Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2015 в 18:15, курсовая работа
Егер қылмыстың объективті жағы - қылмыстың сыртқы сипаты болса (қоғамдық қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік, қоғамдық қауіпті салдар, себепті байланыс, қылмыс жасау орны, уақыты, тәсілі, жағдайы, қаруы мен құралдары), субъективті жағы оның ішкі (объективті жаққа қатыстылығынан) сипаты. Бұл қылмыскердің өзі жасаған қылмысқа ішкі, яғни кінәмен, ниетпен және мақсатпен сипатталатын адамның қылмыс жасау кезіндегі психикалық қатынасы
. 1. Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және
оньң маңызы.
1. 2. Кінә туралы түсінік және оның нысандары.
1. 3. Қасақаналық және оның түрлері.
1. 4. Абайсыздықтың түсінігі және оның түрлері.
1. 5. Кінәнің екі нысанымен жасалынған қылмыс.
1. 6. Қылмыстың себебі мен мақсаты.
1. 7. Қылмыс жасаушы тұлғаның сезім күйі.
1. 8. Қате және оның қылмыстық - құқықтық
мағынасы.
Заң шығарушы интеллектуалдық элементі жасалған істің тек қоғамдық қауіптілігін түсінгендігімен шектеп, кінәлінің өз ісінің заңға қарсы екендігін түсінуін талап етпейді. Расында, көп тараған қасақана қылмыстар (кісі өлтіру, денеге жарақат салу, жыныстық қылмыстар, талан-таражға салу және т.б.) әрине, олардың заңға қарсы екендігі түсініле тұра жасалады. Алайда, заңға қарсылықты түсіну, жалпы ереже бойынша, қылмыстық іске байланысты дәлелденуге жатпайды. Дегенмен, кейбір жағдайларда, заң шығарушы Ерекше бөлімнің арнайы құрамын жасау арқылы, кінәлінің өз ісінің қоғамдық қауіптілігін түсінуін оның заңға қарсы екендігін түсінумен байланыстырады. Бұл жағдай көбінесе, әр саладағы арнайы ережелерді қылмысты түрде бұзғанда қолданылады. Мәселен, ҚР ҚК-нің 265-бабының 1-бөлігінде қылмыстық жауаптылық есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе ұлы заттарды өндіру, жасау, құсату, сатып алу, сақтау, есепке алу, босату, тасымалдау, әкелу, әкету, жөнелту не жою ережелерін бәзу, егер бұл әрекетті аталған ережелерді сақтау міндетіне кіретін адам жасаса, тағайындалады. Субъектінің бұл әрекеттердің қоғамдық қауіптілігін түсіне білгендігі, оның айтылған заттарды пайдаланудың (мысалы, сақтау және есепке алу) тиісті ережелерін міндетті түрде білгендігін көрсететіні анық. Ал егерде тұлға бұл ережелермен таныспаған болса, қасақаналықтың интеллектуалдық сәті жойылады, демек, кінә - қасақана емес, бұл тұлға - қылмысқа жауапты емес.
Зиянды салдардың орын алатындығын алдын-ала көре білу -тұлғаның жасаған қоғамдық қауіпті әрекетінің (әрекетсіздігінің) нәтижесінде орын алатын қоғамдық қауіпті салдарды, кінәлінің өзі алдын-ала көре білгендігін көрсетеді. Заңды тұжырымдамаға сәйкес, тікелей қасақаналық кезінде, алдын-ала көре білудің сипаты екі жақты болуы мүмкін. Кінәлі тұлға тиісті қылмыстық салдардың орын алуы мүмкін екендігін де, сонымен қатар, орын алмауының мүмкін еместігін де көріп біледі.
Қылмыстық салдардың орын алуы мүмкін екендігін көре білу - бұл салдардың белгілі бір себептер арқылы болмай қалуы да мүмкін екендігін білдіреді. Олардың болатындығы сөзсіз екендігін көре білу - өзінің тілеген салдарының болмай қалуы мүмкін әлде бір жағдайлардың кінәлі санасынан мүлдем шығарылып тасталғандығын білдіреді. Мысалы, дене күші әлдеқайда басым И. өзінің таныстарымен арақ ішіп отырып, араларындағы Г. - мен жанжалдасу кезінде оны 14 қабаттағы бөлменің ашық тұрған терезесінен далаға лақтырып жібереді. Бұл жерде жәбірленушінің сөзсіз өлетіндігін кінәлінің алдын-ала жобалағандығын -кесіп айтуға болатын анық нәрсе. Егер бұл әрекет екінші қабаттың бөлмесінде жасалса, кінәлі адам қылмысты салдардың болуы мүмкін деп болжар еді.
Заң шығарушы қасақаналықты оның кез келген түрінде (кінәнің абайсыз түрі сияқты) материалдың құрамы бар, яғни объективті жағына кылмыстық салдар жататын қылмыстарға бейімдей отыра тұжырымдайды. Осыған орай, кінәні тұлғаға кез келген зиянды салдары алдын-ала көре білгендігі үшін емес, қылмыстың тиісті құрамының объективті жағының белгілері болып табылатындарын көре білгендігі үшін артады.
Тікелей қасақаналықтық еркіне қарай сәті қылмыстық салдардың орын алуын тілеуімен сипатталады. Бұл тілек кінәлінің ісінің бір мақсатқа бағытталғандығын білдіреді. Ол үшін тиісті қылмыстық салдар - оның қоғамдық қауіпті әрекетінің (әрекетсіздігінің) саналы, әрі мақсатты түрде көздеген нәтижесі.
Қорыта келе, тікелей қасақаналықтық мазмұнын қылмыстық құқықтың бағалау тұрғысынан қарапайым мысалмен көрсетейік. Э. мен О.-нің мылтықпен шекесінен атқанынан жәбірленуші сол жерде қаза болады. Э. кісі өлтіруді тікелей қасақаналықпен жасады. Бұл қасақаналықтық интеллектуалдық сәті – кінәлінің өз әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігін, яғни ол әрекеті жәбірленушіні өлімге әкеліп соқтыратынын алдын-ала түсінгендігінде және оның өлуі мүмкін немесе сөзсіз екендігін алдын-ала көре білгендігінде. Э.-нің мылтықпен О.-ны шекесінен атқандығы, -қасақаналықтық еркіне қарай сәті, жәбірленушінің өлімін тілегендігін дәлелдейді.
Тұлғаның өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіптілігін түсіне біліп, қоғамдық қауіпті салдардың орын ала-тындығын алдын-ала көре тұрып, өзі тілемей, бірақ сол қауіпті салдарға саналы түрде жол берген немесе оларға немқұрайды қараған кезіндегі қасақаналықтық түрі -жанама деп аталады.
Өзінің интеллектуалдық сәті бойынша жанама қасақаналық тікелей қасақанадықпен көп жағдайларда бір жерден шығады. Бұл мәселеде олардың айырмашылығы - тек қылмысты салдарды алдын-ала көре білудің сипатында ғана. Жоғарыда айтылғандай тікелей қасақаналық кезінде тұлға қылмысты салдардың мүмкін болуымен қатар, олардың сөзсіз болатындығын да алдын-ала болжап біле алады. Ал жанама қасақаналық кезінде кінәлінің алдын-ала болжай білгендігі қылмыстық салдардың мүмкін болуымен қана байланыстырылады. Жанама қасақаналықтың бұл ерекшелігі - оның қасақаналық түрлерін бір-бірінен жалпы ажырату үшін негізделетін еркіне қарай сәтімен тығыз байланысты.
Жанама қасақаналық кезінде, тікелей қасақаналықпен салыстырғанда, тұлға қылмыстық салдардың болу мүмкіндігін алдын-ала көре білгенімен (интеллектуалдық сәті), ол салдардың болуын тілемейді. Қылмыстық заң мұндай тілемеушіліктің екі түрін ажыратады: қылмысты салдарға саналы түрде жол беру және оларға немқұрайды қарау. Алайда, тұлғаның өзі жасаған әрекеттердің (әрекетсіздіктің) салдарына психиалық қатысты, көп жағдайда, салдардың болуына немқұрайды қараушылықпен оларға саналы түрде жол берушіліктің бірігіп кетуін болжайды.
Сонымен, жанама қасақаналық кезінде қылмысты салдардың болуын тілемеу - түлға өз ісінің қауіпті салдарына немқұрайды қарағандығынан, олардың орын алуына саналы түрде жол бере тұра, өз ісінің қоғамдық қауіпті салдарының орын алуын көздемегенін білдіреді.
Жанама қасақаналық кезінде, кей уақытта қылмыстық салдардың орын алуына саналы түрде жол беру (немесе оларға немқұрайды қарау) бұл салдардың орын алуын тілемеумен бірлесіп келеді. Мысалы, тұлға жәбірленушінің үйінде болмаған кезін пайдаланып, одан өшін алу мақсатымен, түнде үйіне өрт қояды және ол үйде жәбірленушінің қартайған әке-шешесінің бар екенін алдын-ала біліп отырады. Бұл жерде кінәлі қарттардың өртке шалынбай, одан аман-есен қашып шыға алатындығына сенуі мүмкін. Ал егер бұл сенім қылмыстық салдардың орын алуының алдын алатындай нақты бір жағдайлардың болуын көздемеген болса, бұл - жанама қасақаналықтың жәбірленушілердің өліміне саналы түрде жол беру түріндегі еркіне қарай сәтінің айқын көрінісі. Бұл жағдайда тұлға аяқ астынан болып қалуы мүмкін әлде бір кездейсоқтыққа сенеді (соның арқасында жәбірленушілердің өлмеуі мүмкін болатындай). Алайда, А.А. Пионтковскийдің өте орынды айтқанындай "бәлкімге сену" - бұл түкке де сенбеу деген сөз /5/. Осыдан шығатын түйін –жәбірленушілер қаза болған жағдайда, мүлікті өртеу арқылы қасақана жоюдан басқасы, жанама қасақаналықпен ауырлататын мән-жайлар арқылы кісі өлтіру деп бағалануы тиіс. Қасақаналықты тікелей және жанама деп бөлудің қылмыстарды бағалау, қылмыстық жауаптылықты жэне жазаны жеке басқа қарай бейімдеу үшін маңызы үлкен. Мәселен, формальды құрамдас, яғни құрамына белгілі бір қылмыстық салдар кірмейтін қылмыстар, тек тікелей қасақаналықпен ғана жасалуы мүмкін.
Мысалы, қауіпті жағдайда қалдыру, яғни жасының кішілігіне, кәрілігіне, аурулығына, өзінің шарасыздығына байланысты өмір мен денсаулық үшін қауіпті жағдайда қалып, әрі өзін-өзі қорғай алу мүмкіндіктерінен айырылғандарды тұлғаның көпе-көрнеу көмексіз қалдыруы, егер кінәлінің ол тұлғаға көмек көрсете алу мүмкіндігі, ол туралы қамқорлық жасау - міндетті болса немесе өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті жағдайға өзі әкелген болса, осының нәтижесінде жәбірленуші ауыр салдарға ұшырай ма, жоқ па, оған қарамастан, қылмыс аяқталған деп мойындалады. Бұл жағдайда кінәлінің психикалық қатынасы оның қоғамдық қауіпті әрекетсіздігіне (қауіпті жағдайда қалдыру) ғана қатысты анықталады және бұл әрекетсіздіктің қоғамдық қауіптілігін түсінуімен, өз міндетін атқарудан бас тартқысы келгендігінен білінеді. Қасақаналықтың тікелей және жанама болып бөлінуінің ең маңызды іс жүзіндегі мағынасы -бұлай бөлудің қасақана кінәні абайсыздықтан болған кінәдан ажыратып алу үшін маңыздылығында, себебі дәл осы жанама қасақаналық абайсыз кінәнің бір түрі болып табылатын қылмыстық жеңілтектікпен ұласушы психикалық қатынас болып табылады. Және де, дәл осы жанама қасақаналық пен қылмысты жеңілтектіктің ортасында, қасақаналық пен абайсыздықтың "қақ айырылатын" жігі жатыр.
Қасақаналықты тікелей және жанамаға бөлудің қылмысқа оқталуды аяқталған қылмыстан ажырату үшін де үлкен маңызы бар. Себебі, қылмыстық құқық теориясы мен сот тәжірибесі қылмысқа оқталу мүмкіндігін тікелей қасақаналықпен жасалған қылмыстар төңірегінде ғана шектейді. Мысалы, М.Ч-ны өлтіруге әрекеттенгені үшін сотталады. Кінәлі, өшін алу үшін, жәбірленушінің мойнына пышақпен ұрады. Ол екінші соққысын беруге ыңғайланғанда, жәбірленуші қарсылық көрсетіп бұл соңғысы әлсіз ғана тиеді. Ол бұдан кейін де соққы беруге
ұмтылғанымен Ч-ның көмек сұрап айқайлаған дауысына жүгіріп келген адамдар оған жол бермейді. РФ Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі Сот алқасы М. жәбірленушінің мойнына пышақ сала отырып және екінші рет пышақ жұмсауға ұмтылып өз әрекеттерінің қоғамдық қауіпті сипатын түсіне білді, жәбірленушінің өліп кететінін алдын-ала біле тұра, оған саналы түрде жол берген, яғни жанама қасақаналықпен әрекеттенген дегенге сүйене отырып, М.-ның әрекетін денеге касақана түрде ауыр зақым келтіру деп қайта бағалаған. Алайда РФ Жоғарғы Сотының Төралқасы бұл шешіммен келіспей, кассациялық анықтаманы бұза отыра, кінәлінің қасақаналығының мазмұны туралы мәселені шешер кезде. соттың «жасалған қылмыстың барлық жағдайларының жиынтығына сүйенуі керек екендігін, атап айтқанда, қылмыстың тәсілі мен қаруын, жаралар мен басқа да дене зақымдауының санын, сипатын, орнын (мысалы, адамның өмірлік маңызы бар мөшелері болуы мүмкін), қылмыстық әрекеттердің тоқтау себептерін және т.б. ескеруі керектігін» атап өтті. Бұл қылмыстың жасалу жолдарын мүқият зерттеу ісі осы шешімнің дұрыстығын растай түсті. Өмірлік маңызы бар саналатын мүше - мойынға пышақ жұмсау, екінші рет тек бөтен адамдардың араласуынан ғана беті қайтарылған қатты соққыға ұмтылыс және қазіргі заманғы дәрігерлік көмектің арқасында ғана денеге тиіп өлгерген пышақ ізінің ауыр салдарының бетін қайтару жағдайларының барлығы жиыла келіп, М., жәбірленушінің өліп кету мүмкіндігін алдын-ала көре білгендігін және де дәл осындай салдардың орын алуын қалағандығын, яғни тікелей қасақаналықпен әрекеттенгендігін дәлелдейді. Олай болса, кінәлінің әрекетін Жоғарғы Сот Төралқасы кісі өлтіруге оқталғандық деп орынды бағалаған.
Сонымен қатар, қасақаналықты тікелей және жанама деп бөлудің -жазаны жеке басқа қарай бейімдеу үшін де маңызы бар. Жалпы ереже бойынша, тікелей қасақаналықпен жасалған қылмыстардың қауіптілігі жанама қасақаналықпен жасалғандарға қарағанда жоғары деп есептеледі. Бұл, бірінші аталған жағдайда кінәлінің санасы мен еркі қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасап, қылмыстық салдар келтіруге тікелей бағытталғандығымен байланыстырылады.
Заң шығарушы қасақаналықтың тікелей және жанама сияқты екі түрін айтумен шектеледі. Алайда, қылмыстық құқық теориясы мен сот жұмысына, қасақаналықтың басқа да түрлері белгілі, Мәселен, пайда болу уақыты бойынша қасақаналық - алдын-ала ойластырылған және аяқ астынан пайда болған сияқты түрлерге бөлінеді. Алдын-ала ойластырылған қасақаналық - қылмыс жасау туралы қабылданған ниет пен сол қылмыстың өзі бір-бірімен, белгілі бір уақыт аралығымен бөлініп тұратындығымен сипатталады. Осы уақыт аралығында субъект қылмыс жасау жоспары мен тәсілін (орны, уақыты, құралы мен тәсілі және т.б.) ойластырып, құрастырумен болады.
Аяқ астынан пайда болған қасақаналық - (аяқ астынан) кенеттен пайда болып бірден жүзеге асырылумен сипатталады. Теория жүзінде, жалпы ережелер бойынша, алдын-ала ойластырылған қасақаналықпен жасалған қылмыс, аяқ астынан пайда болған қасақаналықпен жасалғаннан қауіптірек деп саналады.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі аяқ астынан пайда боған қасақаналықпен жасалған қылмысты екі-ақ жағдайда азырақ қауіпті деп санайды. Бұл - мұндай қасақаналық аффекттің әсерінен пайда болғанда орын алады. Мәселен, заң шығарушы аффект күйінде кісі өлтіру немесе денсаулыққа ауыр не орташа дәрежеде зиян келтіруді жеңілдетуші жағдайы бар қылмыстардың дербес құрамына бөлген (ҚР ҚК -нің 98, 108-аптары). Аталған жағдай, жаза тағайындау кезінде жәбірленушінің қылмысқа себепші болған, заңға қарсы не адамгершілікке қарсы әрекеттері сияқты жеңілдетуші жағдайлар аясында ескерілуі мүмкін.
Кінәлінің өзі жасайтын іс-әрекеттің қоғамдық қауіпті салдары туралы түсінігінің айқындылығы мен дәрежесіне қарай қасақаналық анықталған және анықталмаған болып бөлінеді.
Анықталған қасақаналық тұлғаның өзі жасайтын қоғамдық қауіпті әрекетінің немесе әрекетсіздігінің сипатын және салдарының мөлшерін анық түсінуімен сипатталады. Сонымен қатар, анықталған қасақаналық кінәлінің жалғыз ғана қылмыстық салдардың орын алуын көре білуі, яғни қарапайым және кінәлі екі немесе одан да көп қылмысты салдардың орын алуын мүмкін екендігін көре білетін - екі ұшты болып келеді. Мысалы, пышағын жүрекке жұмсайтын кісі өлтіруші, өлімнің орын алатынын алдын-ала біліп, қарапайым анық- талған қасақаналықпен әрекеттенеді. Ал пышақты жәбірленушінің ішіне салатындар екі ұшты қасақаналықпен әрекет жасайды, себебі осының салдарынан жәбірленушінің не өлетіндігін, не оның денсаулығына ауыр зақым келетіндігін біле тұра, бұл салдардың кез келгенінің орын алуына саналы түрде жол береді.
Анықталмаған қасақаналық кезінде кінәлі тұлға қылмысты салдарды көре білгенімен - нақтыламаған. Бұл - қолданылуы әр түрлі салдарға әкеліп соқтыратын қарулар мен құралдарды пайдалана отыра, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қол сұғушылық кезінде болуы мүмкін. Мысалы, жәбірленушінің басынан таяқпен ұру, оның басын таспен ұру, аяқпен бастан, кеудеден, іштен ұру. Мұндай жағдайларда әр түрлі салдардың, өлімнен - денсаулыққа жеңіл зақым алуға дейін орын алуы мүмкін. Қылмыстық құқық теориясы мен сот тәжірибесі мұндай жағдайларда жауаптылықтың шын мәнінде келтірілген салдарға байланысты анықталатынына сенеді, себебі, кінәлі бұл салдардың кез келгенінің орын алатынын көре білді және олардың орын алуына саналы түрде жол берді. Алайда, мұндай бағалау тек анықталмаған қасақаналық анықталған жағдайда ғана негізгі болып табылады. Егер нақты бір жағдайда, жәбірленушінің басынан таяқпен ұру кезіңде оны өмірден айыруға бағытталған тікелей қасақаналық анықталса, жәбірленушіге шын мәнінде келтірілген онша ауыр емес зиянның өзінде (айталық, денсаулыққа орташа ауыр зақым келтіру) қасақана кісі өлтіруге оқталғандық деп бағалау керек.
Информация о работе Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оньң маңызы