Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оньң маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2015 в 18:15, курсовая работа

Описание работы

Егер қылмыстың объективті жағы - қылмыстың сыртқы сипаты болса (қоғамдық қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік, қоғамдық қауіпті салдар, себепті байланыс, қылмыс жасау орны, уақыты, тәсілі, жағдайы, қаруы мен құралдары), субъективті жағы оның ішкі (объективті жаққа қатыстылығынан) сипаты. Бұл қылмыскердің өзі жасаған қылмысқа ішкі, яғни кінәмен, ниетпен және мақсатпен сипатталатын адамның қылмыс жасау кезіндегі психикалық қатынасы

Содержание работы

. 1. Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және
оньң маңызы.
1. 2. Кінә туралы түсінік және оның нысандары.
1. 3. Қасақаналық және оның түрлері.
1. 4. Абайсыздықтың түсінігі және оның түрлері.
1. 5. Кінәнің екі нысанымен жасалынған қылмыс.
1. 6. Қылмыстың себебі мен мақсаты.
1. 7. Қылмыс жасаушы тұлғаның сезім күйі.
1. 8. Қате және оның қылмыстық - құқықтық
мағынасы.

Файлы: 1 файл

kurs_3732.doc

— 304.00 Кб (Скачать файл)

ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ.

 

 

1. 1.    Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және

оньң маңызы.

1. 2.    Кінә туралы түсінік және оның нысандары.

1. 3.    Қасақаналық және оның түрлері.

1. 4.    Абайсыздықтың түсінігі және оның түрлері.

1. 5.    Кінәнің екі нысанымен жасалынған қылмыс.

1. 6.    Қылмыстың себебі мен мақсаты.

1. 7.    Қылмыс жасаушы тұлғаның сезім күйі.

1. 8.    Қате    және    оның    қылмыстық    -    құқықтық

мағынасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1. Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және оның маңызы.

Егер қылмыстың объективті жағы - қылмыстың сыртқы сипаты болса (қоғамдық қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік, қоғамдық қауіпті салдар, себепті байланыс, қылмыс жасау орны, уақыты, тәсілі, жағдайы, қаруы мен құралдары), субъективті жағы оның ішкі (объективті жаққа қатыстылығынан) сипаты. Бұл қылмыскердің өзі жасаған қылмысқа ішкі, яғни кінәмен, ниетпен және мақсатпен сипатталатын адамның қылмыс жасау кезіндегі психикалық қатынасы. Қылмыстың субъективті жағын құрайтын белгілерге, аталып өткендей, қылмыстық кінәсі, себебі мен мақсаты, сонымен қатар, қылмыс жасау кезіндегі тұлғаның сезім күйі жатады. Бұл белгілердің әр түрлі мазмұнына қарамастан олар субъективті жағын құрайтын бір топқа бірігеді, себебі олардың барлығы қылмыс жасаушы тұлғаның психикасында болатын процестерді сипаттайды.

Психика адам өмірінің ішкі мазмұнын, оның ойын, сезімдерін, ниетін, еркін білдіреді. Психикалық процестер, әдетте, интеллектуалдық, сезімдік және еркіне қарай болып бөлінеді. Сөйте тұра мұндай бөліну шартты түрде ғана екенін, мұндай процестер жекелеп (әрқайсысы өз бетімен) өмір сүрмейтіндігін ескеру керек. Тек бірлікпен, интеллект (таным), сезім мен еріктің тығыз бірлігімен ғана адамның психикасының түрі, қылмыстық, тұтас алғанда, субъективті жағы сияқты, оны құрастырушы белгілердің де мағынасы мен мазмұнын анықтау үшін, психиканы қүрастырушы элементтерге көңіл аудару пайдалы ғана емес, қажет те.

Қылмыстың субъективті жағын қүрайтын белгілердің эрқайсысы қылмыстың психикалық мазмүнын сипаттайды, бірақ әрқайсысы өзінше сипаттайды. Мысалы, кінэ - бүл түлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-эрекетіне (эрекетіне немесе эрекетсіздігіне) және оңың қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы салдарына психикалық қатынасы. Кінә -қылмыстың субъективті жағының, тіпті оны толық қамтымаса да, негізгі белгісі.   Қасақана   сияқты,   абайсыз   кінәні   де   құрастыру   кезінде   заң шығарушы психиканың екі интеллектуалдық және еркіне қарай элементтерін пайдаланады. Қасақаналық пен абайсыздықтық қылмыстық-құқықтық сипаты үшін психикалық процестердің сезімдік мазмұны есепке алынбайды. Керісінше, әрекеттің қоздырушы себебі және субъективті жағының белгісі болғандықтан, қылмыстық сылтауында қылмыс жасаушы тұлғаның психикасында болып жатқан, көбінесе, сезім процестерінің таңбасы болады. Жеке жағдайларда қылмыс жасаушы тұлғаның сезімінің күйі (мысалы, аффект күйінде болуы, яғни аяқ астынан пайда болған жан күйзелісі), дербес қылмыстық-құқылық мағынаға ие болады (ҚР ҚК-нің 98-бабы), қылмыстың мақсаты, кінә сияқты, интеллектуалдық және еркіне қарай мазмұнымен шектеледі.

Кінә - қылмыстың субъективті жағының міндетті белгісі. Кінә болмаған күнде қылмыстық құрамы да болмайды және болуы да мүмкін емес. Бұл субъективті жақтың қылмыстық істі қылмысты емес істен ажыратып, бөліп отыратын негізгі белгісі. Заң шығарушының кінәға маңызды мағына беретіндігі соншалық, тіпті кінәлі жауаптылық қылмыстық Кодекстің қағидасына дейін көтерген. ҚР ҚК-нің 19-бабының 1-бөліміне сәйкес адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Осы баптың 2-бөлімінде объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық қолданылмайтыны атап көрсетіледі.

Кінәлік жауаптылық қағидасы - заңгерлердің ойлап шығарғаны емес, бұл - адам қылығын заңды және әлеуметтік адамгершілік тұрғыдан дұрыс бағалаудың қарапайым шарты. Көрнекті Кеңес психологі С.Л. Рубинштейн атап өткеніндей, "жалған, абстрактілі "объективизмге" қарама-қарсы айтылатыны: қылықты бағалау кезінде өзінше орын алғанының түгел барлығына емес сол объективті түрде өзінше орын алғанның ішінен қайсысы алдын-ала ескерілуі мүмкін еді - тек соған сүйену керек"./1/

Осыған байланысты, қылмыстық құқық теориясы мен құқықтық тәжірибе, қылмыстық жауаптылықтың тұлғаның жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекетіне (әрекеті немесе әрекетсіздігіне) және оның салдарынан психикалық қатынасын (қасақаналық немесе абайсыздық күйінде) ескерумен ғана шектелмейтініне сүйенеді. Жасалған қылмыстың кез келген жағдайы (әсіресе ауырлататын) соттың оларға байланысты кінәлі қатынасын, яғни қасақаналық немесе абайсыздық түріндегі психикалық қатыйасын, анықтауынан кейін ғана айыпқа жүктеле алады (заң шығарушының бұл жағдайларды қылмыстық құқықтық нормаларда құрастыру ерекшеліктеріне байланысты).

Қылмыстық мақсаты, себебі мен қылмыс жасау кезіндегі тұлғаның сезім күйінің кінәдан айырмашылығы - олар қылмыс құрамының қажетті белгілері болып табылмайды. Заң шығарушы оларды барлық емес, тек кейбір қылмыстардың ғана құрамының белгілерінің қатарына қосады және бұл жағдайларды оларда қылмыстық жауаптылықтың негізіне айналады. Қылмыс құрамының белгілері болмаған күнде де олар жеңілдетуші не ауырлатушы жағдай ретінде, жазаның тағайындалуына айтарлықтай ықпал жасайды. Тіпті, бұл белгілердің қылмыстық жауаптылық пен жаза үшін жеке мағынасы болмаған жағдайда да, олардың қылмысты анықтаудағы, қасақана кінә мен абайсыздықты ажыратудағы мағынасының маңыздылығы сирек емес. Сондықтанда қылмыстық құқық кінәлі жауаптылық қағидасымен ғана шектеліп қоймайды, бірақ субъективті жүктеу көзқарасын ұстайды. Оның мағынасына көшсек, қылмыс жасаған тұлғаның қылмысты жауаптылығы мен оны жазалау мәселесін шешер кезде тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекеті (әрекеті мен әрекетсіздігі) мен оның салдарына кінәлі қатынасы ғана есепке алынбай, қылмыстың субъективті жағының басқа элементтері де, яғни қылмыстың себебі мен мақсаты, тұлғаның қылмыс жасау кезіндегі сезімінің күйі де ескеріледі. Тергеу мен сот үшін анықтау және дәлелдеу жүмыстары кезінде қылмыс құрамының барлық элементтерінің ішіндегі ең күрделісі - дэл осы субъективті жағы болып табылады. Бұл түсінікті де, себебі қылмыс жасаушының ойына, ниетіне, тілегіне, сезіміне жол табу,

қылмыстық объективті жағын анықтаудан анағұрлым қиындау. "ішінде не барын кім білсін" деген бекер емес шығар. Сондықтанда, тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекеті мен оның салдарына психикалық қатынасының қандай да болмасын түрін анықтауда, оның себебін, мақсатын, сезімдердің ("әдетте осылай болады", "көбіне осылай жасайды" деумен дәлелденетін) анықтауда барлығына ортақ қолдануға болмайды және олай болуы мүмкін емес. Орыстың көрнекті әдебиет сыншысы В.Г. Белинскийдің әр-түрлі адамдардың қылығын бақылау үшін бірдей тәсіл қолдануға қарсы: "Тұлғалар сансыз және алуан түрлі, адам рухының әртүрлі жағы сияқты, оның барлық жағының да жасап келе жатқандығы -оның қажеттілігінен... Сондықтан, біреудің тұлғасын басқаның тұлғасына шақтаудан асқан әділетсіздік жоқ, ол, бәрі-бір, ешқашан дәл келмейді, бәрі-бір болады"/2/. Сондықтан, қылмыстың субъективті жағын бағалауға біркелкі (жеке басқа бейімделмеген) келу, қылмыстық заңды, одан келіп қылмыстық істер бойынша әділ сот аясындағы адам құқығын пайдалануда өте өрескел қателерге соқтыруы мүмкін.

1.2. Кінә туралы түсінік және оның нысандары.

Бұған дейін айтылғандай, кінә - бұл тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекеті мен оның қасақаналық және абайсыздық түріндегі салдарына психикалық қатынасы. Қылмыстық заңға сәйкес, кінә - бұл әрқашан не қасақаналық, не абайсыздық болып табылады.

ҚР ҚК-нің 19-бабының 3-бөлімі бойынша қасақана немесе абайсызда іс-әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Қасақаналықта, абайсыздықта жасалған іс-әрекет пен оның салдарына кінәлі психикалық қатынастың нысандары болып табылады. Бұл - олардың ұқсастығы. Ал, айырмашылығы - қасақана және абайсыз кінәні құрайтын интеллектуалдық және еркіне қарай сәттердің ерекше, өзіне ғана тән мазмұны мен ара қатынасында.

Қылмыстың жасалуына байланысты кінә (қасақаналықта, абайсыздықта) заң қолданушының (сот, тергеуші) санасынан тыс орын алады. Ол - алдын ала тергеу жұмысын жургізу мен сотта істі қарау кезінде дәлелденетін затқа жатады. Ол - іс бойынша анықталған дәлелдерді саралау кезінде жүзеге асады. Осыған орай, кінә тек заңдық-психологиялық қана емес, саралаушы да категория екендігін мойындау керек. 40-шы жылдары кеңестік заң әдебиетінде кінәлінің өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекеті мен оның қасақаналық және абайсыздық түріндегі салдарына, соттың санасынан тыс орын алатын психикалық қатынасы ретіндегі кінә түсінігін, оның (кінәнің) саралаушы деген түсінігімен теңестіруге әрекет жасалды. Б.С.Утевский "кінәні қылмыс құрамының элементі ретінде, қасақаналық пен абайсыздық, яғни қылмыс құрамының субъективті жағы ретінде бір жақты таяз түсінумен қатар, қылмыстық құқықта кінәнің қылмыстық жауаптылықтыц негізі ретіндегі ауқымдырақ түсінігі де бар"/3/ деп санаған. Б.С. Утевский кінәні қылмыстық жауаптылықтың негізі ретінде былайша түсіндіреді, яғни ол "соттың көзқарасы бойынша мемлекет атынан теріс қоғамдық (моральдық-саяси) бағаға лайық және сотталушының қылмыстық жауаптылығын талап етуші жағдайлар жиынтығы"/4/

Оның кінәні түсіну туралы мұндай көзқарасы кеңестік заң басылымдарында өткір, тіпті күйретуші сынға ұшырады. Оның себептері негізінен идеологиялық сипатта болды. Авторды кінәні саралау туралы буржуазиялық ғалым-заңгерлердің ұсынған теорияларын пайдаланғаны үшін айыптады. Алайда, соңғы кездері кеңестік қылмыстық құқықта кінәні - саралаушы ретінде түсінуді қатаң шетке шығару басылып, кінәлі жауаптылық қағидасы (яғни, кінәні қылмыстық жауаптылықтың негізі ретінде мойындау) Қазақстан -Республикасының қылмыстық кодексінде заңды тұжырымын тапты. Мұны дұрыс деп мойындауға тиіссіз, себебі, қылмыстық заң, қылмыстық жауаптылықты тұлғаның өзі жасаған іс-әрекеті мен оның салдарына психикалық қатынасының кез келген түрімен емес тек қана   қасақаналық пен абайсыздық сияқты белгілі түрімен    ғана

байланыстыруы бекер емес. Психикалық қатынастың дәл осы түрдегі, кінәлінің қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге, яғни жеке бастың, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне деген қоғамға қарсы (қасақана жасалған қылмыстарда) немесе немқұрайлы (абайсыздан жасалған қылмыстарда) қатынасын білдіреді. Сондықтан, кінә - тұлғаның қылмыстық қастандылықтан заңмен қорғалатын мүдделерге теріс қатынасын көрсететін өзінің жасаған қылмысты әрекеті немесе әрекетсіздігінен туындаған зиянды салдарға психикалық қатынасы.

Жоғарыда айтылғандай қылмыстық заң, іс-әрекетпен оның салдарына кінәлі психикалық қатынасқа еркіне карай және интеллектуалдық сәттерді қосады. Дәл осы сәттердің жиынтығы кінәнің мазмұнын құрайды. Аталған сәттердің нақты мазмұны мен ара - қатысы бойынша қасақана және абайсызда жасалған қылмыстардың бір-бірінен айырмашылығы қандай болса, олардың қылмыстық заңда анықталатын түрлері де тап солай ажыратылады. Интеллектуалдық және еркіне қарай сәттердің мазмұны мен арақатынасының бұл ерекшеліктері кінәнің түрлерін құрайды. Қылмыстық кодекс кінәнің қасақаналық және абайсыздық сияқты екі нысандарын қарастырады (ҚР ҚК-нің 19-бабы 3-ші бөлімі). Қасақаналық, өз кезегінде, тікелей және жанама, ал, абайсыздық -меңмендік және немқұрайлылық болып бөлінеді.

Кейбір қылмыстарға байланысты, заң шығарушы оларды тек қасақана жасалады деп анық атап көрсетеді. Мысалы, ҚР ҚК-нің 104-бабы - денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін жауаптылық қарастырылады. Қасақана жасалатын қылмыстардың басқа құрамдарын жасағанда, заң шығарушы оларға қасақана деген анықтама бермейді, Мысалы, ҚР ҚК -тің 106, 107-баптарында ұрып-соғу, азаптау кездерінде кінәнің түрін атап көрсетпейді. Мұндай жағдайларда кінәнің түрін анықтау үшін ҚР ҚК -тің 19-бабының 3-ші бөлігін басшылыққа алу керек. Абайсызда жасалған іс-әрекет ҚР ҚК Ерекше бөлімінің тиісті бабы арқылы арнайы қарастырылған жағдайда ғана қылмыс деп саналады.

Сонымен, Ерекше бөлім бабының диспозициясы кінәнің түрін нақты көрсетпесе, осы бапта қарастырылған қылмыс тек қасақана болады.

Кінәнің   қылмыстық- құқықтық  мағынасын   асыра бағаламасқа болмайды. Біріншіден, кінәлі жауаптылық қағидасына сүйене отырып, кінә - қылмыстық іс-әрекетті қылмыстық емесінен  ажыратушы   ретінде маңызды. ҚР ҚК-нің 19-бабының 2-бөлігіне сәйкес объективті түрде, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Екіншіден,   егер   заң   шығарушы   жауаптылықты   кінәнің   түріне   қарай ажыратса, кінә қылмысты саралауға әсер етеді деген сөз.  Мысалы, кісі өлтіру ҚР ҚК-нің 96-бабымен бағаланса, абайсыздықтан өлімге соқтыру-ҚР   ҚК-нің   101-бабымен   бағаланады.   Кінәнің   түрі   сонымен   қатар денсаулыққа келтірілген зиянның қасақана әлде абайсыздан болуын (ҚР ҚК-тің 103, 111-баптары), ажырататын белгі болып табылады. Үшіншіден, кінәнің түрлері қылмыстарды заңды негізде саралау кезінде ескеріледі. Онша ауыр емес ауырлығы орташа дәрежедегі қылмыстарға  қасақана жасалғаны   да, абайсыз жасалғаны   да   жатқызылса, ауыр, аса ауыр қылмыстар қатарына тек қасақана жасалғаны ғана жатады (ҚР ҚК -тің 10-б.). Жаза мен қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырар басқа көптеген жағдайларда, қасақана  және абайсыздық жағдайдағы кінәнің айырмашылығы ескеріліп отырады.

2.3. Қасақаналық және оның түрлері.

ҚР ҚК-нің 20-бабының 1-бөлігіне сәйкес қасақаналық - тікелей және жанама болып келеді. Осы баптың 2-бөлігіне сәйкес, егер адам өз іс-әрекетінің (әрекеТсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын-ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалған деп танылады.

Кінәнің басқа да түрлерімен (қасақаналық және абайсыздық) қатар, тікелей   қасақаналықта   тұлғаның   жасаған   қоғамдық   қауіпті   іс-әрекеті (әрекетсіздігі) мен оның салдарына психикалық қатынас ретінде анықтау үшін, заң шығарушы психиканың интеллектуалдық және еркіне қарай элементтерінің мазмұнын пайдаланады. Қылмысты тікелей қасақаналықпен жасаған кездегі интеллектуал-дық сәт-тұлғаның іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіптілігін саналы түрде түсініп, оның зиянды салдары болуы мүмкін екенін немесе олардың бәрібір болатындығын алдын-ала көріп білуінде. Жасалатын іс-әрекеттің қоғамдық қауіпті сипатын сезе білу - оның әрі шынайы, әрі әлеуметтік сипаттарын түсінгендікті білдіреді, Мысалы, ұрлық кезінде тұлға, бөтен мүлікті жасырын иеленбекші екендігін жете түсініп отырады, сонымен қатар, ол өзінің осы қылығы арқылы жәбірленушінің меншіктік құқығын бұзып отырғандығын да жете түсіне алады. Жасайтын әрекеттің (әрекетсіздіктің) мағынасын жете түсініп сезу - бұл кінәлінің оның қоғамдық қауіпті сипатын да түсінуі.

Информация о работе Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оньң маңызы