Криминалистика пәнінен зертханалық жұмыс есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2014 в 12:19, реферат

Описание работы

«Идентификация» термині латынның «identificare» - дәл соның өзі,тең,теңдес,ұқсастыру,сәйкестендіру деген мағынаны білдіреді,яғни белгілі бір объектінің немес жеке тұлғаның жалпы және жекелеген белгілері жиынтығы арқылы бір-біріне теңдестіру деген сөзінен шыққан.

Файлы: 1 файл

1 лаборатория.docx

— 2.48 Мб (Скачать файл)

  Мәйітті  түсірудің де өзіндік әдістері  бар. Алғашқыда мәйітті қоршаған  ортамен қамти отырып бірнеше  жағынан түсіріледі. Кейін мәйіт  қоршаған ортасыз тек өзі ғана  түсіріледі. Оны түсіру барысында  орналасу жәй-күйі жағдайын, денесінің  ашық жерлерін және киімін  толық бөлінуі керек. Қоршаған  ортасыз екі қарама-қарсы жағынан  түсіріледі. Түсіру кезінде фотоаппарат  обьективінің негізгі оптикалық  осі. Мәйіттің ұзына бойлық осіне  перпендикулярлы болатындай орналастыру  қажет. Сонымен қатар, аппарат обьективін  сонымен қаратып мәйітті жоғарғы  жағынан вертикальді түсіру әдісі  ұсынылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет. Шолып түсіру.

 

 

2-сурет. Бағдарлап түсіру.

 

 

 

 

3-сурет. Тораптық түсіру.

 

№5 Лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: Адамды сыртқы бейнесі,  бойынша криминалистикалық теңестіру (габитоскопия)

Теориялық түсініктеме:

Адамның  сыртқы  келбетінің  қоршаған  ортада бейнеленуін объективті жəне субъективті деп екіге бөлуге болады. Объективті  кескіндерге  адам  бет  əлпетін  толық  та,  нақты бекіте алатын фотосуреттер, кинокадрлар, бейнетаспалар, рентгеногаммалар, өлгеннен кейін жасалған көшірме маска, қалыптарды жатқызуға болады. Субъективті  (психофизиологиялық)  кескіндер  дегеніміз белгілі  бір  адамның  кескінінің  екінші  адамның  есінде  қалған бейнесі («ойдағы бейне»). Бұл ойдағы бейнені жазып суреттеу арқылы (мыс. жауап алу хаттамасында, іздеу бағдарламасында (ориентировка), баянаттарда (рапорттарда)  жəне  т.б.  сондай-ақ  суреттемелер,  субъективті портреттер жасау арқылы бекітуге болады. Криминалистикалық тəжірибеде еркін жəне жүйеленген (бір тəртіпке келтірілген, реттелген) сипаттама қолданылады. Еркін  сипаттама – бұл  куəнің,  өз  көзімен  көрген  адамның күнделікті қолданатын сөздермен берген сипаттамасы. Жүйеленген (реттелген) сипаттама – бұл ауызша портрет əдісі бойынша сипаттау.

Ауызша  портрет – бұл  арнайы  стандартқа  келтірілген терминдердің көмегімен белгілі бір əдістеме бойынша жасалған, жүйеленген, ғылыми негізделген адамның сыртқы келбетінің сипаттамасы. Бұндай сипаттама дұрыс, толық, нақты, біркелкі, яғни бірдей  терминологиялық  сөздердің  көмегімен  орындалған  болу керек. Ауызша  портретті  құрастырған  кезде  мына  ережелерді

сақтау керек:

1.  Адамның  жалпы  сыртқы  келбеті,  оның  элементтері  мен белгілері алдынан (анфас) жəне қырынан (профиль), көлемі, фор-масы, контуры, қалпы жəне түсі бойынша сипатталады.

2.  Сыртқы  келбет  элементтері  мына  төмендегі  ретпен сипатталады:  жалпыфизикалық  – жынысы,  жасы  жəне  т.б.; анатомиялық – бойы, дене бітімі басы, мойны, иықтары, арқасы, кеудесі, қарны, қолдары, аяқтары; функционалдық үйреншікті қалпы,  жүрісі,  мимикасы,  жестикуляциясы,  күнделікті  өмірдегі əдеттері;  ілеспелі – көйлегі (пальтосы,  костюмі  т.б.),  бас киімі,  аяқ  киімі,  ұсақ  ұстап  жүретін  заттары  жəне  т.б,  ерекше белгілері.

3.  Сыртқы  келбетті  сипаттағанда  қалыптасқан  стандарттық терминологияны сақтау  қажет. Қазіргі  криминалистикалық  тəжірибеде  субъективтік портреттің  негізгі үш түрі қолданылады  – салынған (рисованный), композициялық  – салынған (салынған  элементтердің  фрагменттерінен  құрастырылған),  фотокомпозициялық (фотографиялық  əдіспен түсірілген элементтердің  фрагменттерінен құрастырылған, айғақтардың  көрсетуі  бойынша  іздеудегі  адамға  ұқсас  адам гримделіп, кейін суретке немесе бейнетаспаға  түсірілген). Салынған  портреттер  кəдімгі  сурет  салу  құралдары  арқылы орындалады.

 

          Оң қалыпты Анфас                            Сол қалыпты

 

 

Сурет – 1.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Криминалистика пәнінен зертханалық жұмыс есебі