіден, белгілі бір әсерді екінші адамға жеткізудің нәтижесінде ойға келеді, алдымен оның себебі пайда болады.

Екіншіден, аналитико-синтетикалық кезеңде сөйлем қүрылымы жасалады, сөздер бір-бірімен тіркеске түседі, сөздің қызметі мен орны белгіленеді.

Үшіншіден, графикалық таңбалар арқылы жазбаша мәтін /текст/ қүрастырылып, жазу орындалады.

Біздің пікірімізше, тілдік қатысымға байланысты жазылым  бірнеше қүрылымдық кезеңнен түрады да, көпсалалы болады:

  1. Қажеттіліктен пайда болатын себеп.

     2.Себептің ойда, санада бейнеленуі.

  1. Ойдың сөз арқылы тізбектелуі.
  2. Сөздің графикалық әріптермен таңбалануы.
  3. Жазудың    екінші    адамға    түсінікті    болып,    берілген хабарды білдіруі.

Себептік  кезеңде адам жазумен шұғылдану  үшін белгілі бір себеп-салдарлар пайда болып, соның әсерінен ойын қағазға түсіруді ойлап, оны іске асырғысы келеді. Адам өмірінде кездесетін әр түрлі деректі, ақпаратты басқа біреуге жеткізу қажеттілігінен жазғысы келеді; бірдеңені айтуды, жазуды қалайды, сол арқылы адамдар арасындағы карым-қатынастың алғы шарттары іске аса бастайды.

Екінші кезеңде жаңағы өмірден туған қажеттілік, яғни белгілі бір хабар миға ауысады, адамның санасында бейнеленеді, ой туғызады.

Үшінші кезенде  адам санасындағы қалыптасқан ой сөзге, сөйлемге айналады. Сол ойды дұрыс жеткізу үшін тіл үйренуші тиімді сөздерді іздейді, айтқысы келетін хабардың ең басты мәнін дәл, нақты жеткізуді қалап, сөздердің мағынасын ойластырады.

Төртінші  кезенде ойда жинақталған создер графикалық таңбалар арқылы тізбектеліп, белгілі бір ережелер заңдылығымен қағазға түсіп, жазуға айналады. Ол жазудың үлгісімен ғана емес, білдіретін мазмүндық сипатымен де ерекшеленеді.

Бесінші кезеңце  қағазға түскен сөйлемдер түтас  жүйесімен бірлесіп, белгілі бір хабардың толық мазмұнын оқушыға жеткізеді.

Жазуды оқыған екінші адам ондағы берілген деректі қабылдайды, соған қарап жауап қайтарады.

Жазылымның лингвистикалық ерекшелігі - ол әріптік таңбадан бастап алфавитке дейінгі тілдің дыбыстық жүйесін, олардың жазылу ережесін, жазбаша сөйлеу үлгілерін қамтиды.

Жазылымның лингвистикалық мазмұнын белгілейтін мәселелер мыналар:

  1. Графика.
  2. Орфография.
  3. Жазып алу.

4. Жазбаша  сөйлеу.

Бұл салада үйретілетін  ең басты мәселе - жазылымның графикасы. Графика, яғни жазу таңбалары - жазу үшін қолданылатын барлық әріптердің таңбалық жиынтығы. Әріптік таңбалар екі түрде жазылады: баспа түрінде және жазба түрінде. Әрбір әріп бас әріп және кіші әріп болып таңбаланады. Барлық әріптердің жүйелік жиынтығы тілдің алфавитін күрайды. Қазақ тілі графикасының ерекшелігі - әріптер қалай жазылса, солай оқылады және басқа тілден енген дифтонг /қосарланған/ дыбыстардан басқалары құрамына қарай бір таңба бір әріпті білдіреді де, бір әріп бір дыбысты корсетеді.

Жазуды меңгеруде  лингвистикалық жақтан үйретілетін келесі мәселе - орфография. Ол - белгілі бір сөзді әріптік таңбалар арқылы дұрыс жаза білудің ережесі. Мұндай ережені оқытпай түрып, жазуды да, тілді де сауатты меңгеру мүмкін емес.

Тілді үйретуде орфографияға қатысты кездесетін қиындықтар да баршылық. Олар:

  1. Фонетикалық,    морфологиялық,    тарихи    принциптердін озгешеліктері мен ерекшеліктерін жан-жақты ескеру.
  2. Екпін   тусіп   айтылған   буындардың   дұрыс    жазылуын қадағалау.
  3. Қазақ тіліндегі еріндік, езулік дауыстылардың жазылуына ерекше мән беру.
  4. Жуан,   жіңішке  дыбыстардың   фонемалық   қасиетін   есте сақтау.
  5. Дауыссыз    дыбыстардың    айрықша    белгілерін    дұрыс меңгерту т.б.

Жалпы орфографиялық  білім екі саланы қамтиды: 1/ жеке лексикалық единицаларды, сөздерді дұрыс жаза білу ережесі;

2/    грамматикалық    зандылықтарды    білу   арқылы    тіркесті, сөйлемдерді байланыстырып, дұрыс жаза білу.

Жазып алу немесе қысқаша  жазу - жеке сөздерді, сөз тіркесін,  бір-бірімен мағыналық  байланысы  жоқ сездер  мен.

сөйлемдерді дұрыс жаза білу. Сол сияқты қысқаша тезистер, жоспарлар, қысқартылған сөздер мен ойларды белгілеп, жазып алу да осыған жатады. Айтайын деген ойын тіл үйренуші өзінің қалауына қарай қысқаша жазып алады немесе біреудің айтқанын қағазға түсіріп алады да, қажетіне жаратады. Тілді меңгеруде бұндай амалды қолдана білу жазуда да, сөйлеуде де тиімді. Бұл жазу әсіресе, тілдік тұлғаларды жетік үйрету үшін қажет.


Жазбаша сөйлесім - лингвистикалық ерекшеліктерді толық  меңгерудің көрінісі және ең күрделі  тілдік қүбылыс. Жазбаша сөйлесім дегеніміз - оқушының айтар ойын тілдік-қатысымдық тұлғаларды қолданып, басынан аяғына дейін толық жаза білуі, көзқарасын, пікірін қағазға түсіріп, жеткізуі. Мәселен, тілді үйренуге қатысты жазбалардың қатарына хат жазу, пікір жазу, түсініктеме, қатынас қағаз, реферат т.б. жазу жатады. Мүнда сөздер мен сөз тіркесі, сөйлемдер бір-бірімен байланысты болады. Ойдың жүйесі үзілмей, келесі сөйлемдерде жалғасып, толығып отырады. Сол себепті жазба материалдар тұтас бүтіндігімен көзге түсіп, басқа адамдарға түсінікті болады.

Жазылымның  психологиялық ерекшелігі - жазбаша тапсырмаларды дұрыс пайымдап, логикалық жағынан меңгеру және графикалық, орфографиялық дағдылар мен шеберлікті үштау. Сонымен қатар жазба жұмысы тіл үйренушінің ойлау жүйесіне тиімді, есте сақтауға жеңіл болуға тиіс. Мәселен, сөздер мен тіркестерді аударып жазу, әңгіменің жоспарын қүрап жазу, сүраққа қысқаша жауап жазу, сөздермен сөйлем қүрастырып жазу т.б. Ең бастысы, берілген тапсырмалар тілдік қарым-қатынаста үтымды болу керек.

Жазылымның әдістемелік  ерекшелігі - графика мен орфографияны, жазу мен жазбаша сөйлемді жетік білудің, үйренудің амалдары мен жолдарын іздестіре отырып жазғызу, оқыту. Жазылым процесін тез әрі сауатты үйренудің үтымды тәсілдерін пайдалану.

Жазылымның физиологиялық  ерекшелігі - жазу кезінде дене мүшелерінің қимыл-қозғалысын дұрыс игеруді үйрету. Қолдың,   саусақтың   іс-әрекеті,   көз   бен   бастың   қозғалысы,

отырыстың пішіні т.б. - барлық адамның физиологиялық  түр-түрпатының жазылымда алатын орны мен маңызы, қызметі ескеріп отыруды қажет етеді. •

Жазуды үйретудің  басты алғышарттары:

  1. Қазақ алфавитіндегі әріптердің таңбасын дұрыс жазуға үйрету, яғни каллиграфияны жете меңгерту.
  2. Әріптік таңба мен фонеманың қазақ тілі жазуында алатын орнын білу.
  3. Жеке тілдік единицалардың дұрыс жазылу ережесін білу.
  4. Қазақ тілі грамматикасына сәйкес сөз тіркестері мен сөйлемдердің байланысу заңдылықтары мен дұрыс жазылу ережелерін игеру.
  5. Ойды жазбаша жеткізудің ең қарапайым және қысқа түрін меңгеру.
  6. Шағын мәтін мен сөйлемшелерді /фраза/ қүрастыра білу.   .
  7. Хат жазу үлгісін меңгеру.
  8. Іс-қағаздарды дұрыс толтыра білу.

Жазуды терең  меңгеру оның басты ерекшеліктерін білумен, оған дағдыланумен қатар, материалдың мазмұнын түсінумен, жазба жұмысқа автордың көзқарасын білумен байланысты. Сонымен бірге оның /автордың/ затты, істі, оқиғаны тану үстінде қандай көңіл-күйде болғандығы, оған деген қызығушылығы, ынтасы де ескеріледі.

Жазуды үйретуде әріпті, сөзді, тіркесті, сүрақ-жауапты  және автордың ойын жеткізетін қысқаша сөйлемдерді қүрастырып, соларды меңгеру де оңай емес. Сондықтан алғашқы кезеңдегі барлық жұмыстарды осыған бағыттау керек болады.

Қазақ тілінде  реферат, мақала, баяндама, ғылыми еңбек  т.б. жазу, әрине, бірнеше салаларға тарамдалған оқу бағытын, арнайы оқу бөлімдерін бітіруді қажет етеді. Сондықтан, жазылым, негізінде, тілдік қарым-қатынастағы сөйлесім әрекетін, тілдесудің басты әлементтерін үйрету үшін бағытталады.

Жазылымның  өзгешелігі: бір қарағанда мүнда  қатысымдық байланыс   жоқ   сияқты   болып   көрінуі   мүмкін.   Өйткені   тіл үйренуші азды-көпті ойын қағазға түсіреді, бірақ онда екінші адаммен тікелей тілдесу іске аспайды. Жазылымның қиындығы да осында: жазу үстінде адам ойын тиянақты, жүйелі, бас-аяғын түгендеп; басқа біреуге ұғынықты болатындай етіп, екінші адамға ыңғайлап жазады, тілдік карым-қатынастың жазбаша түріне бейімдеп орындайды. Тұжырымдап айтқанда, жазу оны жазған адамның ыңғайынан гөрі, жазуды оқитын, қабылдайтын басқа, екінші біреудің ыңғайына қарай, екінші адамның талап-тілегін ескеріп, сол үшін де жазылады.

Информация о работе Тілдік қатынас негізі - сөйлесім әрекеті. Сөйлесім әрекетінің түрлері