Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 01:07, отчет по практике
Негізгі ұн өнімдерінен жасалатын кондитерлік тағам құрамында бірталай крахмал түріндегі көмірсуы, ұн, және де ақуыз бар. Крахмал адам ағзасында қантқа айналып, энергияның негізгі көзі, ал ақуыздар жасушамен теріні қалыпты тұрғызатын пластикалық материал болып табылады. Көптеген жағдайда ұн өнімдерінен жасалатын кондитерлік тағамдарға қант қосады соның әсерінен олар көмірсулармен байытылады. Жұмыртқа – көптеген тағамдарды дайындауда пайдаланылады, құрамында ақуыз, май және дәрумендер бар.
Кондитерлік тағамдарға жұмыртқаны, майды (маргарин) немесе құрамында май бар тағамдар (сүт, қаймақ, қоюланған сүт) пайдаланудан құрамындағы дәрумендер мөлшері көтеріледі.
1. Кіріспе
1.1 Қауіпсіздік техникасының ережелері
1.2. Алғашқы медициналық көмек
1.3. Кәсіпорынның санитарлық гиниеналық талаптары
1.4. «Азық-түлік және азық қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.
1.5. Еңбекті қорғау ережелері
2. Негізгі бөлім
2.1 ЖШС «Кондитер- Микс» даму тарихы.
2.2. Кәсіпорынмен танысу
2.3 Кәсіпорын құрамы
2.4 ¥йымдык структура және кұкыктық статус
2.5 Дайын өнімнің ассортименті. Фирмалық дукендер мен клиенттер.
3. Реферат. «Мираж» торты мен «Никс» печеньесін дайындау технологиясы
3.1 «Мираж» торты мен «Никс» печеньесінің №сипаттамасы
3.2 Шикізатты өндіріске дайындау
3.3 Кондитерлік өнімдерді пісіру технологиясы
3.4 «Мираж» торты мен «Никс» печеньесі үшін технологиялық схема
Қосымша
Қорытынды
Зақымданған адамды ток жүретін бөліктерден ажыратқаннан кейін жайғастырып жатқызу керек, киімін ағыту қажет, таза ауа ағынын қамтамасыз ету керек. Егер зақымданушы нашар тыныс алса – жәй және дірілдеп – онда оған жасанды тыныс беру керек.
Қауіпсіздік техникасы .
Көптеген ұйымдар жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін басқару мүмкіндіктерінің тиімділігі және әрекетіне ықылас білдіреді. Бұл еңбекті қорғау аумағындағы заңдылықты және экономиканы реформалауды жақсарту жағдайларында іске асырылады.
Адам тіршілігі процесінде қауіпті заттар әсер етуі мүмкін. Кейде олардың әсерінен белгілі бір жағдайларда адам денсаулығына тікелей немесе жанама зиян келтіреді.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 28 ақпан айында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» заңы шығарылды. Бұл заң Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау саласында қоғамдық қатынасты реттейді және еңбек қызметі процесінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді.
Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы заңнан өзге де құқықтық актілерден тұрады.
Еңбек қауіпсіздігі аумағындағы мемлекеттік саясат келесілерге бағытталған:
-еңбек қауіпсіздігі және
-еңбек қауіпсіздігі және
-Қазақстан Республикасының
-еңбек қауіпсіздігі және
-қиын жұмысқа және еңбектің зиянды, қауіпті заттарымен жұмыс істегені үшін оған қосымша көмекті орнату;
-еңбек шарттары туралы
Адамға оның қызметінде қауіпті әсерлер болады. Яғни, ол өндірістік орта деп аталады. Көбінесе өндірісте оған техникамен байланысты қауіп-қатерлерге ұшырауы мүмкін. Оларды қауіпті және зиянды өндірістік факторлар деп аталады.
Біздің елде еңбек ететіндердің денсаулығын сақтау және жұмыс жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өнеркәсіптің барлық салаларында іске асырылатын технологиялық прогрес, өндірістік процестердің механикаландыру және автоматтандыру деңгейін жоғарлатуға, еңбектің санитарлы-гигиеналық жағдайларын жақсартуға және қауіпсіздікті жоғарлатуға бағытталған.
Халық шаруашылығының барлық салаларында жүзеге асырырылатын техникалық прогресс өндірістік процесті механикаландыру мен автоматтандыруға, еңбектің санитарлы-гигиеналвқ шарттарын жақсартуға бағытталған.
Тіршілік қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша жасалатын дәстүрлер-өндірістің жалпы кешені болып табылады.
Май өңдеу зауытында қызмет көрсетуші персонал тіршілік қауіпсіздігінің ережелері мен жұмыс орындарындағы техникалық инструкцияларды қатаң сақтаса, жұмыс шартының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Информация о работе Отчет по практике в "Кондитер-Микс" на казахском языке