Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 20:14, курсовая работа
Сынау деп объектінің сандық және сапалық сипаттамаларын экспери-менттік анықтау аталады. Объект бір бұйым, бұйымдар партиясы, бұйым макеті немесе моделі, өнім және оның жұмыс істеу және өндіру процестері.
Сынаудың негізгі белгілері мыналар болып табылады:
- объект бойынша белгілі шешімді, яғни оның жарамдылығы немесе ақауланғандығы туралы шешімді қабылдау;
- сынаудың талап етілетін нақты шарттарын беру.
КІРІСПЕ...................................................................................................................
1 СЫНАУДЫҢ МӘНІ............................................................................................
1.1 Сынау жайлы түсінік........................................................................................
1.2 Сынаудың сипаттамасы..................................................................................
1.3 Сынау көрсеткіштерінің мәні мен жіктелуі.................................................
2 ШӘЙ ӨНІМІНІҢ САПАСЫН АНЫҚТАУ.................................................
2.1 Шәй өніміне сынақ жүргізу............................................................................
2.2 Шәйдың түрлері...............................................................................................
2.3 Шәй обьектілеріне қойылатын жалпы талаптар..........................................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................
Әр түрлі деңгейдегі басшылардың жұмысында кейінгі бақылау маңызды орын алады. Оның негізі мен құралдары болып жұмыстық нәтижесі және құрылымдық бөлімшелердің тиісті есеп беруі саналады. Бұл бақылаудың түріне шешімді орындауын тексеруге қатысты сұрақтардың барлығы кіреді. Кейінгі бақылау ең толық және жан-жақты қамтитын бақылау болып табылады.
Шәй (Thea) — шай тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар туысының бір түрі; өзі аттас тұқымдасқа жататын өсімдік туысы.
Осы өсімдік жапырағынан дайындалатын және сусын ретінде пайдаланылатын өнім де шай деп аталады. Шайдың жабайы өсетін 2 түрі тараған:
Қытай Шәйы Оңт.-шығыс Азияның таулы аймақтарында өсетін, биікт. 3 м бұта.
Aссам Шәйы - бірнеше түр тармағы (ассам, лушан, нага, хилл, манипурий, бирма, шан, юань, т.б) бар. Үндістанның Ассам ормандарында өсетін, биіктігі 10 — 15 м ағаш.Осы екі Шайдың табиғи гибриді цейлон Шайы да екінші топқа жатады. Шайдың бұл екі түрі де Жер шарының тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріледі. ТМД елдерінен Әзербайжан, Грузия, Ресейдің Краснодар өлкесі және Грекия жерлерінде қытай Шайының негізінде Шайдың бірнеше жаңа сұрыптары алынған. Мыс., Грузия шайы, Краснодар шайы, т.б. Қолдан өсірілетін Шайсұрыптарының биікт. (жинауы оңай болуы үшін) 2 — 3 м-ден аспайды. Жапон Шайы — бұтағы қалың аласа бұта. Шайдың негізгі тамыры 2 — 3 м тереңдікке кетеді, гүлі хош иісті, ақ немесе қызғылт, аталығы 200-ден астам, жемісі — қорапша, 1 — 5 тұқымды, майлы, піскенде қақырап ашылады. Ш. алғаш рет 4 — 5 жылдан соң, содан кейін жыл сайын гүлдеп, жеміс береді, бунақденелілер арқылы айқас тозаңданады. Ол 100 жылға жуық тіршілік етіп, 70 жылдай өнім береді.
Көк шәй (green tea) — Camellia sinensis жапырақтарын тотықтыру арқылы өндірілетін шайдың бір түрі. Қара шайға қарағанда көк шайдың дайындалу жолы, дәмі, құрамы, әсері басқаша болады. Үш түрлі кезеңдегі көк шай демделген жапырақтар, құрғақ жапырақтар және сұйықтық болады.
Оның пайдасы мол. Көк шай адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам жанын сергітіп сейілтеді. Көк шай жан мен тәнді жадырататын дәрумендерге бай. Ол жүрек тамыр ауруларына, әсіресе, қан тасу мен атеросклероз сырқатын емдеуге шипа. Адамдардың ерте қартаюына, әжімнің ерте түсуіне ағзада дәрумендер мен микроэлементтердің аздығы басты себеп екендігі белгілі. Ал көк шай құрамындағы поливитаминді бұл жағдайда ынталандырушы құрал ретінде емдік, профилактикалық мақсаттарда сәтті қолдануға мүмкіндік мол. Тұнба құрамында алколоидтер мен дәрумендер болғандықтан, оның алкогольге қарсы күші де бар. Қытай, Жапон елдерінде көк шай жоғары бағаға ие.Американдық зерттеушілер көк шайдың адам терісінің өліп бара жатқан жасушаларын тірілтетінін анықтады. Көк шайдың құрамына кіретін полифенал ДНК-ның өзгеруіне, рак ауруына ұшырататын радикалдармен күресуге бейімді болып шықты. Сонымен қатар полифеналдың сау жасушаларды қорғап, ісікті жоятын қасиеті бар. Болашақта ғалымдар көк шайдан диабет пен тері ауруларын емдейтін дәрі алмақшы. Егер оны шипалы сусынға ауыстырғыңыз келсе, көк шайды таңдаңыз. Көк шайға бір бөлік лимон мен шай қасық бал қоссаңыз, адамға мол күш-қуат беретін сусынның дайын болғаны. Көк шай жүйке жүйесін тынықтырады. Ал кейбіреулер оны салмақ тастау үшін де ішеді.
Дүниежүзі бойынша тазалықты қадағалаушы әйгілі «Гринпис» ұйымының сарапшылары «Қытайда өсірілетін көк шәйдан қауіпті пестицид табылды» деп мәлімдеді.
Мамандар қытайлық тоғыз ірі кәсіпорындар өндіретін көк шәй, жасмин шәйі және «Улун» деген шәй түрлерінен адам ағзасына зиянды зат бар екендігін анықтаған. Бұл компаниялардың барлығы болмаса да, ішінара өздерінің өнімдерін АҚШ, Жапония, Еуропа, тағы басқа елдерге экспортқа шығарады. «Гринпис» өкілі Ван Цзиннің мәлімдеуінше, тексеруге алынған шәйдің құрамынан Қытай билігі тыйым салған зиянды пестицидтің түрлері бар екен. Оның ішінде метомил және эндосульфан сияқты химиялық зиянды заттар әсерінен адам ұрпақсыз қалуы мүмкін, жүкті әйелдердің ішіндегі нәрестені өсірмей, генетикалық ауытқуларға әкеледі. Ал шәй өсірушілер болса: «өнімдерімізде ешқандай зиянды пестицидтер жоқ, химикаттарды егістікке шашқанда улы заттардың таралып кетпеуіне қатты көңіл бөлеміз» деп сендіргісі келеді. Қытай жағынан келетін көк шәй жазғы айларда өте көп ішіледі. Сондықтан сырттан әкелініп, «Пиала Gold» деген атпен сатылып жатқан шәй өнімдері мамандарымыздың сараптауынан тағы бір рет өтсе артық болмас еді.
Қазақтар Кеңес үкіметі тұсында жаппай грузин шәйін ішетін. Үнді шәйін қолы жеткендер ғана алатын. Қазір үнді шәйі қат емес, дүкендердің сөрелерінде сіресіп тұр. Қазақстан шәй өсірмейді. Бірақ шәй ішпейтін қазақ жоқ, ет жесе де артынан шәй ішіледі. Шәйға қант, сүт, бал, қалампыр, тұз, бұрыш, тіпті май қосып ішетіндер бар. Сондықтан көк шәй да көпшілікке жақсы таныс.
2.2 Шәйдың түрлері
Қара шәй – ең көп таралған түрі (Қытайда бұл сұрыпты қызыл шай деп атайды).
Оның дайындалуында шай ағашының жапырағы өңдеудің барлық түрінен өтеді: сүрлеу, шырынды таңдап алу, кептіру және үгу. Қара шай ми жұмысын күшейтеді, депрессияны, шаршаңқылықты бәсеңдетеді және зат алмасуды жақсартады. Шайдың ағзаға әсер етуі оның шайырының мөлшеріне байланысты: қатты қайнатылған және қант пен лимон араластырылған қара шай артериальді қысымды көтереді, жүрек соғысын жылдамдатады, кейде температураңызды көтеруі мүмкін. Аз шайырмен демделген шай қан қысымын түсіріп, қызуды бәсеңдетеді. Тағы да шайдың бір артықшылығы серотин гормонының көбею әсерінен адамның көңіл-күйі көтеріледі екен. Және бұл ғылыми дәлелденген. Және бұл шай түрі тамыр қабырғаларын қатайтады, тромбовқа кедергі жасайды, ағзадағы керексіз қалдықтар мен ауыр метеллдардан тазартады, антибактериальді әрекеттерді бақылауда ұстайды. Алайда қара шайдың кезектен тыс қолданысы ұйқысыздыққа, күйгелектікке әкелуі ғажап емес.
Жасыл шәйда шай ағашының жапырағынан дайындалады. Бірнеше күн ішінде өңдеулерден өтіп, дайындалынып жасалынады. Өңдеулерден шайдың қасиеті әлдеқайда өзгереді: оның түсі қоюланып, жұқарып, керемет дәм береді. Жасыл шай қатты қайнатылған суға ішпеген жөн, тек 70 – 80 градустан аспайтын қайнатылған сумен ішсе пайдалы. Жасыл шай өңдеулерден өтіп болған соң да өз бойындағы пайдалы заттарын сақтап қалады, атап айтсақ: С дәрумені, цинк және катехиндер, соның ішіндегі ең маңыздысы – таннин.Бұл зат Р-витаминдерінің тобына жатады, антиоксиданттық қасиеттерге ие, ісіктің пайда болуының алдын алады. Сонымен қатар Ежелгі Қытайда жасыл шай көздің көруін жақсартып реакциялардың жылдамдығын арттыратынына көңіл бөлген. Шынымен де сусынның бұл түрінде кофеин кофеге қарағанда көбірек, бірақ ол ұзақ сіңіп, жай әсер етеді. Жасыл шайдың тағы бір пайдасы, ол әсіресе қан жолдарындағы майдың бөлінуін азайтады, бұл жүрек қызметінің артуына да өз ықпалын тигізеді. Бірақ оның организмге тигізетін зияны да бар, бауыр мен бүйрекке көбірек қысым түсіреді, сол себепті күніне бес шыныдан артық ішпеген абзал.
Сары шәй – бұлай жасыл шайдың ең қымбат түрлерінің бірі аталады, Ежелгі Қытай мемлекетінде ол император отбасының дастарханына қойылатын болған. Оның таңғажайып емдік қасиеттері туралы әңгімелер бар болса да, ол кәдімгі жасыл шайдан еш айырмашылық жасамайды.
Қаптамаға салынатын шай жапырақтары қалпын жоғалтқан жапырақтар және төменгі сападағы шай қалдықтарынан жасалады. Сондықтан мұнда шайдың дәмі екінші сатыға ығысары анық. Дегенмен мәселе шайдың дәмінде емес, қауіптісі - қаптаманың қағазы болуы мүмкін. Шай қаптамаларының көбі пестицид ретінде пластиктың өндірісі үшін қолданатын құрылым - эпихлоргидринді қолдану арқылы өндіріледі. Бұл зат сумен байланысқа түскенде 3-монохлорпропандиол (канцероген) түзеді. Әрине, бұл зат көп мөлшерді құрамайды. Ал әңгіме қатерлі дертке келіп тірелгенде, құрап отырған заттың мөлшері қызықтыратыны сөзсіз. Бұл жерде адам ағзасының және иммундық жүйенің қалпы, күйі, адамның жас мөлшері, созылмалы ауруға шалдыққан шалдықпағандығы маңызды болып табылады.
Қаптамадағы шайға арналған қағаздарды өндіретін компаниялардың барлығы дерлік эпихлоргидринді қоса бермейтінін атап өту керек. Алайда сіздің сүйіп ішетін шай маркасында бұл заттың қолданыс тапқандығын анықтау қиын, өйткені оралынған қаптамасында бұл көрсетілмеген.
Сондай-ақ сатылымға шығатын заттар арнайы лабороторияларда зерттеуден өтетіні де даусыз. Санэпидемиологиялық зерттеу барысында шай құрамындағы уытты (токсичный) элементтер, пестицидтер, зеңдер, микробиологиялық элементтер тексеріледі.
Ал біз өз кезегімізде халықтың арасында кеңінен танылған жылдам әрі ыңғайлы қаптамадағы шайлардың жайын отандық мамандардан сұрап көрдік. Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік СЭҚ комитетінің Алматы қалалық департаментінің азық-түлік нысандарының санитарлық және гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы Әнел Берікбайқызының айтуынша, қаптамадағы шайдың құрамында қорғасын мөлшері 10 мл-нан кг-ға, мышьяк-1 мл-нан кг-ға , кадми-ртуть-0,1 мл-нан кг-ға артық болмауы керек. Ал шайдағы микро-токсиндерді тексерудегі белгіленген мөлшер: афлатоксин B1 0,00500, пестицид (альфа-, бетта-изомері 0,01). Микробиологиялық көрсеткіш сараптамасы бойынша көгерткіш зең (плесень) болмауы керек. Аталған элементтер осы берілген мөлшерден аспауы тиіс. Ал алдрин, гептахлор элементтері шай құрамында мүлдем болмауы керек. Осылайша әрбір зат мемлекеттік стандарт тексерісінен өтеді. Аталған зат стандартқа сай келсе ғана сертификат құжаттары, рұқсат қағазы беріліп, сатылымға қойылады. Егер де сатылымда тұрған қандайда болмасын заттың рұқсат қағазы, растайтын құжаттары болмаса, яки сақтау мерзімінен шығып қалған болса сол мезетте сөреде тұрған зат алынып тасталады.
Айталық, былтыр 2011 жылы 12 шай түрі және 1 кофе түрі зертханалық сараптамадан (органолептикалық көрсеткіштерге, уытты элементтерге, уытты заттардың қалдық мөлшерін анықтауға және санитарлық-микробиологиялық зерттеулер) өткізілді. Соның ішінде Қытайдың жапырақталған «Индира» көк шайынан уытты зат гептахлор - 0,003 анықталған, дәл осындай жасмин қосылған «Индира» көк шайынан уытты зат гептахлордың 0,01 мөлшері анықталды. Сондай-ақ бұл шайлар сақтау мерзімінен де шығып қалған болыпты. Бұл жағдайдан кейін шай өнімдері қатаң бақылауға алынған екен.
2.3 Шәй өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын талаптар.
1. Машиналарды сыпыру және жинау үшін арнайы жәшіктерде сақталатын арнайы түкті щеткалар мен таза сүрткіш материал қолданылады.
2. Байқау үстелдері, суға шомылдыру барабандары мен бункерге автотаразылар үстінде пайда болатын шәй шаңын тазарту үшін шаң сорғылармен жабдықталады.
3. Автотаразылар үстіндегі коронкалардың байқау саңылаулары мен автотаразылардың есіктері сынбайтын органикалық мөлдір шынымен немесе басқа материалмен жабылады.
4. Бастапқы қайта өңдеу
фабрикаларындағы шайдың
5. Шайдың ұсақ бөлшектерін таза шаймен ұсақ бөлшектерді алдын ала мұқият тазалаусыз араластыруға жол берілмейді.
6. Майланған шай мен санитариялық жарамсыз шай (еденге түскен шай) қайта өңдеуге жіберілмейді.
7. Роллерлі және ферментациялық бөлімдер ауаның температурасы мен ылғалдылығын бақылауға арналған психрометрлермен қамтамасыз етіледі. Ауаның рұқсат етілген температурасы +22 - +240C, ауаның ылғалдылығы 95-98%.
Жекелік көрсеткіштердің өнімнің сапасы оның бір құрамына сипатталады:
а) пайдалығы ( сүттің қоюлығы, көмірдің жанатыны, кендегі темірдің құрамы, пайдаланылатын азықтығы, белоктың құрамы);
б) сенімділігі (ұзақ мүлдемдігі, жұмысқа кідіртпесіздік);
в) технологиялықтың ( еңбек сыйымдылығы, қуаттық сыйымдылығы);
г) Өнімнің эстетикалығы.
Жанама көрсеткіштер – сапасыз өнімге төлейтін айыппұл, мөлшері және бұзылған өнімнің салмағы,талап түскен өнімнің салмағы (ұсыныстағы ) сатып алушылардан, бүлінгеннен жоғалған және басқалары.
Нәтиженің бірінші мақсаты: санаулы көрсеткіштердің динамикасымен танысу, олардың деңгейі бойынша жоспардың орындалуы, олардың өзгеру себептері және өнімнің дәрежесі жеткен жетістіктердің сапасы бойынша өндірістің жұмысына баға беру.
Өндірістің бағалық көрсеткіштігі жұмыстың анықталған ықпалы өнімнің сапасына байланысты. Өнімнің шығарылуы, ағымдағы бағамен (ДВП) таратылған өнімнің арнасы, және қосымша түсімі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы айтқанда Сынауды ұйымдастыру қазіргі замандағы басқарудың күрделі мәселесі болып табылады, өйткені сынау функциясы көбіне тікелей басшылардың мойнында бұрынғыша қалып отыр. Американдық басқару әдебиетінде әкімшілік (немесе оперативті, тактикалық) және басқарушылық (немесе жалпы, стратегиялық) бақылау деп ажыратылады. Егер әкімшілік бақылау күнделікті операцияларды бақылап, қайталана беретін және автоматизациялануға оңай көнетін болса, басқарушылық бақылау мақсаттарға жету барысында ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған және шешім қабылдау мен саясатты жасаудың инструменті болып саналады.
Практика жүзінде сынаудың жалпы басқару аспектілеріне оперативті бақылаудың мәселелеріне қарағанда аз көңіл аударылады. Көп мамандар мұндай практиканың теріс жағын айтып, жалпы бақылау маңыздылығын төмендетпеу керектігін айтады. Бұл әсіресе техникалық прогресс, бәсекелестік экономикалық коньюнктура талаптарының нәтижесінде және де жаңалықтарды енгізу барысында басқару жүйесінің икемділігімен, бейімделінуімен және жетілдіруімен байланысты.
Сынау функциялары басқарудың төменгі звено жұмыстарына сәйкес бөлімдер арасында сатылап бөлінеді, ал жалпы бақылау жоғары әкімшілікте орталықтандырып іске асады. Бірақ бақылауды орталықтандыруы төмен тұрған басшылардың қолындағы шешім қабылдауды орталықтандыру деп білуге болмайды. Басшы қол астындағыларына жұмыстар мен шешім қабылдауды олардың өзіне аударылған өкілеттер аумағында дұрыс әрекет жасай алатындығына көзі жетсе ғана сеніп тапсыра алады.
Басқарушылық бақылау ұйым жұмысының тиімділігін көрсететін және стратегиялық шешімдерді түзету, күнделікті қызметті реттеу туралы сапалы информация беру керек. Ол болашақта көптеген ішкі және сыртқы материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін талдауды қамтиды. Шәй өнімдерінің сынау және Шәй объектілеріне қойылатын талаптарды анықтау сияқты міндеттерін қарастырып кеттім.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Өлшем бірлігін қамтамасыз
ету туралы Қазақстан
2. Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының Заңы
3.СТ РҚ 1.1-2000 Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
Информация о работе Шәй обьектілеріне қойылатын жалпы талаптар