Тілдік қатынас негізі - сөйлесім әрекеті. Сөйлесім әрекетінің түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 09:15, реферат

Описание работы

«Сөйлесім әрекеті» - /«речевая деятельность»/ әр түрлі ғылым өкілдерін қызықтырған күрделі мәселе. Көптеген ғалымдар зерттеу объектісіне қарай оның ерекшеліктерін әр қырынан қарастырған. Мәселен, лингвист ғалымдар сөйлесім әрекеті мен тілдің ара қатысын, ортақ заңдылықтарын, тілдік қатынастың лингвистикалық негізін қарастырады. Психолог-галымдар сөйлесім әрекетінің ойлау, пайымдау, қабылдау, сезіну, түйсік, зейін т.б. процестермен байланысын, олардың сөйлеу кезінде сана арқылы өту ерекшеліктерін зерттейді. Физиологтар тілдік қатынасқа байланысты сөйлесім әрекетінің жүзеге асуына ықпал ететін дыбыстау мүшелерінің жұмыс істеу механизмдерін, қызметін тексереді. Психолингвист сөйлесім әрекеті іске асу үшін жұмсалатын тілдік-қатысымдық тұлғалардың санамен байланысын, сөйлеу кезіндегі ойга қатысты түрлі процестерді қарастырады.

Файлы: 1 файл

Тілдік қатынас негізі рефекрат .doc

— 207.50 Кб (Скачать файл)

ТІЛДІК ҚАТЫНАС НЕГІЗІ - СӨЙЛЕСІМ ӘРЕКЕТІ

СӨЙЛЕСІМ ӘРЕКЕТІНІҢ ТҮРЛЕРІ

 

«Сөйлесім әрекеті» - /«речевая деятельность»/ әр түрлі ғылым өкілдерін  қызықтырған күрделі мәселе. Көптеген ғалымдар зерттеу объектісіне қарай оның ерекшеліктерін әр қырынан қарастырған. Мәселен, лингвист ғалымдар сөйлесім әрекеті мен тілдің ара қатысын, ортақ заңдылықтарын, тілдік қатынастың лингвистикалық негізін қарастырады. Психолог-галымдар сөйлесім әрекетінің ойлау, пайымдау, қабылдау, сезіну, түйсік, зейін т.б. процестермен байланысын, олардың сөйлеу кезінде сана арқылы өту ерекшеліктерін зерттейді. Физиологтар тілдік қатынасқа байланысты сөйлесім әрекетінің жүзеге асуына ықпал ететін дыбыстау мүшелерінің жұмыс істеу механизмдерін, қызметін тексереді. Психолингвист сөйлесім әрекеті іске асу үшін жұмсалатын тілдік-қатысымдық тұлғалардың санамен байланысын, сөйлеу кезіндегі ойга қатысты түрлі процестерді қарастырады.

Әдіскер болса, ол осы салалардың барлық заңдылықтарын ескере отырып, сөйлеуге үйретудің тиімді үлгілерін табуды және ұйымдастыруды, жалпы сөйлеу әрекетін жүзеге асыруды көздейді. Бұл саладағы ғалымдар кімді оқытатынын; оларды неге үйрету керектігін; не үшін, не мақсатпен және қалай оқытатынын; оларды неге және қалай оқыту қажеттігін қарастырады. Тілші-әдіскерлердің ең бірінші мақсаты - сапалы оқытудың жолдарын табу, яғни қалай оқытсақ, ісіміз жақсы нәтиже береді деген сауалға жауап іздеу. Соны практикалық жағынан дәлелдеп, теориялық түрғыдан жүйелеп көрсету.

Сөйлесім әрекетін көптеген авторлар белгілі бір хабарды, ойды, информацияны баяндау, яғни екінші біреуге жеткізу деп түсіндіреді. Немесе тілдік қарым-қатынас дегеніміз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы белгілі бір ақпаратпен пікір алмасуы деген пікірді айтады. Рас, адамзат тілінің ең басты қызметінің өзі -ойды, хабарды жеткізу.

Сөйлеу кезінде  адам қалай болса солай тіліне келгенін айта салмайды, ол ең алдымен ойлауды басынан өткереді, сырттағы объективтік шындық санаға, ойға әсер етіп, пайымдау туғызады. Сол адам миының ойлау процесі арқасында нені айту керек, не туралы сөйлеу қажеттігі жөнінде нақтылы сөз жасалады.

Бұл - тек адамның  ойлау жүйесіне ғана тән күрделі  процесс.

Адам не туралы сөйлейтінін, тіл арқылы нені жеткізетіндігін білгенмен, яғни сөйлесім әрекеті, адамның сөйлеу тілі өзіне тәуелді емес, ол - табиғат берген, жаратылыстан туған күрделі процесс. Адам сөйлеуді жетілдіріп, дамытады, оның заңдылықтарын қарастырады, бірақ сөйлеу тілін өзі жасай алмайды. Осыдан сөйлеудің, тілдің қоғамдық-әлеуметтік сипаты аңғарылады. Хабардың қай түрі болса да шындыққа құралу керек, сонда ғана тілдік қатысым өз бетінше дамиды және сөйлеу /информацияны қабылдау, оған жауап қайтару, қайта жауап алу/ қатысымдық қүбылыстың қоғамдық мәнін ашады, адамдар арасындағы әлеуметтік көпір бола алады. Демек, адамдар бірінің айтқан сөзін екіншісі жай білу үшін ғана емес, олар бір-бірімен өзара түсінісу үшін, өзара қарым-қатынаста болу үшін қарым-қатынастық бірлікке үмтылады. Осыдан келіп тілдік қатынастың қоғамдық-әлеуметтік мазмұны, мәні шығады.

Линвистикалық,   әдістемелік   әдебиеттердің   көпшілігінде сөйлесім  әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған. Олар:

  1. Сөйлеу /говорение/
  2. Оқу /чтение/
  3. Жазу/письмо/
  4. Түсіну /аудирование/

Біз жан-жақты тәжірибелерге  сүйене келіп, сөйлесім әрекетін бес түрге бөліп қарастырамыз. Олар: оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім. Бұлардың барлығы -әдістемелік ізденіс жолындағы' жаңаша терминдер. Қазақ. тілінде бұл мәселе бұрын-соңды арнайы сөз болмагандықтан, сөйлесім әрекетінің түрлері де бір жүйемен аталып, өзіндік терминдер әлі қалыптаспаған. Шетел және орыс тілдерінде қолданылған жоғарыда атап өтілген терминдер: «говорение» - «сөйлеу», «аудирование» - «аудиолық», «чтение» - «оқу», «письмо» -«жазу» деген сияқты әр түрлі сөздермен айтылып жүр.

Біз бұл ғылыми ұғымдарды қазақша бірыңгай оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім деп атауды жөн деп санаймыз. Өйткені олар, біріншіден, тілдік қатынастың басты ерекшеліктеріне сәйкес келеді; екіншіден, олар - қазақ тілінің сөздік қорына тән, қолданыста өзіндік орындары бар түбір сөздер. Үшіншіден, олар зерттеу мәселемізге сай теориялық жәнё здістемелік ғылыми ұғымдарды білдіреді; төртіншіден, әрқайсысы әр түрлі емес, қазақ тілінің сезжасам жүйесіне сәйкес бірізбен жасала келіп, біртұтас қатысымдық қызмет атқарады.

Сөйлесім әрекетінің барлық түрлеріне тән ең басты көрсеткіш: ол - түсіну. Бір адам екінші адамның айтқанын түсінбесе, ұқпаса, онда пікірлесу мен сөйлесу де жүзеге аспайды. Біздің ойымызша, сөйлесім әрекетіне қатысты айту да, оқу да, жазу да, есту де, тілдесу де белгілі бір хабарланған, баяндалған ойды түсінуге негізделеді. Сондықтан «аудирование» дегеиді біз түсіну емес, «тындалым» деп атаймыз да, түсіну процесін осы әрекеттердің бәріне ортақ ұстаным ретінде танимыз.

Сөйлесім  әрекетінің барлық түрлері сөйлеу үшін қажет. Оның әр түрі сөйлей білуді әр жақтан іске асырады: «говорение» - айта білу арқылы, «чтение» - оқи білу арқылы, «письмо» -жаза білу арқылы, «аудирование» - тындай білу арқылы. Демек, «говорение» - «сөйлеу» дегеннен гөрі «айтуга» жақын ұгым. Бұл әрекеттердің бәрі бір процестің (речевая деятельность) ортақ

түрлері болғандықтан, бірыңғай жұрнақтар арқылы жасалғаны тиімді.

Сонымен, тілдік қатынасқа байланысты іске асатын сөйлесім әрекеті бес түрге бөлінеді.

  1. Оқылым.
  2. Жазылым.
  3. Тыңдалым.
  4. Айтылым.
  5. Тілдесім.

1. ОҚЫЛЫМ

Оқылым - графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің магынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, сауатты, дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты оқу және одан қажетті деректі түсініп, сүрыптап алу.

Көптеген  әдістемелік әдебиеттерде бұл процесс  «Оқу» деп аталынып жүр. Қарастырып отырған мәселеге сай біздің айтар ойымызға «оқу» сөзінің мағынасынан гөрі «оқылым» сөзінің мағынасы мен мәні қай жағынан болсын сәйкес келеді. Сондықтан басқа тілдерде кездесетін «чтение» сөзінің ұғымын біз тілдік қатынаста «оқылым» деп алып, сөз етеміз.

Оқылым, біріншіден, ой мен мидың бірлескен жұмысына байланысты болады, екіншіден, жазылған графикалық таңбалардың тізбегін дұрыс танып білуге қатысты. Үшіншіден, мүнда осы таңбалардың ішкі мән-мағынасын дұрыс түсінудің рөлі зор. Осындай ерекшеліктер іске асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпаратгар жинақталып алынып, оқушының қажетіне жарайды.

Тіл үйрету сапалы болу үшін, оқылым процесі мен дауыстап оқуды ажырата білген жөн. Оқылым - берілген материалды түсініп, үғу гана емес, ондағы әрбір тілдік-қатысымдық түлгалардың мағынасын білу, қалпын тану және оны тілдік қарым-қатынаста кеңінен пайдалана білу.

Ал дауыстап оқу - ішкі мазмүнды толық ескере бермей, графикалық таңбаларды танудың нәтижесінде оны дыбыстау аппаратының қимыл-қозғалысына салу, сөйтіп, сөйлеу мүшелерінің көмегімен оқып шығу. Мұндай дауыстап оқу кезінде кейде мәтіннің мазмүны түсініксіз болып кала беруі де мүмкін. Ой мен ми жұмыстарын толық атқармай, адамға қажет хабар алынбауы ықтимал.

Мұндай оқудың акустикалық қасиеті басым болады.

Дауыстап  оқу акустикалық мақсаттың шеңберінен шығып, сөз, тіркес, сөйлемдердің мағынасын  түсінуге, оны сана арқылы қабылдауға, мәтіннің ішкі мазмұнын баяндауға бағытталса, онда ол жай оқудың үлгісінен өтіп, мазмүнды оқуға айналады. Бүндай жағдайда дауыстап оқу оқылымның тиімділік жағын арттырып, оның кажетті компоненттерінің біріне айналады. Сөйтіп, оқу оқылымның құрамына кіреді.

Сөйлесім  әрекетінің ерекше бір түрі ретінде  оқылымның манызы мынада:

1 / Тіл үйренуші  оқылым арқылы бүкіл тілдік қатынасқа қажетті ақпараттан хабардар болады және оны тілдік қарым-қатынаста керегіне жаратады.

2/ Оқылымның нәтижесінде  әдеби, мәдени, әлеуметтік салалардағы жылдар бойы жиналған адамзаттық тәжірибелер бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, адамдардың қарым-қатынасын жетілдіреді, білімін арттырады, ішкі ой-санасын байытады. Ойлау қабілеті мықты дамыған адамның сөйлеу қабілеті де ерекше болады.

3/ Оқылым әрекеті  арқылы көңілге түйгенін тіл  үйретуші жинақтайды, сұрыптайды, тұжырымдайды. Мүның өзі уақыт өте келе сарапқа түсіп, өмірде, ғылым мен техникада жаңа ізденістердің шығуына жол ашады. Адамның қоғамдағы рөлі артады, коммуникация процесі дамиды.

Оқылым процесінде төрт негізгі компонент үздіксіз қатысып отырады: І.Көру мүшелері. 2.0йлау мүшелері.

  1. Тілдік тұлғалардың таңбалық тізбегі.
  2. Қатысымдық тұлғалардың мағыналық тізбегі.

Сонымен қатар бірнеше  қосымша компоненттер қатар жұмыс  істейді:

  1. Дыбыстау мүшелерінің қимыл-қозғалысы.
  2. Дауыстап оқу.
  3. Есту мүшелерінің жұмысы.
  4. Тілдік материалдар жиынтығы.

Тілді үйрену барысында жүргізілетін оқуды әдіскерлер бірнеше түрге бөледі: аналитикалык оқу, синтетикалық оқу, дайындықты оқу, дайындықсыз оқу, аударма арқылы оқу, аудармасыз оқу, негізгі оқу, қосымша оқу т.б.

Бұлардан  басқа соңғы жылдары тіл үйретуге байланысты түрақты орын тауып, жиі айтылып жүрген оқылымның түрлері мыналар:

Танымдық  оқылым. Зерделік оқылым. Ізденімдік оқылым. Көрсетімдік оқылым.

Ал кейбір әдіскер тілшілер /Е.И.Пассов, С.К.Фоломкина/ оқуға үйрету дегеннің өзі оқылымға тән барлық қасиеттерді жете білу, жан-жақты меңгеру деген сөз, сондықтан оқуды жіктеп, ажыратып түрлерге бөлу тиімді емес, қазіргі өлшемдер бойынша оны ана түр, мына түр десек, әркім оның елеусіз ерекшелігіне қарап жіктей береді деген пікір білдіреді. Олар белгілі бір тілде оқудың бір ғана түрі болуға тиіс екендігін дәлелдейді.

Оқылымның түрлері  методикалық еңбектерде түрақты  орын алып, бекітіліп қана қойған жоқ, сонымен қатар әлі де ізденіс үстінде болғандықтан, олардың әрқайсысына қысқаша шолу жасаған дұрыс.

Жоғарыда  атап өтілген оқылымның бұл түрлері көбінесе қолданылу мақсаты мен тапсырмалық көрсеткішке қарай бөлінген.

Танымдық  оқылым дегеніміз - тіл үйренушінің кез келген қызықты, танымдық мәні бар мақала, кітап, пікір, газет-журнал

т.б. материалды оқып-түсінуі. Танымдық оқуда арнайы ізденушілік, сол материалды зерттейін деген мақсат бірде болса, бірде болмауы мүмкін.

Мұндай оқылым белгілі бір информацияны зерттеуден гөрі, жалпы өмірден хабардар болу үшін жүргізіледі.

Танымдық  окылымда шыгарманың, текстің барлық мазмүны түтас есте қалмайды, соның ішінен автор өзінің қабілеті мен қажетіне қарай ең маңыздысын ұғып пайдаланады.

Әдіскерлердің айтуынша, Мұндай жағдайда текст мазмұнының 70 проценті есте сақталып, негізгі айтылар дәйекті ой соның құрамына енуі тиіс.

Танымдық  оқылым кезінде оқушы бір минутта 90-105 сөз оқып шығуы керек.

Зерделік  оқылым бойынша оқушы берілген материалды, не тексті басынан аяғына дейін толық түсініп оқу керек. Текстің барлық мазмұнын тәптіштеп біліп, ондағы информацияның бірде бірін ескерусіз қалдыруға болмайды. Сонымен бірге үйренуші шығармаға, яғни текске анализ жасай отырып, ондағы әрбір единицаны талдайды. Сөйтіп бүкіл материалды жан-жақты зерттейді.

Кей ретте  зерделік оқылым арнайы жасалган схема, таблица, сурет, жоспар, көрнекіліктермен қатар жүргізіледі.

Қажетіне  қарай текстің /шығарманың/ кейбір тұстары  қайта оқытылып, сөйлемдерге айрықша назар аударылады немесе олар арнайы белгілермен ажыратылып, дауыстап айтылады.

Зерделік оқылым асықпай, ойлы қалыппен өткізіліп, оқушының бар  көңілін баулып алуды қажет етеді. Бұл оқу бойынша минутына 50-60 сөз оқылуы тиіс.

Ізденімдік  оқылым - берілген материалдың /текст, шығарма, кітап т.б./ ішінен автор өзіне керекті фактіні, хабарды, сілтемені, көрсеткішті т.б. іздеп тауып, пайдалана білу. Біріншіден, мұндай оқу жылдамдықты қалайды, екіншіден, көлемді текстен әркім өз қажетін тандап алуға мүмкін болатын тапқырлықты қажетсінеді.

Ізденімдік оқылымда оқушы кітап пен түтас материалды түгел оқып не қарап жатпайды, тек  өзіне керектісін мазмүннан, жоспардан, схемадан т.б. іздестіріп, тауып алады және нені іздеп табу керектігін алдын ала біледі.

Ізденімдік оқылым оқушының көру қабілетін ұштайды, қажет материалға бірден назар аудара білуге баулиды. Бу_л оқу тапсырма мен жаттығу  арқылы да жүзеге аса береді. Мысалы: текстен қажет анықтаманы тауып оқу, берілген ережеге сай мысалдарды табу, шығармадан Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін, қара сездерін іздеу, абзацтың қалай аяқталатынын іздеп табу т.б. деп іске қосыла береді.

Көрсетімдік оқылым - берілген материалды жүйеліп қарап шығып, оның не туралы екенін қысқаша анықтап беру, оның тақырыбын айқындау, ең басты мәнін, ерекшелігін танып көрсету.

Мүнда оқушы барлық материалды ежіктеп оқымаса да, оның тарауларын, абзацтарын, ережелерін, тұжырымдарын жеке-жеке қарап шығып, оларға қатысты негізгі ойды көрсетеді, тақырып қояды.

Автор мұндай оқу арқылы текспен қалай жұмыс істеу керек, оның мазмұнын қалай ашу қажет, түсініктеме, қорытынды, ескертпе, сөз тізбектеріндегі қандай мәселелерге ден қою керек т.б. деген сияқты сауалдарды шешуге үйренеді, ең негізгі проблеманы көрсете біледі.

Информация о работе Тілдік қатынас негізі - сөйлесім әрекеті. Сөйлесім әрекетінің түрлері