Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2013 в 16:17, реферат
Логистика пәннің мақсаты мамандардың теориялық және практикалық әдіспен материалдық ағымдарды басқаруға үйрету.
Логистика дегеніміз материалдық ағымдардың басқару өнері. Зерттеудің негізгі объектісі болып материалдық ағым және осыған байланысты барлық ағымдар жатады (ақпараттық, сервистік, қаржылық).
1974 жылы наурыз айында Берлинде өткен бірінші Еуропалық Конгрессте нақты анықтама құрылып қабылданды.
Логистиканың практикалық даму кезеңі ертеден басталады. Логистика түсінігі алғашқы кезде әскери сферада дамыған.
1. Пәннің мақсаты
2. Даму тарихы
3. Логистиканың функционалды аймақтары (қызмет аймақтары)
4. Логистиканың принциптері (ғылымилылығы, жүйелігі, т.б.)
Логистика туралы түсінік.
Пәннің мақсаты:
Логистика пәннің мақсаты мамандардың теориялық және практикалық әдіспен материалдық ағымдарды басқаруға үйрету.
Логистика дегеніміз материалдық ағымдардың басқару өнері. Зерттеудің негізгі объектісі болып материалдық ағым және осыған байланысты барлық ағымдар жатады (ақпараттық, сервистік, қаржылық).
1974 жылы наурыз айында Берлинде өткен бірінші Еуропалық Конгрессте нақты анықтама құрылып қабылданды.
Логистиканың практикалық даму кезеңі ертеден басталады. Логистика түсінігі алғашқы кезде әскери сферада дамыған. Соның арқасында логистика кеңінен дами түсті. Оған себепші болған төмендегілер жатады:
Логистиканың функционалдық аймақтары
Қорлар. Тасымал, өндіріс және өткізу арасындағы буферлік қызмет атқаратын қорлар барлық жүйенің тиімді және үнемді қызмет етуде мүмкіндік береді. Өнім қорлары сұраныстың өзгеруі тез қимылдап көлік жұмысының қалыпты жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
Көлік. Логистикалық жүйеде жүкті өндірістен тұтынушыға, қоймаға, қоймадан қоймаға, қоймадан тұтынушыға жеткізіп тұрады. Көліктің негізгі сипаттамасы- оның құны мен сенімділігі.
Қойма
Ақпараттар. Кез-келген логистикалық жүйе ақпараттың және бақылаушы жүйенің көмегімен басқарылады.
Көлік жағдайындағы логистика
Өз тәжірибесінде логистиканы қолданатын көлік мекемелері тұрақтылыққа, бәсекелестікке тасымалдаудың жаңа техникасына ие болады. Сонымен қатар қаражаттық мәселесі шешіліп тасымал көлемі мен рейтингі өсіп, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізеді.
Логистиканы тиімді еті үшін не істеу қажет?
Аутсорсинг- бұл жүк ағымын таратуды бақылау функциясын өндірушіден арнайы фирмаларға жүктеу.
Логистикадағы материал ағымы
Логистиканың ең негізгі зерттеу объектісі материал ағымы және сонымен бірге ақпараттық және қаржылық ағын жүреді. Материал ағыны тасымалдау, қоймалау және шикізатпен, жартылай фабрикатпен, дайын өніммен орындалатын басқа да операциялардың нәтижесінде пайда болады. Материал ағыны дегеніміз- ол қандай да бір жүк, бөлшек, дайын өнім немесе шикізат, сонымен қатар логистикалық операциялар қарастыратын объект. Материал ағынының өлшем бірлігі бөлшектен тұрады. Бөлшектің алымында салмағы (т,кг), (дана), ал бөлімінде уақыт. Өлшем бірлігі- т/жыл.
Материал ағымының параметрлеріне ассортимент, номенклатура, өнімнің саны, габариты, салмағы, физикалық, химиялық қасиеті, ыдыс сипаттамасы, орамы. Сату, сатып алу шарттары, тасымалдау, сақтандыру және т.б.
Материал ағымының түрлері.
Материал ресурсының, өнімінің көптеген түрлері бар. Соған байланысты материал ағыны төмендегідей негізгі топтарға бөлінеді:
Логистикалық жүйеге байланысты материал ағымы сыртқы, ішкі, кіретін және шығатын болып бөлінеді.
Сыртқы материал ағымы өндірістен тыс ортада өтеді. Бұл кезде кез-келген жүк сыртқы материал ағымы бола алмайды. Тек осы өндіріске қатысты жүк сыртқы материал ағымы бола алады.
Ішкі материал ағыны логистикалық жүйе ішінде пайда болады және жүреді.
Кіретін материалдық ағыны логистикалық жүйеде сыртқы ортадан келеді.
Шығатын материалдық ағын логистикалық жүйеден сыртқы ортаға кететін материал ағымын айтамыз.
Заттық құрамына байланысты материал ағыны, бір ассортимент және көп ассортимент болады.
Сандық сипатына байланысты массалық, ірі, ұсақ, орта болып бөлінеді.
Меншік салмағына байланысты материал ағыны ауыр және жеңіл салмақ болып бөлінеді.
Күйіне байланысты сусымалы, аудармалы, құймалы және дара болып бөлінеді.
Біріктіруіне байланысты материал ағыны бірге тасымалданатын және тасымалданбайтын болып бөлінеді.
Өндіріс процестерінің логистикасы
Материал ағыны өзінің алғашқы шикізат күйінен дайын өнімге айналу кезінде бірқатар өндірістік звенолардан өтеді. Бұл кезеңде материал ағынын басқарудың өз ерекшеліктері болады және ол өндірістік логистика деп аталады.
Өндірісті ұйымдастырудың логистикалық концепциясы ның негізгі бағыттары:
Материал ағынның өндіріс ішіндегі басқару әртүрлі әдістермен жүргізіледі. Соның негізгі 2 әдісі: итермелі және тартушы жүйе.
Итермелі жүйе - бұл материалдық ресурс алдыңғы технологиялық операциялардан келесі операцияларға, алдын-ала бекітілген қатаң графикпен берілген материал ағынының қозғалысты ұйымдастыруды айтады, яғни материал ресурсы логистикалық жүйенің бір звенодан, екінші звеноға беріледі.
Тартушы жүйе – материалдық ресурс келесі технологиялық операцияларға алдыңғы операциялардан қажеттілігі бойынша жүргізіледі. Мұнда материал ағынының қозғалысының қатаң графигі болмайды.
Тәжірибеде өндіріс ішілік логистикалық жүйенің бұл түріне алғаш рет Жапониядан «Канван» жүйесін айтуға болады. «Канван» жүйесі өндірісті компьютерлендіруді қажет етпейді, бірақ жеткізілуінің қатаң тәртібін талап етеді. Сонымен қатар жеке қызметкерлердің жауапкершілігін арттырады. «Канван» жүйесі өндірістік қордың төмендеуіне мүмкін береді. Материал ағынын басқаруды ұйымдастыру әдісі сұраныстың түріне байланысты таңдалынады. Сұраныс тәуелді және тәуелсіз болып бөлінеді.
Егер жалпы сұраныс бір-біріне байланыспайтын бірнеше тұтынушылардан құралса, онда ол тәуелсіз сұраныс болады. Ал егер тауарға деген сұраныс бір-біріне байланысқан компоненттерінің бір-біріне байланыс жүрсе, онда ол тәуелді болады. Мұндай сұраныста материалға қажетті жоспарлау жүйесі немесе материалға қажетті сұраныс жоспарлау. Бұл мәні қажетті тауардың бәріне есептеулер жүргізу, негізгі график бойынша қажетті көлем мен тапсырыстыжеткізумен жүргізіледі. Жалпы кезең төмендегідей кезеңдердегі әрекеттерден тұрады:
MRP жүйесінің артықшылығы:
Кемшілігі:
Көлік және оның тұрақты қондырғылары
Қазақстанда барлық көлік жүйесі дамыған: автомобиль, темір жолы, су және әуе, құбыр жолы.
Көлік жүйесін басқару «Көлік және Коммуникация Министрлігі» басқарады, сонымен қатар, «Эйр Астана» жүргізеді. Сонымен қатар, 200 көліктік мекемелер қызмет атқарады. Әрбір көлік түрі халық шаруашылықтарында тиімді және қалыпты жұмысты қамтамасыз ету үшін жолдар мен жабдықтардың, сонымен қатар, техникалық құрылғылар мен ғимараттардың жиынтығынан тұрады. Кқлік жүйесінің органикалық бөлігі болып темір жолдары, су және теңіз жолдары, автомобиль жолдары, әуе жолдары т.б. Одан басқа көлік өнімді тасымалдау үшін вагондармен, локомативтермен, автомобильдермен, кемелермен жабдықталған.
Көліктің техналогиялық құрылғылары мен ғимараттарына: ДЕПО, станция, шеберханалар жөндеу заводттары, ТҚК мекемелері жатады.
Темір жолы барлық жүк айналымдарының 58,1% және жолаушылар айналымдарының 10,8% қамтамасыз етеді. «Қазақстан Темір Жолы» АҚ дүние жүзі бойынша жүк айналымы бойынша 7 – орында, Қазақстанның ең ірі компаниясы.
Еліміздің солтүстік бөлігінде 3 Сібір магистралі қиылысады: «Транс Сібір» (Петропавал арқылы), «Оңтүстік Сібір» . Сонымен қатар жүк жіне жолаушы тасымалын қамтамасыз ететін 3 ірі Қазақстан магистралі қызмет атқарады:
Жалпы ұзындығы 14 мың км. Оның 4000 км.-і электрленген.
Темір жол көлігі басқа да салалар сияқты дамуды қажет етеді. Еңнегізгі мәселе теловоздар мен электровоздың тозуы, кейбір жол бөлшектерін өткізу қабілеттерінің төмендігі және жаңа магистральдар салудың қажеттіліктері. Вагон паркі жолаушы және жүк вагондарынан тұрады. Жүк вагоны әмбебап вагон ( жабық вагон, жартылай вагон, платформа, цистерня) және арнайы (изотермиялық, цемент тасымалдау , кислотты) вагондар бар.
Ауыр жүкті , ірі габарит жүктерді жүк көтергіші 400 т. болатын транспартер тасымалдайды. Әрбір вагон түрі жүк көтергіштігімен сыйымдылығымен , вагон салмағымен және басқа да көрсеткіштермен сипатталады.
Жүк көтергіштігі оған тиелетін жүктің салмағымен анықталады. Ол вагон кузовының, рамасының және жүріс бөлігінің беріктігіне сәйкес болуы керек.
Сыйымдылығы дегніміз вагон енінің , ұзындығының және биіктігінің көбейтіндісі.