Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 20:14, курсовая работа
Сынау деп объектінің сандық және сапалық сипаттамаларын экспери-менттік анықтау аталады. Объект бір бұйым, бұйымдар партиясы, бұйым макеті немесе моделі, өнім және оның жұмыс істеу және өндіру процестері.
Сынаудың негізгі белгілері мыналар болып табылады:
- объект бойынша белгілі шешімді, яғни оның жарамдылығы немесе ақауланғандығы туралы шешімді қабылдау;
- сынаудың талап етілетін нақты шарттарын беру.
КІРІСПЕ...................................................................................................................
1 СЫНАУДЫҢ МӘНІ............................................................................................
1.1 Сынау жайлы түсінік........................................................................................
1.2 Сынаудың сипаттамасы..................................................................................
1.3 Сынау көрсеткіштерінің мәні мен жіктелуі.................................................
2 ШӘЙ ӨНІМІНІҢ САПАСЫН АНЫҚТАУ.................................................
2.1 Шәй өніміне сынақ жүргізу............................................................................
2.2 Шәйдың түрлері...............................................................................................
2.3 Шәй обьектілеріне қойылатын жалпы талаптар..........................................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................
Маслоу тұжырымы бойынша, əр деңгейдің қажеттілігі алдыңғы деңгейдегі тұтынушы қанағатына байланысты жəне әлеуметтік қажеттіліктері тұтынушыны қорғау туралы толық қанағаттандыруды қажет етеді. Келесі деңгей - мойындау болып келеді. Бұл мəртебенің қажеттілігі жəне қоршаған ортаның қатынасы. Ең жоғары – қажеттіліктің өздігінен жетілуі жəне дамуы. Осы қажеттіліктердің барлығы тек қана бір адам үшін ғана емес ол барлық ұйымға жəне де үлкен қоғамға əсер етеді.
1.3 Сынау көрсеткіштерінің мәні мен жіктелуі
Өмір салтының сапасына материалды орта - өнім мен қызмет сапасы көп әсер етеді. Сондықтан өнім мен қызмет сапасы мәселесі бұған дейін де, қазір де актуалды. Ол шешімі біздің мемелекетіміздің экономикалық түрактылығына тәуелді стратегиялық мәселе болып табылады. Көптеген өндірістердің, конструкторлар үжымының, кызмет өрістерінің қызметтерін біріктіретін сапаны жақсарту процесі тек кана тауар мен кызметті сатудан пайда алу үшін ғана емес, сондай-ақ ең маңыздысы - жалпы коғам мен оның мүдделеріне кажет.
Сәйкес пайдалылыққа (сату бағасы мен өзіндік құн арасындағы айырмашылық) ие тауар ұдайы сұранысқа ие болуы керек. Тауарды тек бізге қажет болғаны үшін ғана емес, бізге ұнағаны үшін де сатып алып, бағасын төлейміз. Тауардың сырт түрі, қолданыстағы қолайлылығы, кызмет ету уақыты, техникапық сипаттамалары, кепілдік қызмет көрсету шарттары - оның бағасын анықтауда шешуші моменттер болып табылады, онда біз сатып алған нәрсенің бағасын «артылған үміт» немесе «тауардың пайдалылық деңгейі» факторына сәйкес төлейміз. Тауардың сатылуын анықтаушы қажетті шарттар түтынушының тауардың кепілді сапасына сенімділігі мен тауардың бағасы болып табылады.
Сапа - өз тағайындалымына сәйкес болуы үшін тауарда болуы керек жекеше касиеттердің, пішін, сыртқы түр және қолдану шарттарының жиынтығы. Осы барлық элементтер бұйым сапасына талаптарды анықтайды, олар шикізат сапасын қарастыратын техникалык шарттарда, қүрылмалық өлшемдерде, конструкторлық күжаттамаларда, бұйымның техникалық сипаттамасында жобалау сатысында нақты жүзеге асырылған.
Әдебиеттерде сапа түсінігі әр түрлі трактталады. Дегенмем сапа түсінігіндегі негізгі айырмашылық топтық-әкімшілік және нарықтық экономикалар шарттарының арасындағы айырмашылықпен анықталады. Біріншісінің шартында сапаөндіруші тұрғысынан, ал нарықтықта тұтынушы тұрғысынан трактталады.
Өнім сапасы өнімнің барлық қасиеттерін қамтымайды, тек қана өнімнің өз тағайындалымына сәйкес белгілі кажеттіліктерді қанағаттандыру мүкіндігімен байланысты қасиеттерін ғана қамтиды.
Бұйым сапасы бұйымды өндіру күрделілігі мен оны пайдалану және түтыну кезіндегі әсерлілігін шарттайтын әр түрлі конструктивті және технологиялық касиеттерін қамтиды. Бұйым сапасына әдетте, бұйымның тағайындалымына байланысты тура қолдануға қажетті техникалык кызмет корсетуге, жөндеуге, сақтауға және көліктік тасымалға жарамдылығын шарттайтын касиеттері кіреді. Бұйымның сапасын анықтайтын қасиеттер қатарына, сондай-ақ қауіпсіздік пен ұзақ уақыт кызмет етуі жатады.
Стандарттау бойынша халықаралық ұйым (ИСО) сапалы өнімге немесе қызметке болжалған немесе шартталған қажеттіліктерді канағаттандыруга кабілет беретін қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы түрінде тракттайды. Сапа түсінігімен өнімнің техникалық деңгейі, тауардың бәсекеге қабілеттілігі, сапа ілмегі, сапа көрсеткіші деген түсініктер тығыз байланысты.
Өнімнің техникалық деңгейі бағаланушы өнімнің техникалық жетілдіруін сипаттайтын корсеткіштер мәндерін сәйкес базалық корсеткіштер мәнімен салыстыруға негізделген, өнім сапасының қатыстық сипаттамасы түрінде анықталуы мүмкін. Өнімнің техникалық деңгейі оның сапасының құраушы болігі, ол әр түрлі көрсеткіштерде бейнеленіп, оригиналды конструктивті шешімдерді қолдану, жаңа материапдарды қолдану, өнімді ондірудің, бақылау мен сынаудың жаңа қаркынды технологиялық процестерін енгізу нәтижесінде артады.
Осындай әдіспен, өнімнің техникалық деңгейі бағаланушы өнімнің техникалык жетілуін сипаттайды, ол өндірістікте, қауіпсіздікте, үнемділікте, әкологиялықта және т.б. бейнеленіп, жаңа конструктивті шешімдерді, өнімді өндірудің, бақылаудыц және сынаудың перспективалык технологияларын қолдану нәтижелерінде артады.
Тауардың бәсекеге қабілеттіліг
Сапа ілмегі дегеніміз келесі сатыларды қамтитын өнімнің өмірлік циклы:
Бүгінгі таңда тұтынушының талғамына бірдей болып көрінетін тауарлардың түрлері әртүрлі бағамен сатылады. Сонымен қатар, тұтынушының ойынша сәйкес келмейтін бірдей бағамен сатылатын тауарлардың саны өте көп. Әр тұтынушы өзінің тауар сапасына деген көзқарасы, оның бағасы және жарамдылығына байланысты бағалы болып көрінетін тауарларды таңдауға тырысады. Сондықтан тұтынушылар тауарының бағалылығы барлық сатып алушыларға бірдей еместігі шығады. Осыдан өнім құрамының бір немесе бірнеше оның сапасын құрайтын сандық сипаттамасы өнімнің сапа көрсеткіші деп аталады. Осындай сапа қасиеттерінің бірнеше көрсткіштері бар.
Тағайындау көрсеткіштері өнімді белгілі бip бағыт бойынша қолдану даналынған экономикалық, пайдалы тиімділікті көрсетеді. Өндірістік-техникалық өнімдер үшін негізгі көрсеткіш ретінде өнімділік көрсеткіші алынады. Ол бағаланатын өнімнің көмегі арқылы шығарылатын өнімнің жалпы көлемі анықтауға қажет.
Сенімділік көрсеткіштері өнімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт сақталуын, жөндеуге жарамдылығын көрсетеді.
Технологиялық көрсеткіштер өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі еңбек өнімділігін арттырудың конструкторлық-технологиялық шешімдердің тиімділін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы жаппай өнім шығаруға, өндірісті технологиялық дайындау, өнімді шығару және сату барысында материалдар мен еңбек құралдарын, уақытты тиімді пайдалануға жағдай жасайды.
Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері шығарылған өнімдердің стандартталған және сәйкестендірілген бөліктерінен тұрады.
Эргономикалық көрсеткіштер адамдар мен заттардың арасындағы арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы психологиялық, физиологиялық, гигиеналық қасиеттерін көрсетеді. (Температураның, шудың, вибрацияның, газдың, будың және т.б. ылғалдылықтың әсерлері).
Эстетикалык көрсеткіштер өнімнің сыртқы орындалуын, формасын, тауарлық түрін қамтамасыз етеді.
Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділігін, шыдамдылығын көрсетеді.
Патенттік-құқықтық көрсеткіштер патенттік тазалық, патенттік қорғалымдылықты, өнімдердегі жаңа техникалық шешімдерді, тауарлық белгі мен өндірістік үлгіні тіркеуді көрсетеді.
Экологиялық көрсеткіштер — өнімдерді icкe қосқанда және қолданғанда қоршаған ортаға тигізетін кері әсерлері деңгейін керсетеді. (Мысалы: өнімдi сақтағанда, тасымалдағанда және іске қосқанда, қayiптi қоспалардың, газдардың, радиациялық сәулелердін болу мүмкіндігі).
Қауіпсіздік көрсеткіштер (өнімді жөндеу, сақтау, тасымалдау, шығару, колдану кезіндегі қауіпсіздікті сақтау).
Экономикалық көрсеткіштер — өнімнің сапасын жоғарылату үшін шығындар мен жасалу жолдарын сипаттайды.
Бұйымның жоғары сапасы әртүрлі факторлармен анықталады, олардың бастылары мыналар болып табылады: техикалық сипаттамадағы факторлар (метрологиялық, технологиялық конструкторлық және т.б.); экономикалық сипаттамадағы факторлар (қаржылық, нормативтік, материалдық және т.б.);әлеуметтік сипаттағы факторлар (құқықтық, кадрлық және т.б.);
Сынауды жақсарту мәселесін кесіпорында тұрақты түрде қолданылатын шаралар жүйесін енгізу арқылы ғана шешуге болады. Осындай сапа жүйелері көптеген жылдар бойы құрылып және жетілдіріліп келеді. Қазіргі кезде ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарда белгіленген сапа жүйесі қабылданды. Бұл жүйенің негізгі принципі - сапаны басқаруда өнімнің өмірлік циклінің барлық сатылары мен кезеңдерін қамту. Өнімнің өмірлік циклі - өнімді жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері, яғни өнімді өндіргенде және пайдаланғанда болып отыратын өзгерістерге сай өзара байланыстағы процестер жиынтығы болып табылады. Өмір циклі маркетингтен басталады. Маркетинг деңгейінде - өнімге тапсырма берушілер және олардың талаптары анықталады. Жобалау деңгейінде тұтынушының барлық талаптарына сай өнімді жасау қарастырылады. Өндіру кезінде жобада белгіленген сапа деңгейі қамтамасыз етіледі. Айналым деңгейінде қалыптасқан сапа тасымалдау, сақтау, сатуға дайындау, сату кездерінде сақталуы керек. Пайдалану деңгейінде сапаны басқаруға тұтынушы кірістіріледі. Тұтынушының өнімді пайдалану жағдайы жақсы болса, онда оның қолдану мерзімі де артады. Қолданыстан шығару деңгейінде пайдаланылған өнімнің табиғи ортаға зиянды әсерін болдырмау керек. Кәсіпорынның іс-қимылы өнімді қолданыстан шығарумен бітпейді. Осы кезеңге қарай немесе одан да ертерек қажеттілік анықталады және маркетинг жүргізілгеннен кейін кәсіпорын жаңа өнім түрін жобалауға кіріседі. Осылай сапаны басқару саласындағы жаңа айналым басталады. Сапа жүйесінің қажетті элементтері: ұйымдық құрылымы, әдістемесі, ресурстар мен процестер. Сапа жүйесінің ұйымдық құрылымы кәсіпорын жұмысын басқару шеңберінде құрылады да, оның бөлімшелерінің және қызмет істеушілерінің арасында құқығын, міндеттерін және функцияларын бөліп беру болып табылады. Әдістеме - іс-қимылдарды жүргізудің белгіленген тәсілдері (ИСО 8402). Ресурстар - қызмет көрсетушілер, қызмет ету құралдары, құрал-жабдықтар, технология. Процесс (ИСО 8402) - қолданылатын элементтерді (өнімге қатысты - шикізаттар, материалдар) дайын өнімге айналдыратын өзара байланыстағы ресурстар мен іс-қимылдар. Сапа жүйесінің бар екендігін және оның қойылған талаптарға сөйкестігін осының барлығына тиісті құжаттар болғанда ғана дәлелдеуге болады. Құжаттар сапа жүйесін жасаушыларға, қолданушыларға және тексеру органдарына көрсетуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, сапа жүйесі - сапаны жалпы басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдастыру құрылымы, әдістеме, процесс және ресурстар жиынтығы.Стандарттау, метрология және сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуде негізге алынатын техникалық заңнамалар.Техникалық заңнама - техникалық объектілерге: өнімге, оның өмірлік циклі процестеріне, қызмет көрсетуге және қойылған талаптардың сақталуын тексеруге қатысты талаптарды регламенттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. 2004 жылдың 9 қарашасында қабылданып, 2005 жылдың 14 мамырынан қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңы 1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданған «Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» Заңдарының күшін жойды. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының қолданысқа енгізілуі құқықтық тұрғыдан өнімнің, қызмет көрсетудің және процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің жаңа кезеңінің басталуы болып табылады. Құрылып жатқан техникалық реттеу жүйесінің жұмысын әрі қарай жетілдіруде келесі маңызды қадам, ол 2006 жылдың 26 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы. Осы заң бойынша бұрын қабылданған 33 заңның 274 баптарына, соның ішінде «Техникалық реттеу туралы» Заңның 29-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Техникалық реттеу жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты, ол адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, соның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғаудың нәтижелі жүйесін құру және саудада қисынсыз, артық кедергілерді болдырмау.
Сынауды талдау.Кәсіпорын өнеркәсібінің қызметінің маңызды көрсеткіштері өнім сапасы болып табылады. Оның жоғарлауы – бәсекелік күрестің бір формасы, нарықта позицияны ұстау және жаулау. Өнімнің сапалық деңгейін жоғарлауының себебі өнімге деген сұраныстың өсуі және пайда қосындысының көбеюі тек қана сату көлемінің есебі емес және басқа да бағалардан жоғарлауы.
Қорытындылау көрсеткіштер барлық шығарылған өнімдердің сапасын мінездеді оның түрлері және белгілеуіне тәуелсіз.
а) шығарылатын барлық жаңа өнімнің салмағы;
б) жоғары дәрежедегі сапалы өнімнің салмағы;
в) өнімнің орташа өлшемдік баллы;
г) сұрыптылықтың орташа коэффиценттігі (шығарылған өнімнің бағасының арақатынасы) оның бірінші сортының бағасы бойынша.
д) аттестацияланған салмағы және аттестатталмаған өнімдер;
е) сертифицияланған өнімнің салмағы;
ж) әлемдік стандартқа сәйкес өнімнің салмағы;
з) Экспорттағы өнімнің салмағы, сондай-ақ жоғары дамылған өндірістегі елдер.
2 ШӘЙ ӨНІМІНІҢ САПАСЫН АНЫҚТАУ
2.1 Шәй өніміне сынақ жүргізу
Сынау функциясы — мезгіл-мезгіл басшыны күнделікті жұмыстардың жағдайын, ясни жоспарды орындау барысымен таныстыру болғандықтан, бақылау функциясы мен жоспарлау функциясы арасында тікелей байланыс бар екенін атап өту қажет. Бақылау стратегиялық шешімдерді қабылдау да, оперативті іс-қимылдарды атқаруда да қажет.
Сынақ жүргізу үшін сандық және сапалық нормалар (стандарттар) орнату керек. Нормалар ретінде жұмыстың нәтижесін бағалайтын критерийлер қолданады. Жұмыс істеу нормаларына қойылатын талаптар: олар дәлелді, икемді болуы қажет және жаңа жоспар құрылған сайын жаңартылып тұру керек. Сондықтан жаңа нормаларды жасаған кезде күнделікті қызметті талдап, өткендегі жетістіктерге ықпал еткен факторлар мен себепті анықтау керек және болашақта қосымша ресурстарды және резервтерді пайдалану арқасында қандай жетістікке қолымыз келетінін, ескеру керек. Қызметті талдаудың келесі этапы — информацияны жинау, өңдеу және ұсыну; осының арқасында басқарудың барлық деңгейіне сай стандарттық мерзімді есеп беруді ойлап табу. Бұл есеп берудің уақыты мен көлемі басқару деңгейінде қабылданатын шешімге қажет информацияға байланысты. Неғұрлым бұл деңгей төмен болса, соғұрлым информация егжей-тегжейлі және қысқа мерзімді болады. Ал жоғары деңгейде ол жалпы, қорытынды түрінде болады. Қажет болған жағдайда стандарттық есеп беруден тыс арнайы түрін енгізеді. Сондықтан мәселе бүкіл ұйым және оның — бөлімшелерінің жұмысы мен жеке операцияларын талдай алатын информациялық қызмет көрсететін жүйе құруда болады.
Сынаудың тиімділігі шешімдердің қаншалықты жылдам және дәлелді қабылданатынына тәуелді.
Сынау функциясын іске асыру біріншіден, есеп және есеп беру жүйелерін ұйымдастырура негізделеді. Тиісті бухгалтерлік және қаржылық қызметтер орындары информацияны жинап өңдейді, бұл информация бұрынғы жетістіктерді сипаттайды, мақсаттарды белгілеуге қажет тенденцияларды айқындайды, жоспарларды және нормаларды, сонымен қатар нақты мәліметтерді жоспармен салыстыруға т.б. информацияларды жеткізеді.
Басқарушылық есеп берудің құру принциптері ретінде жауапкершіліктің орталықтары және «негізгі бақылау нүктелерін» қолдану принциптерін келтіруге болады. Басқарушылық бақылау функциясын орындау кезінде, қазіргі уақытта белгілі «ауытқулар бойынша басқару» және «мақсатты басқару» принциптері де қолданады.
Жауапкершілікті есептеу концепциясының негізгі ойы қарапайым: әрбір басшы жалпы жұмыстардың белгілі бөлігіне жауап береді. Есеп жүйесі басшы жауап беретін іс — әрекеттердің нәтижелерін өлшеуге мүмкіншілік беруге құралады. Ол үшін жауапкершілікті әрбір басшыға табыстау оңай болу мақсатымен оларға тапсырмалар тәптіштеп орнатылады. Бақылаудың тиімділігі жоғары болсын десек, есеп беру жүйесі жоспарлау жүйесіне сай болу керек.
Сынау жүйесі тиімді болса басшының назары маңызды мәселелер шешімдерінде болады. Егер қызмет барысы жоспар бойынша жүріп жатса басшыға ешқандай информация түспеу керек. «Ауытқу бойынша басқару» принципі басшының назарына әр түрлі ауытқуларды туғызатын жағдайлар ғана түседі. Ауытқу барын белгілейтін бақылау информациясы басшыларға тез талдау жасап, қажетті шаралар қолдануға итереді. Осының нәтижесінде басшылар маңызды және «тар жерлерге» көңіл бөліп оларды жоюға мүмкіндік алады.
Сынау информациялардың ағымдары келесі принциптерге сәйкес ұйымдастырылады: басқару деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын фирма негізгі стратегиялық нүктелерінен шығатын информация соғұрлым синтезделген және еркін болады. Мұндай құрылым информация көлемін шектеу үшін, яғни бақылау көрсеткіштерін неғұрлым азайтып, сонымен бірге басшыга өзінің басқару деңгейінде бақылауға мүмкіндік беру үшін қажет. Негізгі көрсеткіш ретінде жалпы нәтижеге және жеке бөлімшенің мақсатына елеулі ықпал ететін факторлар алынады.
Сынау түрлері. Сынаудың үш түрін ажыратуға болады: алдын-ала бақылау, күнделікті бақылау, кейінгі бақылау.
Алдын-ала сынау шешімдердің дайындалуын бақылайды. Бұл процесте бақылау өкілеттілігі орган мен бөлімшелердің бекітілген ережелер мен нормативтерге сәйкестігін анықтайды. Алдын-ала бақылау негізі бақылау түрі болмау керек. өйткені пайдалы ықпалымен қатар егер де оған көп көңіл бөлінсе теріс жағымен көрінуі мүмкін.Бір жоспарды орындау кезінде көптеген жағдайлар себебінен жоспарды өзгертуге тура келеді. Оеы себептерді уақытында анықтау күнделікті бақылаудың негізгі міндетіне жатады. Бастықтың ең бірінші міндеті алдына қойған мақсатқа жету болады. Бірақ мақсаттың өзі де өзгеріске шалдығуы мүмкін, мысалы қажеттіліктердің өзгерісіне байланысты т.б. Күнделікті бақылаудың міндеті мақсаттарды орындау мүмкіншіліктері мен құралдарын тауып, оларды нақты жағдайлармен байланыстыру болады.
Информация о работе Шәй обьектілеріне қойылатын жалпы талаптар