Тілдік қатынас негізі - сөйлесім әрекеті. Сөйлесім әрекетінің түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 09:15, реферат

Описание работы

«Сөйлесім әрекеті» - /«речевая деятельность»/ әр түрлі ғылым өкілдерін қызықтырған күрделі мәселе. Көптеген ғалымдар зерттеу объектісіне қарай оның ерекшеліктерін әр қырынан қарастырған. Мәселен, лингвист ғалымдар сөйлесім әрекеті мен тілдің ара қатысын, ортақ заңдылықтарын, тілдік қатынастың лингвистикалық негізін қарастырады. Психолог-галымдар сөйлесім әрекетінің ойлау, пайымдау, қабылдау, сезіну, түйсік, зейін т.б. процестермен байланысын, олардың сөйлеу кезінде сана арқылы өту ерекшеліктерін зерттейді. Физиологтар тілдік қатынасқа байланысты сөйлесім әрекетінің жүзеге асуына ықпал ететін дыбыстау мүшелерінің жұмыс істеу механизмдерін, қызметін тексереді. Психолингвист сөйлесім әрекеті іске асу үшін жұмсалатын тілдік-қатысымдық тұлғалардың санамен байланысын, сөйлеу кезіндегі ойга қатысты түрлі процестерді қарастырады.