Сот органдарының түсінігі мен мақсаттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 11:04, реферат

Описание работы

Қолданылып жүрген заңдарда құқық қорғау органдары деген ұғым жоқ. Практикада қалыптасқан және нормативтік құжаттар мен нормативтік емес сипаттағы әртүрлі құжаттарда қолданылатын бұл ұғым әдетте қылмыстарға және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізетін мемлекеттік органдар үшін жалпылама болып табылады. Құқық қорғау қызметін құқық қатынастары субъектілерінің санасы мен мінез – құлқына заң жүзінде ықпал ету шараларының көмегімен құқықтық нормаларды сақтау және дұрыс қолдану жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде заңға және белгіленген рәсімге сәйкес жүзеге асырылатын қоғамдық – пайдалы қызмет деп сипаттауға болады.

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім:
І – тарау. Сот жүйесінің бірлігі
1.1.Аудандық және оларға теңестірілген соттарды құру
1.2.Аудандық соттың құрамы
II – тарау. Облыстық және оларға теңестірілген соттарды құру
2.1.Облыстық соттың өкілеттілігі
2.2.Сот органдарының құқықтық мәртебесі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

сот орган тус мак.doc

— 148.00 Кб (Скачать файл)

Сот органдарының түсінігі мен мақсаттары

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім:

І –  тарау. Сот жүйесінің бірлігі

1.1.Аудандық және оларға теңестірілген соттарды құру

1.2.Аудандық соттың құрамы

II – тарау. Облыстық және оларға теңестірілген соттарды құру

2.1.Облыстық соттың өкілеттілігі

2.2.Сот  органдарының құқықтық мәртебесі

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 
           Қолданылып жүрген заңдарда құқық қорғау органдары деген ұғым жоқ. Практикада қалыптасқан және нормативтік құжаттар мен нормативтік емес сипаттағы әртүрлі құжаттарда қолданылатын бұл ұғым әдетте қылмыстарға және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізетін мемлекеттік органдар үшін жалпылама болып табылады. Құқық қорғау қызметін құқық қатынастары субъектілерінің санасы мен мінез – құлқына заң жүзінде ықпал ету шараларының көмегімен құқықтық нормаларды сақтау және дұрыс қолдану жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде заңға және белгіленген рәсімге сәйкес жүзеге асырылатын қоғамдық – пайдалы қызмет деп сипаттауға болады.

Құқық қорғау қызметіне тән белгілер: құқық қорғау міндетінің болуы; құқық қатынастарының субъектілеріне ықпал етудің арнаулы заңдық шараларын қолдану; заңмен қатаң түрде регламенттеу; белгіленген рәсім іс – жүргізу тәртібі болып табылады. Белгілерін негізге ала отырып, құқық қорғау қызметін басқа қызмет түрлерінен ажыратуға болады. Мысалы, республикалық Барлау қызметінің негізгі міндеті еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы барлауды ұйымдастыру мен жүргізу, сондықтан оның құқық қорғау қызметінің бірқатар белгілері (заң негізінде қызметті қатаң регламенттеу, билік сипатындағы өкілеттік беру) болғанымен де, ол құқық қорғау органы емес. Құқық қорғау қызметінің мақсаты құқықпен міндетті қорғау олардың қолданылу пәрменділігін қамтамасыз ету, нормаларды сақтау және олардың сақталмағаны үшін жауапкершілік шараларын қолдану.

Конституциялық  бақылау елдің бүкіл аумағында  Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық заңдардан, заңдарға тәуелді  және өзге де нормативтік құқықтық актілерден үстемдігін қамтамасыз ету болып табылады. Оны Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жүзеге асырады.

          Сот төрелігі құқық қорғау қызметі жүйесіндегі іргелі негіз болып табылады. Ол құқық туралы даулардың көпшілігін шешуді, көптеген заңдық мәселелерді анықтауды қамтамасыз етеді, көбінесе заң жүзіндегі жауапкершілік шараларын қолдауға байланысты мәселелерде соңғы саты болады. Мысалы, алдын ала тергеу органдарының қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауапқа тартуы тек сот органдарында ғана қисынды аяқталады. Лауазымды адамдар мен заңды тұлғалардың әрекеттеріне сотқа шағым беріліп, дау айтылуы мүмкін. Прокурорлық қадағалау да құқық қорғау қызметінің маңызды нысаны, өйткені ол Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәл әрі бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен алдын ала тергеудің, әкімшілік және атқарушы іс жүргізудің заңдылығына жоғары дәрежеде қадағалауды жүзеге асыру болып табылады. Әділет органдарының қызметін, сөз жоқ, құқық қорғау қызметіне жатқызу керек, өйткені бұл органдар құқықтық нормалардың қалыпты.

 

 

 

 

 

 

Аудандық және оларға теңестірілген  соттарды құру

 

Аудандық  және оларға теңестірілген соттарды уәкілетті органның Жоғарғы Сот  Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастыралы және таратады. Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкімшілік- аумақтық бірліктерде бір аудандық сот немесе бір әкімшілік –аумақтық бірлікте бірнеше аудандық сот құруы мүмкін. Аудандық соттар үшін судьялардың жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Әрбір аудандық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган белгілейді.

Қазақстан Республикасы сот жүйесінің негізгі  буыны әрбір ауданда немесе аудандық бөлінісі жоқ қалада жұмыс істейтін аудандық (қалалық) соттар болып табылады. Олар барлық азаматтық істер мен көптеген қылмыстық істерді бірінші сатыдағы сот ретінде қарайды. Осы соттардың соттылығына соттардың жалпы құзырындағы ведомстволық бағынысты барлық азаматтық істер жатады. Аудандық соттардың қарауына  барлық қылмыстық істер де жатады. Қазіргі кезде аудандық (қалалық) сот тек бірінші сатыдағы сот болып табылады. Қылмыстық және азаматтық істерден басқа аудандық (қалалық) сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды, үкімдердің орындалуына байланысты мәселелерді шешеді  (шартты-мерзімінен бұрын босату, бір режимдегі колониядан екінші режимдегі колонияға ауыстыру және т.б.) Аудандық (қалалық) соттар сот жүйесі туралы Конституциялық заңның 6-бабына сәйкес «уәкiлеттi органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады». Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Президентi бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде бiр аудандық сот немесе бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiрнеше аудандық сот құруы мүмкін».  Осы Заңның 7-бабына сәйкес «Аудандық сот Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады. Егер аудандық сотта штат бойынша бiр судья (бiр құрамды сот) көзделсе, ол осы соттың төрағасы өкiлеттiгiн атқарады. Аудандық сотта кеңсе құрылады, оның штат санын сот төрағасымен келiсе отырып, облыс соттарының әкiмшiсi белгiлейдi», «Аудандық соттың  төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар: 1)сот судьяларының сот iстерiн қарауын  ұйымдастырады; 2) соттың кеңсесiне жалпы басшылықты жүзеге асырады; 3)азаматтарды қабылдауды жүргiзедi; 4)судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуiн ұйымдастырады; 5)сот статистикасын жүргiзу мен талдауды ұйымдастырады; 6) өкiмдер шығарады; 7) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Аудандық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда осы сот төрағасының өкiмi бойынша төраға мiндеттерiн атқару осы сот судьяларының бiрiне жүктеледi.  Бiр құрамды сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның мiндетiн атқару аумақтық уәкiлеттi орган басшысының ұсынысы бойынша облыстық сот төрағасының өкiмiмен басқа соттың судьяларының бiрiне жүктеледi» (жоғарыда аталған Заңның 9-бабы). Аудандық (қалалық) соттардың сот қызметін қадағалауды облыстық соттар  аппеляциялық және қадағалау тәртібімен жүзеге асырады. Аудандық соттың өкiлеттiгi. Аудандық соттың өкілеттігі осы Заңның  8-бабында белгіленген:  «Аудандық сот бiрiншi инстанциядағы сот болып табылады. 2. Аудандық сот: 1) өзiнiң  қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды; 2) сот статистикасын жүргiзедi; 3) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады». Аудандық (қалалық) соттың заңмен құзыретіне жатқызылған қаралатын мәселелер мен істер шеңбері өте кең. «Аудандық (қалалық) соттар қарайтын барлық істер мен материалдардың жартысына жуығын азаматтық істер құрайды» егер тараптардың бірі азамат, ұйым немесе олардың бірлестігі болып табылса, осындай дауларды шешу заңмен әкімшілік немесе өзге органның жүргізуіне жатқызылған жағдайларды қоспағанда, азаматтық, отбасылық, еңбек және басқа да құқық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша істер; бір жағынан,  мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер және басқа да ұйымдар және екінші жағынан, тиісті халықаралық шарттардан туындайтын темір жол немесе әуе көлігі органдары арасындағы тікелей халықаралық және әуе жүгін жеткізуде жүктерді тасымалдау шартынан пайда болатын даулар бойынша істер; әкімшілік-құқық қатынастарынан туындайтын істер (мысалы: сайлаушылардың тізімінің дұрыс болмауына; әкімшілік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне; азаматтардың құқықтарына қысым жасайтын мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттеріне; салық бойынша азаматтардың бересісін өндіру туралы және т.б. шағымдар), сондай-ақ олардың құзыретіне заңмен жатқызылған өзге істер. 2) Басым көпшілігі қылмыстық істер. Қалалық (аудандық) сотарға Жоғарғы, облыстық, сондай-ақ әскери соттың қарауына жатқызылған қылмыстық істер қарауға жатпайды. 3) Тізбесі әкімшілік заңнамада, сондай-ақ басқа да заң актілерінде белгіленген әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар. Көрсетілген істерден басқа аудандық қалалық соттың құзыретіне құқық туралы даулар байланысты емес, белгілі бір фактілерді анықтауды талап ететін мәселелерді қарау жатады. Осы санатқа мыналар жатады:  - ерекше іс жүргізудегі істер, аралуы заңдық маңызы бар фактілерді анықтауға бағытталған (мысалы: туыстық қарым-қатынастарды, жасты, айырылысу, некелесу, адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы фактілерді анықтау және т.б.);  - үкімді орындауға байланысты мәселелер (мысалы, жазадан шартты- мерзімінен бұрын босату, еңбекпен түзеу мекемесінің түрін өзгерту туралы, жазаның өтелмеген бөлігін аса жеңіл түріне ауыстыру туралы және т.б. туралы)  сонымен қатар, аудандық қалалық соттар қылмыстық істер бойынша анықтау, алдын ала тергеу органдарының және прокурордың іс-әрекетері мен шешімдеріне шағымдарды қарайды.  Барлық аталған істер мен материалдарды қарау сот оытырсында сот жүргізеді, оның тәртібі іс жүргізу заңнамасында егжей-тегжейлі регламенттелген (ҚІЖК, АІЖК).  Бірнеше судьялар жұмыс істейтін аудандық (қалалық) соттарда олардың ішінен біреуін аудандық (қалалық) соттың төрағасы  етіп сайлайды. Ол судья мәртебесін сақтап, осы соттың құзыретіне заңмен жатқызылған істерді қарайды, сонымен бірге оған соттағы жұмыстарды ұйымдастыру жүктеледі, ең алдымен ол судьялар арасындағы міндеттерді бөледі.

  Істерді қараумен қатар әрбір  судья шағымдарға, арыздар мен  ұсыныстарға, заңнаманы түсіндіру  бойынша консультациялар алуға  байланысты жеке мәселелер бойынша  азаматтардың қабылдауын жүзеге  асырады. Аудандық (қалалық) соттың жұмысын ұйымдастыруда судьялар арасындағы істерді бөлудің маңызы зор. Көп құрамды соттарда мәндік, аумақтық, араластық және аймақсыз қағидаттар негізінде судьялар арасында істерді бөлу мүмкіндігі көзделген.  Мәндік (функционалдық) қағидат түрлі санаттағы істерді мәндік қарау бойынша мамандандыруға негізделген, оған сәйкес бір судья (немесе судьялар) тек азаматтық істерді (мысалы, неке-отбасылық, салық және т.б.), ал басқасы (басқалары) – қылмыстық істерді (мысалы, лауазымдық қылмыстар, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар және т.б.) қарайдыү  Аумақтық (аймақтық) қағидатқа сәйкес бүкіл аудан (шартты түрде) сот учаскелеріне – ауданның немесе қаланың нақты  аумағына бөлінеді. Сот учаскелерінде туындаған істер осы участок бекітілген белгілі бір судьяның іс жүргізуіне келіп түседі.  Аралас қағидатқа сәйкес әрбір судья оларға бекітілген учаскелерге келіп түскен немесе қылмыстық немесе азаматтық істерді қарайды. Аймақсыз қағидатқа сәйкес  судьялар арасындағы қылмыстық істерді сот төрағасы бөліп береді, барлық азаматтық істерді жеке мәселелер бойынша азматтарды қабылдау уақытында талап арыз қабылдаған судьялар қарайды. Жұмысты айқын, дұрыс ұйымдастыру үшін сот төрағасы басшылық ететін соттың көмекші аппараты қажет. Ол консультанттардан, кеңсе хатшыларынан, сот отырыстарының хатшысыларына, іс қағаздарын жүргізушілерден тұрады. Төраға оның ұсынысы бойынша тағайындалатын консультанттар мен сот орындаушыларын қсопағанда, қажетті қызметкерлерді іріктейді. Істерді қарау және жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдаумен қатар, аудандық (қалалық) сотта сот төрелігін жүзеге асырумен тікелей  ұштаспайтын басқа да жұмыс түрлері жүзеге асырылады. Соттарда сот төрелігінің тиімділігін арттыру мақсатында сот тәжірибесін зерделеу және жинақтау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Ол үшін арнайы әзірленген бағдарламамен сот қателерін анықтау мақсатында нақты істер зерделенеді және содан кейін олардың алдын алу жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірленеді. Заңнама және сот тәжірибесі бойынша анықтау жұмыстары жинақтаушының қарамағында. Оның мәні құқықтың барлық салалары бойынша барлық нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды есепке алудан тұрады. Осы жұмысты жүзеге асыру, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің бақылаудағы даналарын сақтау соттың консультантына жүктеледі. Соттың барлық жұмысын осы үшін заңмен берілген, айқындалған өкілеттіктер кешенімен оның төрағасы ұйымдастырады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудандық соттың құрамы

 

Аудандық  сот - ортақ заңды құқықтың сотының  соттың жүйесінің негізгі буыны. Аудандық соттар бас-басы ауданда немесе қалада қарастырылады. Азаматтың қылмыстық қал-жағдайының басым көпшілігінің жақындық халыққа есептеу түптерді аудандық соттарға береді 

Аудандық  сотта кеңсе құрылады, оның штат санын сот төрағасымен келісе отырып, облыс соттарының әкімшісі белгілейді.

  Аудандық соттың құрамы:

1. Аудандық  сот Конституцияда және осы  Конституциялық заңлы белгіленген  тәртіппен тағайындалатын төрағадан  және судьялардан тұрады. Егер аудандық сотта штат бойынша бір судья (бірқұрамды сот) көзделсе,ол осы соттың төрағасы өкілеттігін атқарады.

2. Аудандық  сотта кеңсе құрылады, оның штат  санын сот төрағасымен келісе  отырып, облыс соттарының әкімшісі  белгілейді.

Аудандық  соттың өкілеттілігі

1. Аудандық  сот бірінші инстанциядағы сот болып табылады.

2. Аудандық  сот:

1) өзінің  қарауына жатқызылған сот істерін  және материалдарын қарайды.

2) сот  статистикасын жүргізеді;

3) заңда  көзделген басқа да өкілеттіліктерді  жүзеге асырады.

Аудандық  соттың төрағасы

1.Аудандық  соттың төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар:

1) сот  судьяларының сот істерін қарауын  ұйымдастырады;

2) соттың  кеңесіне жалпы басшылықты жүзеге  асырады;

3) азаматтарды  қабылдауды жүргізеді;

4) судья  лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан  өтуін ұйымдастырады;

5) сот  статистикасын жүргізу мен талдауды  ұйымдастырады;

6) өкімдер  шығарады;

7) заңда  көзделген басқа да өкілеттіліктерді  жүзеге асырады;

Аудандық  соттың төрағасы уақытша орнында  болмаған жағдайда осы сот төрағасының  өкімі бойснша төраға міндеттерін атқару осы сот судьяларының біріне жүктеледі.

Бірқұрамды  сот төрағасы уақытша орнында  болмаған жағдайда оның міндетін атқару аумақтық уәкілетті орган басшысының ұсынысы бойынша облыстық сот  төрағасының өкімімен басқа соттың судьяларының біріне жүктеледі.

Аудандық сот  әділқазылар алқаларынан құралады. Ара тәуелділік аудандық судья санның жұмысының көлемінің азаматтардың, қылмыстық, әкімшілік және сырттың  қал-жағдайларының қарау үшін түсетін  арызбен әділқазылар алқасының  саны айтылмыш сотта анықталады. Жұмыстың шағын көлеміне  байланысты аудандық сотта бір қазы болады, ол соттың төрағасының болып табылады. Бірақ аудандық соттың көпшілігінде бірнеше әділқазылар алқасы болады. Бірі олардан - соттың төрағасы. Осы уақытты істің әділқазылар алқалары жеке дара қарайды, халықтың мәжіліскерлерімен. Аудандық соттың әділқазылар алқасының өкілдіктерімен сәйкес заңда оның бекітулі міндетімен және құқықтармен анықталады.

Сот төрелігі органдарының халыққа мейлінше жуықтығын және оларға қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында және "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:

1. Аудандық  соттарға теңестірілген кейбір  соттар олардың құрамынан аудандық соттарға теңестірілген соттарды бөліп шығару жолымен 1-қосымшаға сәйкес қайта ұйымдастырылсын.

2. Қайта ұйымдастырылған  соттардың судьялары 2-қосымшаға  орай осы Жарлыққа сәйкес құрылған  соттардың судьялары болып саналсын.

3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы осы Жарлықтың 1-тармағында аталған соттарға істердің аумақтық соттылығын белгілесін.

4. Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Сотының жанындағы Сот  әкімшілігі жөніндегі комитет  осы Жарлықтан туындайтын шараларды қолдансын.

5. Осы Жарлықтың  орындалуын бақылау Қазақстан  Республикасы Президентінің Әкімшілігіне  жүктелсін.

6. Осы Жарлық  қол қойылған күнінен бастап  күшіне енеді.

Аудандық  соттың судьясы болып жиырма бес  жасқа толған, жоғары заң бiлiмi бар, еңбек жолы мiнсiз және заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар, бiлiктiлiк емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң пiкiрiн алған Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалуы мүмкiн.  Көрсетілген талаптармен қатар, заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар, соның iшiнде, әдетте, кемiнде екi жыл судья болған азамат жоғары тұрған соттың судьясы бола алады. Көрсетілген талаптарға сай келетін адам резервке тұрады, судья лауазымына үміткерлерді іріктеу конкурстық негізде жүргізіледі. Осылайша, заңда азаматтықпен қатар, жас, білім, кәсіпқойлық және моральдық шек  қойылады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуы бойынша - Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысымен; - облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары мен судьялары, аудандық соттың төрағасы мен судьясына қатысты - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен қабылданады.  Жоғарғы Соттың Төрағасы мен алқаларының төрағалары, облыстық соттың төрағасы мен алқаларының төрағалары, аудандық соттың төрағасы өкiлеттiк мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн, егер олар бұрынғы қызметтерiне немесе басқа соттағы осындай қызметке тиiсiнше қайтадан сайланбаған немесе тағайындалмаған болса, тиiстi соттың судьясы өкiлеттiгiн жүзеге асыруды жалғастырады.

Әдетте, аудандық (қалалық) сотта қылмыстық  және азаматтық істер жөнінде  екі кеңсе бар, олар арқылы хат-хабар  алмасу, соттың іс жүргуінде жатқан сот актілерін тіркеу, есепке алу  және сақтау жүргізіледі. Бұл жұмысты  хатшылар мен іс қағаздарын жүргізушілер орындайды. Қаралған істерді сақтау үшін мұрағат ұйымдастырылады. Соттың кеңсесі. Әрбір аудандық (қалалқ) сотта олардың сот төрелігін жүзеге асыру, сот практикасын жинақтау және сот статистикасын талдау, судьяларды және процестің басқа да қатысушыларын қорғау, сондай-ақ соттың басқа да функцияларын орындау бойынша судьялардың жұмсын қамтамасыз ететін сот кеңесі болады. Әрбір кеңсе қызметкерінің өз міндеттерін айқын, сапалы, тиісті және дер кезінде орындауынан соттардың іс жүргізуіндегі барлық істер мен материалдарды қарау бойынша тұтастай қызметінің деңгейі байланысты. Сот кеңсесінің құрамына аудандық (қалалық) сот төрағасы жұмысқа қабылдайтын қызметкерлер кіреді. Кеңсе қызметкерлерінің құқықтық жағдайы мен ақы төлеу «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңмен реттеледі, яғни олардың, техникалық қызметкерлерді қоспағанда, мемлекеттік қызметші мәртебесі бар. Аудандық (қалалық) соттың кеңсесі  кеңседен, оған басшылық жасауды жүзеге асыратын меңгерушіден сот отырысының хатшыларынан, іс қағаздарын жүргізушілерден, хатшылардан, консультанттардан және техникалық қызметкерлерден тұрады. Сот кеңсесінің құрылымы мен штат саны әрбір аудандық (қалалық)соттың жұмыс көлеміне байланысты белгіленеді. Судьялардың сотқа келіп түсетін істер мен басқа да материалдарды қарау жөніндегі қызметі құжаттардың көптеген санын ресімдеумен байланысты, сондықтан да сот аппаратына жүргізу тапсырылған іс қағаздарын жүргізудің маңызы бар. Сот кеңсесі құжаттармен болатын барлық мүмкін операцияларды орындайды.  Бұл жерде сотқа келіп түсетін барлық хат-хабарлар  тіркеліп,  жүйеге келтіріледі (мысалы, сотқа келіп түсетін қылмыстық істерді, материалдарды, шағымдарды және сотта қарауға жататын арыздарды есеп алу кітабы, депозиттік сомаларды есепке алу кітабы, нарядтар, карточкалар жүргізіледі), қаралған істердің статистикалық есебі, оларды сақтау жүргізіледі. Төрағаның рұқсат етуімен азаматтарға сот құжаттарының  және т.б. көшірмелері беріледі. Кеңсе меңгерушісі (осы лауазым көзделмеген соттарда – сот хатшысы) кеңсенің жұмысын ұйымдастырады, хатшылық құрамға басшылық етеді және соттың мұрағатын жүргізеді. Сонымен қатар, оған соттағы кадрлық және шарушылық-қаржылық жұмысқа байланысты іс қағаздарын жүргізу бойынша функциялар жүктелген (сот қызметкерлерінің жұмысқа келуін және жұмыстан кетуін жүргізу; есепке алу кітабында сот бойынша бұйрықтар мен өкімдерді тіркеу; қаржылық құжаттаманы жүргізу, сондай-ақ шарашылық хаттар мен кеңсе құралдарын есепке алу). Сот хатшысы іс қағаздарын жүргізуді жүзеге асырады: кіріс және шығыс хат-хабарларды қабылдайды, жібереді және тіркейді; құжатамалардың өту есебі мен картотекасын жүргізеді; ағымдағы мұрағаттың құжаттарын жүйелейді және сақтайды; істер номенклатуралары мен статисткалық есептерді жасайды; атқарушылық құжаттардың есебін және тіркеуді жүргізеді және т.б. Бірнеше хатшылар бар соттарда іс қағаздарын жүргізу олардың арасында қылмыстық, азаматтық, әкімшілік  істер бойынша жеке бөлінеді. Сот отырысының хатшылары, әдетте, нақты судьяларға бекітіліп берілген, сандық құрамы соттың судьяларының сандық құрамына сәйкес келуге тиіс, сот отырысын жүргізеді, сот ісін қарау аяқталғаннан кейін сот отырысының хаттамаларын жасайды; келіп түскен істер мен олардың қозғалысы туралы мәліметтер енгзілетін сот отырыстарын есепке алу журналын жүргізеді;  процеске қатысушыларға шақырулар мен хабарламалар жасап, жолдайды; судья қараған істерді ресімдейді; атқарушылық парақтарды жазып береді және т.б.  Сот отырысы хатшысы міндетінің аппараттың басқа қызметкерінің міндеттерінен айырмашылығы іс жүргізу заңдарымен реттелетіндігінде. Сот консультанты нормативтік-құқықтық актілерді іріктеуге, есепке алуға және жүйелендіруге байланысты жинақтау-анықтамалық және өзге жұмыстармен айналысады; сот тәжірибесінің материалдарын жинақтау бойынша дайындық жұмыстарын жүргізеді, сот статистикасына талдау жүргізеді және т.б. 

Информация о работе Сот органдарының түсінігі мен мақсаттары