Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 11:04, реферат
Қолданылып жүрген заңдарда құқық қорғау органдары деген ұғым жоқ. Практикада қалыптасқан және нормативтік құжаттар мен нормативтік емес сипаттағы әртүрлі құжаттарда қолданылатын бұл ұғым әдетте қылмыстарға және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізетін мемлекеттік органдар үшін жалпылама болып табылады. Құқық қорғау қызметін құқық қатынастары субъектілерінің санасы мен мінез – құлқына заң жүзінде ықпал ету шараларының көмегімен құқықтық нормаларды сақтау және дұрыс қолдану жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде заңға және белгіленген рәсімге сәйкес жүзеге асырылатын қоғамдық – пайдалы қызмет деп сипаттауға болады.
Кіріспе
Негізгі бөлім:
І – тарау. Сот жүйесінің бірлігі
1.1.Аудандық және оларға теңестірілген соттарды құру
1.2.Аудандық соттың құрамы
II – тарау. Облыстық және оларға теңестірілген соттарды құру
2.1.Облыстық соттың өкілеттілігі
2.2.Сот органдарының құқықтық мәртебесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Облыстық соттың өкілеттілігі
Облыстық сот – сот жүйесінің облыстық буыны. Ол өз облысындағы қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттардың қараған істерін апелляц. және қадағалау сатысында, ал бірінші сатыдағы сот ретінде төменгі буын соттары қарайтын істерден гөрі күрделі (ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 291-бабы) істерді қарайды. Облыстық соттың құрылысы азаматтық істер жөніндегі, қылмыстық істер жөніндегі және қадағалау алқаларынан, сондай-ақ соттың жалпы отырысынан, ал құрамы төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. Алқалар бірінші сатыда және аудандық соттың заңды күшіне енбеген шешіміне (үкімі, қаулысы, ұйғарымына) шағым не прокурор наразылығы келтірілген істерді апелляц. сатыда қарайды. Қадағалау алқасының құзырына аудандық соттың заңды күшіне енген шешіміне, сондай-ақ азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі алқалардың апелляц. қаулыларына келтірілген шағым не наразылыққа сәйкес енгізілген ұсыным бойынша іс қарау жатқызылған. Облыстық соттың жалпы отырысы қажеттілігіне қарай, кем дегенде жылына екі рет өткізіледі. Онда негізінен ұйымдастыру және сот қызметінің сапасын арттыру мәселелері қарастырылады. Астана және Алматы қалалық соттары облыстық сотқа теңестірілген. Облыстық және оларға теңестірілген соттар (республикалық маңызы бар қалалардың және ҚР әсерлерінің әскери соты) республиканың сот жүйесіндегі екінші буынды соттар болып табылады. Олар әрбір облыста және әкімшілік-аумақтық бөліністе құрылады. Аудандық (қалалық) соттарға қатысы бойынша облыстық соттар жоғары тұрған орган ретінде негізгі буындағы соттар шығарған шешімдердің, қаулылар мен үкімдердің заңдылығы мен негізділіген аппеляциялық және қадағалау тәртібімен қадағалауды жүзеге асырады. Облыстық және оған теңестірілген соттың сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қызметін бір мезіглде ҚР Жоғарғы соты қадағалайды. Облыстық соттың құрамы, құрылымы және өкілеттігі. Облыстық соттар төрағадан, сот алқаларының төрағалары мен тұрақты судьялардан тұрады және қадағалау алқасының, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының құрамында жұмыс істейді. Сот жүйесі туралы Конституциялық заңның 10-бабына сәйкес «1. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - облыстық соттар) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. Әр облыстық сот үшiн судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негiзiнде уәкiлеттi орган белгiлейдi». Сот жүйесі туралы Конституциялық заңның 11-бабына сәйкес «Облыстық сот төрағадан, алқалар төрағаларынан және судьялардан тұрады.
Облыстық соттың органдары мыналар: 1) қадағалау алқасы; 2) азаматтық iстер жөнiндегi алқа; 3) қылмыстық iстер жөнiндегi алқа; 4) соттардың жалпы отырысы». Көрсетілген Заңның 12-бабына сәйкес Облыстық сот: 1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды; 2) сот статистикасын жүргiзедi; 3) сот тәжiрибесiн зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды; 4) облыс соттарының әкiмшiсi қызметiн бақылауды жүзеге асырады; 5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады». 13-бапта облыстық сот алқаларының өкілеттігі айқындалған:
Облыстық соттың азаматтық iстер жөнiндегi алқасы мен қылмыстық iстер жөнiндегi алқасын - алқалар төрағалары, ал қадағалау алқасын сот төрағасы басқарады. 2. Әрбiр алқадағы судьялар саны сот төрағасының ұсынысы бойынша жалпы отырыста белгiленедi. Сот төрағасы азаматтық iстер жөнiндегi алқа мен қылмыстық iстер жөнiндегi алқада мамандандырылған құрам түзуi мүмкiн. Облыстық сот төрағасы өкілекттігінің ауқымы осы Заңның 14-бабында белгіленген: «1. Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судьяның мiндеттерiн атқарумен қатар: 1) судьялардың сот iстерiн қарауын ұйымдастырады; 2) қадағалау алқасын басқарады, алқаларда сот iстерiн қараған кезде төрағалық етуге құқылы; 3) қажет болған жағдайларда бiр алқаның (қадағалау алқасынан басқа) судьяларын басқа алқаның құрамында iс қарау үшiн тартады; 4) облыстық соттың жалпы отырысын шақырады және оған төрағалық етедi; 5) алқа төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның мiндетiн атқаруды алқа судьяларының бiрiне жүктейдi; 6) облыстық соттың алқа төрағалары мен судьяларына, аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына қатысты тәртiптiк iс қозғайды; 7) соттың жалпы отырысының ұсынысы негiзiнде Әдiлет бiлiктiлiк алқасына судья қызметiне кандидаттың тағылымдамадан өту нәтижелерi туралы қорытынды жiбередi; 8) сот статистикасын жүргiзудi, сот тәжiрибесiн зерделеудi ұйымдастырады; 9) өкiмдер шығарады; 10) соттың кеңсесiне жалпы басшылықты жүзеге асырады; 11) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi; 12) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Облыстық сот төрағасы уақытша
орнында болмаған жағдайда
Облыстық сот қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде екi рет жалпы отырыстар өткiзедi, оларда: 1) алқа құрамының санын белгiлейдi және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды; 2) сот жұмысының жоспарын талқылайды; 3) алқалар төрағаларының хабарламаларын тыңдайды; 4) сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды; 5) уәкiлеттi органға белгiлi бiр адамды облыс соттарының әкiмшiсi қызметiне тағайындауға келiсiмiн бередi; 6) облыс соттары әкiмшiсiнiң өз қызметi туралы есебiн тыңдайды; 7) аудандық сот төрағасы қызметiнiң бос орнына кандидатураларды қарайды және оның нәтижелерi бойынша тиiстi қорытындылар жасайды; 8) уәкiлеттi органға облыс соттары әкiмшiсiн қызметтен босату туралы ұсыныс енгiзедi; 9) судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және Әдiлет бiлiктiлiк алқасына тиiстi қорытынды бередi; 10) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады; 2. Жалпы отырыс облыстық сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болады. 3. Облыстық соттың жалпы отырысының жұмыс тәртiбi ол бекiткен регламентпен анықталады». Облыстық сотта жұмысты ұйымдастыру. Облыстық және оған теңестірілген соттың қызметіне жалпы басшылықты заңмен кең ауқымды өкілеттіктер кешені берілген оның төрағасы жүзеге асырады. Сот алқаларының төрағаларына алқаның жұмысын ұйымдастыру жөніндегі міндеттер жүктелген. Осы мақсаттарда олар сот (алқа отырыстарында төрағалық етеді және істі баяндайды, бірінші саты бойынша істерді қарайды), ұйымдастыру (судьяларды тағайындайды және істерді қарау үшін құрамдарды жасақтайды, азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді, алқаның қызметі туралы есептер ұсынады) функцияларды да жүзеге асырады. Облыстық соттың төрағасы мен сот алқаларының төрағалары сот кеңсесінің көмегімен жұмысты ұйымдастырады. Аталған соттардың аппараты сот төарағасының көмекшісінен, бас консультанттардан, жетекші консультанттардан, сот отырыстары хатшыларынан, сот алақалары хатшыларынан, аға сот орындаушысынан, сот орындаушыларынан, сот приставтарынан, кеңсе меңгерушісінен, мұрағат меңгерушісінен, аға инспекторлардан, инспекторлардан және техникалық қызметшілерден тұрады. Сот төрағасының көмекшісі төрағаның зерделеуі үшін істер мен материалдарды дайындайды, олар бойынша қорытынды даярлайды, жеке мәселелер бойынша азаматтардың қабылдауын ұйымдастырады, төрағаға сотқа келіп түскен хат-хабарларды баяндайды, сондай-ақ сот төрағасының жұмысын ұйымдастыруға байланысты басқа да функцияларды жүзеге асырады. Кеңсе меңгерушісі хатшылық құрамға басшылықты жүзеге асырады, кеңсе қызметкерлері арасындағы міндеттерді бөледі, олардың жұмысын ұйымдастырады әрі бақылайды, сондай-ақ басқа да функцияларды орындайды. Консультанттар сотқа келіп түскен шағымдар мен арыздарды зерделейді, сот мүшелеріне сот істерін қарауға дайындау кезінде көмектеседі, сот төрағасы мен сот алқалары төрағаларының жекелеген тапсырмаларын орындайды, сондай- ақ басқа да жұмыстарды орындайды. Сот алқаларының хатшылары сот алқасына келіп түсетін сот істері мен өзге де материалдардың есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етеді.
Сот органдарының құқықтық мәртебесі
Сот орындаушысы - мемлекеттік қызметте тұратын, және сот актілерін басқа да органдардың актілерін орындау бойынша өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындайтын лауазымды адам. Сот актілері мен басқа да органдардың актілерін орындау жөніндегі сот орындаушысының қоятын талаптары барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті. Сот орындаушысының жарияланған конкурстың нәтижесі бойынша аумақтық органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Сот орындаушысының сан құрамы судьялардың сан құрамына сәйкес болуы керек.
Сот
орындаушысына қойылатын
Сот орындаушысының өзіне жүктелген міндеттерді лауазымдылық өкілеттіліктерді орындамауы ҚР-ның заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеліп соқтырады.
Сот орындаушысының құқықтары:
1) Орындауға
қатысты мәселелер бойынша
2) Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы
3) Атқарушылық
әрекеттер жасау кезінде
4) Атқарушылық
әрекеттер жасағанда негізге
алынған атқару құжаттары
5) Атқарушылық
әрекеттер жасау кезінде пайда
болған мәселелер бойынша оның
ішінде орындау мерзімін
6) Іс
жүргізіліп жатқан атқару
7) Нақты
атқарушылық әрекеттер жасау
мәселелері бойынша
8) Борышкерлер сондай-ақ, өздерінде борышкерге тиесілі мүліктің бар екенін растайтын деректер болған жағдайда, басқа адамдар орналасқан немесе оларға тиесілі үй жайлар мен қоймаларға кіруге, қажет болған жағдайда үй-жайлар мен қоймаларды мәжбүрлеп ашып қарауға, айғақ адамдардың қатысуымен тексеруге құқылы.
9) Атқару
құжатын орындаумен байланысты
мәселелер бойынша мемлекеттік
органдардың, ұйымдардың
10) Борышкердің банктегі ақшасы мен бағалы қағаздарына атқарушылық іс жүргізу және «сот орындаушысының мәртебесі» туралы заңында көзделген ережелерді сақтай отырып, уақытша тиым салуды қолдануға құқылы.
11) Мүлікке
оның кімге тиесілі екенін
анықтағанға дейін «
12) Тиым
салынған мүлікті алуға,
13) Алынған
мүлікті сақтау үшін
14) Қажет
болған жағдайда атқару
15) Қылмыстық қудалау органдарына сот актілерін орындаудан қасақана бұлтарған адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
Сот орындаушысының міндеттері:
1) Соттың
талапты қамтамасыз ету
2) Тараптарға
немесе олардың өкілдеріне
3) Атқарушылық іс жүргізу туралы арыздар мен тараптардың өтініштерін қарауға, оларға шағым немесе наразылық беру мерзімдері мен тәртіптерін түсіндіруге міндетті.
4) «Атқарушылық
іс жүргізу» туралы заңы
Еліміздің
сот жүйесі туралы жаңа Конституциялық
заңында заң шығарушылық, атқарушылық
және сот билігі тармақтарының функциялары
айқын жазылып қоймай, құқық қорғау
жүйесін реформалаудың
Информация о работе Сот органдарының түсінігі мен мақсаттары