Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 08:32, реферат
«Сөйлесім әрекеті» - /«речевая деятельность»/ әр түрлі ғылым өкілдерін қызықтырған күрделі мәселе. Көптеген ғалымдар зерттеу объектісіне қарай оның ерекшеліктерін әр қырынан қарастырған. Мәселен, лингвист ғалымдар сөйлесім әрекеті мен тілдің ара қатысын, ортақ заңдылықтарын, тілдік қатынастың лингвистикалық негізін қарастырады. Психолог-галымдар сөйлесім әрекетінің ойлау, пайымдау, қабылдау, сезіну, түйсік, зейін т.б. процестермен байланысын, олардың сөйлеу кезінде сана арқылы өту ерекшеліктерін зерттейді. Физиологтар тілдік қатынасқа байланысты сөйлесім әрекетінің жүзеге асуына ықпал ететін дыбыстау мүшелерінің жұмыс істеу механизмдерін, қызметін тексереді. Психолингвист сөйлесім әрекеті іске асу үшін жұмсалатын тілдік-қатысымдық тұлғалардың санамен байланысын, сөйлеу кезіндегі ойга қатысты түрлі процестерді қарастырады.
Жазу кезіндегі қатысым аз уақыт мөлшерінде де, немесе арасына көп уақыт салып барып та іске асуы мүмкін. Қалай болғанда да, Мұндай тілдік қатынас өміршең болып, үзаққа сақталады.
Қазақ тілін сауатты үйрету үшін, оқушыларға берілетін жазба жұмыстарын дұрыс жоспарлаудың маңызы зор. Мұндай жазба жұмыстарына жататындар:
Бұл жұмыстардың бәрі арнайы зерттеуді қажет ететін мәселелер бола келіп, жалпы қазақ тілін терең үйретуге пайдасын тигізеді.
Қатысымдық қызметке сәйкес жазба жұмыстары төмендегідей бағытта жүргізілуі керек:
жазылымға қатысты тілді оқыту кезінде үйренушілер мына мәселелерді білу керек:
3. ТЫҢДАЛЫМ
Тыңдалым, яғни аудирование - соңғы жылдары көп сөз болып жүрген және оқу процесінде кеңінен орын алған маңызды сөйлесім әрекетінің бірі.
Тындалым - «аудирование» деген терминнің білдіретін мағынасы - «есту арқылы түсіну». Бұл термин айтылған не техникалық аппараттарға жазылған аудиомәтіндегі сөздерді, сөйлемдерді тындай білудің нәтижесіңде қабылдау және түсіну деген ұғымды білдіреді.
Бұл атаудың ең басты мәні - адамдар арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыратын тілдік тұлғаларды тыңдау, есту арқылы қабылдау және үғу.
Тындалым процесін тілдік қарым-қатынастағы сөзді қарапайым есту қүбылысымен алмастырмау керек. Есту -дыбысты акустикалық жағынан қабылдау, ал тындалым тек есту ғана емес, сонымен бірге мағыналы, маңызды хабарды ұғып алып, қажетке жарату.
Тыңдалымды жете меңгеру оған қатысты мынадай белгілерді үйретумен байланысты:
Тілді үйренуде тыңдалымның маңызы мен ерекшелігін белгілейтін ең басты көрсеткіш - тыңдалымға арналған мәтін, яғни аудиотекст.
Аудиомәтінді меңгеру барысында тыңдалымға тән мынадай басты белгілер: текстегі қатысымдық және тілдік тұлғаларды есту, қабылдау, түсіну және қолдану - іс жүзіне асады және сөйлесім әрекетінде үздіксіз жетіліп отырады.
Тілді үйрену барысында тындалымның сапалы болуы екі факторға байланысты:
Объективтік фактор тілді меңгеруге үшін үсынылған аудиомәтіннің ерекшелігінен және оны қабылдау үшін қамтамасыз етілген жағдайдан түрады. Объективтік фактор -негізінен мәтінге байланысты факторлар.
Субъективтік фактор тындаушының, яғни тіл үйренушінің, тындалым процесін меңгеруге арналған дайындык деңгейімен және психологиялық ерекшелігімен анықталады.
Тындалымға арналған мәтін әр түрлі ерекшелігіне сай таңдалады:
1/ Үйренетін тілдің айрықша белгілері мен тілдік ерекшелігіне қарай;
2/ Тақырыбына қарай; 3/ Мазмұнына қарай; 4/ Қатысымдық тұлғалардың қүрылымына қарай.
Жалпы аудиомәтінді дұрыс тандап алу - бүкіл тындалым процесінің сапалы өтуіне әсер ететін бірден-бір пайдалы алғышарт. Мәтін өте қиын болса, ол оқушылардың түсінбеуіне әкеліп соғады. Егер өте жеңіл болса, тіл үйренушілердің қызығушылығын жойып, оларды жалықтырып жібереді.
Мәтінмен жұмыс хабарды түсіну дәрежесіне қарай әр түрлі мақсатты көздейді:
4.Ақпаратты өз қажетіне қарай нақтылап түсіну.
Мәтіннің мазмұнын толық түсіну оның құрамында таныс емес, күрделі лексикалық бірліктер мен тіркестердің аз болуын қажет етеді. Жалпы мәтіннің мағынасы оқушыға түтас ұғынықты болып, оқушы оны бүтіндей сөйлеу процесінде қолдана білуі қажет. Мәтінді толық түсіну үшін арнайы тапсырмалар беріледі, ол түтас оқылады, бақылау жүргізіледі, жіберген қателер үнемі түзетіліп отырады.
Мәтіндегі негізгі ойды түсіну кезінде оқушы кейбір білмейтін сөздерге /таныс емес сөздер 2 проценттен аспау керек/ көңіл аудармай-ақ, онда айтылуға тиісті ең маңызды ойды меңгеруге тырысады. Үйренуші мәтінді тыңдап отырып, оның не туралы екенін есте сақтауға көңіл бөледі.
Мәтіндегі басты айтылар ойды толықтыру үшін берілген жекеленген деректерді нақтылып, талдап түсіну - бөлшектеп түсіну деп аталады. Мүндағы әрбір ақпаратты оқушы қажетіне сай пайдаланып, сөйлесім әрекетінде қолданады, жаттайды, жазып алады т.б.
Тыңдалым процесшде оқытылатын мәтш мазмүны мен композициялық қүрылым жағынан жүйелі, түтас түрде үсынылуы қажет.
Мазмүндық ерекшелігіне қарай: а/ берілген тақырып оқушыға таныс материалдан жинақталғаны жөн;
ә/ ойдың логикалық жүйесі сақталып отыру керек; б/ мәтінге қатысты орындалатын жұмыстар нақтылы, анық болып беріледі;
в/ көмекші материалдар, көрнекілік қатар қолданылады; г/ негізгі ой түйінделіп, оның төңірегіндегі қосымша, қосалкы ойлар соган қатысты жүйелі түрде баяндалады.
Сол сияқты тындалым нәтижелі болу үшін, акустикалық ережелерді дұрыс меңгеру де аз рөл атқармайды: а/ Сейлемнің фонетикалық норманы сақтап айтылуы. ә/ Сөз бен дауыстың ырғагы. б/ Екпін мен дауыс ырғағын дұрыс қою. г/ Сөйлем мен сөйлем аралығындагы үзіліс.
Сонымен қатар әр түрлі
жағдайларға қатысты
а/ Айтылар ойдың ым, қимыл-қозғалыс сияқты қосымша әрекеттермен толықтырылып отыруы. ә/ Мезгіл мен орынды дұрыс таңдап алу.
Тындалымға арналған мәтінмен
жұмыс оқытушы мен оқушы
Мәтінді жан-жақты меңгеру үшін берілетін тапсырмалар бірнеше түрге жіктеледі:
3. Мәтіндегі хабарларды
адамдармен қарым-қатынаста, сө
Объективтік факторға жогарыда сөз болған мәтіндік ерекшеліктермен бірге түрлі ортаның жағдайлары да жатады.
Қамтамасыз етуге тиісті жағдайлар мәтінді оқыған дауыстың ырғағы дұрыс, байыпты болуына байланысты. Сонымен бірге дауыстың фонетикалық нормаларға сәйкес, темпі орташа, сөйлем мен сөйлемнің арасындагы үзілісі анық, сөздің екпіні айқын қойылуын талап етеді. Сол сияқты тындалым процесі өтетін дәрісхананың, орынның жақсы болуы да оган әсер етеді.
Субъективтік фактор тындаушыға қатысты көптеген ерекшеліктерден түрады. Ең алдымен, тыңдаушы әр түрлі ойлау операцияларын басынан өткізеді: талдау, жинақтау, салыстыру, қарсы қою, жалпылау, нақтылау т.б. осы сияқты әрекеттер тыңдау арқылы тілді уйрену әрекетімен қатар жүреді.
Бұл әрекеттердің бәрі тындаушыда белгілі бір психологиялық қасиеттердің жетілуін қажет етеді. Осы ерекшеліктерге сай тіл үйренушілерге мынадай қасиеттерді меңгерту керек.
Осы қасиеттер тындаушыда тындалымға қатысты ерекше ынталылық, қажеттілік оянғанда жетіледі. Мұндай кезде адамның есту қабілеті күшейеді, сезім мүшелері әсерлі болады, бар ынта-жігері бір нәрсеге бағытталады, ойлау жүйесі дамиды. Сөйтіп, оқушының барлық қабілеті бір мақсатта жұмыс істейді.
Сонымен қатар негізгі мақсат орындалу үшін, төмендегідей факторларға назар аударуға тура келеді:
Ақпараттың жеке адам үшін, қоғам үшін бағалы болуы жаңа мотивтерді туғызады. Ол өмірдегі қажеттілікке қатысты, тілдік қарым-қатынасты іске асыруға байланысты, тындаушының көзқарасына, деңгейіне, мақсатына байланысты сүрыпталады.
Тыңдалымды жете меңгеру үшін қойылатын талаптар:
Тындалымды меңгерудің әдістемелік екі жолы бар:
а) Нақты көрініс арқылы;
ә) Көрнекілік арқылы.
Нақты көрініс белгілі бір орындарға саяхат жасау арқылы т.б. жүзеге асады.
Көрнекілік арқылы тілді меңгеруде мәтінді оқып-ұйрену, сурет, фотография, схема, карта арқылы, тілдегі сөздер мен тіркестерді қызықты жолдармен, көрнекілікпен оқыту арқылы іске асады.
Жалпы мәтінді есте сақтап, тілдік қатынасқа қажет жагдайларды меңгеру үшін, әр түрлі әдістемелік жолдар іске асырылады.
Үйренуші мен үйретушінің көзбе-көз не бірін-бірі көрмей қарым-қатынаста болу ыңғайына қарай тындалым екі түрге бөлінеді.
Тіке тыңдалымда тыңдаушы сөйлеушінің бет пішінің, еріндерінің қимыл-қозғалысын, ымдаған, ишарат білдірген дене қимылын көріп, соған қарап та ойды түсінеді, мән-мазмүнды қабылдайды.
Аралық тыңдалымда тыңдаушының алдында диктордың өзі жоқ, тек дауысы ғана естіледі. Мүнда сөйлеушінің қызметін грампластинкалар, диафильмдер, кассеталар атқарады. Бүт жағдайда көбінесе, сөйлеушінің үніне, дауыс ырғағына қарап түсінуге тура келеді.
Сондықтан тындалымға үйрету техникалық қүралдарды қолдануды талап етеді. Тындалымға қатысты пайдаланылатын техникалық қүралдардың негізі мыналар:
Диафильмдер, киноүзінділер, оқулық кинофильмдер, пластинкалар, таспаленталар, фоножазбалар, бейнетаспалар т.б.
Тындау арқылы сөзді толық қабылдауға, үйренуге кедергі келтіретін шарттар: 1. Тілдік ортаның жоқтығы немесе біржақты болуы.
4. Хабардың ішкі мазмұнына,
ойды білдіру амалдарына,
күрылысына жете көңіл аудармағандықтан,
оқушы оны
қабылдай алмайды.
Информация о работе Тілдік қатынас негізі - сөйлесім әрекеті. Сөйлесім әрекетінің түрлері